І. Ілініс муфтасы: Сермерден қысымды дискіге дейін бұралатын Камаз автомобилінің ілінісуінің негізгі элементін атаңыз ?



бет6/8
Дата11.06.2022
өлшемі33.23 Kb.
#459158
1   2   3   4   5   6   7   8
f61f21ce0a8850 (1)

Іліністі реттеу. Автомобильді пайдалану кезінде жетектегі дискілердің жапсырмасы желініп тозады. Осының әсерінен іліністің бастапқы реттелген күйі бұзылады. Оны педальдың белгілі бір аралықтағы еркін қозғалысының көбейуінен аңғаруға болады. Педальдың белгілі бір еркін қозғалысына сығу рычагтары мен сығымдауыш подшипниктерінің аралық саңылауы сәйкес келеді. Рычагтар мен сығымдауыш подшипниктерінің аралық саңылауларының бірдей болмауынан басқыш дискісі майысып, соның салдарынан іліністің қалыпты жұмысы (толық ажырамауы немесе ара-тұра қосылу) бұзылады. Саңылауды реттеу винтін (2) тартып не босатып қалыпқа келтіреді. Бұл кезде қосалқы гайка бос болады. Саңылауды, әдетте, іліністі жөндегенде бірге реттейді, ажыратқыш рычагтардың ішкі бастарын бір жазықтыққа келтіріп салу керек.
Пайдалану кезінде сығымдауыш подшипнигі мен сығу рычагтарының аралық саңылауын реттейді. Ілініс тартқышының ұзындығын өзгерте отырып, педальдың еркін қозғалуы бойынша реттейді.
Автомобильдерді жүргізгенде іліністі тез ажыратып, жайлап қосуды ұмытпаған жөн. Тез қосқанда қуат берілісі детальдары сынып кетуі мүмкін.
Сондай-ақ іліністі жартылай ажыратылған күйде ұзақ ұстауға болмайды. Мұндай жағдайда дискілердің үйкелетін беттері тез желінеді.

6

Жаңа сабақты бекіту:
1.Ілініс муфтасының атқаратын қызметі, түрлері.
2.ВАЗ автомобилінің ілініс муфтасының құрылыс және жұмысы.
3.Камаз-5320 автомобилінің ілініс муфтасының ерекшелігі
4.Ілініс муфтасының негізгі ақаулары, күтім жасау және реттеу.

8 мин

7

Үйге тапсырма беру:
1.Студенттерді бағалау және бағаларын жариялау.
2.В.А.Родичев Г.И.Родичева "Тракторлар мен втомобильдер" 139 бет. П.Ж.Жүнісбеков "Автомобильдің құрылысы және пайдалануы" 186-187 бет. Ілініс муфтасының атқаратын қызметін, түрлерін, ВАЗ автомобилінің ілініс муфтасының құрылысын және жұмысын, Камаз-5320 автомобилінің ілініс муфтасының ерекшелігін, ілініс муфтасының негізгі ақауларын, күтім жасауды және реттеуді оқып, жазып келу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет