I-дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар


ХХ ғ. 50-90 жж. Италияның саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуы



бет82/90
Дата18.11.2022
өлшемі0.5 Mb.
#465191
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   90
I-ä?íèåæ?ç³ë³ê ñî?ûñòàí êåé³íã³ õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòàð

82. ХХ ғ. 50-90 жж. Италияның саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуы.
Италия индустриалды-аграрлы мемлекет. Оның экономикасы өнеркәсіп орындарының шоғырлануымен және капиталының орталықталықтануымен сипатталады. 1950 жылы 18 – 20 ақпан аралығында Рим қаласында ұлтаралық экономикалық (ВИКТ) конференциясы өтті. Бұл конференцияда экономикалық депрессиядан шығу жолдары қаралды. Сонымен қатар конференцияда электроэнергетикалық монополиялардың, жұмысшылардың сұраныстары қаралды. Әлеуметтік – экономикалық жоспар бойынша Италия алдында қиын, әрі ауқымды тапсырма болып, соғыстың салдарынан қиратылған халық шаруашылығын, қайтадан қалпына келтіру болды. 1953жылдан кейін Италия экономикасының дамуы көптеген ерекшеліктерге бөленді. Ең алдымен өдіріс орындарының даму темпін атап өткен жөн. 15 жыл ішінде өндіріс өнімдері 3 есе өсті. Орта жылдық өнімнің өсуі шамамен 8 — 9%-ға жетті. Осылайша, Италия өндіріс орындарының өсу қарқыны барлық капиталистік елдер , яғни Батыс Европа елдерінің арасында бірінші орынға, ал Жапониядан кейін екінші орынға ие болды. Италияда өндіріс орындарының дамуының тағы бір ерекшелігі , ол: дамудың жылдар сайын бір қалыпта болмауы. Яғни Италия экономикасының қарқындап дамуы немесе құлдырап кетуі заңды құбылыс сипатында болды. Бұл иатальяндық өндіріс өнімдерінің өсуін өткен жылдармен салыстырғанда ерекше айқын көрінеді. Шындығында, егер өндіріс өнімдері орташа есеппен 9%-ға өссе, 1958 жылы ол 4%-ға төмендеп кетті, содан кейін 1960 жылға таман күшті қарқынмен , яғни рекордтық дәрежемен 15%-ға көтерілді.
Мемлекетте жаңа өнеркәсіптің түрлері тез арада дамыды, яғни электроника, химия, мұнай, машина жасау, автомобиль өнеркәсібі. Италия аграрлық – индустриалдықтан, индустриалды – аграрлы мемлекетке біртіндеп айналды. 1959 жылы Италияда өнеркәсіптік өзгерістер басталды.
Италия экономиасының циклдық төмендеу дағдарысы, шамамен айтқанда әр бір 5 – 6 жыл сайын қайталанып отырды. Ендігі кезекте, жекеше шаруашылық өндірістердің өсуіне көңіл аударайық. Мұнда лезде көз алдымызға жеке өндірістердің өнім өндіру дәрежесі 1953 жылдармен салыстырғанда үлкен айырмашылығының бар екендігі білінеді.
1950 жылы өнеркәсіп Италияның жалпы халық шаруашылық өнімінің 40%, ал ауыл шаруашылығы — 32% құрады.1952 жылы өнеркәсіптің үлесі 51% жетті, ауыл шаруашылығының үлесі небәрі 29,8% .
Италияның өнеркәсіп орындары 1929 – 1949 жылдар аралығында ерекше бір тұрақтылықпен бір қалыпты деңгейді сақтап тұрды. Бірақ та орталық статистика институтының мәліметтері бойынша өнеркәсіп орындарының нақты индексі 1949 жылы 1938 жылға қарағанда 6% — ға жоғары болды. Сонымен қатар, итальян өнеркәсібінің Конфедерациясының статистикалық санағы бойынша, бұл көрсеткіш тек 86% құрады.
Орталық статистика институтының мәліметтері бойынша соңғы жылдар аралығынды өнеркәсіп орындарының жалпы индексі өсу тенденциясына ие болды: 1953 жылы – 100, 1954 жылы – 109,1, 1955 жылы – 119,8, 1956 жылы – 127,8, 1957 жылы – 136,8, 1958 жылы – 142 және 1959 жылы – 155. Бірақ та бұл жалпы көрсеткіш, итальян өнеркәсібінің жағдайын көрсете алмайды. Италиядағы өнеркәсіптің дамуы уақытша, өтпелі сипатта еді, атап айтсақ, мықты экономикалық негізі болмады. Италия шаруашылықтарының әр түрлі салаларында жыл сайынғы адам санының өзгеріп, бірде кеміп, бірде ұлғайып өзгеріп отыруын мына кестеден көруге болады (1 – кесте).
Өнеркәсіптің өсуіне басты капиталистік елдердің сыртқы экономикалық экспанциясы әсер етті. Сонымен бірге, бұл кезде Италия бәсекелес елдер қатарына енген болатын.
Басты капиталдың жаңаруы маңызды рөл атқарды. Итальян өнеркәсібінде басты капиталды модернизациялау жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіптің металлургия, машина жасау және химия салаларында. Бұл құрал – жабдықтарды өндірудің көбеюіне әсер етті. Сонымен қатар, Италия жұмысшы күшін эксплуатация арқылы бірден көтеруі және еңбекшілердің өмір сүру деңгейін төмендету әсерінен өнеркәсіп орындарын дамытты.
Бірақ та Италия өнеркәсібінің дамуына әсер ететін дем беруші уақытша факторлар аяқталады. Мәселен, соның бірі жаппай басты капиталдың жаңаруы тек, 1952 – 1955 жылдар аралығында ғана әсер етті.
Итальян өнеркәсібінің Конфедерациясының қаржы — экономикалық «24 орэ» газеті 1958 жылы 30 наурыздағы өнеркәсіптің жағдайына байланысты мақаласында «1957 жылдың қарашасынан бастап итальян өнеркәсіп өндірісінің индексі айтарлықтай дамуын көрсетеді», — деп жазады. 1958 жылы өнеркәсіп өнімі 1957 жылға қарағанда 2,7 %-ға өскенін көрсетеді [25.68].
Италияның кейбір өнеркәсіп салаларының бір деңгейде қалуы, біріншіден бәсекелестік болмағаннан кейін өнімдерінің күрт төмендеуі, мемлекеттің экономикасына айтарлықтай әсерін тигізді.
«Мемлекеттің қатысуымен» ең негізгі өнеркәсіп болып табылатын металлургия өнеркәсібі кейбір зауыттарын жабуға мәжбүр болды, себебі олар зауыт техникасының ескіруі және оларды болашақта жөндеу керектігімен түсіндірді.
Итальян экономикасының қиыншылықтарын көптеген буржуазиялық газет – журналдар жазды. Қиыншылықтар тұрғын үй салудың қысқаруында, машина жасау өндірісінің қарқынының бәсеңдеуінде, тұтынушының жағдайының төмендігінде, орта және шағын кәсіпкерлікте капиталдың азаюынан, импорттық белгілі бір тауардың қысқаруынан, кейбір экспорттық тауар жағдайының тұрақсыздығынан көрінді. Сонымен қатар, осы кезде белгілі болған ақша бөлудің азаю тенденциясын айта кеткен жөн.
1957 жылдың аяғымен 1958 жылдың басында Италияға көмір, мақта, жүн, мыс, қорғасын және де станоктарды импорттау белгілі бір дәрежеде азайды. Бұл итальян кәсіпкерлері өнімнің қысқарғанынан, шикізат пен құрал – жабдықтарға сұраныстарын азайтқанын білдіреді.
«Жалпы нарық» күшіне енуіне байланысты АҚШ экономикасының құлдырауы және европа мемлекеттерінің экономика конъюнктурасының нашарлауы, сонымен қатар Италияда да болды. Бұл жағдай капиталистік итальян топтарының өкілдерін мазасыздандырды.
Италияның «Жалпы нарыққа» енуі итальян капиталистері бәсекелестікке ұмтылу үшін жұмысшылардың жалақысын қысқартады. Сөйтіп еңбекшілердің өмір сүруі қиындайды. Батыс Германия және басқа европалық елдердің дамыған өнеркәсібімен бәсекелестікке түсуі үшін құрал – жабдықтарын жөндеу және модернизациялау үлкен қаржыны талап етеді. Әрине, қаржысы жеткіліксіз жеке кәсіпкерлер қаржы мәселесін шешуде көп қиыншылықтармен кездескеннен кейін банкротқа ұшырауы мүмкін.
Алайда, Италияның басқарушы топтары «жалпы нарыққа» енуді дұрыс деп санайды, осының есебінен итальян монополиясының экспанциясын кеңейтуді көздейді.
Италияның экономикалық жағдайы тұрақсыз болып қала берді. Бұған елдегі жұмыссыздық өнеркәсіптің кейбір салаларының артта қалуы, ауыл шаруашылығындағы дағдарыс, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігі дәлел бола алады.
Өндірістік экономикалық аудандар
Солтүстік аудандарда өнеркәсіптің шоғырлануы және оңтүстік пен аралдық аудандардың әлсіз индустриализациясы, мемлекеттің солтүстігі мен оңтүстігінде теңсіздікті тудырады. Олар өмір сүру деңгейінде, халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуінде, мемлекеттік ұлттық табыстың теңсіздігінде көрінеді. «Европалық одақтың экономикалық жағдайы есебінің» мәліметтері бойынша, 1957 жылы Италия халқының 38% тұратын оңтүстік аудандарында ұлттық табыстың 21% ғана алды, бөлінген ақшаның тек 26% ғана, ал өнеркәсіпке бөлінген ақшаның 15 — 16% ғана іске асты.
Жер иеленудің артта қалған феодалдық сарқыншақтарымен сипатталатын Италияның оңтүстігіндегі ауыл шаруашылығы, солтүстік және орталық Италияға қарағанда артта қалған.
Солтүстік Италия дамыған индустриалды – аграрлы аудан болып табылады. Оның табиғат жағдайлары ауыл шаруашылық пен өнеркәсіптің дамуына қолайла жағдай туғызады. Бұл жерде мемлекеттің потенциялды гидроэнергетикалық ресурстарының ¾ бөлігі шоғырланған. Альпілік өзендер өнеркәсіптің дамуындағы арзан электр энергиясының көзі. Құнарлы топырақ, жауын–шашынның мол түсуі индустриялды орталықтары мен сауда байланыстарының жақындығы, суғару жүйесінің ерте кезден дамуы интенсивті капиталистік ауыл шаруашылығының дамуына әсер етті.
Бұл жерде мемлекет өнеркәсібнің және ауыл шаруашылық өндірісінің көп бөлігі шоғырланған. 1951 жылдың қараша айындағы көрсеткіштер бойынша Италиядағы 1,6 млн. шағын және ірі кәсіпорындарының, қолөнер шеберханаларының,сауда және қаржы мекемелері және 6,52 млн.адам жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың 805 мыңнан астам кәсіпорындар мен мекемелер және қоғамдық ұйымдардың 50 %, 4,06 млн. жұмысшылар мен қызметкерлердің 62% Солтүстік Италияның үлесіне тиеді. Бұл жерде Милан – Турин — Генуя үшбұрышында мемлекеттің ауыр өнеркәсібінің негізгі бөлігі шоғырланған.
Миланда Италияның 500-ге жуық өнеркәсіп басқармалары және кредиттік компаниялар мен банктер шоғырланған,мемлекеттің ірі биржасы орналасқан,сонымен қатар табиғи және жасанды жібекті сату жөніндегі халықаралық биржада осы жерде. Дәл осы қалада итальян өнеркәсібінің Конфедерация басқармасының штаб-пәтері орналасқан.
Милан – мемлекеттің ең ірі өндіріс орталығы Болат, вагондар, паравоздар,
автомашиналар,тракторлар,электромоторлар,динамомашиналар,әртүрлі химиялық өнімдер және бірқатар басқа да өнімдер «Монтекатини», «Пирелли», «Бреда», «Изотта Фраскини» және «Альфа Ромео» деген миландық монополиялық қоғамының зауыттарында өндіріледі.
Миланның айналасында басқа да өнеркәсіп қалалары орналасқан, олардың бәрі бірге Милан өнеркәсіп ауданын құрайды. Брешия және Бергамо қалалары электрометаллургия мен машина жасаудың ірі орталықтары болып табылады. Комо қаласы жібек тоқу өнеркәсібімен әйгілі. Жібек тоқумен бұл жерде жұмысшылардың көп бөлігі жұмыс істейді. Баспа машиналары мен радиоаппараттарды жасап шығаратын заводтар Комо қалысы және оның маңындағы жерлерде орналасқан.
Милан қаласының өндіріс аудандарына тағыда Сесто Сан Джованни, Лекко және Леньоне қалалары кіреді. Сонымен қатар мұнда металлургия заводы, ауыр және орташа машина жасау орындары бар.
Туриндік өндіріс ауданында Италияның ең ірі машина жасау заводы «ФИАТ» концерні орналасқан. Ол автомобиль, самолёт, қару – жарақ, трактор, сапалы болат өндіреді. Сонымен бірге Туринде басқа да итальян монополиясының мекемелері орналасқан: «Пирелли» (автопокрышка және электр кабелдері жасалады), «РИВ» (подшипник), «Монтекатини» (химиялық зауыт).
Осы ауданда бірнеше өндіріс қалалары орналасқан, соның бірі Бьелла. Бұл жерде елдің ірі жүн түту және жүн тоқу фабрикалары жұмыс істейді. Александрия қаласы өзінің алюминий мен қалайының алғашқы өңдеу кәсіпорынымен белгілі. Новара қаласы орта машина жасау және бөлшек құрастыру орталығы болып табылады.
Генуя мемлекеттің ең ірі портты қаласы. Ломбардия және Пъемонтаның «теңіз қақпасы» деп аталуы тегін емес. Генуя порты арқылы Италияға шикізаттың көп бөлігі кіреді (көмір, мұнай, және т.б.). Итльян порттарының ішіндегі Генуя порты шетелдерден тауар мен жолаушының көп бөлігін қабылдайды.
Қаланың кәсіпорындары мен оған тиісті өндіріс аудандары негізінен сырттан әкелінетін шикізатпен жұмыс істейді. Генуямен және оның 70-тей қала маңындағы елді мекендерде (Сестри – Поненте, Ривароло, Корнильяно, Вольтри және т.б.) металлургия заводттары судоверфи, паровоз жасау және ұшақ жасау кәсіпорындары орналасқан. Ауыр өнеркәсібімен қатар жеңіл өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Генуялық өнеркәсіп ауданына Савона порты да кіреді, негізінен көмір және мұнай кіргізумен маманданған. Қалада металлургия және машина жасау кәсіпорындары орналасқан.
Эмилия – Романья, Венето, Трентино, Альто – Адидже, Фриули – Венеция, Джулия облыстары — аграрлы өнеркәсіпті аудандар болып табылады. Бірқатар тарихи және әлеуметтік жағдайлар олардың экономикалық дамуының бәсеңдеуін туғызды.
Энергетикалық және шикізат ресурстарының бұл облыстарда маңызы зор. Адидже, Пьяве, Брента, Тальяменто өзендері үлкен гидроэнергия қорын құрайды. Әртүрлі қазба байлықтарының (боксит, мырыш, қорғасын, пирит, қоңыр көмір, мәрмәр, табиғи газ және т. б.) қорлары бар. Солтүстік шығыс аудандары Орталық және Шығыс Европадан Жерорта теңізінің маңызды сауда байланыстарының өтетін аймақтарында орналасқан. Географиялық жағдайы, электроэнергияның арзандығы және түсті металл қорлары Венеция өндіріс ауданына әсерін тигізді.
По өзені дельтасында жанармай, Больцано руднигінде қорғасын – мырыш, Гарда көлінде мәрмәр, Беллунода пирит өндіріледі. Сурьма, магний, минералды тыңайтқыштар, қышқылдар, синтетикалық азот өндіретін химиялық заводттар және алюминий, мырыш, қорғасын, металдық магний балқыту кәсіпорындары арзан энергия көзімен жергілікті шикізат қоры негізінде жұмыс істейді. Монфальконеде Адриад теңізі ең ірі верфтері орналасқан. Болонья қаласында тамақ өнеркәсібінің маңызды кәсіпорындары, көліктік машина жасау, станок жасау химиялық заводттар бар.
Солтүстік – шығыс Италияның маңызды орталығы – Венеция. Бұл қала ежелден әйнектен жасалған зергерлік бұйымдарымен сондай-ақ, қолөнер бұйымдарымен әйгілі. Түсті металдың, мұнай өңдеудің, химия өнеркәсібінің ірі-ірі кәсіпорындары, кеме жасау Венецияның маңындағы Маргереде орналасқан. Венеция сауда және әскери порт, темір жол және әуе жолдың ірі орталығы болып табылады. Әлемге әйгілі архитектуралық ескерткіштер, музыка және кинофестивальдердің өтуі көптеген туристердің назарын аударады.
Орталық Италия ауданына Тоскано, Марке, Умбрия және Лацио облыстары кіреді. Орталық Италияның табиғат жағдайлары солтүстікке қарағанда қолайсыз келеді. Ауданның көп бөлігін таулар алып жатыр, сондықтан жерді игеру көп еңбек пен қаржыны қажет етеді.
Мемлекеттің тек 10-12% суэлектр ресурстары Орталық Италия үлесіне тиеді. Аппенин өзендерінің су жүйесі, Альпі өзендеріне қарағанда электр энергиясын және суғару жүйесін қолдану қиынға түседі. Бұл жерде мемлекеттегі электр энергиясын өндірудің 18%-н ғана құрайды.
Шикізат көзіні, негізінен Тосканода орналасқан ірі өнеркәсіп орталықтарында шоғырланған.Эльба аралында мемлекеттің темір рудасын өңдеудің ірі орталығы бар. Гросето провинциясында сынап өндіреді, Монтекатиниде мыс өңделеді.
Портоферрайо, Пьомбино, Ливарно, Сан – Джованниде үлкен металлургия заводтары бар. Сальто Вилино өзенінің суэлектр станциясының негізінде қару-жарақ өндіретін — Терни дамыған. Ұсақ машина жасау кәсіпорындары Орталық Италия қалаларында шашыраңқы орналасқан (Флоренция, Рим т.б.).
Осы ауданның экономикасының маңызды бөлігі болып текстиль, керамика және әйнек кәсіпорындары табылады. Жүн түту және жүн тоқу кәсіпорындары Флоренция, Лукке, Прато, Терамо және тағы басқа қалаларында орналасқан. Жүн және мақта – мата кәсіпорындарының мекемелері Прато, Терамо, Лукка, Пиза және Ливорно қалаларында орналасқан.
Мемлекеттің әкімшілік және саяси орталығы 1840 мың халқы бар Рим қаласы. Римде парламент, үкімет итальян саяси партияларының басшылары орналасқан. Оның өндіріс және сауда маңызы төмен, Милан, Турин, Генуя және басқада Италияның экономикалық орталықтарына жол береді. Халықтың көп бөлігі сауда, туристерге қызмет көрсету, мемлекеттік мекемелерде, банктерде, компания басқарумен және сауда мекемелерінде жұмыс істеумен айналысады. Римде рим папаларының резиденциясы — «қала мемлекет» Ватикан орналасқан.
Оңтүстік Италия ауданы Солтүстік және Орталық Италияға қарағанда халқының тығыздығы өнеркәсіптің нашар дамығандығы және трасса мен темір жолдың аздығымен сипатталады. Бірақ бұл ауданның өнеркәсіптері мүлем нашар деп айтуға да болмайды, оған негізінен ауа райының қолайсыздығы болып табылады. Халықтың көп бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады (Калабри 67,3%, Абруцци 74,3% және т.т). Дәнді дақылдардан басқа жүзім өсіру, сонымен қатар май алатын өсімдіктер, жемістер (цитрусты, миндаль және жеміс – жидек ағаштары) кең таралған. Мал шаруашылығы аудан экономикасының маңызды бөлігіне жатпайды.
Негізгі өнеркәсіп және сауда орталықтары – Неаполь, Бари, Таранто, Кротоне, Салерно. Неапольде металлургия, машина жасау, электромеханикалық, әскери заводтар, судоверфтер, текстильді фабрикалар орналасқан. Бұл Оңтүстік Италияның маңызды порты, мемлекеттің аралды және Оңтүстік аудандарының мәдени орталығы болып табылады. Бариде судоверфтер мен импорттық мұнайды өңдейтін заводтар, ал Тарантода әскери арсенал, судоверфтар, машина жасау және химия заводтары, Кротонеде азотты және мырыш балқыту заводы, ал Салернода судовеф пен текстиль фабрикасы бар.
Аралды Италияның өнеркәсібі нашар дамыған. Жеміс және балық өңдеу заводы, май өңдеу заводы (Палермо), эссенция өндіру заводы (Мессина), мақта – мата кәсіпорындары (Катания) орналасқан. Палермо, Мессина, Сиракуза және Кальяи портты қалаларында шағын кеме жасау зауыттары жұмыс істейді.
Сицилия бұрыннан табиғи сераның көзі болып табылады (Этна аудан). 1953 – 1954 жылдары Сицилияның оңтүстік бөлігінде мұнайдың қоры табылған.
Сардинияда миниралды байлықтар өндіру Италия экономикасында маңызды рөл атқарады. Қорғасын өндірудің 75%-ы Сардинияның үлесіне тиеді. Қорғасын, мырыш рудалары Италия экспортының маңызды бір бөлігі. Иглезиака ауданында темір және мыс рудалары өндіріледі. Карбония таскөмір бассейнінің орталығы болып табылады. Сонымен қатар ол жерде құрамында көп мысы бар пирит өндіріледі.
Оңтүстік пен Аралды Италия — итальян монополистерінің және ірі жер иеленушілердің шикізат колониясына айналған.
Соңғы жылдары мұнай өндірудің өсуі мұнай өңдеуші және химия өнеркәсібінің дамуына негіз болды. Машина жасау өндірісі нашар дамыған. Ірі өндіріс кәсіпорындары тек Неапольда ғана. Металлургия өнеркәсібі Неаполь ауданында орналасқан бірнеше зауыттармен белгілі. Оның ішінде ірілері: Баньолидегі металлургия зауыты («Ильва» компаниясы), Торе Аннунциата зауыты («Дальмине» компаниясы), «Каньтиери металлуржичи итальяни» («Фальк» компаниясы), т.б.
Басқа салалардың ішіндегі дамыған сала болып, азық – түлік және құрылыс материалдар саласы болып табылады. Оларда халықтың 40%-ке жуығы жұмыс істейді. Азық – түлік өнеркәсібінде макарон жасау және консервіленген жеміс – жидектер мен көкөністер, зәйтүн майы мен шарап, қой ірімшігі өндірісі маңызды орынға ие.
Құрылыс материалдар өнеркәсібінде тұрғын үй салумен қатар, мәрмәр өңдеу (Фоджа, Бари), жол салу, цемент пен кірпіш маңызды орын алады.
Тігін және текстиль өнеркәсібі (негізінен мақта – мата) Кампанья провинциясында жақсы дамыған. Ағаш өңдеу Сицилияда (жиһаз жасау, және т.б.) кең таралған.
Энергетикалық ресурстар. Италия шаруашылығының ерекшелігі электроэнергия алуда мұнай өнімдерін және метанды жағу нәтижесінде алынған энергия басым болып келеді. 1955 жылы энергия балансының су электр энергиясы — 48,9%, мұнай өнімдері — 7,3%, көмір — 17%, метан — 13,4% және отын – 3,4% болды.
Көмір ресурстарына кедейлігі, әсіресе жоғарғы калориялы коксты көмірге мардымсыздығы итальян экономикасының дамуының басты қиыншылығы болып табылады. Көмір өнеркәсібі дағдарыс жағдайында тұр. Жалпы көмір өндіру 1956 жылы 1,5 млн. тоннаны құрайды. Осы жылы 10,7 млн. т. импортталды. Мемлекеттің көмір қажеттігінің 90% импорттың үлесіне тиеді. 1957 жылы көмір өндіру шамамен 1,3 млн. тоннаға азайып, ал 1959 жылға қарай бар болғаны 1,9 млн. тоннаны құрады оны төмендегі кестеден көруге болады.
Көмір шахталарындағы жұмысшылар саны 1957 жылмен 1958 жылдар аралығында 38% қысқарды.
Электр энергиясын өндіру Италия халық шаруашылығында маңызды рөл атқарады. 1954 жылы Италияда электр энергиясы 35,6 млрд. кВт сағ, 1955 — жылы 38,1 млрд., 1956 жылы — 40,6 млрд., 1957 жылы – 42,7 млрд., 1958 жылы – 45,49 млрд. Және 1959 жылы – 48,8 млрд. кВт – сағ. өндірілді. Жалпы 1959 жылдың басында мемлекеттің электр станциясының қуаты 13,5 млн. кВт болды, соның ішінде су электр станциясының үлесі 10,4 млн. кВт болды [19.243].
Жан басына шаққандағы электр энергияны тұтыну өскеніменде (1957 жылы – 728 кВт. сағ, ал 1958 жылы 750 кВт. сағ) басқа капиталистік мемлекеттер қатарынан қалып отырды. Өндірілген электр энергияның 70% жуығы өнеркәсіпте, 10% — көлік және ауыл шаруашылығында қалған 20% тұрмыстық қажеттіліктерді қолданылған.
Италия атом энергиясын қолдануда басқа дамыған мемлекеттерден қалып қойды. Солтүстік Италияда «Сочиета электро – нуклеаре итальяна» («СЕЛНИ») фирмасы «Вестингауз» американ фирмасының көмегімен жаңадан 165 мың кВт қуаты бар атом станциясын салды.
Италияның мұнай өнеркәсібі жоғары дамыған, итальян экономикасының техникалық саласының алдыңғы қатарында.
Италияда мұнайды барлау енді ғана белең алып келеді, бірақ ол жылдан жылға өсуде. Мұнайды барлаудың өсуі Сицилияның үлесіне тиеді.
Мұнай өңдеу өнеркәсібі шетелден, соның ішінде Кувейт, Сауд Аравиясы, Ирак және басқада мемлекеттерден әкелінетін шикізат қорына тәуелді. Жалпы 1958 жылы Италияға 22,7 млн.тонна мұнай әкелінген. Ал 1959 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 10% өскен, яғни 25 млн. тонна.
1958 жылы Кеңес Одағынан Италияға 1026 мың тонна мұнай әкелінді, бұл жалпы Италияға әкелінген мұнайдың 4,33% құрады, ал 1959 жылы 2360 мың т. (7,84% ) жетті [29.23]. Сонымен қоса итальяндықтардың мұнай өндірудегі қоры 1954 жылы 72 мың тоннаны, 1955 жылы 204 мың тоннаны, ал 1956 жылы 569 мың тоннаны құрағанын көреміз. Ал келесі жылдары мұнай өндірудің өз бірталай өскені айқын көрінеді, яғни 1957 және 1958 жылдарға қарағанда 1959 жылы 1695 мың тоннаға жетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет