I бөлім не үшін үйлену керек?



Pdf көрінісі
бет12/42
Дата06.12.2022
өлшемі1 Mb.
#466642
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Гүл бағында
Тағы бір поэзиялық үзіліс. «Гүл бағында» атты өлеңім 
25.05.2015 ж. жазылған еді. Ол кезде бойдақпын. Өзіме де, 
өзгеге де ескерту болсын десем керек. Идеал жарды табам 
деп әуре болма. Реалист бол. Өлеңнің негізгі айтар ойы сол.
Көктем келіп, ерекше нұрлы еді бақ.
Көзіме оттай басылды гүлдері ұнап.
Құшақ-құшақ гүл теріп алар ма едім,
кіруге болмайды екен мүлде бірақ.
Кіргім кеп, қолқа сап ем бағбанына,
қойды ол талаптарын алға мына:
‘’Бір ғана гүл таңдауға рұқсат берем,
қайта алмайсың артыңда қалғанына!’’


34
Гү
л б
ағынд
а
II БӨЛІМ
‘’Жақсы’’ деп, баққа қарай беттеген ем.
Екі елі жетпей тұрды көкке төбем.
Аңсарым ауып түрлі әсем гүлге,
жүрек ән сап, көңілім төккен өлең.
Қызғалдақтың көріп ем жақсы бәрін.
Соңғы таңдау осы деп топшыладым.
Көңіл, шіркін, тойған ба?
Жүре бердім
тапсам деген ниетпен жақсырағын.
Көрінгендей әдемі сарғалдақ та.
Раушан гүл жайлы көрдім армандап та.
Сөйтіп жүріп, алдыма қарап қалсам,
тек қана тікенектер қалған бақта.
Әттең-ай, енді өкіну не береді?!
‘’Артқа қайта алмайсың’’ деген еді.
Түрі-түсі келіскен бір әдемі
гүлді таңдап, тоқтауым керек еді.
PS:
Гүлге толы құлпырған өмір – бақша.
Бақытты сол, өз гүлін-теңін тапса.
Тікенекке тап болып қалмас еді,
жүрегінде қанағат орын тапса!


35
Ө
мірінд
е үйленбег
ен қ
ар
ттың сыры
II БӨЛІМ
Өмірінде үйленбеген қарттың сыры
Бұл өлең, қателеспесем, 2014 жылы жазылған. Бір 
жерден естіген әңгімем еді. Соны өлең түрінде жеткізгім 
келді. Алдыңғы өлеңнің айтар ойын қуаттай түседі. 
Жүзді алқымдап, жатыр қарт хал үстінде,
ойға шомып, көз салып алыс күнге.
Жанына кеп жиналған бір топ жасқа
сырын ашты айтпаған әлі ешкімге:
– Тағдырдың сан сынынан именбедім.
Өкінерім – бір рет те үйленбедім:
Тал бойында бір мін жоқ жанмен ғана
шаңырақ құрып, отау тігем дедім.
Сонша арудың, – бір жігіт білмек еді. –
Қалай бұл кездеспеуі бір кемелі?!
– Кездестірдім өмірде бір рет, бірақ
ол да мінсіз жар іздеп жүрген еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет