Туынды инвестициялардың динамикасы, әдетте, экономикалық жүйенiң iшкi (эндогендi) факторларына, яғни, ұлттық табыс пен тұтынушылық сұраныстағы өзгерiстерге байланысты болады. Автономды инвестициялардың өсуiне экзогендi факторлар, ғылыми-техникалық прогресс, халықтар санының өсуi, мемлекеттің саясаты және тағы басқалары себепкер болады. Халықаралық және отандық тәжiрибеде инвестицияларды мақсатты бағытталуына байланысты келесi түрлерге бөлiп қарайды:
1)Өндiрiс ғимараттарын, құрылғыларды, сондай-ақ қызмет ету мерзiмi бiр жылдан жоғары болып келетiн активтерге қаражат жұмсалуын сипаттайтын инвестициялар заттай активтерге жұмсалған инвестициялар болып табылады..
2)Қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялар - бұл басқадай заңды және жеке тұлғалардьң құрылтайшылық қызметiне араласу негiзiнде, яғни, үлестi бағалы қағаздарды немесе қарызды мiндеттемелердi сатып алу арқылы ақшалай сома алу құқығын сипаттайды.
3)Материалды емес активтерге жұмсалған инвестициялар - бұл қандай да бiр кәсiпкерлiкпен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызмет етуiне, сондай-ақ сауда белгiлерiн даярлауға, лицензия алуға және тағы басқаларға жұмсалған қаражаттарды бiлдiредi.
Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар өзiнiң пайдалану аясы бойынша келесiдей жiктелiнедi:
-
өндіріс тиiмдiлiгiн арттыруға жұмсалған қаражаттар, яғни, өндiрiстегi құрал-жабдыктарды, құрылғыларды және т.6. ауыстыру нәтижесiнде өндiрiс шығындарының төмендiгiн қамтамасыз етудi сипаттайды;
-
өндiрiстi кеңейтуге жұмсалған инвестициялар. Оның басты мiндетi
тауарлар шығару, мүлiктерiн кеңейту болып табылады;
-
таза өндiрiс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа тауарлар өндiруге немесе жаңа қызмет түрлерiн көрсетуге бағытталған кәсiпорындарды салуды қамтамасыз етудi сипаттайды;
-
жаңа өндiрiс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа тауарлар өндiруге немесе жаңа қызмет түрлерін көрсетуге бағытталған кәсiпорындарды салуды қамтамасыз етудi сипаттайды /8/.
Экономикалық түрлендiрулердi жүзеге асыруда, сондай-ақ жаңа кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн дамытуға пайдаланатын инвестицияларды олардың экономикалық мазмұнына қарай әртүрлi нысанда бөлiп қарастырады. Оның iшiнде бiзге танымалы мыналар:
Ссудалық капитал нысанындағы инвестициялар - инвестицияның ссудалық қарыз немесе әртүрлi несие нысандарында пайдалануын сипаттайды.
Кәсiпкерлiк нысанындағы инвестициялар – кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей және жанама нысанында пайдаланылуын бiлдiредi.
Кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей нысанында пайдаланылуы тiкелей инвестицияларды бiлдiрсе, ал жанама нысандарында пайдаланылуы портфелдiк инвестицияларды сипаттайды. Тiкелей инвестициялар өндiрiстiк кәсiпорындарға тiкелей қаражат жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынын бiлдiрсе, ал портфелдiк инвестициялар - бұл инвестициялық процеске қатысушы банктердiң, әртүрлi қорлардың, кәсiпорындардың, ұйымдардьң немесе мекемелердiң бағалы қағаздарын, акция, облигацияларын, сертификаттарын сатып алу негiзiнде қаржы жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын бiлдiредi.
Қазақстанның экономикалық дамуына жұмсалған инвестициялардың нысандарына байланысты үлес салмағын талдау нәтижесi портфельдiк инвестициялардың пайдалануы өте төмен көрсеткiшке ие болуын сипаттайды. Әрине, бұл жағдай елiмiздегi бағалы қағаздар нарығының аса дамымауымен байланысты.
Сонымен қатар, инвестицияларды меншiк нысанына байланысты келесiдей түрде бөлiп қарайды:
-
Мемлекеттiк меншiк нысанындағы инвестициялар мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты әлеуметтiк сала болып табылады.
-
Жеке меншiк капитал нысанындағы инвестициялар кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын ұлттық шаруашылық субъектiлерiнiң өз қаражаттары мен тартылған қаражаттарының жиынтығын сипаттайды. Мұндай мемлекеттiк және жеке меншiк нысанындағы инвестицияларды бiр сөзбен отандық инвестициялар деп те атайды.
-
Шетелдiк капитал нысанындағы инвестициялар шет мемлекеттерден, оның iшiнде халықаралық қаржы ұйымдарынан таратылатын қаражаттар болып табылады.
Жалпы инвестициялардың барлық түрлерiн төмендегi 1-сурет бойынша жүйелеп, топтастырып көрсетуге болады /7/.
Инвести-циялау субъекті-лері және пайда болған қайнар көздері бойынша
Арнайы органдар-дың инвести-циялары:
-ұлттық үкімет;
-халықара-лық ұйымдар.
1 сурет – Инвестициялардың жіктемесі
Инвестицияларды анықтауда инвестициялардың тек мазмұндық сипатына ғана көңіл бөліп ғана қоймай, сонымен бірге оның мақсатты бағыттылығын да ескеру керек. Осы тұрғыдан алғанда инвестициялар табыстың ЖҰӨ-ді өндіруге кеткен бөлігін құрайды және жаңа технологияларды, материалдарды және басқа еңбектің құралдары мен заттарын енгізуге байланысты өндірісті кеңейту мен жаңартуға жұмсалған шығындар болып табылады, яғни ақша капиталдарынан айырмашылығы ол физикалық капиталды кеңейтумен және капитал құрумен байланысты инвестицияларды статикада емес, динамикада, яғни меншік формасының ауысу процесінде және олардың осы мерзімдегі инвестициялық қызметтің соңғы өніміне айналуында қарастырған жөн. Бұл мағынада инвестициялар салымдарын табыс алуға дейінгі түрленулер тізбегін көрсетеді, осы түрленулер болмаса инвестициялауға деген ынта болмайды.
1.2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын қызметі
Қазақстан Республикасы ашық рыноктың экономикасы жүзеге асыруға бағытталған саяси және экономикалық бір жүйелілікке беталыспен келеді. Бұл Республика Президенті мен Үкіметінің республикаға шетелдік капиталдың құйылуы ынталандырудағы іс-әрекеттерінен, қолданып жатқан шараларынан көрінуде.
Инвестициялық саясат ел экономикасында маңызды рөл атқарады және оның мақсаты мен алға қойылған міндеттерін білу қажет. ҚР үкіметі соңғы жылдардағы жинақталған тәжірибені негізге ала отырып, шетелдік ин-весторлар мүддесінің белгілі шеңбері туралы мәліметтер алды.
Қазақстанда шетелдік иинестицияны тартуды мақсатты түрде басшылыққа ала отырып, оның екі негізгі мүмкіншіліктерін ескеру керек:
1)Қазақстанның табиғат ресурстарына байлығы. Қазақстан территориясы Еуропа мен Азияның түйіскен жеріндегі стратегиялық маңызды жерде орналасқан және Еуропа мен Азияның кең ауқымды рыногының байланысын жеңілдетуге мүмкіндігі мол.
2)Қазақстанда оқымыстылар, техниктер, маманданған және жартылай маманданған жұмысшыларды қосқанда адам ресурстарының жақсы білімді және әртүрлі ұлт-ұлыстық резервінің (қорының) жеткіліктілігі. Бірақ та әрбір айтылған факторлардың өз деңгейінде шектелулері бар, оны мойындай және ескере білу керек:
-
Қазақстан құрғақ құрлықта орналасқан және ыңғайлы, арзан, көлемді мұхиттың сауда флотына жақын орналаспаған;
-
Табиғат ресурсы өндірілген пайдалы қазбаны өңдеуге, тазалауға, бөлшектеуге, тасымалдауға қосымша қажетті шығындарды да есептеу қажет/6/.
Шетелдік инвестиция халық шаруашылығының барлық бөліктерінде қажет, нақты айтқанда мұнай зерттеу мен өндіру, өңдеуге, металл өңдеуге және телеқатынастың жердегі және әуедегі транспортқа дейін, тамақ өнеркәсібінде, өнеркәсіп тауарларын өндіруде халық тұтынатын тауарларға және бөлшек саудаға қажет. Шетелдік инвестицияны елдің қауіпсіздігіне тікелей байланысты қару-жарақ өндіруге, есірткі заттар шығаруға және т.б. салаға колдануға болмайды.
Шетелдік инвесторлар көмегімен, біздің ойымызша, мынадай міндеттерді орындауға болады:
1)аймақтық жоғары бағаланған жаңадан табылған салалардың дамуын ынталандырып қолдау (негізгі іс атқарғыш күштерді аймақ территориясына орналастыру);
2)өндірістің бірқатар тұйықталған жүйесін құру (мүмкіндігінше дайын өнім өндіру);
3)белгілі салалардағы ұлттық және шетелдік кәсіпорындарға
өзара тиімді бәсекеге түсуді қамтамасыз ету үшін қолайлы
арақатынасқа жағдай жасау.
Бұл міндеттердің орындалуы, жалпы басқа өте маңызды экономикалық қиындықтарды шешуге әсер еткен болар еді:
1) жұмыспен толық қамтамасыз ету;
2) жоғарғы деңгейдегі капитал (күрделі қаржы) қайтарымына жету;
3) бұрын өндірісте өндірістік мақсатқа жарамайды деп пайдаланылмаған жергілікті шикізат пен материалдарды, ресурстарды шаруашылық айналысына игеру;
4) пайдалану шығындырын төмендету.
Тікелей шетелдік инвестициялар экономикалық реформаға әсер етуде экономикалық басқа нысаналарымен салыстырғанда бірсыпыра маңызды, үстемдігі бар: тауар өндіру мен қызметтер атқаруға, күрделі қаржы тауып салудың қайнар көзі, жаңа технологияны пайдаланға, ноу-хау, басқарудың алдыңғы қатардағы әдістері, және маркетингті (өндірісті сұранысты қанағаттандыруға бейімдеу) дамытуға қолайлы. Онымен бірге қарызды өтеуге қаржы жинақтау керек.
Шетелдік қызметінің зор тиімділігін ынталандыра отырып, тәуекелінің толық ақталуы жобаларының жетістікке жеткізу инвесторлардың өздеріне жүктеледі. Қорытындысында өндіріс пен ғылыми-техникалық кооперацияның тығыз байланысы қалыптасуының нәтижесінде тікелей шетелдік инвестиция ұлттық экономика мен дүние жүзілік шаруашылықтың өте тиімді байланысуын қамтамасыз етеді. Қазақстанда біріккен кәсіпорын ашу процесі өте тез жүріп жатыр /7/.
Егер 2000 жылы республикада барлығы 491 біріккен кәсіпорын болса, 2001 жылы 736-ға жетті, ал бүгінде оның саны 1/3-ке өсіп біріккен кәсіпорын 1 мыңнан асып отыр. Рыноктың қайта қалыптасу кезеңінде біздің республикаға шетелдік капиталдың әкелінуінің өте көлемді және басты түрі (әдісі), бұл мемлекеттік қауіпсіздендірумен (кепілдікпен) алынатын экспорттық несие деп аталатын мемлекеттік емес несие. 2000 жыл мен 2003 жыл аралығында республикаға әлемнің 17 елінен АҚШ-тың 9 млрд. доллары көлемінде экспортты несие алынды. Соның ішінде ірі көлемде мына елдерден несие алынған: Германия (1 млрд. доллар), Түрік мемлекеті (800 млн. доллар), Австрия (458 млн. доллар) және Ұлыбритания (400 млн. доллар).
Шетелдік капиталдың құйылуын көбейту үшін біздің елімізде бірінші кезекте жақсы дамыған инфрақұрылым және коммуникация (қатынас) қажет. Сондықтан Республика Үкіметі Қазақстанның дамуына ресми көмек ретінде келіп жатқан шетелдік капиталды қазіргі кезенде тарту мен тиімді пайдалануға көп көңіл бөліп отыр /17/. Бұның шеңберінде Қазақстан көптеген Халықаралық қаржы ұйымдарымен қаржылық қарым-қатынасты дамытып отыр. Атап айтсақ, МВФ,МБРР,АБР, ЕБРР,ИБР және көмекші елдер, Жапония, АҚШ, Германия, Франция және басқа елдер үкіметтерімен байланыста.
Қазақстан Республикасы барлығы 1996 жылдан бүгінгі күнге дейін 5,6 млрд. АҚШ долларымен қарыз қаржыларын МФЭО мен көмекші елдерден алған, оның төрт млрд.тан астамы игерілген, ол дегеніміз 65 проценті құрайды.
Токиода өткізілген Қазақстанға көмекші елдер тобының түсінушілік кездесуінде жарияланғанындай 1999-2001 жж. аралығында қаржы міндеттемелеріне сәйкес республикаға 4,35 млрд. АҚШ доллары көлемінде несие қаржысы берілді. Оның ішінде 140 млн. АҚШ доллары тікелей төлеусіз, техникалық көмекке беріледі.
Республикаға өте қажетті ондаған жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мысалы: Астанада ағылшындар 300 орындық аурухана салуды қолға алды. Сызғанов атындағы Хирургия Ғылыми Орталығы балалардың денсаулығын қалпына келтіру орталығына ЦБР-дің несиесі, ауылшаруашылығында жекешелендіру мен реформаны қолдау және фермерлік шаруашылықты дамытуға МБРР жобасы, шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін Германияның несие беру бағыты және көптеген басқа жобалар.
Жан-жақты техникалық көмек жүйесінен мынаны атап көрсетсек, ТМД елдеріне техникалық көмек бағдарламасы шеңберінде Еуропалық Одақ (ЕО) жобасы, ол экономикалық реформа процесіне қолдау көрсетуге бағытталған. Іс-жүзінде қолданылып жатырған жалпы жобалар саны 49, олар жалпы саласы, 77,9 млн. АҚШ доллары.
Жалпы алғанда соңғы жылдарда Қазакстан экономикасына шетелдік инвестицияның (соның ішінде тура, портфельді, қарыз қаржылары, сыртқы несиелер) жалпы сомасы 22 млрд. АҚШ доллары тартылған. Соның ішінде тікелей инвестиция - 9,4 млрд.АҚШ доллары, оның 46,7 проценті мұнай-газ кешеніне, 29,7 проценті металлургияға.
Болжап есептеуге қарағанда, жыл сайынғы Қазақстанның шетелдік инвестицияны жалпы қажетсінуі 4-6 млрд. АҚШ доллары көлемінде. 2000 жылы шетелдік капиталды тарату 4,3 млрд.доллар деп болжанған, оның ішінде тікелей инвестиция 7,1% және 24% несиелік /23/.
Біріккен кәсіпорын өз қызметтерін ішкі рынокқа да атқарып келеді. Ішкі рынокта біріккен кәсіпорын өнімдерін өткізу, бөлшек сауда тауар айналысының 16%-ын құрады. Шетелдік инвесторлар инвестицияны Қазақстан экономикасының шикізаттық салаларына бірінші кезекте тау-кен өнеркәсібі және отын-энергетика кешеніне көп көңіл аударуда.
Тау-кен өнеркәсіптік кешеніндегі тура шетелдік инвестиция арқылы Біріккен кәсіпорынның ең ірі және өте белгілісі Семей облысы, Бақыршақ кен орнында ашылған алтын мышьякты руданы өндіру мен өңдейтін фирма «Минпрон-Чилевич» және НАК «Алтын Алмас». Инвестицияның болжамдағы көлемі 212 млн. АҚШ доллары. Ол 30 жылға аралықтағы қызметінде 930 млн. АҚШ доллары көлемінде таза табыс алынады деп күтілуде, оның 230 млн. доллары мемлекетке беріледі, ал НАК "Алтын Алмас" үлесі сыбағасы 490 млн. АҚШ доллары.
Қазіргі кезеңде 18 біріккен кәсіпорын көмірсутегін зерттеп табу мен өндіруде қызмет атқарып жатыр. Оның қатарында белгілі Тенгиз және Королев мұнай орындарын игеріп жатқан "Шеврон Оверсиз" (АҚІІІ) компаниясының "Тенгиз Шевройл" біріккен кәсіпорны және Қазақстанның батыс облыстарында мұнай орындарын зерттейтін және өндіретін Түрік ұлттық компаниясымен біріккен кәсіпорын "Қазақтүрікмұнай". Одан басқа өз қызметтерін табыспен жүргізіп жатқан біріккен кәсіпорындарға: Орикс (АҚШ) компаниясымен Маңғыстау облысындағы Арман мұнай кен орнын игеріп жатқан біріккен кәсіпорын "Арман", Канада фирмаларымен "Канадиен Оксидентал" және "Харикейн-Хайдрокарбон" ашылған. «Тұран Петромум» Қызылорда облысындағы Қызыл-Қия, Майбұлақ және Арыскұм кен орындарында, "Вега Ойл ГМБХ" германия компаниясымен ашылған "Казгермұнайы Ақшабұлақ", Нуралы және Ақсай кен орындарын игеріп жатыр/ 20 /.
Сонымен қатар қазіргі мұнайды зерттеп табатын және өндіретін Қазақстандық біріккен кәсіпорындар қазіргі экономикалық жағдайлар мен инвестициялық мүмкіндіктерімен жер ресурстарының иесі ретіндегі мемлекеттің өте тиімді пайда табуға мүмкіндік болса да, бұл біріккен келісімдер мақсатқа сәйкес емес. Мемлекет үшін тиімді келісім-шарт өнімді бөлу болды.
Қазақстан мұнай-газ ресурстарына, өте мол мұнай-газ кен орны Қарашығанақ туралы өнімді бөлу келісім шартына кол қойылып бекітілгеннен кейін күрделі қаржыны салу мен игеру әжептеуір ұлғаяды деп үміттенуге болады. Қарашығанақ орнында "Бритиш Газ" ( Ұлыбритания) және "Аджип" (Италия) альянсы және Каспий теңізі шельфінде барлау мен өндірумен келісімге ниет білдіруші консорциум мүшелері ("Шел","Бритиш Ретоулем","Статойл","Бритиш Газ", "Мобил", "Аджип" және "Тоталь").
Мемлекеттік меншікті "жекешелендіру процесіне шетелдік инвесторлар қатысуы туралы" бекітілген ережеге сәйкес республикада шетелдік инвесторлар жекешелендіру процесінің барлық түрлеріне қатысуына болады. Нақты айтқанда жекешелендіруге қатысатындары:
Өндіріс бөлігіндегі қызметтің артуы (Қазақстан кәсіпорындарының акциясын алу) шетелдік компаниялардың саясатында өнім өткізу рыногын қолға алудағы жаңа бағытты (ағымды) көрсетеді.
Қазіргі уақытта "Филипп Моррис" компаниясына Алматы темекі фабрикасының акциясы сатылған. Жобаның жалпы сомасы 302 млн.долл. болады. Шымкенттің кондитерлік фабрикасын жекешелендіру туралы американың "Набиско" компаниясымен келісім шартқа қол қойылған. Бұл жобаның жалпы сомасы 74,6 млн.долл./22/.
Әлемдік экономикалық жүйенің интеграциясы (экономикалық одақтың құрылуы) шетелдік инвестиция құқықтық жағдайын жасамау мүмкін емес, бұл біркелкі салық және тарифтік белгіленген баға нарықтық көрсеткіш жүйесі шетелдік серіктердің талабына, қажеттілігіне сәйкес келетін және ұлттық мүддені қорғауды қамтамасыз ететін, шетелдік инвестицияны республика экономикасына тарту болашақ мақсатқа жақсы үйлестіріп нақты белгілеусіз орындалмайды /21/.
Қазіргі кезде ҚР-да шетелдік инвестицияның қызметтері және сыртқы экономикалық байланысты 30-ға жуық заңдар мен заң күшіндегі актілермен реттелуде. Ең бір басты инвестициялық климаттың қалыптасуына керектісі "Шетелдік инвестиция туралы" заң. Бұл заң бұрынғы КСРО-да Қазақстан Республикасында алғашқы болып қабылданды және бұнда біріккен кәсіпорын қызметтері мен құрудың жағдай шаралары анықталып, оның кепілдігі, салық салу тәртібі мен келіспеушілікті шешу бірінші редакциясында қабылданған.
Бұл заңды қабылдағанына 5 жыл өтті. Осы кезеңде Қазақстан алғашқы қадамынан бастап шетелдік капиталды тартуда біртіндеп үлкен көлемде жүргізіліп келеді. Осы заң шетелдік инвестицияны тартуға, тікелей инвестицияға ыңғайлы және жеңілдік жасауымен қатар өте жайлы жағдай жасауда басты орын алды және өз уақытындағы басты, үлгілі болып саналады.
Еліміздің инвестициялық климатын бағалаудың басты бір жағы оның заңдарды талдау болып саналады. Экономикалық реформаның даму дәрежесіне сәйкес оның зандық қоймасы одан әрі жетілдіріліп тұруы қажет.
Республика Президентінің заң шығару жоспарында ынта көрсетуіне сәйкес 1994 жылы "Шетелдік инвестиция туралы" заң жобасы жасалды, ол 1994 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде қабылданды /10/.
Бұл заңның жаңа редакциясы шетелдік инвесторлар қызметтеріне мүмкіндігінше ыңғайлы жағдай жасады, шетел инвестициясы түсінігін кеңейтіп, республикадағы қызметтеріне мүмкіндіктер жасаумен қатар кең көлемде кепілдіктер жасау мақсатын көздейді.
Заңның жаңа редакциясында инвестиция түсінігі кең ұғымдағы сөз ретінде қарала отырып, оған мүліктік бағалықтардың (құндылықтардың) бар түрлері мен оған деген құқықтарды, шетелдік инвесторлар үшін ұлттық тәртіпті тарату саясаты жалғасын табады, халықаралық арбитраж туралы қаралған. Жарлықтың қорға және оның СКВ арқылы қалыптасуына және т.б. шектеу жойылды.
Заң бойынша кез-келген шетелдік инвестиция түрлері және соған байланысты қызметтер ұлттық инвесторларға – жасаған жағдайлардан кем түспейді.
Бұл ережеден шетелдік инвесторларға тиімді ерекшеліктері халықаралық шарттарға сәйкес үстемдік (жеңілдік), сонымен қатар шетел инвестициясы жекешелендіруге қатысу мүмкіндігі және ол арнаулы заңмен реттеліп отырылады. Бұнан басқа шетел инвестициясы экономиканың жаңадан ашылған бөлігінде қосымша жеңілдіктер жасалуы мүмкін /23/.
Заң шетел инвестициясына әртүрлі кепілдіктер береді, олар нақты айтқанда ұлттықтандыру (мемлекет меншігіне айналдыру) мен еріксіз тартып алу, мемлекеттік мекемелер мен билік иесінің заңсыз әрекеттерінен кепілдік, саяси жағдайдың өзгерісінен кепілдік және т.б. кепілдіктер.
Сонымен шетел инвестициясы мемлекет иелігіне және еріксіз шартын алу тек қоғамдық мүддеге байланысты болмаса, басқа барлық жағдайда болмайды (жүзеге асырылмайды). Егер мұндай жағдай болып қалғанда шетел инвестициясын тез арада тепе-тең және тиімді дәрежеде олардың шығынын өтеп беру орындалады.
Шетелдік инвесторлар инвестиция жұмысы басталғаннан 10 жыл бойына Заң өзгерістерінен кепілдік беріледі. Мемлекет кез-келген жағдайға байланысты, соның ішінде соғыс жағдайы, үкімет ауысуы немесе мемлекеттік құрылымның өзгеруінде халықаралық қазы шешіміне бағынып, инвестор алдындағы барлық мүліктік, заттың міндеттемелерін орындайды.
"Шетелдік инвестиция туралы" (7.12.99) бұрынғы заңда шетел инвесторларына белгілі бір жағдайда "Салықтық каникулдер" берілген болатын - бұл инвестиция іске асқаннан кейінгі алғашқы бес жылда табысқа салынатын салықтан босату және осы салықты кейінгі бес жылда 50 % төмендету. Алайда жаңа занда (20.01.03) "Салықтық каникулдер" қарастырылмаған, өйткені көптеген елдердің, соның ішінде АҚШ-тың салық заңында трансұлттық компаниялар үшін салықты елдегі кірістен, пайдадан алынған төлем тең көлемде азайту қарастырылған.
Қазір көптеген елдер арасында қосарлы салықты болдырмау туралы үкімет аралық келісімдерге қол қойылды. Солай болса да іс жүзінде жаңа заңға сәйкес экономиканың нақты секторында Қазақстан үшін алынған инвестициялар үшін салықтың жеңілдіктерін шетел инвесторларына Парламент немесе Президент бере алады / 9 /.
Қазақстан аумағында шетелдік инвестиция ұлттық инвесторлар үшін барлық рұқсат етілген ұйымдық құқықтық нысанда шетел инвесторының толығымен тиесілі біріккен кәсіпорында, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың бөлімшелері мен өкілдіктерін құру жолымен жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда осы кәсіпорындарды тіркеу республика занды тұлғалары үшін белгіленген жалпы ереже бойынша жүргізіледі.
Республика жүргізілген мемлекет иелігінен айыру саясаты жаңа "Шетел инвесторлары туралы" заңда толық ашылған. Шетел инвестициясы мемлекеттік кәсіпорындарды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жекешелендіруге қатыса алады. Шетел инвестициясына, шетелдік қатысатын кәсіпорынға мүлікті жалға беруші жалға беру шарты бойынша жүргізіледі.
Шетел инвестициясына қосымша кепілдікті заңдық қорғаумен қатар үкімет аралық екі жақты шетел инвестициясын ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімдер жасалады. Қазақстан үкіметі Егемендік алған уақытта 18 елмен осындай шарт жасады. Бұл: АҚШ, Англия, Египет, Түркия, Франция, Швейцария және басқалар. Қазіргі уақытта 20 елмен келісім жобалары талқылану үстінде /24/.
Біздің ойымызша заңда, Республика экономикасына инвестициялардың тартылуына белгілі бір деңгейде ықпал ететін кедергілер бар. Бұл:
1)Заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтың жоғарылығы;
2)Елдегі еркін экономикалық аймақ санының жеткіліксіздігі;
3)Төлем мәселесі - шетел валютасына қол жеткізу қиындығы;
4)Үнемі өзгеретін және дәйексіз заңдар;
5)Заңдық базаның жалпы тұрақсыздығы.
6)"Кепілдік туралы" заңның икемсіздігі, әсіресе шетел несиесіне арналған кепіл ретінде қозғалмайтын мүлікті пайдалануға қатысты бөлім;
7)Жеке меншіктің бүкіл институтының негізі болатын жер үшін жеке меншіктің жоқтығы;
8)Дамымаған қаржы секторы, шетелдік жобалар үшін қаржының жоқтығы, кепілдік алу қиындығы;
9)Экологиялық нормаларды сақтауда кәсіпорынның жауапкершілігі туралы мәселеде нақты саясаттың болмауы;
10)Жетілмеген банк туралы заңдар және өте тұрпайы банк жүйесі;
11)Қазақстан мен сыртқы дүние арасындағы әуе желісінің жеткіліксіздігі;
12)Сыртқы рынокқа Қазақстаннан құрлық бойынша тауар тасымалдауға арналған жермен тасымалдау жүйесінің икемсіздігі (“Мұнай және газ” құбырын қоса алғанда).
Шетел инвесторын тарту саясатының негізгі мақсаты - ұлттық экономиканы жетілдіру мен құрылымдық тұрғыдан өзгертуде шетел капиталын пайдалану негізінде экономикалық артта қалушылықты жою, ел өмірінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Республика шетел капиталының ағылуын жалпы оң сипаттай отыра негізгі кредитор елдердің белгіленбегенін атап өткен жөн. Келісімшарттарды жасау шарты нашар әзірленеді және олар жүзеге аспайды. Берілген несиелік ресурстар республиканың болашақтағы мүдделерін ескермейді, облыстар мен аймақтарға ретсіз бөлінеді.
Бұдан басқа нашар дамыған елдерге шетел капиталының жұмсалуы, әдетте, онша жақсы нәтиже бермейді, кейбір жағдайда жағымсыз салдарға алып келеді. Мысалы, нашар дамыған елдерде қонақ үймен құрылыс кешендерін салуда елдің ұтатын, бірақ артықшылығы салынған қонақ үйінде тұрғындардың белгілі бір бөлігі жұмысқа орналасады, алайда бұл адамдар ең ауыр және қолайсыз жұмыстарды істейді, ал қомақты жұмыс орындарында әрдайым шетелдіктер істейді. Сондықтан, бүкіл жалақының мардымсыз бөлігі ғана елде қалады. Сонымен катар қонақ үйін салуда барлық қажетті құрылыс материалын ғана емес, сондай-ақ жиһаз, тіпті шетелдік туристерді тамактандыру үшін қажетті азық-түліктерде сырттан әкелінеді, ал бүкіл пайда шетелге аударылады.
Біріккен кәсіпорын құру кезінде койылған мақсаттардың бірі Қазақстан кәсіпорнының жаңа технологияны, "Ноу-Хауды" алу, саланың жалпы техникалық деңгейін көтеру болатын, алайда жүре келе бұл мақсат ұмтылады, мысалы, негізгі міндет ретінде тек мұнай өндіру қалады. Қазіргі уақытта бірде бір бірлескен кәсіпорын кен орындарын терең зерттеу, мұнай қайтарымының ең жоғарғы коэффициентінің және өндірілген өнімді толық пайдалануды қамтамасыз ететін технологиялық сызбаларды әзірлеу туралы жұмыстарды орындамайды. Жер қойнауы саласында Біріккен кәсіпорындарды құруда қазақстандық қатысушылар тәжірибесіздігінен осы біріккен кәсіпорын қызметін қиындататын, ал кейбір жағдайда тоқтауына алып келетін кемшіліктерге жол берді /25/.
Басты кемшілік тіркеу (құрылтайшылық) мәселелерді ақырында көптеген құрылтайлық құжаттарды қамтитын құрылтайшылар құзіретіне кірмейтін салық салу және басқа экономикалық көрсеткіштер мазмұндау болып табылады. Біріккен кәсіпорын қызметін талдау құзіретті орган мен бөлек біріккен кәсіпорын арасында үлгілік (модельдік) келісім шарт әзірлеу қажеттігін анық көрсетті, онда барлық салықтың және тараптардың басқа қаржылық міндеттемелері мазмұндалатын болды.
Қазіргі уақытта экономика министрлігі газ және мұнай министрлігімен бірге осы жоба бойынша жұмыс істеуде.
Сондықтан, инвестиция саясатын жүзеге асыруда ұлттық мүддені жан- жақты ескеру қажет. Мұндай мүдделерді іске асыруда бірінші кезекте республика экономикасына тартылған капитал көлемі ықпал етуі мүмкін. Олардың жиынтық саны ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін белгілі көлемнен аспауы тиіс. Қазақстан эконкомикасына шетел инвестициясын тартуды ынталандыру мақсатына шетел инвесторлары үшін түсінікті ұзақ мерзімді саясатқа негізделген жаңа іскерлік, ахуалдық жасау қаупіне Республика Үкіметі үлкен күш жігер жұмсауда. 1999 жылы Президенттің заң күші бар мынадай жарлықтары қабылданды:
1)"Шетел инвесторлары туралы" ( 30.03.99);
2)"Банкрот туралы" ( 07.04.99);
3)"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" (17.04.99);
4)"Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы"(30.03.99);
5)"Лицензиялау туралы" (17.04.99);
6)"Шаруашылық серіктестіктер туралы" (02.05.99);
7)"Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы"(24.04.99).
Қазақстан кешенінің минералдық шикізатының, отын-энергетика ресурстарының, сирек кездесетін асыл металдардың, орасан зор қорына пайдалы қазбаларды өндірудің және бастапқы ұқсатудың қуатты индустриясына ие бола отыра көп салалы, осы заманғы машина жасау базасына, жоғары сапалы тауар өнімдерін шығару жөніндегі өндіріссіз қалып отыр. Іс-жүзінде ғылыми мәнді техникалық күрделі өнімдерді шығаратын сала жоқ, халық тұтынатын тауарлар өндірісі мыналар дамыған: химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығының өнімдерін ұқсату нашар пайдаланылады, өнеркәсіптің жетекші саласы қара және түсті металлургияда, химия кешенінде энергия көп кететін экологиясы лас технологияны әбден тозған қондырғыны пайдаланудың үлес салмағы жоғары, осыған байланысты өнеркәсіп кешендерін дамытудың артықшылықты инвестициялық жобаларын, ұзақ мерзімді багдарламасы жасалды /11/.
Артықшылық ретінде мыналарға бағытталған жобалар танылады:
1)өнімдердің дәстүрлі экспорттың түрлерін шығаратын өнеркәсіптің базалық салалары өндірісінің көлемін күрт ұлғайту (түсті металл, болат прокаты, ақ қаңылтыр, хром кені, темір кені, сары фосфор, тыңайтқыш және т.б.);
2)металдан жасалынған өнімдердің тауарлық әзірлігін көтеретін мұнай құбырлары өндірісін құру;
3)өнімнің жаңа түрлерінің өндірісін ұйымдастыру (ауыл шаруашылық машиналары, тау-кен көлігі техникасы, электр қозғалтқыштар, аккумуляторлар, көмір қышқылы негізіндегі композициялық материалдар, полиэтилен және полипропилен, бастапқы алюминий және т.б.);
4)күрделі ғылыми мәнді өнімдерді және халық тұтынатын тауарларды шығаратын өндірісті құру (телевизор, магнитафон, тоңазытқыш, улы газды тоқтатқыш, сирек металдар негізіндегі бұйымдар және т.б.).
Өнеркәсіп қалдықтарын тереңірек ұқсататын өндірістің экологиялық мақсатын шешу. Шетел кредиті үшін министрлік ұсынған артықшылықты тізбеге 206 жоба кіреді. Ол жоба бойынша бөлінген және инвесторларға, жобаға, кредитке мұқтаждық жобаны енгізу мерзімі, техникалық экономикалық негізделе, қаржыландыру ерекшеліктері, шетелдік әріптестердің саны туралы қысқаша ақпарат береді /26/.
Соңғы жылда Министрліктің шетелдік серіктестермен жұмысы көрсеткендей, іскерлік қатынас Германия, Турция,. Жапония, АҚШ, Финляндия фирмаларымен және банктерімен қалыптасты. Италия, Франция, Австрия, Англия; Швеция, Канада және басқа елдердегі серіктестер мен достық қарым-қатынас дамып, нығайып келеді.
Бүгінде республикада экономикалық достық қарым-қатынасы көлемді түрде өзара тиімді дамытуды және нығайтуды қалыптастыруға барлық мүмкіндік бар. Оның негізгі түбірі Қазақстанның шетелдік инвестицияны тарту болашағына сеніммен қарау.
Экономикаға шетел инвестицияларын тартудың артықшылықтары келесiдей:
-
Шетел инвестицияларын қолдану бюджетке салық түсiмдерiн көбейтiп, өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарылатуға септiгiн тигiзедi. Атап өткен жөн, еуропалық типтегi экономикалық жүйеде мемлекет өңдейтiн және қайта өңдейтiн өндiрiс кәсiпорындарынан және экспортқа бағытталатын дайын өнiмдi шығаратын салаларды инвестициялаудан өз табыстарының 50%-ына дейiнгi көлемiн алады, сонымен бiрге елге шетел валютасының енуiне жол ашады;
-
Шетел капиталы мен инвестициялар жергiлiктi бюджет түсiмдерiн де ұлғайтады. Шетел инвесторы, әдетте, жергiлiктi тұрғындарды жұмысқа алып, оларға еңбекақы төлейдi, ал салықтары бюджетке түседi. Сондай-ақ, қоғамдағы жаңа қосымша тұтыну қабiлетiнiң туындауы жаңа тауарлар мен қызметтерге сұранысты туындатады. Демек, шетел инвесторы инвестицияны орналастырған мемлекетiнде тiкелей және жанама түрде байлық құрады;
-
Алғы шептегi технологиялық тәжiрибенi тарту жолымен шетел инвестициясы елдiң ғылыми-техникалық потенциалын жоғарылатады;
-
Iшкi көздердiң шектелген жағдайында халықаралық капитал экономиканы қайта құруға, ғылыми-техникалық артта қалуды жоюға, инновациялық iс-әрекеттiң кеңеюiне, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына септiгiн тигiзедi;
-
Шетел капиталын импорттау ұлттық экономикада жаңа жұмыс орындарын құруға көмектеседi. Егер инвестор жалдаған адамдар жұмыс тапса, онда бұл мемлекет әлеуметтiк қамсыздандыру төлемдерiн үнемдейдi. Сондай-ақ, жаңа жұмыс шарттары қызметкерлердi қайта оқытып, олардан жаңа бiлiм мен жаңа дағдыларға ие болуды талап етедi. Басқарушылық (маркетинг, қаржылық басқару, ақпаратты технологиялар аясында) және технологиялық дағдының дамуы жергiлiктi жұмыс күшiнiң сапасын жоғарылатады;
-
Шетел инвесторлары түрлi ғылыми мәдениеттердi, алғы шептегi басқарушылық, техникалық, бiлiм мен iлiмдi енгiзе отырып, экономиканы жаңа сапалы деңгейге көтередi;
-
Инвестициялар отандық, кәсiпорындардың экспорт пен бәсеке қабiлетiн жоғарылатуға және әлемдiк нарыққа шығу процесiн тездетуге мүмкiндiк туғызады;
-
Инвестициялар өнеркәсiптiң жаңа салаларының негiзiн құрап, олардың дамуына жағдай жасайды. Аймақтағы шетел инвестициясы негiзiнде құрылған жаңа өнеркәсiптiк бағыт жаңа салалардың дамуының шешушi факторы және қозғаушы күшi болуы ықтимал. Сонымен қатар, өзiнiң инвестициясының нәтижесiне қанағаттанған инвестор мiндеттi түрде басқаларға да өз қорытындысын хабар етедi. Белгiленген нарықта қызметiн атқарған осындай инвестордың пiкiрi жаңа инвестор үшiн беделдi, сенiмдi болады.
Кейде шетел инвесторының инвестициялық жобасы аралас өндiрiс пен салалардың дамуына негiз болады. Мысалы, мемлекет немесе белгiлi бiр аймақ микросхема өнiмдерiн өндiретiн компанияны тарта алса, бұл есептеуiш техника мен бағдарламалық қамсыздандыру өндiрiсiмен байланысты жаңа салалардың негiзi болатындығына күмән жоқ;
-
Инвестициялар елдiң немесе аймактың әлемдiк экономикаға интеграциялануына жағдай жасайды. Инвестициялық жоба инвестор мен оның жергiлiктi әрiптестерi арасында кәсiпкерлiк өзара қарым-қатынас жүйесiн құру қажеттiлiгiн туғызады. Инвестициялық жобаға қатысушы екi жақ та аймақтағы әлеуметтiк және экономикалық жағдайды тереңiнен түсiнуге тырысады. Нәтижесiнде басты экономикалық процестер мен бағыттарды түсiнуге және дамытуға жағдай жасалады;
-
Инвестициялар әлеуметтiк қажеттi шығындарды азайтады. Қосымша жұмыс орындарының құрылуы жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуiне ықпал етедi, сондай-ақ, инвестор кейбiр әлеуметтiк шығындарды өз мойнына алады, бұл мысалы, медициналық, сақтандыру шығындары болуы мүмкiн. Сонымен қатар, жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықтың азаюы жанама түрде психикалық аурулар, қылмыс сияқты қоғамның әлеуметтiк дерттерiн азайтуға септiгiн тигiзедi;
-
Инвестицияларды тарту артта қалған, дипрессиялы аудандардың дамуына жағдай жасайды;
-
Инвестициялар нәтижесiнде мемлекеттiк табыстардың артуы мемлекеттің жалпы әлеуметтiк-экономикалық өсуiне, тұрғындардың өмiр сапасының артуына, жұмыспен қамтамасыз ету мүмкiндiктерiн құруға жағдай туғызады.
Қазақстан да өтпелi экономикалы және дамушы елдер сияқты экономикалық даму жобаларын қаржыландыруда шетел капиталын сыртқы несиелер мен қарыздар нысанында тартады (2-сурет).
Сыртқы ресурстар
Ресми көмек
Экспорттық несиелер
Кәсіпкерлік капитал
Тікелей инвестициялар
Портфельдік инвестициялар
2 сурет – Шетел капиталының экономикаға ағымы
Халықаралық капитал ағымын табиғатына байланысты, ұйымдастырушылық нысанына байланысты, көздерiне, көлемi мен тарту мақсаттарына қарай ажыратуға болады:
1)Әртүрлi несиелер түрiндегi ссудалық нысанында;
2)Кәсiпкерлiк нысанында (халықаралық кәсiпкерлiк).
Халықаралық кәсiпкерлiк тiкелей шетел инвестициялары түрiндегi, портфельдiк және акционерлiк емес әдiстерiндегi жеке кәсiпкерлiк капитал қозғалысын бiлдiреді.
Достарыңызбен бөлісу: |