I-дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар


ХХғ. соңы. Социализмнің Шығыс Еуропа жүйесіндегі дағдарысы. Германияның бірігуі



бет90/90
Дата18.11.2022
өлшемі0.5 Mb.
#465191
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
I-ä?íèåæ?ç³ë³ê ñî?ûñòàí êåé³íã³ õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòàð

90. ХХғ. соңы. Социализмнің Шығыс Еуропа жүйесіндегі дағдарысы. Германияның бірігуі.
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (Польша, ГДР, Венгрия, Чехословакия, Югославия, Албания) соғыстан кейінгі кезеңде Шығыс Еуропа елдері аталды.Еуропаны фашизмнен азат ету демократиялық құрылысты бекітуге және антифашистік демократиялық өзгрістерге жол ашты. Кеңес армиясының неміс фа шистерін осы елдердің аумағында талқандауы Шығыс Еуропа
елдерінің ішкі даму үрдісіне шешуші әсер етті. Олар Кеңес Одағының бақылауында қалды.Экономика саласында бұл мемлекеттерде индустрияландыруға бетбұрыс жасалды. Олардың Чехословакия мен ГДР-ден басқалары аграрлы ел санатына жататын. Индустрияландыру жеделдетілген сипат алды. Оның негізінде өнеркәсіп, қаржы салалары, сауда орындары мемлекет
меншігіне алынды. Аграрлы реформа барысында жер қайта бөлініп, ұжымдастыруға ұласты.
Экономикалық стратегия индустрияландыруға сүйенді. Елдердің мүмкіндігі ескерілмей, ауыр өнеркәсіпті дамыту, ірі комбинаттар құру, қуатты электрстансыларын тұрғызу қолға алынды.Сондықтан қаржы мен бюджетке салмақ салып, әлеуметтік жүйенің білім беру, денсаулық сақтау, ғылымды дамыту мүмкіндіктерін қысқартты.1970—1980 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезеңінде және ғылыми-техникалық революцияның бастапқы кезінде индустрияландыру үлгісінің дәрменсіздігі байқалды. Зор материалдық, энергетикалық және еңбек шығындары, өндірістің экстенсивті түрі өзін-өзі сарқыды. Ғылыми-техникалық революция (ҒТР)
және оның негізінде өмірге келген шағын процессорлар, ком пьютерлер, басқару жүйелері, есептеу техникаларытез арада өндірістің материалдық-техникалық базасын жаңартуды талап етті. Шығыс Еуропа елдері консервативті әкімшілік жүйеде дамығандықтан, жаңа ғылыми-революциялық өзгерістерді қабылдай алмайтын халде қалды. Бұл социалистік лагерь шеңберіндегі және жеке елдердегітоталитарлық социализм жүйесін дағдарысқа итермеледі.Тоталитарлық социализм Еуропа өркениеті дамуының табиғи-тарихи үрдісіне қайшы келді. Польшадағы, ГДР-дегі 1953жылғы көтеріліс және басқа елдердегі ереуілдер, 1956 жылғы венгр көтерілісі және 1968 жылғы Прага көктемі атты қозғалыс КСРО және басқа социалистік елдердің әскерлерімен басып-жаншылды.Ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңі социалистік лагерьдің барлық елдеріндегі экономиканы қайта құруды талап етті. КСРО және Шығыс Еуропа елдері ҒТР-дің дамуқарқынына қосыла алмады. Реформа мәселесі Венгриядағы көтерілістен кейін күн тәртібінен түспей келген болатын, бірақ оны жүргізудің барлық әрекеттері ескерілмей, тұйықталып қалды.
1970 жылдардың басында Польшада жұмысшылардың бірінші аса ірі көтерілісі болып өтті. 1981 жылы Польшада соғыс жағдайы енгізілді. Басқа елдерде революция басқарушы партияның маңдайша жазуын алмастыру әрекетімен, реформа жариялаудан басталып, олардың саяси сахнадан кетуімен аяқталды. Өкімет жаңа партиялар қолына өтті. Мемлекеттік басқаруға жаңа жетекшілер:
Чехословакияда драматург Вацлав Гавел, Польшада кәсіподақ қайраткері Лех Валенса, Болгарияда социолог Желе Желев келді. Румынияда Чаушескудің диктатурасы 1989 жылы желтоқсандағы халық қозғалысы барысында құлатылды.Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік лагеріндегі барлық елдерде көппартиялық жүйе енгізілді, әлеуметтік-экономикалық құрылыс пен саяси жүйені өзгерту жолында терең реформалар жүзеге асырыла бастады.Реформалар мынадай ба ғыттарда жүргізілді: нарықтың жоспарлы-реттеушілік рөлін және бағаны ырықтандыруды қалпына келтіру, то лық мағыналы тауарлы-ақша қатынасын орнату, меншік формаларын өзгерту, жекеменшікті мойындау, бұйрыққа сүйенген әкімшілік жүйені жою, қысқарту.Бұрынғы коммунистік партиялар саяси сахнадан ғайып болып кеткен жоқ. Билікті жоғалтқанмен реформашыл қанаттарына саяси күреске жаңа маңдайша жазуымен, бағдарламаларымен қатысуына мүмкіндік берді. Польшада біріккен жұмысшы партиясы өзін тарататындығы туралы мәлімдеді, алайда социалистік партия қайтадан өріс алды. Болгарияда солшыл күштердің демократиялық партиясы құрылды және т.б. Солшыл саяси күштердің қайта құрылуының жалпы үрдісі социал-демократтық бағыттағы күштердің жаңа жетекшілеріне жол ашты.Осының салдарынан қоғамда әлеуметтік қайшылықтар
күшейді және сонымен қатар әлеуметтік топтар мүдделерінің межелей бөлінуі байқалды. Қорыта айтқанда, саяси оппозицияның жеңісін анықтайтын форумдар тарап кетті. Наразы халық 1994 жылы сайлауда бірқатар мемлекеттерде өкімет басына социал-демократиялық партияны — бұрынғы коммунистерді әкелді. Алайда көп ұзамай саяси күштер өздерінің әлсіз екендігін көрсетті: реформа ны жалғастыру барысына тек кедергі келтірді. Сондықтан 1996—1997 жылдары Польшада, Болгарияда, Венгрияда, Румынияда және бірқатар басқа елдерде социал-демократиялық топтар қайтадан жеңіліске ұшырап, өкімет басына жаңа саяси күштер келді.Шығыс және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдеріндегі саяси және экономикалық өзгерістердің ерекшелігі. 1990 жылдардағы оңды-солды толқулар бұрынғы социалистік лагерьдегі барлық мемлекеттердің бастан кешірген өтпелі кезеңін бейнеледі.Экономиканы ырықтандыру, нарықтық қатынасқа өту
салдарлары әртүрлі факторлардан көрінді.Польша мен Венгрияда әлдеқайда ерте (1980 жылдар) басталған реформалар ауыр жағдайды жеңілдетуге, тұрақтылыққа өтуді жеделдетуге мүмкіндіктер берді. Польшада 1995 жылы құнсыздану бірден төмендеді (20%-ға дейін), мемлекет еуропалық деңгейге шықты. Сонымен қатар елде жұмыссыздық сақталып (15%), әлеуметтік шиеленіс шешілмеді. 1996 жылы Польшада президент сайлауында солшыл күштің өкілі жеңіске жетсе, ал парламент сайлауында (1997 ж., қазанда) оңшылдар басым болды.Өкіметті социалистер басқарған Болгарияда реформаға бұғау салынды, әлеуметтік-экономикалық жағдай ауыр халге түсті. Елде ашаршылық етек алды, қаржы саласы аса қиын жағдайда болды (сыртқы қарыз 10 млрд доллардан
асты). 1997 жылы президент болып оңшыл оппозицияның өкілі сайланып, кезектен тыс парламент сайлауы өткізілді.Албанияның реформаға кешігіп келуі, саяси мәдениеттің төмен деңгейі, демократияның жоқтығы, биліктік құрылымдағы алауыздық 1997 жылы елде терең саяси
дағдарыс тудырды және көтеріліске ұласты. Тобыр өкіметі мемлекеттік институттарды қиратты, елді бүлдірді, бұл оқиғалардың соңы азаматтық соғысқа жалғасып кету қаупін туғызды.Польша мен Югославияда ауыл шаруашылығын кооперативтендіру кең қанат жая қоймаған, сондықтан да
селодағы экономикалық қатынастар үлкен өзгеріске ұшырамады.Чехияда, Словакияда және Венгрияда жерге жекеменшік қалғанымен, кооперативтің жаңа формалары пайда болды. Румынияда кооперативтер тарап кет ті, жер меншік иелеріне қайтарылды. Болгарияда же ке кооперативтер сақтала отырып, жеке фермерлік шаруашылықтар қалыптасты. Алайда ахуал күрделі болды — ауыл шаруашылығы мемлекетті құтқара алмады. Бұл аймақтың барлық елдері үшін ортақ күрделі мәселе еді: капитал жоқ, жұмыс күші тапшы болды, жердің аздығынан өндірілетін өнімді толтырудың басқалай жолдары табылмады, несие алу көзі және ауылшаруашылық құрал-жабдықтары жетіспеді, ауылдағы шағын және орта бизнес артта қалып
қойды.Бұл аймақта ұлттық және этникалық қақтығыстармен қатар ұлтшылдық көріністер де байқалды. Чехословакиядағы 1990 жылғы революциялық үрдістер ұлттық қақтығыстарға ауысты. Бұрынғы Югославия бірнеше мемлекетке бөлінді. Егеменді Словакия, Босния, Герцеговина, Македония, Хорватия мемлекеттері құрылды. Югославияда Сербия мен Черногория қалды. Боснияда халықтың діни құрамы күрделі болды (католиктер, мұсылмандар, православтар). 1991—1992 жылдары өзара қақтығыстар басталды. Ол ұлттық алалаушылыққа және жаппай өлім-жітімге алып келді. Өзара араздық, өзара тартыс тек бес жыл өткен соң БҰҰ, ЕО, НАТО және бірқатар еуропалық мемлекеттердің, ішін де Ресей де бар, араласуымен аяқталды. 1999—2000 жылдары Косоводағы албандар тағдыры дүниежүзі назарын аударды. Осы мәселеге НАТО араласып, мұсылмандарды қудалау тоқтатылды.Балқан түбегіндегі Сербия мен Хорватия арасындағы бақталас екі елдің сыртқы саясаттағы бағытымен ұштасты. Ерте кезден бастап Хорватия жағы Германияға бет бұрса, Сербия жағы ресейлік бағытты қолдап отырды. Аталған текетірес жағдай діни (конфессиялық) қайшылықтармен де ушыға түсті. Сербтердің православиялық нанымына хорваттардың католиктік клерикалдық (лат. clericalis — шіркеу, шіркеулік) нанымы қарсы тұрды.
Бұрын Югославия жеріндегі мұсылмандар діни қауым деп мойындалса, 1961 жылдан бастап Броз Титоның өкімі бойынша мұсылмандарға ұлттық мәртебе берілді. Бұл жағдай Босния және Герцеговина аймақтарындағы ислам топтарының қайта жандануына түрткі болды. Бұл аймақтағытұрғындар діни нышанға сәйкес үш этникалық топқа бөлінеді: католиктер өздерін хорваттармыз (15%), православтар сербтерміз (31%), ал исламшылдар мұсылмандармыз (40%) деп бөлінеді.Біртұтас мемлекеттің құрамындағы республикалар егемендік жолына түсті. Егемендік әрекеттерді жақтаған республикалардың алғашқы қатарында Словения мен Хорватия тұрды.
Хорватиядағы үкімет басшылығына генерал Ф. Туджман жетекшілік еткен Хорватия демократиялық Достасты-ғы атты партия келді. Сербиядағы тәртіпті С. Милошевич бастаған ұйымдар бақылады. 1991 жылдың көктемінен бастап хорватиялық полиция топтары мен сербтердің қорғаныс жасақтарының арасындағы қақтығыстар жиілей бастады. 1991 жылдың желтоқсанында Хорватия аумағындағы сербтер Серб Крайна атты тәуелсіз Республикасын жариялады. Хорватия мен Серб Крайна арасындағы әскери-соғыс әрекеттер кең көлемді шайқастарға ұласты. Бұл шайқастарға Югославия армиясының тұрақты бөлімшелері жиі қатысатын болды. Бұл жағдайда Батыс едер өкілдері Хорватия әрекеттерін барынша ақтап, кінәнің
бәрін Сербия жағына жауып отырды. Сербия әрекеттері оқшаулана қала беретін жағдай қалыптасты.1992 жылдың наурызында Босния және Герцеговина тәуелсіздігін жариялады. 1992 жылдың сәуірінде сербтер мен мұсылмандар арасындағы әскери қақтығыстар орын
алды. Бітімгершілік әскери топтарының болғанын ескермей, Босния және Герцеговина аумағына Югославияның басқа аймақтарындағы сербтер топтары келсе, Таяу Шығыстағы мұсылман елдерінен мыңдаған моджахеттер топтары ағылды. Босния мен Герцеговина аумағындағы қақтығыстар үш түрлі сипатта: православтық-католиктік-мұсылмандық қырғындар кең өріс алды. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі жағдайды ескеріп, Югославияға қарсы экономикалық жазалау шараларын енгізуді жоспарлады. 1992 жылы Сербия мен Черногория елдері бірлесіп Одақтық Югославия Республикасын ұйымдастырған болатын. АҚШ әкім шілігі БҰҰ-ның шешімін күш қолдану жолымен орындауды барынша жақтады. НАТО әскери әуе күштері серб әскерлері шоғырланған аудандарға оқ атып, Босниядан Сербия әскерін дереу шығаруды талап етті.Шиеленіскен саяси жағдайды тұрақтандыруға АҚШ дипломатиясы да кірісті. 1995 жылдың қараша айында Огайо штатындағы АҚШ әуе күштерінің Дейтон базасында Босния сербтерінің жетекшісі Ф. Туджман, Югославия Федерациясының басшысы С. Милошевич, Босния мұсылмандарының жетекшісі А. Изетбегович жанжалды реттеу шартына келісті. Дейтон келісімі
негізінде Босния және Герцеговина екі ұлттық бөлшекке бөлінді: Мұсылмандық-Хорваттық Федерация және Сербия Рес публикасына. Бейбітшілік келісімді іске асыратын көпұлтты әскери күштер құрылды. Аталған әскери топтар НАТО басшылығына бағынып, Біріккен Ұлттар Ұйымының мандатына ие болдыБалқан түбегіндегі жанжалдар Босния мен Герцеговина аумағындағы тартыспен аяқталмады. 1998 жылдан бастап Косово жеріндегі тартыстар қайтадан шиеленісе түсті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет