Психология әдістері Психологиялық зерттеулер кезеңдері.
«Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын біл- діреді, сонымен бірге болмыст ы тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.
Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.
Кейбір басқа да ғылымдардағыдай, психологиядағы зерттеу әдістерінің негізгілері - бақылау және эксперимент.
Бақылау - зерттеудің ғылыми әдісі - деректі суреттеп баянда- удан оның ішкі мәнін түсіндіруге өту үшін қажет. Бақылау әдісінің негізгі тиімділігі - психикалық үдерістерді табиғи жағдайларда зерттеу мүмкіндігінің мол болуы.
Араласа бақылау - зерттеушінің зерттелуші топпен етене жақын қатынастар әрекетінде болуы.
Сырттай бақылау - әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды шеттен, зерттелуші адам не топпен қарым-қатынасқа түспей-ақ зерттеп, мәліметтер жинақтау.
Өзіндік бақылау (интроспекция) - адамның өзін-өзі бақылап, өзінің ішкі жан дүниелік үдерістерін тану жолы.
Дегенмен, психологиялық зерттеу әдістерінің арасындағы ең басты- сы - эксперимент - психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс- әрекетіне белсенді араласуы.
Психологиялық эксперименттің негізгі міндеті - жан дүниелік іш- тей психологиялық үдерістердің мәнді ерекшеліктерін шынайылылықпен сырттай бақылауға жағдайлар жасап, мол нақты деректерге қол жеткізу.
Зертханалық эксперимент - арнайы жағдайларда жүргізіледі, арнайы жабдықтар пайдаланылады, сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді, сыналушы экспериментке түсетінін біледі, бірақ оның толық мәнін аңғармауы да ықтимал.
Табиғи эксперимент - еңбек, оқу, қарым-қатынастың әдеттегі жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда екенін сезбейді.
Тестілеу әдісі - адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан өткізіп, анықтау. Психологиялық тест - сыналушының жеке басының кейбір ерек- шеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқамерзімді шағын стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |