І экономиканы инвестициялаудың теориялық


Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік реттеу механизмдері және инвестициялық стратегиялары



бет3/5
Дата19.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#148171
1   2   3   4   5

1.3 Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік реттеу механизмдері және инвестициялық стратегиялары

Қазақстан ресми түрде тиімді нарықтық экономика саясатын таңдады және оның құрылымы үшін қажетті барлық алғы шарттары бар. Елдегі бар инвестициялық потенциал (табиғи ресурстардың үлкен қоры, жоғары білікті кадрлар ресурстары, дамыған инфрақұрылым, өнімді өткізу нарықтарының жақын болуы және т.б.) бизнестің көптеген бағыттарын дамыту үшін жақсы болашақты қалыптастырады.

Қазақстан экономикасы дамуының жағымды жақтарынан он жылдық кезеңге келесілерді атап өтуге болады:


  • Елімізде жеткілікті тиімді түрде банктік жүйе қалыптасқан;

  • Қор нарығы үшін барлық қажетті инфрақұрылым қалыптасқан;

  • Ұлттық валютадағы жақсы ақша ағымы бар ірі экспортты-бағдарланған кәсіпорындар қатары қалыптасқан;

  • Шикізат салаларының ары қарай дамуы жөнінде стратегиялық келісім-шарттар жасаланған;

  • Қызметтің ғылыми сыйымды шеңбері де өте маңызды (телекоммуникация, мұнай химия, фармакология және т.б.)

Инвестиция тартушы және бизнестің дамуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасаушы елдер үшін сыртқы инвестордың мүдделеріне қарау керек деп түсіну керек.

Мысалы, портфельді инвестициялар неғұрлым елге тез келуімен қатар, соғұрлым олар нарықтан тез кетуі мүмкін. Мақсатты бағытталған акцияларды сатып алу – бұл қор нарығы құлдырай бастағанда, ел төменгі сатып алу қабілетімен сипатталғанда, елде жекешелендіру жүріп жатқанда кәсіпорын сатып алуға жақсы жасырын әдіс болып табылады. Бұл қосымша инвестициялық міндеттемелерсіз кәсіпорынды сатып алу үшін ең арзан жол болып табылады.

Инвестициялық тәуекелдің көлемі мен құны бойынша келесісі келешектегі сатып алумен кәсіпорынды басқаруға алу болып табылады. Әдетте, кәсіпорынды Үкіметтің бақылауы кәсіпорын басшылығын ауыстыру ды қарастырады, барлық қаржылық және экономикалық саясат инвестордың өзімен анықталады, яғни ірі шетел компаниясымен. Барлық жергілікті топ-менеджмент, сондай-ақ шетелдік, шектелген кеңістіктің шектерінде ғана шешім қабылдай алады. Бұл жағдайда кәсіпорынды басқарудың жалпы стратегиясы елдегі бизнес дамуының ұзақ мерзімді перспективаларына инвесторлардың көз қарастары мен талғамдарына, инвестициялық жобалардың саяси салмағына, инвестордың мақсатты орналасуына, ағымдағы нарықтық жағдайлар мен оны қолдану мүмкіндіктеріне байланысты.

Жоғарыда келтірілген екі инвестициялық стратегиялар елдің Үкіметінің келісімдерімен бірге жүреді және осы келісімдердің ажырамас бөлігі болып табылатын нақты міндеттемелерді орындауды талап етеді. Нақты емес орындалулар, бұл міндеттемелердің еркін трактовкасы және қайта тапсырыстар, ереже бойынша, шығындар, бұзылған қатынастар және соттық талқылаулармен байланысты инвестициялық келісімдердің нәтижесінде болатын бұзуларға алып келеді.

Классикалық инвестициялық стратегиялар қаржылық тұтқаны максимизациялаумен, яғни символикалық салым (көбінесе жеке құралмен) және қосымша құрал-жабдықпен қоса, кез келген өтімді қорды кепілге бере отырып, несие алумен байланысты. Бұл стратегия басқарылып отырған кәсіпорын және оның шотына байланысты тәуекелдерді максимизациялаумен қатар өзіндік тәуекелдерді минимизациялаумен сипатталады. Өзіндік инвестициялық шығындардың көлемі болашақ табыстардың ағымымен өтеледі.

Келесі стратегия экспортты-бағдарланған өндіріс үшін арналған (мұнай-газ секторына, қара және түсті металлургия және т.б.). Мұнда сондай-ақ қаржылық тұтқаны күшейту инвестицияға қажетті көлемді және салықтық жеңілдіктердің бөліктердің шешімін қамтамасыз ететін несиелік сызбалар мен болашақ экспорт ағымдарының есебінде жетеді.

Экономиканың маңызды стратегиялық салаларын инвестициялау және мемлекеттік кепілдіктерді алу инвестициялық стратегиялардың жағымды түрінің бірі болып табылады. Бұл жағдайда ХВҚ түріндегі халықаралық қор және Бүкіләлемдік банктердің стратегиялық қолдауы үлкен рөлді атқарады.

Барлық жоғары келтірілген базалық стратегиялар әртүрлі жаңартуларда да сәйкестендіріліп қолданылуы мүмкін. Бірақ та, инвестициялық салымдар табыстылығы мен перспективасы және қолданылатын инвестициялық стратегиялары арасында бір баланс бар.

Инвесторларға мемлекеттік қолдаудың тиімді механизмдерін қалыптастыруда келесідей арнайы міндеттер шешілуі қажет:


  • Сыртқы сауда ақпараттар жүйесі және ақпараттық-кеңестік қызметтер құру, сондай-ақ олардың аймақтық және шетелдік үкіметтерімен қоса;

  • Мемлекеттің қатысуымен инвестицияны сақтандыру және несиелендіру механизмдерін қалыптастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ берілген несие лер бойынша мемлекеттік кепілдендіру міндеттемелерін беру;

  • Шетелде приоритетті инвестициялық жобалардың жылжуы бойынша дипломатиялық қызметтер жұмысын жүзеге асыру.

Ұлттық инвестициялық стратегияның маңызды элементі елдің инвестициялық потенциалының дамуы үшін халықаралық экономикалық бірлестіктің әртүрлі формаларын тиімді қолдану болып табылады.

Әлемдік тәжірибеге экономикалық бірлестіктің жиырмадан астам негізгі формалары бар екендігі белгілі, және де көптеген формалар таза күйінде емес, басқа формалармен байланысып қолданылады. Әрбір форманың өзінің ұйымдық және экономикалық ерекшеліктері бар, және де оларды епті қолдану нақты жағдайларда ел үшін үлкен қайтарымдар әкелуі кепіл.

Бұл бағыттағы басты міндет өндірістік іс-әрекетте бірлескен кәсіпорындардың өте кең көлемде қатысуы үшін жағдайлар жасау болып табылады, әсіресе, өңдеуші өнеркәсіп пен машина жасау салаларында, себебі, қазіргі кезде шетелдік әріптестер ресурстық базаның дамуы мен отын-энергетика кешенінің қуаттылығын жаңартуына немесе қызмет көрсету сферасына инвестиция салуға көбірек қызығушылық танытуда.

Шетелдік инвестицияларды тартуды ынталандырудың экономикалық өлшемдерінің құрамына мыналар кіруі қажет:



  • Экспортқа бағытталған өндіріс пен ұйымдарды айналым қорларымен қамтамасыз ету үшін өкілетті банктермен тартылған несиелік ресурстар арқылы мемлекеттік кепілдендірілген міндеттемелерді тапсыру;

  • Жоғары қосылған құнды өнімдер экспортын сақтандыру және несиелендіру механизмдерін қалыптастыру, қазақстандық экспортерлердің әлемдік нарыққа шығуына көмектесу үшін экспортты-импортты сақтандыру құрылымдарын жасау және дамыту;

  • Экспортқа бағытталған инвестициялық жобалар үшін экспорттық кепілдіктер және несиелер бойынша кепілдіктер мен контркепілдіктер беру;

  • Экспорттық келісімдер бойынша пұрсаттылықты тасымалдау тарифтерін енгізу;

  • Қазақстандық тауар өндірушілер өнімдері үшін нарығы бар шетелдік елдерге «байланған» мемлекеттік қарыздар беру.

Ынталандырудың ұйымдық-құқықтық және арнайыландырылған өлшемдері:

  • Нормативті базаны жаңашаландыру;

  • Сыртқы сауда қзметін ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • Экспортталатын өнімді сертификациялаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру;

  • Сыртқы нарықта қазақстандық өнімдердің жүруіне көмектесу;

  • Экспортерлардың, сондай-ақ ірі инвестициялық және қаржылық институттардың ресурстарын біріктіруге мүмкіндік беретін қаржылық-өнеркәсіптік топтар және экспорттық консорциумдар құру.

Кең ұғымда, инвестициялық сфераны мемлекеттік реттеуді мемлекеттік және жеке мүдделердің қызметін координациялау және реттеу процесін қамтамасыз ететін басқару әдістері, құралдары және органдарының жиынтығы ретінде, стратегиялық болжамдау және индикативті жоспарлаудың бірлескен жүйесінде, экономикадағы тұтыну, қорлану және инвестициялау арасында рационалды пропорциялардың қалыптасу әдісі ретінде анықтауға болады.

Экономикада мемлекеттің реттеуші рөлі нарықтың қалыптасуына кішкене араласуынан басқару немесе координация деңгейіне дейін өзгеріп отыруы мүмкін. Осыдан, перманентті жағдайларға байланысты, мемлекеттік және нарықтық реттеушілер приоритетті салалардың дамуын және экономикалық қатынастардың нақты субъектілерінің қызметтерін, соның ішінде жеке аймақтарды оңтайландыруға жетуге қабілетті болуы керек. Инвестициялық сфераға мемлекеттің әсер етуінің сипаты мен өлшемі экономиканың берілген саласында болып жатқан объективті процестерге байланысты өзгеріп отырады.

Сонымен қатар, инвестициялық нарықтағы конъюнктураның өзгеруіне байланыссыз, инвестициялық сфераны мемлекеттік реттеудің ұлттық жүйесі қолданылатын экономикалық немесе әкімшілік реттеушілер көбіне тиімді әсер ете алмайтын күрделі құрылымды инвестициялық жобалардың реттілігі мен сәйкестілігін қамтамасыз ету қажет.

Жалпы жүйелік аспектіде, көрсетілген жағдайларды, яғни инвестициялық стратегияларды біртұтас жүйеде біріктіру келесідей мазмұндамада көрсетіледі:



  • Бастапқы жүйе құраушы факторлардың мақсатты жорамалы;

  • Мемлекеттік деңгейде инвестициялық саясаттың нақты концепциясын жасап шығаруға мүмкіндік беретін болжамдау;

  • Капитал салымдары мен инвестициялар көлемін есептеуге мүмкіндік беретін мақсатты бағдарламалары,экономиканың жеке салалары мен елдің территориялары бойынша берілген өзгертулерге жету үшін қажетті құрылыс ұйымдарының қуаттылығы мен ресурстары;

  • Нақты кезеңдерге анықталған ресурстар, оларды тиімді қолдану және экономикалық-әкімшілік реттеушілердің жүзеге асыру мүмкіндігі инвестициялық сферада, елдің экономикасында және оның салаларында тиімді нәтижелерге жету үшін қажетті индикативті жоспарлау;

  • Инвестиция нарығын мемлекеттік реттеу әдістері және формалары, инвестициялық сұранысты жандандыру, сондай-ақ ұдайы жұмыс нарығын, құрылыс материалдары нарығын және жылжымайтын мүлік нарығын жандандыру;

Жоғары көрсетілгендер бойынша, елдің экономикалық дамуының жаңа экономикалық стратегияларын таңдау инвестициялық стратегияның негізгі бағыттарын, ең бастысы, жаңа инвестициялық механизмді жобалау саласында инвестициялық саясаттың ағылып кетуін қайта қарастырумен байланысты болуы қажет (3-сурет).


Жалпы экономикалық мақсат: Тұрмыс деңгейін жоғарылату







Экономикалық проблема: Экономиканы ауыстырулар және құрылымдық жаңартулар





Экономикалық проблеманы зерттеу әдістері:елдің экономикалық дамуын кешендік болжамдау және ұзақ,-орта және қысқа мерзімді кезеңге экономикалық стратегиялар дайындау





Әлемдік нарық мониторингі:

  • Инвестициялық мониторинг;

  • Әлемдік нарықты конъюнктуралық зерттеу;

  • Приоритетті нарықтық сегменттерді таңдау;

  • Тауар позицияларын таңдау.

Экономикалық қауіпсіздік:

  • Сыртқы қарыздың мүмкін болатын табалдырығы;

  • Экономикалық қауіпсіздіктің мүмкін болатын табалдырығы;

  • Технологиялық тәуелділіктің мүмкін болатын табалдырығы.


Елдің кезең бойынша инвестициялық стратегиясы:

3 сурет – Инвестициялық стратегияны жасап шығарудың ұстанымпаздық сызбасы

Сонымен, мысалы, шетелдік инвесторлар жалпы жағымды инвестициялық климатқа қарамастан, республикада тағы да шетелдік инвестициялар ағымы жолында бірнеше кедергілер бар деп есептейді.

Олар объективті және сондай-ақ субъективті сипатқа ие.

Объективті факторларға – республиканың айрықша континенттігі, дәстүрлі сыртқы нарықтан, негізгі инвестор-елдерден салыстырмалы алыстауы, жалпы тасымалдау байланысының және инфрақұрылымның әлсіз дамуы жатады.

Субъективті сипаттағы кедергілер заңдылықтардың орындалмау жағдайында немесе оларды орындау жеткіліксіз болғанда пайда болады. Шетелдік инвесторларды, сондай-ақ, жеке шенеуніктердің келісімшарт жасағанда көрінетін жемқорлық алаңдатады. Маңызды емес себептердің ішінде, сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстанның Үкіметі несиелерді пайызбен қайтару кепілін беруді тоқтатты, ал басқаларынан бұрынғы кепілдік міндеттемелерді қайтарып алды.

Шетелдік инвесторлар кешендегі капитал салымдарының экономикалық тәуекелінің дәрежесін және инвестициялық климатты анықтайтын факторларды, басқа елдерде капитал салыну мүмкіндіктерімен салыстыра отырып қабылдайды. Осыдан келе, мемлекеттік инвестициялық стратегия және саясат капиталдың тұрақты ағымының негізін қалауға арналған нақты талаптар мен шарттарға жауап беруі керек, және ағымдық және перспективті жоспарларда көрсетілген көлемге байланысты.

Осы талаптардың негізгісі болып мыналар табылады:

- Заңдылықтардың тұрақтылығы, қаржылық, салықтық және кедендік реттеудің нақты құқықтық базасын құру;

- Салықтардың, тарифтердің және жеңілдіктердің бәсеке қабілетті деңгейі;

- Қазақстанның өндіргіш күштерін дамытуға приоритетті мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуші салалық және территориялық аспектіде икемді қаржылық саясаттың болуы;

- Шетелдік инвестицияларға қатысты сұрақтарды шешуде мемлекеттік органдардың біржақты біліктілігі және әртүрлі министрліктер мен ведомсвалар жағынан қайталауды алып тастау.

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ

ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
2.1 Ұлттық мұнай компаниялары және олардың инвестициялық процестерді жандандыруда атқаратын рөлі
Қазіргі кезде Қазақстанның мұнай-газ кешені ең қарқынды дамып келе жатқан саласы болып табылады және экспорттық өнімнің көп үлесін өндіреді. Инвесторлар үшін ол жоғары табысты ұзақ мерзімді инвестиция салымдарының сферасы болып табылады.

2002-2004 жылдардағы Қазақстан Республикасының шикі мұнай мен табиғи газды өндіруге шетелдік инвестицияларды тарту мынадай көрсеткіштерге ие болды: 2002 жылы 2070,85 млн.АҚШ доллары, 2003 жылы 2113,62 млн.АҚШ доллары, 2004 жылы 5345,31 млн.АҚШ долларын құрады.

Қазіргі кезде мұнай өнеркәсібі елдің экономикалық дамуын қолдап отыр және болашақта Қазақстан экономикасының басқарушы саласының бірі болуға мүмкіндігі бар. Сәйкесінше Қазақстан мұнай мен газды болашақта ірі өндіруші және экспорттаушы ретінде, сондай-ақ инвестиция салудың перспективті нарығы ретінде де әлемдік қоғамдастықпен қарастырылуы керек.

Мұны инвесторлар, әрине, жақсы біледі, бірақ та шетелдік монополиялық капитал экспансиясы кезінде құрылған араб елдерінің мұнай өнеркәсібі бойынша тәжірибені талдау жасай отырып. Анық көрініп отырғандай, бұл барлық іс-әрекеттер араб елдерінің өз мүдделері үшін қабылданған жоқ, олардың табиғи байлықтарын жаулап алу, үлкен табыстар мақсатында жасалынды. Сондай-ақ, мұнай-газ саласының дамуы үшін салынған барлық шетелдік капиталдар инвестициялық концессияны ұлттандыруға дейін бірнеше рет сатып алынған болатын.

Әлемдік тәжірибеде шикі мұнайды өндіру мен экспорттаудың көп бөлігі ұлттық мұнай компаниялары (ҰМК) арқылы жүзеге асады, яғни мемлекетке тиесілі компаниялар арқылы. Сондықтан мемлекеттік компаниялардың стратегияларын компанияның, әрі кен орындарының меншігі болып табылатын сол немесе басқа елдің стратегиясы ретінде қарастыруға болады.

Мұнай нарығындағы ұлттық компаниялар қызметін айта отырып мына жағдайды ескеру қажет, «ұлттық» термині, ереже бойынша, компания атауларында мемлекет акция пакетіне ие болғандықтан қолданылады емес, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласында да берілген компанияларға бірнеше қызметтер жүктелгеніне байланысты. Яғни, жалпы әлем елдерінде (Бразилия, Мексика, Индонезия, Үндістан және т.б.) ұлттық компаниялар шетел мұнай компаниялары мен жеке сектордың өзара қатынастары арқылы мемлекеттің мүдделерін қарастырады және лицензионды келісімдердің шарттарын сақтау үшін бақылау жүргізумен байланысты қызметтерді жүзеге асырады (техникалық, сондай-ақ инвестициялау бағдарламаларын орындау үшін, салықтарды төлеу үшін қаржылық-экономикалық қызметтер). Көріп отырғанымыздай, ұлттық компаниялардың дәрежесі жалпы жағдайда өз ішінде екі түрлілік элементті құрайды – бір жағынан, тек қана коммерциялық функциялар мен міндеттерді орындау, екінші жағынан, мемлекеттік басқару органдарының функцияларын орындау.

Қазіргі уақытта ҰМК әлемдік мұнай секторындағы басымды компания болып табылады. Бірақ та олардың орны мен рөлі ақырындап төмендеуде (бұл процестер, әсіресе, 90-жылдарда күшейген болатын).

ҰМК құру кезіндегі мемлекеттің мақсаттары. ҰМК рөлі мен орнын талдау және бағалау кезінде ұлттық деңгейге ие сол немесе басқа компаниялардың құрылу шарттарын қарастырған жөн.

Ереже бойынша, ҰМК-ны құрудың негізгі мақсаттары ішінде басты үшеуі маңызды болып келеді:

1)Мұнай-газ секторындағы операцияларды мемлекеттік бақылаудың тиімді жүйесін құру;

2)Алдағы техникалық тәжірибе мен білімдерді жинау мен тарату үшін жағдайлар мен алғы шарттар құру;

3)Мемлекет пен қоғам мүдделеріндегі, мұнай кешені қамтамасыз ететін қосымша табыстарды тиімді бақылау мен тиімді шоғырландыру.

Әртүрлі елдер ҰМК қалыптасуының мақсаттарына әртүрлі приоритеттер береді. Және де таңдау тек экономикалық мақсаттардың қиылысуы бойынша (тұрақты және болжамдалатын табыстар алу) және тек қана саяси мақсаттар бойынша (яғни, ұлттық экономикалық дербестік сияқтылар, себебі мұнай кешеніндегі ұлттық меншіктің болуы оның негізінде жатыр).

Көптеген мемлекеттер ҰМК-ны құру кезінде мұнай кешенін басқару өте ерекше және маңызды екендігін жақсы білді. Оның ерекшелігі тек қана мұнай кешені қалыптасуының сыртқы факторлары мен шарттарының күштілігімен (ең бастысы, мұнайға деген баға динамикасы) ғана түсіндіріліп қоймайды, сондай-ақ бір кен орындарының шығуымен, басқасының кіруімен, ғылыми-техникалық жаңалықтардың енуімен және т.б. байланысты оның сипаттамаларының жиі өзгеріп отыруымен де түсіндіріледі.

Екінші жағынан, ҰМК мынадай жағдайларда қалыптасады:


  • Елдердің ұлттық (сондай-ақ, саяси және экономикалық) дербестік алуы - ҰМК-ның қалыптасуы кезіндегі «жарылыс» 1970-жылдарға келуі кездейсоқ емес;

  • Елдердің мұнай өндірушілер «клубына» кіруі (бұл 1960-1970 жылдары болды, мысалы, Норвегия және Біріккен Патшалықпен).

ҰМК-ның екі түрлі дәрежесі – коммерциялық және мемлекеттік басқару функцияларының байланысуы – болашақ қақтығыстардың негізін құрайды. Қақтығыстар ішкі, сондай-ақ сыртқы себептермен болуы мүмкін. Ішкі себептер компания шеңберінде коммерциялық және мемлекеттік приоритеттердің балансын қолдаудың басты қиыншылықтарынан болады. Сыртқы себептер екі жағдаймен байланысты:

  • ҰМК-ның рөлі мен орнын басқа мұнай компанияларымен ұқсастырудың маңызды қиыншылығымен, және өз функцияларын дамыту мен орындауға олардың қарсы тұруымен байланысты;

  • Компания мен мемлекет мүдделерінің балансын сақтау қиындығы.

Бірінші сыртқы себеп – бұл ҰМК-ға қарапайым компаниялар жағынан қарсылық көрсетуімен байланысты, себебі олар оны жоғары деңгейлі бәсекелесті көреді. Бұл қарсылықтан ешқашан қашып құтылуға болмайды, бірақ қарсылықты кішкене жұмсартуға болады.

Екінші сыртқы себеп – мемлекеттің сектордағы ерекше позицияларынан алынған ҰМК-ны жүзеге асыруға байланысты. Ереже бойынша, ҰМК өте тез түрде оны жасаған мемлекетпен өзінің қаржылық-экономикалық қуаттылығымен салыстырмалы болып келеді. Бұл соңынан компания қызметіне және де оның бөлімшелеріне әртүрлі шектеулер қоя отырып, ҰМК мен мемлекеттің қақтығыстарын шақыртады және күшейтеді.

Араб елдерінің мұнай өнеркәсібі шетелдік монополистік капиталдың, сондай-ақ Халықаралық мұнай картеліне қатысушыларының экспансиясы кезінде қалыптасты. Шетелдік компаниялар көмірсутектерді барлауды ұйымдастырды, өндіріс жолдарын орналастырды, тұрба төсемдерін салды, мұнай өңдеуші зауыттар мен порттар салды, сұйық отынның экспортын жөндеді. Қазіргі жоғары технологиялық мұнай-газ шаруашылығына ірі қаржылық және материалдық құрал-жабдықтар, инженерлердің, техниктердің, АҚШ, Англия, Франция, Голландия және тағы да басқа Батыс мемлекеттерінен келген білікті жұмысшылар мен өндірісті ұйымдастырушылардың аз емес еңбектері жұмсалды. Бұл үлкен және маңызды салымды жоққа шығару дұрыс болмайтын еді. Бірақ та шетелдік инвесторлардың өте дүниеқорлық ынталарын көрмеу дұрыс болмас еді. Монополияның барлық бұл іс-әрекеттер тек араб елдерінің мүдделері үшін қабылданған жоқ, олардың табиғи байлықтарын жаулап алу, үлкен табыстармен қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Сондай-ақ, мұнай-газ саласының дамуы үшін салынған барлық шетелдік капиталдар инвестициялық концессияны ұлттандыруға дейін бірнеше рет сатып алынған болатын.

Қазақстанның мұнай-газ саласын қазіргі кезеңдегі дамуы 1991 жылы, республика дербестік алуымен басталды. Экономиканың ашықтығына арналған, Қазақстан Үкіметімен өткізілген беталыстар саланың дамуы үшін ірі сыртқы салымдардың түсуіне мүмкіндік берді. Шетелдік инвестициялар кен орындарын жетілдірумен, іздеу-барлау жұмыстарымен, өңдеуші кәсіпорындарды қайта құрумен, мұнай мен газды тасымалдаумен байланысты 26 ірі жобаларға тартылды. Мұнай-газ өнеркәсібіне бірлескен шетелдік инвестициялар 1996 жылы 1,88 млрд.АҚШ долларын құрады. Шетелдің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобаларға түскен потенциалды инвестициялар 35 млрд. долларға жуық деп бағаланды.



Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы үшін мұнай-газ секторы маңызды екенін ескере отырып және көмірсутектерді барлау, өңдеу және өндіру, қайта өндірумен бойынша келісімдерде оның мүдделерін қорғау мақсатында 1997 жылы 4-наурызда Президент Жарлығымен «Казахойл» ҰМК ұйымдастырылды. Құрылған компанияға өнімді бөлу туралы, роялти туралы және көмірсутектерді барлау, өңдеу, өндіру және қайта өңдеу бойынша басқа да келісімдердегі республиканың үлестері, соның ішінде Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері мен бірлескен кәсіпорындарының Каспийлік құбыр төсеу концорциуміндегі үлестері, өндіретін және қайта өңдейтін АҚ-дағы акциялардың мемлекеттік пакеттері берілген. «Казахойл»ҰМК-ның негізгі мақсаты мұнай-газ саласында мемлекеттік саясат жүргізе алатын, елдің энергетикалық қауіпсіздігін және оның мұнай-газ ресурстарын тиімді қайта өңдеуді қамтамасыз ете алатын әлемдік нарықта қуатты бәсекеге қабілетті ұлттық компанияны қалыптастыру болып табылады. Компаниялардың бірігуі әлемдік жаһанданудың негізгі тенденциясы болып табылады. 2001 жылдың сәуірінде мұнайды тасымалдау бойынша Ұлттық компания «КазТрансОйл» және мемлекеттік газ транспорттық компания «КазТрансГаз» мұнай-газ транспорттық сферада бірыңғай вертикалды интеграцияланған құрылым құру туралы бірлескен талаппен Қазақстан Үкіметіне үндеу жіберді. Және 4-мамырда Қазақстанда мемлекеттік компаниялар негізінде мұнайды және газды тасымалдау бойынша бірыңғай ұлттық компания құрылған. Ол холдинг ретінде құрылған және мұнай тасымалдау және газ тасымалдау бөлімшелер қызметін бақылайтын болған. Жаңа компанияның құрамына мемлекеттік «КазТрансОйл», «КазТрансГаз» компанияларының активтері (бұл компаниялар құрылатын холдингке «бірдей құқықтармен» кіреді) және ұлттық теңіз «Казмортрансфлот» компаниясының акцияларының 50%-дық пакеті мен мұнай және газ тасымалдаушы компанияның тиімді қызмет етуі үшін қызметтер мен инфрақұрылымды ұсынатын басқа бірқатар құрылымдардың да акциялары берілген. Атап айтқанда, «Мұнай-газ тасымалдаушы» ұлттық компаниясының жарғылық капиталына келесілер кірген:

  • «Ақтөбемұнайбайланыс» АҚ – акциялар пакетінің 90%-ы;

  • «Мұнай-Импэкс» АҚ – 99%;

  • «КазТрансБайланыс» АҚ – 90%;

  • «Атырау халықаралық аэропорты» АҚ – 100%;

  • «Байланыс» АҚ – 3,5%.

2000 жылдың 20-ақпанында ҚР Президентінің №811 «Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекет мүдделерін келешекте қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы» жарлығына сәйкес мемлекеттің 100%-дық үлесі бар жабық акционерлік қоғам ретінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы құрылған. Жарлыққа сәйкес «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұнайды стратегиялық маңызды ұлттық өндіруші мен көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша өкілетті орган болуы қажет еді. Сонымен қатар, Қазақстанның мұнай өнеркәсібінде мемлекет мүдделерін көздеу керек еді. Компанияның жарғылық капиталы «Мұнай-Газ Тасымалдау» мен «Казахойл» мемлекеттік компанияларының акциялар пакеттері негізінде құрылған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметін Қазақстанның мұнай-газ кешенінің ажырамас бөлігі, елдің экономикалық дамуын басқарудың ұлттық жүйесінің қажетті компоненті мен отандық және халықаралық бизнестің белсенді қатысушы ретінде жүзеге асырды.

Компанияның ұзақ мерзімді дамуын көру мемлекеттік мүлікті ұстаушының, мердігерлермен келісімдердегі мемлекет мүдделерінің өкілі мен мұнай-газ секторының ірі инвестициялық жобалары бойынша оператордың өкілеттіліктерін үйлестіруге негізделген.

Компания толық өндіріс циклын жүзеге асыратын вертикалды интеграцияланған мұнай-газ операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстанда және шетелде жұмыс жасайтын 50-ден астам еншілес және тәуелді ұйымдардың қатысушысы немесе акционері болып табылады. Компанияның жарияланған және төленген жарғылық капиталы 47 873 627 500 теңгені құрайды.

Компанияның негізгі еншілес ұйымдары келесілер: мұнайды өндірумен айналысатын «Ембімұнайгаз» және «Өзенмұнайгаз»; мұнайды қайта өңдейтін зауыт «Атырау мұнай өңдеу зауыты» және мұнай мен газды тасымалдауды жүзеге асыратын «КазТрансОйл» және «КазТрансГаз».

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы көптеген бірлескен кәсіпорындардың, соның ішінде Қазақстандағы мұнай және газды ірі өндірушілердің бірі – «ТенгизШевройл» ЖШС-ның серіктесі болып табылады.

Өткізу шарттары өте маңызды макроэкономикалық параметрлер мен басқарушылық шешімдерге байланысты, олардың шегінде компанияның даму жоспарының барлық техникалық-экономикалық есептеулері мен негіздемелері жүргізіледі. Өткізудің берілген шарттарын орындау даму жоспарының нақты атқарылуына әсер етеді және төменде көрсетілген параметрлерден ауытқу кезінде түзетулерді, қайта есептеулерді және нақтылауларды қажет етеді.

Даму жоспарын өткізу үшін Компания алдына келесі мақсаттарды қояды:

1)«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қолда бар активтерінің дамуы өндірістің әртүрлі секторлары арасында қаржыландыруды қайта бөлусіз меншікті реинвестициялар есебінен жүзеге асады;

2)Компанияның жаңа инвестициялық жорбаларының дамуы компанияның қолда бар активтерінің экономикасына әсер етпей қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту есебінен жүзеге асады;

3)Қазақстан Республикасының Үкіметі сәйкес қаулыны қабылдау жағдайында «Атырау МӨЗ-ді» реконструкциялау жобасын қаржыландыру көзі ретінде «ТенгизШевройл» компаниясынан ссудалық пайыздарды және негізгі қарызды өтеу бойынша жалпы сомасы 165 млн.АҚШ долларынан кем емес төлемдерді тарту жоспарланған;

4)«Амангелді» газ кен орнын меңгеру жобасын өткізу оны қаржыландыруда мемлекеттік қолдау есебімен жүзеге асырылуы ұйғарылған;

5)Даму жоспары Каспий теңізінің солтүстік шельфін меңгеру кезінде компанияның инвестициялық тартымдылығы мен жоғары несиелік рейтингті қамтамасыз ету үшін компанияның қолда бар активтері портфелінің тұрақтылығын көздеген.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы – халықаралық танымал холдингтік типтегі, оған мемлекеттің сеніп тапсырған мүлігін көбейтуші, елдің мұнай-газ ресурстарын оңтайлы қолданушы Қазақстан экономикасын дамыту және әрі қарай оның әлемдік экономикада интеграциялануына жаңа мүмкіндіктер ашушы компания болып табылады. Компанияның басты міндеті – тұрақты экономикалық өсуге жету үшін және Қазақстан халқының тұрмыс деңгейін жақсарту үшін мұнай-газ кешенінің пропорционалды, тиімді және транспарентті дамуын қамтамасыз ету.

Қазақстан ұлттық мұнай компаниялары алдына ұзақ мерзімді және стратегиялық мақсаттар қоюы қажет: рационалды түрде кендерді қолдану және жоғары экологиялық стандарттарды орындау; мұнай-газ саласы үшін жоғары білікті басқарушы, инженерлі-техникалық және жұмысшы кадрларды даярлау; мұнай-газ кешені үшін өнімдер мен қызметтер бойынша, мұнайхимия және энергетика үшін өнімдер бойынша импортты ауыстыру; экспортты көмірсутектерді диверсифициялы тасымалдау; негізгі қорларды жаңарту, технологиялар және ресурстық базаны дамыту үшін тартылған инвестицияларды басқару.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы өнімді бөлу жөніндегі, сондай-ақ мұнай операцияларын өткізу және қолдану саласында Қазақстан Республикасының заңдылықтары бойынша жүретін келісім жағдайларымен сәйкес Солтүстік-Каспий және Қарашығанақ жобаларында қазақстанның қатысуын жоғарылату бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазақстанның қатысуы деп, яғни қазақстан компанияларының мұнай операцияларының мердігердерімен қолданылатын тауарлар, жұмыстар және қызметтерді тасымалдауға қатысуы деп түсінеміз.

Мұнай компаниялары қызметінің тиімділігін жоғарылату үшін және ұлттық мүдделерді сақтап қалу үшін компания 50%-дан кем емес үлеспен инвестициялық жобаларға қатысуы қажет. Сондай-ақ мұнай-газ шикізаттарын өндіру және тасымалдау жобаларында операторлық пен қос операторлықты жүзеге асыруы керек; мұнай-газ саласы және аралас салаларының дамуы үшін инвестицияларды тарту мен шоғырландыруды жүзеге асыруы керек; іздеу, барлау және өндіруде жаңа технологияларды қолдануды, кен орындарының қайтарымдылығы мен экологиялық қауіпсіздігін жоғарылатуды қамтамасыз ету; мұнай-газ шикізаттарын кешендік қолдануға, соңғы өнімнің ғылыми сыйымдылығын жоғарылатуға ұмтылу керек; тасымалдау, мұнай және газдың транзиті мен өтімділігі жөніндегі сұрақтар бойынша халықаралық жобаларға қатысу керек.

Компания бағдарламаның кезеңдік қызметі кезінде импортты ауыстырушы өндірістерді көбейтуде жеткілікті тәжірибе жинап алды, ал отандық өндірушілер шетелдік серіктестерден тәжірибе жинауда және өнімнің жаңа түрлерін меңгеруде. 2000 жылдың шілдесінен 2002 жылға дейін мұнай-газ жобаларындағы қазақстан үлесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның жобаларын қоса алғанда, 14,9%-дан 39,2%-ға дейін өсті. Құндық сипатта айтатын болсақ, қазақстан қатысуының үлесі 2003 жылдың 7 айында 963,2 млн.долларға жетті. Сонымен қатар, мынаған көңіл бөлу керек, бұл өте объективті көрсеткіш емес, себебі оның құрамына отандық фирмалардан алынған өнімдер кіреді. Осыған байланысты Қазақстан компанияларынан алынған импорттық өнімдер (телевизор, автомашиналар) автоматты түрде Қазақстан қатысуының таңбасына түседі. Бұл Қазақстан қатысуының нақты асырып көрсетуіне әкеледі.

Қазақстан жақын арада потенциалды мұнайға бай Каспий шельфін белсенді түрде игеруді жоспарлауда және 2015 жылға дейін мұнай өндіруді үш еселеп, жылына 150 миллион тоннаға жеткізбекші.

Инвестициялық процестерді жандандыруда басты рөлді өзіндік ерекшелікке ие, мұнай-газ секторына қолданылатын амортизациялық саясат атқарады. Амортизациялық саясат инвестициялық даму үшін кәсіпорындардың қаржылық өзіндік қорының қалыптасуы үшін талап етілетін негізгі капиталдың қарқынды қайта өндірісіне бағытталған болуы керек. Өкінішке орай, бұл механизм мұнай-газ саласында, сондай-ақ бүкіл отандық экономикада да әлсіз қолданылады.

Мұнай-газ кешенінің инвестиция ресурстарын басқару мемлекеттен бұл сектордың қазіргі жағдайы мен инвестициялық потенциалды бағалауды талап етеді. Мұнай-газ кешенінің инвестициялық потенциалы экономиканың бұл секторына отандық және шетелдік инвесторларды тарту және қолдану мүмкіндіктерімен сипатталады. Мұнай-газ кешенінің инвестициялық потенциалының негізін елдің жалпы экономикалық потенциалының бір бөлігі ретінде табиғи-шикі ресурстар құрайды.

Мұнай-газ кешенінде табиғи-шикі потенциал мұнай-газ кен орындарының қорларымен және санымен, сондай-ақ оларды өндіру және тасымалдау жағдайларымен анықталады.



Қазіргі уақытта Қазақстан энергоресурсты әлемдік нарыққа ықпал ете алатын көмірсутектің бай қорына иеленуші болып табылады. Елдің табиғи-шикі потенциалын отандық және шетелдік эксперттердің бағалауы бойынша бірнеше айырмашылықтар бар. Мысалы, British Petroleum эксперттерінің мәліметтері бойынша Қазақстанның мұнай қоры 1,1 млрд.тоннаны құрайды және ТМД елдерінің ішінде, ресейден кейінгі екінші орында тұр (кесте 1).
Кесте 2 - ТМД және әлемдік масштабтағы елдердің арасынан Қазақстанның мұнай қоры бойынша алатын орны (2003 жылдың аяғы)

ТМД елдері

Дәлелденген қорлар, млрд.тонна

ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %

Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %

1

2

3

4

1.Ресей

6.7

73.6

4.7

2.Қазақстан

1.1

12.1

0.8

3.Әзербайжан

1.0

11

0.7

4.Түрікменстан

0.1

1.1

0.1

5.Өзбекстан

0.1

1.1

0.1

6.ТМД-ның басқа елдері

0.1

1.1

0.1

7.ТМД елдері – барлығы

9.1

100

6.4

8.Қалған елдер

133.9

-

93.6

9.Әлемдік қорлар

143.0

-

100

Қайнар көзі: BP statistical review of world energy




Тағы да осы ақпарат көзінің пайымдауы бойынша, табиғи газдың қоры 1,84 млрд. тоннаны құрайды және сәйкесінше төртінші орында тұр, яғни Ресей, Түрікменстан және Өзбекстаннан кейін (кесте 3).
Кесте 3 - ТМД және әлемдік масштабтағы елдердің арасынан Қазақстанның табиғи газ қоры бойынша алатын орны (2003 жылдың аяғы)

ТМД елдері

Дәлелденген қорлар, млрд.тонна

ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %

Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %

1

2

3

4

1.Ресей

47.57

84.7

30.7

2.Түрікменстан

2.86

5.1

1.8

3.Өзбекстан

1.87

3.3

1.2

4.Қазақстан

1.84

3.3

1.2

5.Украина

1.12

2.0

0.7

6.Әзербайжан

0.85

1.5

0.5

7.ТМД-ның басқа елдері

0.02

0.04

0.01

8.ТМД елдері – барлығы

56.14

100

36.2

9.Қалған елдер

98.94

-

63.8

10.Әлемдік қорлар

155.08

-

100

Қайнар көзі: BP statistical review of world energy




Отандық эксперттер елдің мұнай-газ кешенінің табиғи-шикі потенциалына жақсы баға берді. Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігінің мәліметі бойынша елдің көмірсутек қорлары 169 көмірсутек кен орындарын құрайды, соның ішінде 87 мұнай, 17 газ, 30 мұнай-газ, 25 мұнай және газ конденсатын, 20 мұнай конденсатын құрайды. Қазақстанда мұнай қорлары 2.8 млрд. тонна мұнай мен 1.8 трлн. куб метр газ, ал жорамал бойынша 12 млрд. тоннаға жуық мұнай мен 3 трлн. куб метрге жуық газ бар.

Оның көп үлесі 12 өте үлкен кен орындарына келеді, сондай-ақ жартысы – Тенгиз, Королевское және Қарашығанақ базаларында құрылған біріккен кәсіпорындарға тиесілі. Каспий теңізі шельфін және оның жағалауындағы зонаның болжам бойынша 12 млрд. тоннаға жуық бағалайды. Болашақта «Тенгиз» және «Қарашығанақ» кен орындарынан жыл сайын 40 млн. тонна мұнай мен 30 млрд. куб метр газ өндіріледі деп болжамдалады.

Республика экономикасына тікелей инвестицияларды тарту тенденциясын талдау алдағы 5-жылдықта инвестицияның салалық құрылымдағы приоритеттер мұнай газ саласында сақталатынын көрсетіп отыр.

Қазақстан Каспий шельфіндегі көмірсутектің үлкен қорларының жақын арада ашылуынан және қайта өңделуіне әсер етуден үлкен үміт күтуде.

Мұнай-газ кешенінің бәсекеге қабілеттігі Қазақстанның бүкіл экономикасының бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Берілген тезис елдің экономикасының жиынтық қорытындыларының қалыптасуында сала қатысуының жоғары және өспелі масштабтарын растайды. 4-кестеде мұнай-газ өнеркәсібінің және оның экономикадағы рөлінің салыстырмалы сипаттамалары берілген. Көріп отырғанымыздай, сала өнімінің үлесі өнеркәсіптік өнімнің өндірісінің жалпы көлемінде тұрақты өсіп отыр: 2002 жылы 14,6%-дан 2004 жылы 36,1%-ға дейін. Бірақ та 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы берілген үлес бойынша шамалы ғана ауытқулар байқалуда: 38%-дан 36,1%-ға дейін. Бұл ауытқулар мұнайдың әлемдік нарығының конъюнктурасының өзгерулерімен байланысты. Бірақ та саланың өндіріс өнімдерінің көлемі елдің өндіріс өнімдерінің жалпы көлемінде маңызды үлесті алады, яғни бұл сала экономикада маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.

Кесте 4 - 2000-2004 жылдардағы жалпы экономикадағы және мұнай-газ кешеніндегі көрсеткіштер динамикасы






2000

2001

2002

2003

2004

Саланың өнеркәсіп өндірісіндегі көлемі, млн. теңге

118275

332573

683279

721294

876528

Елдің жалпы өндірісінің өнеркәсіп өнімдері көлеміндегі сала өнімінің үлесі, %

14,6

29,1

38,0

36,1

38,2

Елдің жалпы экспор-тындағы саланың үлесі, %

37,7

34,2

58,0

45,7




Жалпы экономикадағы өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың саны, мың адам

756,3

668,3

653,8

664,5




Жалпы саладағы өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың саны, мың адам

34,4

31,4

32,5

37,0




Өнеркәсіптің өнеркәсіптік—өндірістік персоналының жалпы санындағы саланың өнеркәсіптік-өндірістік персонал жұмысбасты-ларының үлесі,%

4,5

4,7

5,0

5,6




Өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысы,теңге

32576

42172

65142

79084




Саланың өнеркәсіптік-өндірістік персоналының орташа айлық жалақысының өнеркәсіптің өнеркәсіптік-өндірістік персоналының орташа айлық жалақысына қатынасы,%

241,9

271,6

315,5

332,8




Қайнар көзі: жинақтардағы статистикалық мәліметтер негізінде: 2001-2003 жылдардағы Қазақстанның және оның аймақтарының өнеркәсібі – Алматы, 2004 – 58бет; ҚР-сының сыртқы саудасы және біріккен кәсіпкерлігі.Статистикалық жылнама.- Алматы,2002. – 7,20-53бет; Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамасы. – Алматы, 2005.

Мұнай-газ кешенінің өнімдері елдің экспорттық потенциалының негізін қалайды. Еңбекті халықаралық бөлуде Қазақстанның тек қана көмірсутектер мен металлдарды жабдықтаушы ретінде қатысады. Мұнайды әлемдік өндіруде Қазақстан үлесіне 1%-ке жуығы ғана келеді.

Қазақстан экономикасына экспорттың әсері ішкі нарықтың тарлығымен күшейе түсуде. Шикізат пен жартылай фабрикаттарды экспорттау мүмкіндігі Қазақстанның өтпелі кезеңдегі дағдарыстан шығуына үлкен ықпалын тигізді және экономикалық өсу мен құрылымдық өзгерістер базасын құрды. 4-кесте мәліметтері бойынша саладағы жұмысбастылар саны және орташа айлық жалақы өнеркәсіп саласына қарағанда жоғарырақ.

Статистикалық мәліметтер бойынша республикалық, әсіресе, аймақтық деңгейде, мұнай-газ кешені қосымша жұмыс күші көп тартылатын сала болуы мүмкін деп есептейді және бұл тенденция жақын арадағы жылдарда сақталады.

Мұнай өнеркәсібі экономиканың табысты саласына айналуда, сәйкесінше мемлекеттік бюджетке ірі салықтық түсімдерді қамтамасыз етеді. Әлемдік нарықта мұнай мен мұнай өнімдеріне жоғары баға – бұл саланың барлық экономиканың, сондай-ақ өнеркәсіптің табыстылығының қалыптасуына рөлінің жоғарылауына әкелді.

5-кестеде берілген мәліметтерге қарасақ, шикі мұнай мен табиғи газды өндіруден түскен табыс республиканың барлық өнеркәсібі табысының үлкен үлесін құрайды. 2002 жылдан бастап барлық өнеркәсіптің табысында саланың үлесі көбейіп жатыр: 2002 жылы 56%-дан 2004 жылы 71,7%-ға дейін. Мұнай мен табиғи газды өндірудегі пайдалылық деңгейі өнеркәсіптегіге қарағанда екі есе жоғары. Мысалы, 2002 жылы саланың пайдалылығы елдің барлық өнеркәсібінің пайдалылығынан 2,2 есе, 2003 жылы – 2,1есе, 2004 жылы – 2,3 есе жоғары болды. Бұл жағдай тек мұнай секторының ғана емес, сондай-ақ бүкіл өнеркәсіптің инвестициялық потенциалының көбеюіне көмектесті.

Кесте 5 – 2002-2004 жылдардағы ҚР-сының өнеркәсібінің жиынтық қаржылық нәтижелеріне мұнай саласының салымы






2002

2003

2004

Өнеркәсіптің негізгі қызметінен түскен табыс (шығын), млн. теңге

140068

356077

288244

Шикі мұнай мен табиғи газ өндірудің негізгі қызметінен түскен табыс (шығын), млн.теңге

78473

246451

206737

Жалпы өнеркәсіп өнімінің табысынан саланың %-дық есептегі табысы (шығыны), %

56,0

69,2

71,7

Өнеркәсіп өнімінің пайдалылық деңгейі,%

15,8

26,5

20,0

Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру өнімінің пайдалылық деңгейі, %

35,1

55,6

46,0

Қайнар көзі: 2001-2003 жылдардағы Қазақстанның және оның аймақтарының өнеркәсібі – Алматы, 2004 – 39бет;

Елдің мұнай-газ кешенінің жоғары табыстылығы басқа сфераларда жоғары іскелік және инвестициялық белсенділікті мультиплицировать ете отырып біздің экономикамыздың инвестициялық өсу қарқындылығын жоғарылатуды ұйғарады. 6-кестеде көрсетілгендей, бүкіл экономиканың инвестиция ағымының көп бөлігі мұнай-газ кешеніне бағытталған. Мысалы, 2001 жылы барлық салалық инвестициялар экономика салаларының инвестиция көлемінің 38,8%-ын құрады, сәйкесінше 2002 жылы – 46,2%, 2003 жылы – 41,1%, 2004 жылы – 38,9%-ды құрады.


Кесте 6 – 2000-2004 жылдардағы мұнай-газ кешенінің негізгі капиталындағы инвестициялар динамикасы




2000

2001

2002

2003

2004

Жалпы экономиканың негізгі капиталына инвестициялар, млн. теңге

264204

369084

595664

943398

1099987

Соның ішінде, мұнай-газ саласында, млн.теңге

86166

143359

275387

387952

428826

Экономикадағы инвестициялардың жалпы көлемінде сала инвестицияларының үлесі, %

32,6

38,8

46,2

41,1

38,9

Автормен статистика бойынша ҚР-ның Агенттігінің мәліметтері негізінде құрылған: Қазақстан:2000-2004 жылдар. Ақпараттық-аналитикалық жинақ. Алматы,2004 - 440бет. ҚР-ның инвестициясы жөніндегі мәліметтер. Инвестициялар сериясы, 1-бөлім. – Алматы, 2004 – 18бет.

2003 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан экономикасына инвестиция түрінде 612 млрд. теңге тартылды. Индустрия мен сауда министрлігінің мәліметтері бойынша өткен жылы республика экономикасына инвестиция түрінде 1трлн. 193 млрд. теңге тартылды. Қазіргі уақытта өндірісте 340 инвестициялық келісімшарттар бар. Бұл келісімшарттардың 60%-ы отандық инвесторлармен келісімшарттар.

Өнеркәсіп салалары бойынша негізгі капиталдағы инвестициялар құрылымы инвестицияның көп көлемі мұнай-газ кешеніне салынатынын көрсетті. ҚР-ның статистика бойынша агенттігінің мәліметтері көрсеткендей, 2001 жылы өнеркәсіпке салынған барлық инвестициялардың 65,3%-ы мұнай және газ өнеркәсібіне бағытталған, сәйкесінше 2002 жылы – 71,4%,2003 жылы – 70,5%, 2004 жылы – 72,9% болды (7-кесте).


Кесте 7 – 2000-2004 жылдардағы ҚР-сы өнеркәсібінің салалары бойынша негізгі капиталға инвестициялар құрылымы, қорытындысы %-дық есеппен




2000

2001

2002

2003

2004

Өнеркәсіп, барлығы

100

100

100

100

100

соның ішінде
















Мұнай және газ өнеркәсібі

62,6

65,3

71,4

70,5

72,9

Электроэнергетика

8,8

8,9

4,5

5,0

4,5

Көмір өнеркәсібі

1,5

2,0

1,4

1,0

1,1

Өңдеуші өнеркәсіп

23,7

20,5

18,6

19,0

17,5

Өнеркәсіптің басқа да салалары

3,4

3,3

4,1

4,5

4,0

Автормен статистика бойынша ҚР-ның Агенттігінің мәліметтері негізінде құрылған: Қазақстан:2000-2004 жылдар. Ақпараттық-аналитикалық жинақ. Алм.,2004 – 28-31бет. ҚР-ның инвестициясы жөніндегі мәліметтер.Инвестициялар сериясы,1-бөлім. – Алм.,2004

Талдау көрсетіп отырғандай, инвестициялық ресурстар үшін саланың тартымдылығы әлемдік тауарлы-шикізат нарықтарының қолайлы конъюнктурасымен, сондай-ақ экономиканың мұнай-газ секторына бағытталған мемлекеттік инвестициялық саясаттың бағытталуымен байланысты.

Тартылған инвестициялардың көлемін үлкейту – үкіметтің инвестициялық саясатының нәтижесі, шетелдік және отандық инвесторлар үшін сала тартымдылығының айғағы, бірақ та Қазақстанда қаржы қорларының белсенді өсуі кезінде саланың жеке ресурстарын қолдануды жандандыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет