R= r - i
мұндағы, R-нақты қойылым, r-номиналды қойылым, i-инфляция қарқыны.
Қазақстанда, инфляцияның жылдық қарқыны әрдайым толқып отырады, сондықтан берілген формуланы пайдалану ауытқуларға әкеледеді. Тұрақты бағаларды есептеу кезіндегі басқа да жетіспеушіліктер болып әр түрлі шығындар, тауарлармен қызметтердің түрлеріне бағалардың бір қалыпты өзгермейтіндігін көрсететін «құрылымдық» инфляцияның бар болуы табылады. Бұл айырмашылық уақыт өтуімен сәйкес келетін ақша ағымдарының құңдылығының тқмендеуіне немесе жоғарлауына әкеледі. Қаржылық есептеулерді жүзеге асыру кезінде мәселенің басқа көзі болып – салық салу ерекшелігі мен шығынды есептеу табылады. Сонымен, жоғарғы инфляция қарқыны кезіндегі айналмалы қаражаттардың тапшылық мәселесі арнайы салық пен ҚҚС есептеу тәртібін одан әрі жоғарлатады.
Инвестициялық жобаларды өткізу деңгейіне ақша ағымдарын жоспарлаудың отандық тәжірибенің тағы бір әлсіздігі болып амортизациялық есептеу саналады.
Қазақстанда бағаның өсу индексін есептеумен қатар негізгі қаражаттардың баланстық құнын кезендік индексациялауды білдіретін заң актілері жоқ. Сонымен қатар амортизацияның есептік соммасы уақыттын өтуімен қатар кәсіпорынның тозған қорларды қайта құру мақсатына жинақталған нақты қажеттіліктерді көрсетуді тоқтатуда. Сонымен бірге, амортизация қосымша құнды білдіреді, яғни ҚҚС көзі болып табылады. Жалпы жобалық несиелеу мәселесін зерттеу берілген бағыттын тиімділігі мен перспективті екендігітуралы қорытындыға келуге мүмкіндік береді. Инвестициялық жобаларға қызмет етумен несиелеудің жаңа инструментіретінде жобалық несиелеудің басымдылықтары бастаушылары (инициаторлар) үшін-кредиторларды тарту және сонымен өздерінің қаражаттарының шектеулігіне қарамастан жобаларды өткізу мүмкіндіктерін жоғарлату; кредиторлар үшін-жоба бойынша берілген толық ақпаратты зерттеу арқылы салымның сенімділігімен қайтарымдылығын қамтамасыз ету. Отандық тәжірибеге жобалық несиелеу механизмін енгізу қиындықтарына қарамастан жобалық несиелеуді тиімді пайдалану үшін бар мүмкіндіктерді толық пайдалану әлі де жеткіліксіз,мысалы:бізде инвестициялық жобаларды өткізуде кәсіпкерлікті қолдау бойынша әр түрлі қорлар бар (бюджеттік,бюджеттік емес). Сондай-ақ бізде мемлекеттік және жеке инвестициялық құрылымдар әрекет етеді, бұл базаларда (инвестициялық корпарация, қаржылық-инвестициялық консорциум, әр түрлі қаржылық өнеркәсіп топтары және т.б.) берілген механизмді кең көлемде қолдануға болады. Бұл жағдай негізінде отандық кәсіпкерлердің бұндай құралдарды пайдалануда тәжірибесімен қабілетінің жоқтығын білдіреді және берілген сферада консультациялық қызмет көрсетуде мүмкіндіктерді жеткіліксіз пайдаланбағандығы. Өз кезегінде, бұл жағдайлар мамандарды дайындау жүйесінің дамымағандығы мен теориялық базаның жоқтығы мен байланысты. Осыған байланысты қаржылық қызмет көрсетудің жаңа түрін, яғни жобалық несиелеуді жетілдіру, тәжірибелік, сондай-ақ теориялық зерттеулерді күшейту қажет. Жобалық несиелеуді енгізу үшін заңдық және нормативтік базаны жетілдіру қажеттілігін қарастыру қажет, яғни: ҚҚС–нан инвестицияны босату; өзіндік құңға ұзақ мерзімді және орта мерзімді несиелер бойынша төлемдерді толық түрде қосуды қарастыру қажет; әр түрлі женілдіктер беру арқылы жобалық несиелеуге қатысатын банктерді ынталандыруды күшейту керек; жеке құрылымдар мен (мемлекеттік франчайзинг, концессиялық келісімдер) мемлекеттің қарым-қатынасы мен лизингтік қызметті реттейтін заң актілерін қабылдау қажет. Осы жерде ағымды кезеңде мемлекеттің инвестициялық саясатының қағидалары жобалық несиелеу механизмін пайдалану мен байланасты неғұрлым тиімді жүргізілуі мүмкін, сондықтан жобалық несиелеу экономиканың нақты секторындағы инвестициялық сфераны реттеуде мемлекеттің қатысуының негізгі құралы болуы мүмкін.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының шетелдік капиталдың көптеп келуіне бірнеше факторлар қолайсыз әсер етуде. Олардың ішінде: кәсіпорындарға салық салудың дұние жүзіндегі ең үлкен дәрежесі; бес жыл бойы жүріп жатқан жалпы экономикалық дағдарыс, оның негізгі белгілері (өндірістің қысқарылуы, жүмыссыздықтың өсуі, инфляцияның деңгейінің жоғарылығы және т.б.).
Инвестициялык климат дегеніміз - инвестордың тиімді капитал салуға жұмсау саясаты, экономиканы, мәдениетті барлық жағдай мен шараларды есепке алу.
Республикада саясатшылар мен экономистердің пікірінше шетелдік күрделі қаржыны қатыстыру мен төмендегі проблемаларды шешуге мүмкіндік туады:
1)сыртқа шығару мүмкіндігінің тиімділігін арттыру, оны шикізаттық сипатынан арылту;
2)елдің сыртқа шығару қызметтерін күшейту және сыртқы рыноктағы өз орнын табу;
3)сырттан әкелетін өнімдерді ауыстыратын өндірісті дамыту;
4)өндірістің ғылыми-техникалық деңгейі, жаңа техника мен технология, басқару әдісін,өнім өткізу арқылы көтеру;
5)дайын өнімді шығарудың технологиялық бөлігінің қалыптасуын бітіру, аяқтау;
6)артта қалған және тоқырап ыдыраған аудандардың дамуына көмектесу;
7)ұлттық экономикада жаңа жұмыс орнын жасау;
8)қазіргі заманғы өндірістік және басқару тәжірибелерін, кадр мамандарды оқыту, дайындау;
9)қазақстанның экономикалық өз дербестігін қамтамасыз ету.
Қазақстанда шетелдік иинестицияны тартуды мақсатты түрде басшылыққа ала отырып, оның екі негізгі мүмкіншіліктерді еске алу керек:
1)Қазақстанның табиғат ресурстарына байлығы. Қазақстан территориясы Еуропа мен Азияның түйіскен жеріндегі стратегиялық маңызды жерге орналасқан және Еуропа мен Азияның кең ауқымды рыногының байланысын жеңілдетуге мүмкіндігі мол.
2)Қазақстанда оқымыстылар, техниктер, маманданған және жартылай маманданған жұмысшыларды қосқанда адам ресурстарының жақсы білімді және әртүрлі ұлт-ұлыстық резервінің (қорының) жеткіліктілігі. Бірақ та әрбір айтылған факторлардың өз деңгейінде шектелулері бар, оны мойындай және ескере білу керек:
1)Қазақстан құрғақ құрлықта орналасқан және ыңғайлы, арзан, көлемді мұхиттың сауда флотына жақын орналаспаған;
2)табиғат ресурсын, өндіріс ресурсын өңдеуге, тазалауға, бөлшектеуге, тасымалдауға қосымша қажетті шығындарды да есептеу қажет.
Инвестициялық қызметтерде маңызды орынды иивестор алады. Инвестор бұл өзінің ақша қаржысын немесе мүліктік және ой еңбегіндегі құндылықтарды инвестициялық жобаға және оны мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін заңды және жеке тұлга. Инвестор болып:
-
мемлекеттік және белгілі аумақтық мүліктерге немесе мүліктік құқықа ие мекемелер;
-
азаматтар ,соның ішінде шетелдік тұлғалар;
-
кәсіпорын, кәсіпкерлік бірлестік және басқа заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік заңды тұлға, мемлекет және халықаралық ұйымдар.
Біздіңше заңда, Республика экономикасына инвестициялардың тартылуына белгілі бір деңгейде ықпал ететін кедергілер бар. Бұл:
-
заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтың жоғарылығы;
-
елдегі еркін экономикалық аймақ санының жеткіліксіздігі;
-
төлем мәселесі - шетел валютасына қол жеткізу қиындығы;
-
үнемі өзгеретін және дәйексіз заңдар;
-
заңдық базаның жалпы тұрақсыздығы;
-
“Кепілдік туралы” заңның икемсіздігі, әсіресе шетел кредитына арналған кепіл ретінде қозғалмайтын мүлікті пайдалануға қатысты бөлім;
-
жекеменшіктің бүкіл институтының негізі болатын жер үшін жекеменшіктің жоқтығы;
-
дамымаған қаржы секторы, шетелдік жобалар үшін қаржының жоқтығы, кепілдік алу қиындығы;
-
экологиялық нормаларды сақтауда кәсіпорынның жауапкершілігі туралы мәселеде нақты саясаттың болмауы;
-
жетілмеген банк туралы заңдар және өте тұрпайы банк жүйесі;
-
Қазақстан мен сыртқы дүние арасындағы әуе желісінің жеткіліксіздігі;
-
сыртқы рынокқа Қазақстаннан құрлық бойынша тауар тасымалдауға арналған жермен тасымалдау жүйесінің икемсіздігі (“Мұнай және газ” құбырын қоса алғанда).
Өнеркәсіп кешендерін дамытудың артықшылықты инвестициялық жобалар ретінде мыналарға бағытталған жобалары танылады:
1)өнімдердің дәстүрлі экспорттың түрлерін шығаратын өнеркәсіптің базалық салалары өндірісінің көлемін күрт ұлғайту (түсті металл, болат прокаты, ақ қаңылтыр, хром кені, темір кені, сары фосфор, тыңайтқыш және т.б.);
2)металдан жасалынған өнімдердің тауарлық әзірлігін көтеретін мұнай құбырлары өндірісін құру;
3)өнімнің жаңа түрлерінің өндірісін ұйымдастыру (ауылшаруашылық машиналары, тау-кен көлігі техникасы, электр қозғалтқыштар, аккумуляторлар, көмір қышқылы негізіндегі композициялық материалдар, полиэтилен, және полипропилен, бастапқы алюминий және т.б.);
4)күрделі ғылыми мәнді өнімдерді және халық тұтынатын тауарларды шығаратын өндірісті құру (телевизор, магнитафон, тоназытқыш, улы газды тоқтатқыш, сирек металдар негізіндегі бұйымдар және т.б.).
Экономиканың нақты секторындағы инвестициялық сфера, әсіресе өндірістің техникалық дамуы шаруашылық қызметтің қатысушысы ретінде әлі де артта қалып келеді. Шаруашылық субьектілердің өздерінің жеке жинақтауына негізделген, инвестицияны қаржыландырудың көздерін іздестіру мен реттеу арқылы басқа да аспектілері – ұзақ мерзімді қаражат салымына тұрақты ынталандырушы механизмді құру, өндірістік аппаратты жаңарту да шаруашылық субьектілердің әрдайым қажеттілігін көрсететін және инвестицияға бейімделген қолайлы рыноктық ортаны қалыптастыру.
Экономикаға шетел инвестицияларын тартуды белсендіру үшін салық салу жүйесін жетілдіру және банк жұмыстарын жетілдіру мен банктік емес қаржылық институттардың (сақтандыру мекемелері, зейнетақы және инвестициялық қорлар, және тағы басқа) байланысын дамыту жолымен кеше банк жүйесіне халық жинағын тарту негізінде бюджет табысын көтеру арқылы елдің масштабында ішкі жинақтаудың нақты бағдарламасын жасау қажет, сондай-ақ экономиканың нақты секторын көтеру бойынша бағдарламаны дефициттік бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу қажет. Экономиканың нақты секторын тиімділігін тездету мен көтеру мақсатында әлемдік шаруашылық интеграциясына бағытталған ең алдымен ірі өндірістік кәсіпорындарды реабилитациялаудың нақты бағдарламасы жасалынуы қажет. Осының негізінде инвестиция салудың басты басымдылық бағыттары анықталынуы қажет және осы туралы қоғам, кәсіпорын және шетелдік, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер ацпортпен қамтамасыз ету қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана // Казахстанская правда.- 2000, 21 октября.-С.21.
-
Сагандыков С. Иностранные инвестиции в Казахстане: анализ и прогноз инвестиционных процессов в экономике. – Алматы, Ғылым, 1999.- 138с.
-
Сагадиев К., Канатчинова А. Развитие инвестиционного процесса в РК как фактор преодоления экономического кризиса. – Алматы, Азия - Экономика и жизнь, 1999.- №12, 13, 14.
-
Сысоев Л., Сутюшева Н. Инвестиционный климат, привлечение и регулирование иностранных инвестиций // «Саясат», 2000.- № 3, С.7
-
«Инвестиция туралы» Қазақстан Республикасының заңы // 20 қаңтар 2003 жыл.
-
Инвестиции в реальный сектор экономики: проблемы оценки и развития: Монография. – Алматы «Экономика», 2000.- С.92-170.
-
Оспанов М.Г., Мухамбетов Т.И. Иностранный капитал и инвестиции: вопросы теории, практики привлечения и использования. Алматы: “Факсинформ”, 1997.- 89-149с.
-
Игошин Н.В. Инвестиции. Учебник для вузов.-М.: Финансы, ЮНИТИ, 1999.-312-337с.
-
Казахстан: анализ торговой и инвестиционной политики. Астана; Алматы; Аркаим, 2002.-385-409с.
-
Мамыров Н.К. Макроэконмические аспекты стабилизации и развития экономики Республики Казахстан // Проблемы стабилизации и развития экономики. – Алматы: Ғылым, 1999.- 29-38с.
-
Долженкова Л.Д. Иностранные портфельные инвестиции в развивающихся странах // Деньги и кредит, 2001.- № 10.
-
Указ Президента РК № 2035 «О мерах по повышению эффективности государственного управления и регулирования процессов привлечения иностранного капитала в экономику РК» от 19 января 2002 года.
-
Указ Президента РК «Об утверждении перечня приоритетных секторов экономики Республики Казахстан для привлечения прямых отечественных и иностранных инвестиций» от 5 апреля 2003 года.
-
Камшыбаев Р., Марчевский В. Иностранные инвестиции и интересы Республики // Мысль, 1998.- № 3.
-
Плышевский Б. Проблемы воспроизводства в современных условиях // Экономист, 2000.- № 1, С.25-38.
-
Яковцев Ю. Стратегия инвестирования // Экономист, 1998.- № 9, С.30-37.
-
Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку. – Алматы: Казахстан, 1999.-168с.
-
Челекпаев А. Пути привлечения, использования и возврата иностранного капитала // Финансы Казахстана, 2000.-№6, С.59-66.
-
Основы инвестирования. – М., 2003.-88с.
-
Постановление Правительства РК «Об инвестиционной программе РК на 2000 год» от 4 февраля 2003 года №38.
-
Коммерческая оценка инвестиционных проектов: основные положения методики «Альт-Инвест». – М., 1998.- 63с.
-
Хамитов Е.Н. Современная инвестиционная политика и ее основные направления. – Жн. «Тауар», 2002.- №3, С.9.
-
Баймуратов У.Б. Методы анализа и оценки экономической эффективности капитальных вложений. – Алма-Ата: Наука, 1997.- 319с.
-
Гейдаров М.М. Финансирование и кредитование инвестиции. Учебник для вузов.-Алматы, 2005.- 49-105с.
-
Иванов И., Рогов С. Воспроизводство основных фондов и его инвестиционные источники // Экономист, 2000.- № 7, С.20-30.
-
Статистический ежегодник Казахстана. – Алматы, 1997.- 5с.
-
Ирниязов Б. Финансовая оценка инвестиций на расширения производства и замены оборудования в условиях рынка. М., «Бизнес и банки», 2000, 6 апреля.
-
Бочаров В.Б. Финансово-кредитные методы регулирования рынка инвестиций. – М.: Финансы и статистика, 1996.-С.144.
-
Смирнов А.Л. Организация финансирования инвестиционных проектов. АО «Консалтбанкир». – М., 1997.- 103с.
-
Бабак В.Ф., Новгородов А.А. Финансирование и кредитование инвестиций коммерческими банками // ЭКО, 1999.- №4, С.42-50.
-
Курс переходной экономики: уч. для вузов / под редакцией академика Л.И. Абалкина М:ЗАО «Финстатинформ», 1998.- 452с.
-
Сейтказиева А.Н., Байкадамова А.Б., Сариева Ж.И. Инвестиционная деятельность предприятия. – Алматы: Экономика, 1999.- С.198.
-
Шаукенбаев Т.Ш., Акдаулетов М.Р. «О новой экономической реформе в нефтеразведке». Алматы, АИНХ, 2001.- С.138.
-
Нурланова Н.К. Формирование и использование инвестиций в экономике Казахстана: стратегия и механизм. – Алматы, Ғылым, 1998.- 45-235с.
-
Горфинкель В.Я. Экономика предприятия. Уч. М. «ЮНИТИ», 2000г.
-
«Нефтяной Клондайк на грани социального взрыва». Н. Фомин «ЦАБ» «Центрально-азиатский бюллетень», 2002.- №7.
-
Хамитов Н. Проектное кредитование и его использование в Казахстане. Сб. «Развитие открытой рыночной экономики Казахстана». – Алматы, «Экономика», 2002.- С.127-134.
-
Кошанов А.К., Рамазанов А.А., Мурзалина Ш.С. Основные направления формирования рынка ценных бумаг в РК // Деловая неделя, 1998.- №52; 1999.- №1, 2, 3, 4.
-
Инвестиции в реальный сектор экономики: проблемы оценки и развития: Монография. – Алматы «Экономика», 2000.- С.92-170.
-
Направления формирования и развития рынка корпоративных ценных бумаг в РК (Концептуальные положения). Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю., Шалгымбаев Г.Н. – Алматы ИЭ МН-АН РК, 1998, с.20.
Достарыңызбен бөлісу: |