I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


Химиядан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар



бет16/71
Дата12.11.2023
өлшемі1.47 Mb.
#483023
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   71
stud.kz-106064

1.5 Химиядан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар

Оқушылардың шығармашылығын дамытуда сыныптан тыс жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймай, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білуге көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім беру жүйесіне жаппай реформа жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр. Химия пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу–тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру; мұнымен бірге оқушылардың білімге деген, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу-мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай-ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп, әсерлі баяндауы, тәжрибелерді шеберлікпен, көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын еңгізіп отыруы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп, ұйымдастыруы тиіс.


Өзінің атынан көрініп тұрғандай бұл жұмыстар – оқушылардың қалауы бойынша мұғалімнің жетекшілігімен сабақтан тыс жүргізілетін оқу жұмысын ұйымдастырудың бір түрі. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақтан алған білімін тереңдетеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алуына жәрдемдеседі. Химияның және химия өнеркәсібінің жетістіктерімен, еңбек адамдарының қажырлы істерімен танысу оқушылардың мақтаныш сезімін тудырады, сарамандық істерге тікелей араластыруға құлшындырады. Еңбекті қадірлеуге, бастаған ісін ақырына дейін жеткізуге, өздігінен жұмыс істей білуге үйретеді.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, мазмұны және әдістері сабақтағыдан өзгеше болып келеді. Олардың мазмұны бағдарлама арқылы шектелмейді.мектептің жағдайына, оқушылардың тілегіне, қызығуына қарай анықталады.
Оқушылардың қызығуы сабақ үстінде, ғылыми-көпшілік кітаптарын, мерзімді баспасөзді оқығанда туады. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда еріктілік негізі сақталады және оларды жүргізудің негізгі әдісі – оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары. Мұғалім ақыл-кеңесін беріп, бағыттап отырады.
Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен ұйымдастырудың негіздері: оқушылардың химияға құштарлығын жоспарлы дамыту; сабақта өтілген материалдармен байланысын қамтамасыз ету; сыныптан тыс жұмыстарға қоғамдық мән беру; теориялық жіне сарамандық жұмыстарды ұштастыра жүргізу; жұмыстың түрін таңдаудағы оқушылардың еріктілігі мен орындаудағы міндеттілігін, ұйымдастыру жұмыстарындағы белсенділігі мен дербестігін қамтамасыз ету; көпшілік және жеке жұмыстарды ұштастыру; сыныптан тыс жұмыстарға мамандарды, оқушылардың ата-аналарын қатыстыру; сыныптан тыс жұмыстармен оқушылардың шамадан тыс шұғылдандырмау, сыныптан тыс жұмыстарға кәсіптік бағдар беру.
Химиядан жүгізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Химиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар көпшілік, топтық және жеке жұмыстар деп үшке жіктеледі.
Көпшілік жұмыстарға жататындар: жас химиктер қоғамы, химиялық кештер, олимпиадалар, химия апталығы, онкүндігі және айлығы, конференциялар т.б.
Топтық жұмыстар: химиялық үйірмелер, жас химиктер клубы және қоғамның секциялары, химиялық бюллетень шығару, көрме ұйымдастру, топтық зерттеу жұмыстары.
Жеке жұмыстар: кітаппен жұмыстар, хабарлама, реферат және баяндама әзірлеу, құрал және көрнекті құралдарды жасау, шағын зерттеулер жүргізу және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері көп, олар біртіндеп қалыптасты:

  • Көпшілікке арналған сыныптан тыс жұмыстардың ішінде кеңінен таралғандары – жас химиктер қоғамы және химиялық кештер. Сыныптан тыс жұмыстарға қатысытан оқушылардың саны көп, олардың әуестену бағыты алуан түрлі болып келетін жағдайда мектептерде жас химиктер қоғамы ұйымдастырылады. Қоғам арнайы жарғы бойынша жұмыс істейді, оның мазмұны әдістемелік әдебиеттерде баяндалады. Жарғыда химиялық қоғамның мақсаты, құрамы, мүшесінің құқығы мен міндеттері, басқару орындары және ұйымның құрылысы, кітапхана және баспа істері нақты белгіленеді.

  • Сыныптан тыс жұмыстардың ең маңыздыларының бірі – химиялық кештер, оған оқушылардың көпшілігі қамтылады. Танымдық әсерінің күштілігімен ерекшеленеді. Химиялық кештер мазмұнына қарай тақырыптық, тарихи, мерейтой, қызықты т.б кештер деп жіктеледі. Сабақта өткізілген материалдармен тығыз байланыста жүргізіледі.

  • Топтық сыныптан тыс жұмыстардың ең маңыздысы – химиялық үйірмелер. Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыстар әр салалы үйірме ұйымдастырудан басталады. Жүйелі түрде жүргізіледі, еркімен келген оқушылар құрамының тұрақтылығы, олардың жұмысын біріктіретін жалпы тақырыбының болуы химия үйірмесінің ерекшеліктеріне жатады. Үйірме жұмыстары сыныптар бойынша ұйымдастырылады.

Көпшілік және топтық сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар жеке-дара тапсырмалар орындайды, бірақ олар бір тақырыптың төңірегінде жасалады.
Жеке жұмыстарға оқушы жүзеге асыратын ғылыми зерттеулер, өздігінен құрастырылатын тапсырмалар, есептер, викториналар, модельдер жасау, графикалық жұмыстар орындау т.б жатады. Мектеп реформасын жүзеге асыруға байланысты жеке сыныптан тыс жұмыстар жасату арқылы химияға қабілеті бар оқушыларды тәрбиелеуге айрықша назар аударылады.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың химиялық білімін дамытып қана қоймайды, олардың жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтін де ұжым алдындағы жауапкершілігінде, жақсы сезінуі керек. Оқушылардың пәнге қызығушылығын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да сыныптан тыс әр түрлі жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттырып, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі. Бұдан шығатын қорытынды сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты - әр түрлі үйірмелермен қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады. Сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырушылар түрлі үйірмелердің, клубтардың жұмысына оқушылардың жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Химиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоғарғы деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс. Ең бастысы –оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып, алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежде болуы.
Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді. Оқу жоспарынан тыс, оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын сыныптан тыс жұмыстар деп атайды. Дегенмен оқушылардың бос уақыттарында білімін дамытуға байланысты жұмыстары әр түрлі мағанадағы терминдермен аталып жүр. Біз баспасөзден «сабақтан тыс», «мектептен тыс», «сыныптан тыс» деген термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің кейбір ұқсастық жақтарымен қатар, бірінен-бірінің елеулі айырмашылықтары бар. Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылардың орындайтын сабақтан тыс жұмыстар бар. Бұлар күнделікті сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Осы жұмысты орындағаны үшін оқушыларға сынып журналына баға қойылады. Сабақтан тыс жұмыстарға сарамандық сипаттағы үйге берілген есептерді шешіп, жаттығуларды орындауы да жатады т.б.
Мектептен тыс жұмыстар сабақтан бос уақытта оқушылар сарайында, жас натуралистер стансасында, институт зертханаларында, аудандық, қалалық мектептен тыс мекемелерде, зауыт, фабрикаларда, агрохимиялық зертханаларда өткізіледі. Бұған да мектеп мұғалімі басшылық жасайды, оның арнаулы бағдарламасы болады.
Сыныптан тыс жұмыстар мектепте, оқушылардың сабақтан бос уақытында, өз еріктері бойынша түрлі үйірмелер бойынша жүргізіледі. Бұл оқу бағдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар қалыптастыруды оқушылардың өз беттерінше қоғамдық пайдалы жұмыста атқаруын көздейді. Оған қатысатын оқушылардың білім дәрежесі, сыныптағы жас ерекшелігі бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстары да әр түрлі болады.
Сыныптан тыс жұмыстар: жекеленген оқушылармен жүргізілетін жеке-дара, топтық, көпшілік жұмыстарға бөлінеді.
Көпшілік жұмыстарға жататындар: жас химиктер қоғамы, химиялық кештер, олимиадалар, химия апталығы, онкүндігі және айлығы, конференциялар, т.б.
Топтық жұмыстар: химиялық үйірмелер, жас химиктер клубының және қоғамының секциялары, химиялық бюллетень шығару, көрме ұйымдастыру, топтық зерттеу жұмыстары.
Жекe жұмыстар: кітаппен жұмыс, хабарлама, реферат және баяндама әзірлеу, құрал және көрнекі құралдар жасау, т. б.
Бұл жұмыстардың түрлері мен бағыттары оларға қатысатын оқушылар санымен, мазмұнымен, әдістерімен де бір-бірінен ерекшеленеді.
Сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі – химия пәнінен химия ғылымына көбірек қызығатын оқушылармен жүргізілетін жеке-дара жұмыстар. Бұларға теориялық немесе сарамандық жұмыстарды орындауға байланысты тапсырмалар, ғылыми баяндамалар, рефераттар даярлау, кабинетті жабдықтауға қажетті құралдар мен көрнекіліктер әзірлеу, талдауға, синтездеуге байланысты зерттеулер, олимпиадалық есептерді шығаруға дайындық, жарыс кештеріне даярлану т.б. жатады. Оқушылар ұжымы бір тақырып не бір жоспар бойынша екі-үш адамнан құралған шағын топқа біріктіліп, бөлініп жұмыс жасайды. Мұнда да оқушылар сарамандық жұмыстарды бірлесіп орындап, есептерді бірлесіп шешеді, стендтер әзірлейді, көрме ұйымдастырады, конкурстық немесе олимпиадалық есептерді шешеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет