Ы есімдерді транскрипциялау ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау


Сөз түсіру (опущения), яғни бір компонентін түсіру



бет11/20
Дата20.05.2024
өлшемі0.68 Mb.
#501578
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Ағылшын және қазақ тіліндегі жалқы есімдерді транскрипциялау ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау

Сөз түсіру (опущения), яғни бір компонентін түсіру деп аударма барысында мазмұнға нұқсан келтірмеу шартымен белігілі бір сөздерді түсіруді айтамыз. Мысалы, “Why did you, a young man of thirty-three, good -looking, fond of sport, popular with your friends, devote so much of your time to an elderly woman with whom you could hardly have anything in common?” [11, 213 б.], “Сіз отыз үш жастағы жас, әдемі, спортпен шұғылданып жүрген, достарыңыздың арасында беделіңіз бар, сегіз қырлы, бір сырлы жігітсіз, ал соншама уақытыңызды жасы жетіп тұрған кәрі кемпірге арнауыңыздың себебі не?” [12, 113 б.]. Бұл сөз түсіру моделіне жатады. Мұнда «көрінетін» мағынасын беретін looking сөзі берілмеген. Аудармашы тек good сөзін аударумен шектелген.
“They say, “I never eat flesh”, in a way that puts you right off your nice little beefsteak [11, 198 б.], “Олар еш уақытта да ет жемейміз дегенді айтқан кезде, жегелі отырған бір үзім етті де тастап кетесің” [12, 109 б.]. Бұл аудармада beefsteak біріккен зат есімі қазақ тіліне ет болып аударылуына қарағанда, мұнда да сөз түсіру әдісі орын алған. Ағылшын тіліндегі beef қазақ тіліне сиыр, сиыр еті болып аударылады.
Белгілі бір тілдегі мәтінді екінші бір тілге аударудың өнімді тәсілдерінің біріне сөзбе-сөз аудару тәсілі жататындықтан, диссертацияға «Сөзбе-сөз аудару тәсілінің қолданылуы» атты арнайы тарауша қосылған. Сөзбе-сөз аудару тәсілі түпнұсқа тіліндегі мәтінді аударылатын тілдегі мәтінге семантикалық-құрылымдық жағынан алғандағы қарапайым және ең жақын нұсқасымен алмастыру деп қаралады. Мысалы, “And the palm-trees I like them not” [11, 63 б.], “Пальма ағаштары да ұнамайды” [12, 44 б.]. “A sunburnt man with a grey beard, in white clothes and wearing a helmet, came to meet us” [11, 63 б.], “Бізді күнге күйген, бурыл сақалды, ақ киім киген, басында телпегі бар бір адам қарсы алды” [12, 45 б.]. “ The face? Oh! That was easy enough, and the light of that gas jet was too bad for you to see the make up” [11, 71 б.], “Бетімде ме? Ойбай ол оп-оңай ғой. Сосын анау сығырайған газшамның жарығымен сіз менің бетімдегі гримді де жөнді байқай алмадыңыз” [12, 49 б.]. Бұл сөйлемдердегі the palm-trees, gas jet біріккен зат есімдері қазақ тіліне пальма ағаштары, газшам болып, sunburnt біріккен сын есімі күнге күйген болып аударылған. Бұл аудармалардағы біріккен сөздерді тек лексикалық жағынан және біріккен сөздер тұрғысынан ғана шартты түрде сөзбе-сөз аудармаға жатқызып отырмыз. Мысалы, sunburnt біріккен сын есімі sun - күн және burn - жағу, күйдіру мағыналарын беретін сөздерден біріккен. Қазақ тіліне аударылғанда осы екі сөз (күнге күйген) қолданылып тұрғандықтан, бұл аударманы сөзбе-сөз аударма тәсіліне жатқызамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет