I. хвқ келісімінің Баптарына сәйкес мәртебе


IV. Төлемдер мен түсімдер механизмі



бет2/8
Дата03.07.2016
өлшемі451.5 Kb.
#174068
1   2   3   4   5   6   7   8

IV. Төлемдер мен түсімдер механизмі





1. Валюталық төлемдер тәртібін белгілеу

Иә

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда резиденттер арасындағы төлемдер мен ақша аударымдары тек ұлттық валютада жүргізіледі.

Резиденттер мен резидент еместер арасында төлемдер мен ақша аударымдары валюта заңнамасы талаптарын сақтау талабымен кез-келген валютада жүргізіле алады.



a. Ұлттық валютаны пайдалануды бақылау

Жоқ




1. Ағымдағы операциялар мен төлемдерге арналған

Жоқ




2. Капиталмен операцияларға арналған

Жоқ

Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операцияларда қолданылатын ұлттық валюта - валюта құндылықтарына жатқызылды. Сондықтан да осындай операцияларға капиталмен операцияларға қатысты валюта заңнамасының барлық ережелері қолданылады.

a. Капитал нарығының және ақша нарығының құралдарымен операциялар

Жоқ




b. Туынды және басқа да құралдармен операциялар

Жоқ




c. Кредит операциялары

Жоқ



b. Резиденттер арасында шетел валютасының пайдаланылуы

Иә

Мыналарды қоспағанда резиденттер арасындағы валюта операцияларына тыйым салынған:

1) тараптың біреуі ҚҰБ немесе ҚР Қаржы министрлігі болған операциялар;

2) лицензияларға және ҚР заңдарына сәйкес жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті банктер және уәкілетті ұйымдардың банктік және өзге де операцияларына жатқызылатын валюта құндылықтарымен операциялар;

3) валюта операцияларын жүргізу бойынша банктік қызметке ақы төлеу, сондай-ақ шетел валютасындағы банктік қызмет көрсету шарттары бойынша тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу;

4) резиденттер шығарған шетел валютасындағы бағалы қағаздарды және резидент еместер шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға, сыйақы төлеуге және (немесе) өтеуге байланысты операциялар;

5) ақы төлеу нысаны ретінде аударым аккредитивін пайдалану кезінде экспортты (импортты) жүзеге асыруға байланысты комиссия шарттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары;

6) шетел валютасында көрінген вексельдерді ақшалай міндеттемелерді орындау ретінде беру;

7) бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қолма-қол шетел валютасына қызмет көрсетуге ҚҰБ лицензиясына ие резиденттермен есеп айырысу;

8) қызметкерлерді ҚР тыс жерлерге іссапарға жіберуге байланысты шығыстарға ақы төлеу;

9) жеке тұлғалардың жеке тұлғаларға, сондай-ақ қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға өтеусіз ақша аударымы немесе валюта құндылықтарын өтеусіз беруі;

10) жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалардың пайдасына банктік салым салулары;

11) салық және ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда бюджетке басқа да міндетті төлемдерге байланысты операциялар.



2. Төлем механизмдері

Жоқ




a. Екіжақты төлем механизмдері

Жоқ




1. Қолданыстағы

Жоқ




2. Қолданыста емес

Жоқ




b. Аймақтық механизмдер

Жоқ




c. Клиринг келісімдері

Жоқ




d. Бартер келісімдері және ашық шоттар

Жоқ




3. Бақылауды жүзеге асыру

Иә

ҚР-да валюталық бақылауды ҚҰБ, өзге де мемлекеттік органдар ҚР заңдарында белгіленген және валюталық бақылау агенттері белгілеген өкілеттік шегінде жүзеге асырады.

Валюталық бақылау агенттері уәкілетті банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар, сондай-ақ алынған лицензияларға сәйкес олар операциялар жүргізген кезде валюта заңнамаларын сақтауды бақылау жүктелген басқа да ұйымдар болып табылады.

ҚҰБ резиденттер мен резидент еместердің валюта заңнамасын сақтауын және валюталық бақылау агенттерінің функцияларын уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың тиісінше орындауын бақылауды жүзеге асырады.

ҚР Қаржы министрлігі ҚР Үкіметінің заемдары бойынша мониторинг пен бақылауды, мемлекет кепілдік берген заемдардың мақсатты және тиімді пайдаланылғанына бақылауды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздың мониторингін қамтамасыз етеді.

ҚР Индустрия және сауда министрлігі тауарды (жұмысты, қызметті) және өз құзыреті шегінде басқа да қызмет түрлерін экспорттауды және импорттауды, сондай-ақ лицензиаттардың белгіленген біліктілік талаптарын және лицензиялық ережелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады.

ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі банктердің жалпы банктік лицензия шеңберінде шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыруын жүзеге асырады.



4. Төлемдер бойынша мерзімі өткен берешек

Жоқ




a. Ресми

Жоқ




b. Жеке

Жоқ




5. Алтын (монеталармен және/немесе құймалардағы) саудасын бақылау

Жоқ

Құймадағы тазартылған алтын валюта құндылықтарына жатқызылды.

a. Ел ішіндегі иелік етуді және/немесе сауданы бақылау

Жоқ




b. Сыртқы сауданы бақылау

Жоқ

Тазартылған асыл металдар экспорты шектелмейді. Тазартылған асыл металдардың сыртқы саудасына басқа тауарлар сияқты бақылау жүзеге асырылады.

6. Банкноталарды әкетуді және әкелуді бақылау

Иә

Баламасы 3 мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол ұлттық валюта немесе шетел валютасын әкететін немесе әкелетін жеке тұлғалар осы соманы кеденде декларациялауы тиіс.

a. Әкету

Иә




1. Ұлттық валюта

Жоқ




2. Шетел валютасы

Иә

Резиденттерге және резидент еместерге баламасы 10 мың АҚШ долларына дейінгі сомадағы қолма-қол шетел валютасын әкетілетін қаражаттың заңды шығуын растайтын құжаттар ұсынбай әкетуге рұқсат.

ҚР-нан жеке тұлғалардың баламасы 10 мың АҚШ долларынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын әкетуге кеден органына мыналарды ұсынғанда жол беріледі:

1) ҚР-на қолма-қол шетел валютасын әкелуін растайтын кеден декларациясы – бұрын әкелінген қолма-қол шетел валютасын әкету үшін; және/немесе

2) жеке табыс салығы туралы салық декларациясы (салық төлеушінің данасы) – резиденттердің басқалай шығуы бар қолма-қол шетел валютасын әкету үшін.



b. Әкелу

Жоқ




1. Ұлттық валюта

Жоқ




2. Шетел валютасы

Жоқ




Заң құжаттарына сілтемелер және гиперсілтемелер




«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы

http://213.211.77.60/cont/publish330376_3580.pdf


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет