14.ХХ ғ. 20 жж. Ұлыбританияның саяси жағдайы. 1926 ж. жалпы халықтық ереуіл.
Республикалық парламеттік құрылыс бірнеше жылдар бойына қиыншылықпен дүниеге келген Германиямен салыстырғанда Ұлыбтританиядасаяси процесс дәстүрлі парламентаризмніңконституциялық шеңберінде өтіп жатты. Соғыста жеңіп шыққанымен, елде, өз қиыншылықтары жеткілікті болды. Соғыстан шеккен зардаптар айтарлықтай еді. Несие берушіден АҚШ пен өзінің доминоиндарының борышкеріне айналды. 1920-1921 ж.ж. эклномикалық дағдарыс өндірістің, Сыртқа шығару мен сырттан тасудың қысқаруына, жұмыссыздықтың өсуіне әкеп соқтырды. Ереуіл қозғалысы қанат жайды. Бірақ Ұлыбританияда бүлік не көтерілістер орын алған жоқ, елдегі өзгерістер біртіндеп, эволюциялық жолмен өркениетті түрде өтіп жатты.
Англияда көптеген онжылдықтар бойына парламеттік сайлаулар нәтижесінде мемлекетті басқару тетігі алма кезек консерваторлар мен либералдардың қолында болып келді. Саяси маятниктің бұл жүйесі қоғамдатұрақтылық орнатты. Елдегі саяси және экономикалық жағдайдың және қалың халық бұқарасының көңіл-күйіндегі өзгерістердің нәтижесінде байырғы дәстүрлі қоспартиялық жүйе 1918-1924 ж.ж. елеулі дағдарысқа ұшырады. Бұл, біріншіден, миллиондаған мүшелері бар тред-юниондарға (кәсіподақтарға) арқа сүйеген лейбористік партияның ықпалының артуынан, екіншіден, дәстүрлі либералдар партиясының (Л.Джордж либералдары мен Г.Асквит либералдарының) құлдырауынан көрініс тапты.
Лейбористік партия аса маңызды парламенттік күшке айналды. 1919 жылға дейін лейбористердің жарғысында маңызды 4пункт болды. Онда партия қоғамдық меншікті қолайды деп көрсетілді. Бұл социалистік принцип ретіндеқабылданып, қалың халық бұқарасының арасында партияның беделін көтерді.
Англиядағы саяси күштердің жаңа арасалмағы 1918 жылы және 1923 жылғы сайлаулардың қорытындысына көрініс тапты. Лейбористер 1918 жылы парламентке өздерінің 60 өкілін өткізіп, тұңғыш рет либералдарды үшінші орынға ғыстырып, екінші орынға шықты. 1923 жылы парламент сайлауында лейбористер 4,3, млн дауыс алды. (1910жылы салыстырғанда 11 еседей көп). Сөйтіп, 20-ж.ж. басында лебористер Ұлыбританияның саяси жүйесінде екінші партия есебінде орын тепті. Бұл ертелі-кеш лейбористер үкімет құрады деген сөз еді. Жорамал күткен уақыттан ертерек іске асты.
1924 жылы қаңтарда премьер-министр С.Болдуин сенімсіздік білдірілгеннен кейін (яғни үкәмет саясатына қарсы дауыс беру) кабинетінің орнынан түсетіндігін мәлімдеді. 1924 жылы 23 қаңтарда лейбористердің басшысы Р.Макдональд Ұлыбританияның тарихында тұңғыш рет лейбористік үкімет құрды. Қауымдар палатасында көпшілікке ие бола алмағандықтан, бұл үкімет көп өмір сүре алмады, бірақ бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде жұмыссыздар мен зейнеткерлердің жағдайын жақсартуға бағытталған бірсыпыра шараларды іске асырып үлгерді. Мезгілінен бұрын өткізілген келесі сайлауда жеңіске консерваторлар ие болды.
20-ж.ж британ экономикасының қалпына келтіру қарқыны баяу болды. Бұған оның құрылымдық өзгерістерінің біркелкі еместігі себеп болды. Автомабиль, электротехника, химия өнеркәсіптері сияқты алдыңғы қатарлы сасалар едәуір жылдам өркендегенімен, кеме жасау, көмір өнеркәсібі сияқты дәстүрлі сасалар тоқырауда болды. Британ капиталы сыртқы экспансияны артық көрді.
1926 ж. Англияның тарихындағы ең ірі жанжал орын алды, елдің жұмысшы табының жаппай ереуілі басталды. Бұл ереуіл 1929 жылы кезекті сайлаудың қорытындыларына әсер етпей қоймады. Лейбористер тұңғыш рет қауымдар палатасында консерваторлардан көп орын алып, екінші лейбористік үкімет құрды.
1926 жылғы жалпы халықтық ереуiл. 1924 жылы Ұлы-британия экономикасы бiркелкi тұрақтану жолына түсе бастады. Финанс саласы тұрақтанып ф.ст. алтын баламасы өсiп, ағылшын тауарлары шетелге көптеп шығарыла бастады. Алайда, өнеркәсiп өнiмдерiн шығару соғысқа дейiнгi деңгейде қалды. АҚШ экономикасының жедел қарқынмен дамуы, ағылшын рыногын бiртiндеп жаулап алып, дүниежүзiнде өз үстемдiгiн арттыра түстi. Сонымен қатар АҚШ Еуропадағы Ұлыбританияның негiзгi бақталасы Германияны қаржы жағынан қолдап, экономикасының жедел дамуына көмектесті. Консерваторлар үкiметi iшкi экономикалық тоқырауды тоқтата алмады. Еңбекшi халық өздерiнiң тұрмыс жағдайларының нашарлауын консер-ваторлар үкiметiнен көрдi. Елде саяси дағдарыс күшейе түстi. Әсiресе, бұл кезде ағылшын көмiршiлерiнiң жағдайы төмендей бастады. Консерваторлар үкiметi көмiр өнеркәсiбiне мемле-кеттiк көмектер беруден бас тартты. Көмiр өнеркәсiбi жұмыс-шыларының үкiмет алдындағы талабын лейбористер мен ағылшын кәсiподақ ұйымы Тредюнионның Бас Кеңесi қолдады. Үкiмет пен жұмысшылар арасында жекпе-жек басталды.
1925 жылы маусым айында шахта иелерi үкiметтен жұмысшылардың жалақысын қысқарту туралы шешім қабылдауды сұрайды.
Үкiмет көмiр шахта иелерiнiң бұл талабын орындаудан бас тартады. Көмiр шахтасының жұмысшылары бұл талапқа қарсы шығып, 1925 жылы 1 тамыз айында жалпыұлттық ереуiл жария-лайды. Көмiр шахтасы жұмысшыларының талабын елдегi темiржол, машина жасау, өнеркәсiп, кәсiподақ ұйымдары қол-дады. 1925 жылы шiлде айының 31-і күнi көмiр шахта иелерiнiң талабына қарсы жұмысшылар ереуiлге шығып, елдегi көмiр басқа елдерге жiберiлмей қалады. Үкiмет көмiр жұмысшыларының талабын орындауға мәжбүр болды. Жұмысшылардың жалақысын тоғыз ай бойында сақтап тұру үшiн 24 млн фунт қаржы бөлдi. Сөйтiп, ағылшын жұмысшылары iрi жеңiске жеттi, 1925 жылдың 31 шiлдесі «қызыл жұма» күнi болып тарихта қалды. Көмiр шахталары жұмысшыларының жеңiсi уақытша болды. Үкiметтің өз уәдесiн толық орындамауы салдарынан 1926 жылы көмiр жұмысшылары жалпыхалықтық ереуiлге дайындала бастайды. Жұмысшылардың бұл ойын күн бұрыннан бiлген үкiмет те оларға қарсы дайындық шараларын жасайды. Тоғыз ай бойы көмiр қорын дайындап, ереуiлге шыққан жұмысшыларды ауыстыру үшiн штрейкбрехердi әзiрлейдi. Егер ереуiл жүзеге асқан күнде, елде төтенше жағдай жариялауға дейiн баратынын ескертедi. Үкiмет жалпы халықтық ереуiлге тойтарыс беру үшiн дайындалып жатқанда, лейбористік партияның тредюнион кәсiподақ ұйымы олармен келiсiм жасап, халықты үкiметпен келiсiмге келуге шақырады.
1926 жылы сәуiр айының 29-ы күнi тредюнион ұйымының Бас кеңесiнiң конференциясы өттi. Конференция жұмысшылар талабын ескерiп, мамырдың 1-і күнi жалпыхалықтық ереуiлдi бастауға шешiм қабылдады.
1926 жылы мамыр айының 4-і күнi жалпыхалықтық ереуiл басталып, ереуiлге 5 млн жұмысшы қатысты. Жалпыхалықтық ереуiл бүкiл елдi түгелдей қамтыды. Көмiр шахталары жұмыс-шыларын басқа өнерк.сiп салаларының жұмысшылары мен қызметкерлерi қолдады. Британ кәсiподақ ұйымының Бас кеңесi басшылары мұндайды күтпеген едi. Үкiмет саяси дағдарысқа тап болып, келiсiмге келудің жолын iздестiре бастайды. 1926 жылы мамырдың 12-і күнi Бас кеңес жұмысшыларды жалпы ереуiлдi тоқтатуға шақырады. Жұмысшылардың көбi Бас кеңестiң шақыруына сене бастайды. Ереуiлшiлдер арасында жiк туды. Үкiмет пен кәсiподақтың Бас кеңес басшылары жасырын келiссөздер жүргiзiп, ереуiлдi тоқтатуға күш салады. Лейбо-ристiк партия басшылары да үкiмет жағына шығады. Сөйтiп, жалпы ереуiлдi қолдаған кәсiподақ және лейбористік партияның сатқындығынан 12-і мамыр күнi жалпыхалықтық ереуiл жеңiлiс тапты.
1926 жылғы жалпыхалықтық көтерiлiс жеңiлiс тапқаннан соң, ағылшын буржуазиясы, еңбекшi халыққа қарсы консерва-тивтiк бағыт ұстады. Болдуин үкiметi 1927 жылы ақпан айында парламент арқылы «өндiрiстiк келiспеушiлiк және тредюниондар туралы» реакциялық заң қабылдады. Бұл заң бойынша жалпы ереуiлге шығу қылмыспен теңестiрiлдi. Жұмысшы та-бының ынтымақтастығына, көшеге шеруге шығуға тыйым са-лынды. Заңда ереуiлге шығатындықтарын 2 ай бұрын үкiметке хабарлауы қажет делiнген еді.
Ағылшын корпоративтiк буржуазиясы жұмысшы табының сағын сындырғаннан кейiн, кәсiподақ ұйымымен және лейбо-ристік партиямен ынтымақ орната бастады. 1927 жылы тред-юнион конгресiнiң Бас кеңесi өнеркәсiп иелерiн бiрiгуге шақы-рып «өндiрiстi жақсарту және ағылшын өндiрiс тауарларының рынокке шығарудағы бақталастықты күшейту» туралы келiсiмге қол қойды. Өндiрiс иелері атынан Империялық химия трестiнiң басшысы Альфред Монд осындай келiсiмге келуге шақырды. Бұл келiсiмдiк саясат «Мондизм» деп аталды. 1928 жылы тред-юнион конгресiнiң жиналысында баяндама жасаған кәсiподақ басшылары «тап күресiнен бас тарту» керек екендiгiн айтты. «Мондизм» жұмысшы табына жақсылық әкелген жоқ. 1929-1933 жылдарда Ұлыбритания экономикасында дағдарыс кү-шейдi еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайы нашарлады.
Достарыңызбен бөлісу: |