І дәріс. Психологияның міндеттері, мәні. Психологиядағы зерттеу әдістері. Жоспары



бет4/4
Дата15.06.2023
өлшемі22.87 Kb.
#475115
1   2   3   4
9473a787-0d38-4083-b976-bb82cd9cce05-Основы-психологии-и-коммуникативные-навыки-ЛД204-436465

Құжаттарды талдау әдісі - адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды талдау әдістері сапалық және сандық болып ажыралады. Сапалық тал- дауда баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп, кейін математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент- талдау атауын алған.
Құрастырып жобалау әдісі - осы күнгі психологиялық зерттеулер- де кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні - психикалық құбылыстарды таңба күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің әрқилы түрлерін жасанды құрастырылған ортада ұйымдастыру. Осы жолмен қабылдаудың, жадтың, қисынды ойлаудың кейбір қырларын қолдан жобалап жасауға, сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бионикалық модельдерін тұрғызуға болады.
Сауалнама әдісі - әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде кең қолданылатын әдіс. Оның мәні - объектив не субъектив деректер жөнінде сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау.
Өмірнамалық әдіс - кейінгі уақыттары тұлғаны зерттеуде көп қолданылатын әдістердің бірі. Мұнда жеке адамның қалыптасуындағы өзекті жағдаяттар, оның өмір жолы, дамуындағы дағдарысты кезеңдер, әлеуметтенуіндегі ерекшеліктер анықталады. Адам өміріндегі күнделікті оқиғалар талданып, болашақта кезігер жағдайлар болжас- тырылады, өмірлік кестесі түзіледі, каузометриясы жасалады.
Каузометрия (лат. causa-себеп, грек. metro-өлшем) -оқиғалар арасындағы қатынастардың себептік сарабы, тұлғаның психологиялық мерзім -кезеңдерінің талдауы беріледі, оқиғаларға қатысы бар жағдайлар анықталады, тұлға дамуының не тоқырауының кейбір кезеңдерінің бастау оқиғалары айқындалады.
Жас ерекшеліктері психологиясында салыстырмалы-генетикалық әдіс қолданылуда. Бұл әдістің мәні - психикалық заңдылықтарды жеке адамның психикалық дамуының әр кезеңдерін салыстыру арқылы зерттеу.
Социометрия - әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдісі - бірлікті іс-әрекетке не оқиғаға араласу (араласпау) мүмкіндіктерін анықтау мақсатында шағын топтың әрбір мүшесін жеке сауалға тарту әрекеттері. Бұл әдіс нәтижелері топтағы қатынастар құрылымын гра- фикпен бейнелейтін соц иометриялық кесте, социограмма, сондай-ақ топтағы психологиялық қатынастарды сандық көрсеткіштермен танытуға болатын социометриялық индекстер күйінде өрнектеуге болады.
Жеке тұлғаның бағыт-бағдарына әлеумет ықпалын зерттеу үшін жасақталған топ әдісі қолданылады.
Тұлғаның мәнді әлеуметтік сапа-қасиеттерін диагностикалау мақсатында эксперттік бағалау және тұлғаны топпен бағалау әдістері пайдаланылуда.
Тұлғаны топпен бағалау әдісі - адам мінездемесін топ мүшелерінің өзара бағалауы арқылы алу. Бұл әдіс топтағы адамдардың өзара таныстығы мен бірлікті іс-әрекеті және қатынасы нәтижесінде топтың әрбір мүшесі жөнінде қалыптасқан топтық санаға негізделген.
Қандай да психологиялық проблеманы зерттеуде сол мәселеге сәйкес зерттеу тәсілдері мен ережелері, яғни нақты зерттеу әдістері қолданылады. Олар: болжам ұсыну, эксперименталдық тәсіл мен соған сай материал, сыналушылардың бастапқы бақылау және экс- перименттік топтарын айыру, эксперимент серияларын анықтау, эксперименталды материалдарды статистикалық және теориялық өңдеуден өткізу және т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет