I. ХВҚ-дағы мәртебесі
|
|
|
II. Валюталық реттеу шаралары
|
|
|
III. Валюта режимі
|
|
|
IV. Төлемдер мен түсімдер механизмдері
|
|
|
V. Резиденттердің шоттары
|
2007 жылғы 1 қаңтар
|
Жеке және заңды тұлғаларға арналған шетел банкінде шот ашу үшін ҚҰБ-нің лицензиясын алу талаптарының күші жойылды (ҚР «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.05.2005 жылғы № 57 Заңы.)
|
VI. Резидент еместердің шоттары
|
|
|
VII. Импорт және импорт бойынша төлемдер
|
17 тамыз
2007 жылғы 1 қаңтар
|
Әкелу кеден баж салығы ставкаларына өзгерістер енгізілді (ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Кеден тарифтері туралы» 17.08.2006 жылғы № 765 қаулысы)
Коммерциялық кредиттерге қатысты лицензиялау талаптарының күші жойылды. Импорт бойынша пайдаланылмаған қаражатты 180 күндік мерзімде қайта қайтару талаптарының күші жойылды. Қайта қайтару талаптарының орындалуын бақылау мақсаты үшін импорт бойынша мәміле паспортында қайта қайтару мерзімі келісім-шарт талаптарын негізге ала отырып белгіленеді. Экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асырудың схемасы өзгерді – қызмет көрсететін банк импорт бойынша мәміле паспортын ресімдейді және ол бойынша кейінгі валюта бақылауын жүзеге асырады. (ҚР «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.05.2005 жылғы № 57 Заңы; ҚҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт - импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 17.08.06 жылғы № 86 қаулысы).
|
VIII. Экспорт және экспорттан түсімдер
|
17 тамыз
2007 жылғы 1 қаңтар
|
Мұнайдан жасалған тауарлар үшін уақытша негізде қолданылатын әкету кеден баж салығы ставкаларына және осындай тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізілді (ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Кеден тарифтері туралы» 17.08.2006 жылғы № 765 қаулысы)
Коммерциялық кредиттерге қатысты лицензиялау талаптарының күші жойылды. Экспорттан түсімді 180 күндік мерзімде қайта қайтару талаптарының күші жойылды. Қайта қайтару талаптарының орындалуын бақылау мақсаты үшін экспорт бойынша мәміле паспортында қайта қайтару мерзімі келісім-шарт талаптарын негізге ала отырып белгіленеді. Экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асырудың схемасы өзгерді – қызмет көрсететін банк экспорт бойынша мәміле паспортын ресімдейді және ол бойынша кейінгі валюта бақылауын жүзеге асырады. (ҚР «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.05.2005 жылғы № 57 Заңы; ҚҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт - импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 17.08.06 жылғы № 86 қаулысы)
|
IX. Көрінбейтін операциялар және ағымдағы трансферттер бойынша төлемдер
|
2007 жылғы 1 қаңтар
|
Коммерциялық кредиттерге қатысты, оның ішінде қызмет импортына байланысты лицензиялау талаптарының күші жойылды. Резидент еместі 180 күннен асатын мерзімге кредитпен қамтамасыз ететін, баламасы 50 мың АҚШ долларынан асатын төлемдер үшін тіркеу талаптары белгіленген. (ҚР «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.05.2005 жылғы № 57 Заңы; ҚҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 11.12.06 жылғы №129 қаулысы)
|
X. Көрінбейтін операциялардан және ағымдағы трансферттерден түсім
|
2007 жылғы 1 қаңтар
|
Коммерциялық кредиттерге қатысты, оның ішінде қызмет экспортына байланысты лицензиялау талаптарының күші жойылды. Резидентті 180 күннен асатын мерзімге кредитпен қамтамасыз ететін, баламасы 300 мың АҚШ долларынан асатын төлемдер үшін тіркеу талаптары белгіленген. (ҚР «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.05.2005 жылғы № 57 Заңы; ҚҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 11.12.06 жылғы №129 қаулысы)
|
XI. Капиталмен операциялар
|
2007 жылғы 1 қаңтар
|
Капитал қозғалысына байланысты валюта операцияларына қатысты лицензиялау талаптарының күші толығымен жойылды. Валюта операцияларының түріне және сомасына байланысты олар ҚҰБ-де тіркелуі не жүргізілген операция туралы ҚҰБ-не хабарлануы тиіс (ҚР «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.05.2005 жылғы № 57 Заңы; ҚҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 11.12.06 жылғы №129 қаулысы).
|
XII. Қаржы секторына қатысты арнайы ережелер
|
2006 жылғы 1 маусым
2006 жылғы 1 шілде
2006 жылғы 1 қазан
2006 жылғы 22 желтоқсан
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциалдық нормативтеріне өзгерістер енгізілді (ҚР ҚҚА Басқармасының 25.03.06 жылғы N 87 қаулысы)
Банктердің ең төменгі резерв талаптарын орындау механизіміне өзгерістер енгізілді (ҚҰБ Басқармасының 27.05.06 жылғы №38 қаулысы).
Екінші деңгейдегі банктерге арналған, валюталық өтімділік коэффициенттерін, сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша ең жоғары лимитті және валюта позициясы бойынша лимитті қоса алғанда пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәніне өзгерістер енгізілді (ҚР ҚҚА Басқармасының 27.05.06 жылғы № 120 қаулысы)
Зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметке талаптар өзгерді (ҚР ҚҚА Басқармасының 27.10.06 жылғы № 225 қаулысы)
|