I. жалпы ережелер



Дата17.07.2016
өлшемі187.35 Kb.
#205524


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен

«Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ-і және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы

арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған

салалық келісім
I.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


  1. Әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілетті өкілдері – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік), «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Кәсіподақ), Ұлттық денсаулық сақтау палатасы, бұдан әрі бірлесіп «тараптар» деп атала отырып, 2015-2017 жылдарға саладағы еңбек жағдайын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепіл ұстанымдарын белгілейтін аталған салалық Келісімді (әрі қарай Келісім) жасасты.

  2. Осы Салалық Келісім (әрі қарай Келісім) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы заңына, еңбек құқықтары мен мүдделеріне қатысты басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2015-2017 жылдарға жасалған Бас Келісіміне сай жасалды.

  3. Осы Келісімнен шығатын Ереже тараптарға міндетті болып табылады, Кәсіподақ филиалдары, ұлттық денсаулық сақтау палатасы мен жергілікті денсаулық сақтау басқармалары арасындағы келісімді және денсаулық сақтау ұйымдарында ұжымдық шартты бекіткен жағдайда негіздеме болып, кемітуге немесе қысқартуға жатпайды.

  4. Келісім жұмыскерлердің еңбек ақысы, жұмыс тәртібі, негізгі және қосымша төленетін еңбек демалысын және жұмыскерлерге басқа да облыстық келісімдер мен еңбек және ұжымдық шарттармен белгіленген әлеуметтік көмек бөліктерінде жұмыс берушілердің құқығын шектемейді.

  5. Келісімнің қолданылуы мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігіне, жұмыс берушілер мен қызметкерлер және олардың өкілдері ретінде Ұлттық денсаулық сақтау палатасына және Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық Кәсіподағына таратылады.

  6. Қызметкерлер кепілдігін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда төмендететін, және осы Келісімге қайшы келетін келісімдер, ұжымдық және еңбек шарттары, жұмыс берушілер актілері жарамсыз болып табылады.

  7. Осы Келісімнің қолданылу мерзімінде жағдайын жақсартуға қабылданған заңнамалық және басқа нормативтік актілер күшіне енген күннен бастап аталған Келісімнің сәйкес пункттерінің қолданылуын кеңейтеді.

  8. Келісім Тараптарының бірінде қайта құру шаралары жүргізілген жағдайда, құқықтары мен міндеттемелері заңды мұрагеріне (заңды мирасқорларына) өтеді және жаңа Келісім жасалғанша сақталады.




  1. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ


Саладағы тиімді басқаруды, экономикалық қатынастар мен еңбекақы төлеуді жетілдіру аясында тараптар міндеттенеді:

  1. Республика халқына тиімді медициналық көмек көрсету жүйесін құруда «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша, сондай-ақ медициналық ғылымның 2020 жылға дейінгі даму концепциясы мен адам капиталына инвестицияның өсуімен 2013-2016 жылдарға денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары дамуының кешенді жоспары бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға.

  2. Денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікті, мединалық көмек көрсету жөніндегі тарифтік саясатты дамытуға, мединалық көмек көрсетулер сапасын арттыруға, денсаулық сақтау мәселелері бойынша халықты дұрыс және объективті ақпараттармен қамтамасыз етуге жәрдемдесуге.

  3. Денсаулық сақтау жүйесіне білім, ғылым және инновациялық технологиялар мен медициналық көмектің алдыңғы қатарлы технологияларын трансферттеу бойынша жұмысын әрі қарай жалғастыру.

  4. Бәсекелестік жағдайында қаражат құралдарын бөлудің нарықтық механизмдерімен орын алып отырған бюджеттік модельдің институционалдық даярлығын ескере отырып міндетті медициналық сақтандыруды енгізудің концепциясын әзірлеуді жалғастыру.

  5. Министрліктің алқалы органдары мен Кәсіподақтың сайланбалы органдарының, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының отырыстарында денсаулық сақтау жүйесіндегі бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды қарастыру мен олардың жүзеге асырылуына пәрменді шара қабылдау.

  6. Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2020 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын әзірлеу.

Қызметкерлерге еңбекақы төлеу салысында Тараптар сүйенеді:

1) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 29 желтоқсанындағы №1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. (әрі қарай №1400 Қаулы)

2) кәсіподақ өкілдерімен келісе отырып шаруашылық жүргізу құқы бар мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу формасы, штат кестесі, лауазымдық айлықақысы, сыйлықақы және басқалай сыйақы жүйесі бекітілген еңбекақы төлеу қоры аясында аталған мемлекеттік кәсіпорынмен анықталады.

3) Акционерлік қоғам қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы, лауазымдық айлықақыға дербес үстеме ақы, сыйлықақы мөлшерін белгілеу ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415 заңына сәйкес жүргізіледі.



  1. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің ең төменгі тарифтік ставкасының (айлықақы) мөлшері Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» заңы бекіткен мөлшерден төмен болуы мүмкін емес.

  2. Ұйымдастырушылық-құқықтық формасына тәуелсіз денсаулық сақтау ұйымдарының ауыр, зиянды (аса зиянды), қауіпті еңбек жағдайымен қамтылған қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу №1400 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Қызметкерлерге лайықты еңбек пен лайықты еңбек ақыны сақтап қалу іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында тараптар келісті:

1) Қызметкерлерге лайықты еңбек пен лайықты еңбек ақыны сақтап қалу іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырушылық құқықтық формасын «шаруашылық жүргізу құқындағы мекемеге» өзгерткен мемлекеттік, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға өткен мекемелер қызметкерлеріне лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақысымен 30 календарлық күннен кем емес негізгі ақылы еңбек демалысын беруге және лауазымдық жалақы мен үстеменің ең төменгі деңгейін азаматтық қызметкерлердің сәйкес лауазымдық жалақысы мен үстемесінен кем емес, соның ішінде 1400 Қаулысына сәйкес ерекше еңбек жағдайына үстемені сақтап қалуға.

2) денсаулық сақтау ұйымдарының күтушілеріне, тазалық бикелеріне (санитарларға), шаруашылық бикелеріне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлемін қамтамасыз ету бойынша шара қолдануға.

10. Келісімнің осы бөліміндегі 9 тармағы (ҚР Еңбек Кодексінің 285 бабы 3 тармағына сәйкес)ұйым қызметкерлеріне – салалық Кәсіподақ мүшелеріне, сондай-ақ ұжымдық шартпен анықталатын басқа да қызметкерлерге қолданылады.

11. Жан басылық нормативтің қосымша (ынталандырылатын) құрамдас бөлігі жүйесін жетілдіруге және амбулаторлық-емханалық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жоғарылатуға қатынасатын және өз еңбегіне үстеме алуға құқылы мамандар тізімін кеңейтуге шара қолдануға.

12. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV ҚРЗ Кодексі мен ҚР Еңбек Кодексінің жекелеген нормаларын жүзеге асыру мақсатында ҚР Үкіметіне ұсыныстар әзірлеу және енгізу бойынша консультацияларды жалғастыру:

1) еңбек ақының ең төменгі стандартын анықтаудың біріңғай әдістемесін қабылдауға және саладағы ауыр, зиянды (аса зиянды) жұмыстағы, қауіпті еңбек жағдайымен қамтылған қызметкерлердің салалық коэффициентін жоғарылататын есепті қабылдауға;

2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен сәйкес мезгілде анықталған инфляция деңгейін негізге ала отырып, сала қызметкерлерінің жалақысын индексациялауға.

13. Қаржы мүмкіндігі болған жағдайда, мемлекет үлесінің 100% қатысуымен акционерлік қоғамның барлық қызметкерлеріне лауазымдық жалақы мөлшерінен кем емес көлемде сауықтыру жәрдемақысының төленуін қамтамасыз етуді қарастыруға.

14. Сала қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу аясында мемлекеттік кепілдіктерді жүзеге асыруға, жалақының толық және дер кезінде төленуін қадағалауды қамтамасыз етуге.

15. Денсаулық сақтау саласында еңбек жағдайының ауырлығына, жалақы құрылымының оңтайландырылуына, және қызметкерлердің штаттық санын ескере отырып, еңбекақының дифференциалдық жүйесін жетілдіру бойынша бірлескен жұмысын жалғастыру.

Министірлік және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы міндеттенеді:

16. Денсаулық сақтау басқармаларына қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың еңбек және әлеуметтік экономикалық мәселелерді корпоративтік шешуге қатысуы мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 22 маусымындағы №686 Қаулысына сай құрылатын бақылау кеңестеріне Кәсіподақ өкілдерін енгізуге ұсыныс беруге.

17. Кәсіподақ өкілдерін денсаулық сақтау аясында әлеуметтік және еңбек қатынастарына нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу мен қарастыру бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарына қосуға, сондай-ақ аумақтық денсаулық сақтау басқармаларының кепілдендірілген тегін медициналық жәрдем көлемі қызметін жеткізушіні анықтау тәртібі бойынша жүргізілетін комиссия жұмысына қатысушы бақылаушы ретінде тартуға.

Кәсіподақ міндеттенеді:

18. «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға және денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2020 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын әзірлеуге қатынасуға.

19. Сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз етуге.

20. Әлеуметтік экономикалық және еңбек қатынастарымен байланысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу мен қарастыру бойынша жұмыс топтары мен комиссиялар жұмысына қатысуға.

21. Қызметкерлердің еңбектерінің соңғы нәтижесі бойынша көтермелеу тұрғысындағы төлемдер жүйесінің тәртібі мен критерийлерін әзірлеуге, сондй-ақ қызметкерлердің дифференциалдық төлемді бөлісу бойынша комиссия жұмысына қатысуға.


  1. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА КӨМЕК

Тараптар өздеріне келесі міндеттерді алады:

1. Денсаулық сақтау ұйымдарында қызметкерлермен еңбек шартын жасасқанда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы нормаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестігі және жұмысберушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2015-2017 жылдарға Бас Келісімнің, осы Келісімнің сақталуын пәрменді қадағалаумен қамтамасыз етуге.

2. Келісім тараптарының әр қайсысы өз өкілеттігі шегінде әлеуметтік қауырттылық пен еңбек дауларының туындау тәуекеліне мониторинг жүргізуге, мониторинг нәтижесін салалық комиссияның отырыстарында қарастыруға.



  1. Денсаулық сақтаудағы кадр саясатын жүзеге асыру, медицина қызметкері мамандығының беделін көтеру, олардың әлеуметтік еңбек құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау мәселелерін шешудің кешенді тәсілімен қамтамасыз ету.

  2. Жеке және ұжымдық еңбек дауларын сотқа дейін жедел қарастыру және шешу мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарында келісу және бітістіру комиссияларын Кәсіподақ пен жұмыс беруші өкілдерінен теңдік негізінде құру.

  3. Денсаулық сақтау жүйесінде кәсіби стандарттарды әзірлеу және бекіту бойынша жұмысын жалғастыру.

  4. Сала қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен біліктілік деңгейін жоғарылатуды мемлекеттік бюджет немесе жұмысберуші есебінен, мәлімделген категорияға сәйкес оқу сағаттары нормасы шегінде, өтуді қамтамасыз ету.

  1. 50 жастан асқан тұлғалардың біліктілігін арттыру, лайықты еңбек жағдайын тудыру, жұмыс орындарын сақтап қалу шараларын қабылдау.

  2. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге емтиханға дайындық, емтихан мен сынақ тапсыру, лабораторлық жұмыс орындау, дипломдық жұмысқа (жобаға) дайындық және оны қорғау, әскери-оқу резервін даярлау бағдарламасынан өту үшін оқу демалысын тағайындау. Оқу демалысына ақы төлеу мөлшерін ұжымдық шарт пен оқу шартында анықтау.

  3. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V Заңын жүзеге асыру шараларын әзірлеу, сонымен қатар, ұрпақтар сабақтастығын, тәлімгерлікті дамыту мен нығайту, жастар денсаулығын сақтау мен нығайту, дене шынықтыру және спортпен айналысуға жағдай тудыру, студенттік форумдарды ұйымдастыру мен өткізу.

  4. Жастар арасында жұмыспен қамту және жұмысқа орналасу үшін жағдай тудыру мақсатында Тараптар міндеттенеді:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 29 б. 1 тармағының сәйкес, 3),4),5),6) тармақшаларында белгіленген жағдайдан басқа, жұмысқа жаңа келген жас мамандармен еңбек шартын белгілі мерзімге жасасуға;

2) Жұмысқа алар кезде он сегіз жасқа толмағандарға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта, жоғары және жоғары білім алғаннан кейінгі ұйымдарда оқу білім беру бағдарламаларын меңгерген, алған мамандығы бойынша, бірақ оқу бітіргендеріне бір жылдан кеш емес, жұмысқа жаңа келген тұлғаларға сынақ мерзімін белгілемеуге.



Министрлік пен Ұлттық денсаулық сақтау палатасы міндеттенеді:

  1. Денсаулық сақтау ұйымдарындағы қызметкерлер санын негізсіз қысқартуға жол бермеуге шара қабылдауға.

  2. Қызметкерлер санын немесе қызметкерлер штатын қысқарту қажеттілігі туған жағдайда Кәсіподақ өкілдерімен өзара консультациялар және қызметкерлерді әлуметтік қорғау, жұмыспен қамту бойынша іс-шаралар әзірлеуге.

  3. Медицина қызметкерлерінің біліктілікке сәйкестігін растауға және кәсіби даярлығын бағалауға Кәсіподақ өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етуге.

Кәсіподақ міндеттенеді:

14. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен қарастырылған сала қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен мүдделерінің сақталуына, сонымен қатар жұмыс орнының қысқаруына негізділік, меншік иесі ауысқан жағдайда, ведомстволық бағыныстағы тиістілігі өзгергенде немесе мекеме қайта құрылғанда қызметкерлердің құқықтық кепілдері мен өтемақыларының сақталуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге.

15. Жеке және ұжымдық еңбек шарттарын сотқа дейінгі тәртіппен қарауға жәрдем көрсетуге.

16. Кәсіподақ мүшелеріне тегін заң консультациясын беруге, олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге.

17. Медицина және фармацевтика мамандығы қызметкерінің мәртебесін көтеруге, ұрпақтар сабақтастығын дамыту мен нығайтуға, инновациялық технологияларды ендіруді ескере отырып, денсаулық сақтаудың интеллектуалдық әлеуетін дамыту мен сақтау бойынша шараларды әзірлеуге және іске асыруға.

18. Кәсіподақтың Орталық Кеңесі және филиалдары жанындағы жастармен жұмыс бойынша тұрақты қызмет атқаратын комиссия қызметін жандандыру.



19. Кәсіподақ (конкурс негізінде) орта және жоғарғы оқу ұйымдарының студенттеріне тағайындаған шәкіртақысын, республикалық және облыстық кәсіптік шеберлік конкурстарынан жүлделі орынға ие болған дәрігерлер мен медбикелердің сыйақыларын төлеуге.


  1. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ


Тараптар міндеттенеді:

  1. Қызметкерді қауіпсіз еңбек құқымен қамтамасыз етуге, өндірістік жарақат алушылық пен қызметкерлердің кәсіби ауруларының пайда болуын ескертетін еңбек қауіпсіздігінің заманауи құралдарын енгізуге.

  2. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2007 ж. 31 шілдедегі №182-п бұйрығымен бекітілген қысқартылған жұмыс уақыты мен қосымша жыл сайынғы ақылы демалысқа құқық беретін орында жұмыс істейтін ауыр, зиянды (аса зиянды), және (немесе) қауіпті (аса қауіпті) жұмыстар тізбесі, өндірістер, цехтар, мамандықтар мен қызметтер Тізіміне сай ауыр және өте ауыр, зиянды және аса зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасайтын қызметкерлерді қосымша жыл сайынғы ақылы демалыспен, қысқартылған жұмыс уақытымен қамтамасыз етуге кепілдендірілген құқық беруге.

  3. Басшылар мен қызметкерлерге, сондай-ақ қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелерімен айналысатын Кәсіподақ өкілдеріне аталған мәселе бойынша нұсқаулық өткізіп, білім деңгейін тексеріп, оқыту жүйесін жетілдіруге, озық тәжірибелермен бөлісуге.

  4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау іс-шараларын, оның ішінде қызметкерлерді арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа да қорғау құралдарымен қамтамасыз етуді қаржыландыруға шара қабылдауға.

  5. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өндірістегі жазатайым оқиғаларды дер кезінде тергеуге, өндірістік жарақат алушылықтың алдын алу, сондай-ақ қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша шара қабылдауға.

  1. Әлеуметтік маңызы бар аурулар, оның ішінде (ВИЧ), гепатит, В және С туберкулез вирустары тудыратын аурулардың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар өткізуге. Халықаралық еңбек ұйымының АИВ/ЖИТС (ВИЧ/СПИД) және туралы Ұсыныстарын жылжыту бойынша шара қабылдауға.

  2. Салада еңбекті қорғауды басқарудың шығынды моделінен кәсіптік тәуекелді басқарудың заманауи жүйесіне өтуге қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жаңа стратегиясын әзірлеу және енгізу бойынша консультациялар өткізуге.

  3. Қалалар мен ауылды жерлерде қызмет атқаратын, жұмыс барысында қоғамдық көлікпен жүріп қызмет етуге міндетті, медицина қызметкерлерінің көлік шығындарын өтеу бойынша шара қабылдауға.

  4. Ауылдық жерлерде тұрып қызмет ететін медицина қызметкерлеріне коммуналдық қызмет және отын шығынының толық өтелуіне қол жеткізу.

  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы «Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен міедетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы» №1562 Қаулысына сәйкес денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне 5% міндетті зейнетақы жарналарының аударылуын қамтамасыз етуге.

  6. Медицина қызметкері тарапынан азаматтың денсаулығына зиян немқұрайдылық пен ұқыпсыздық әсерінен емес келтірілген кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды енгізуге ықпал жасауға.

  7. В және С вирусты гепатиті бойынша қатер тобындағы медицина қызметкерлерін жұмыс беруші қаражаты есебінен тексерілуіне, сондай-ақ кәсіптік аурулардың Мемлекеттік тізімін әзірлеу барысында аталған ауруларды қосу туралы сұрақты қарастыруға.

  8. Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында сала қызметкерлерінің скринингтік тексерілуден өтуін қамтамасыз етуге.

  9. Облыстық және салалық әлеуметтік әріптестік комиссия отырыстарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік жарақатты және кәсіптік ауру жағдайлары сұрақтарын қарастыру және қарастырылған нәтижесі бойынша шаралар қолдануға.

Министрлік және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы міндеттенеді:

  1. Қызметкер еңбек міндеттерін атқаруына байланысты, сондай-ақ қоғамдық жұмыс кезінде оның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген жағдайда келтірілген шығынды жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасында қарастырылған көлемде өтеуіне.

  2. Республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде қауіпсіз еңбек және еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды, қызметкерлердің арнайы киіммен жабдықталуын, уәкілеттік еңбек органдарының тізімі мен нормасына сай арнайы тағаммен үзіліссіз қамтамасыз етілуін, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 312 бабына сәйкес жұмыс беруші есебінен қызметкерлердің жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуін қаржыландыруды ескеруді, сондай-ақ облыстар және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктеріне аталған шығындарды жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды ұсынуға.

Кәсіподақ міндеттенеді:

  1. Еңбекті қорғау аясында өз міндеттерін орындау бойынша қызметкерлермен түсіндірме жұмысын жүргізуге

  2. Денсаулық сақтау ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын туғызуға, еңбек міндеттірін орындау барысында қызметкерге келтірілген зиян шығыны дер кезінде және толық өтелуіне, Еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау қолданыстағы заңңамаға сәйкес жүргізуге.

  3. Өндірісте зардап шеккен және қаза тапқан Кәсіподақ мүшелерінің отбасыларына құқықтық және материалдық көмек көрсетуге.

  4. Салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жүргізуге, медициналық көрсеткіштері бойынша сауықтыруды қажет ететін кәсіподақ мүшелеріне санаторлық-курорттық емдеуге жеңілдік қарастырылған жолдамалармен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетуге, сондай-ақ олардың балаларын сауықтыруға.




  1. КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДЕРІ




  1. Тараптар міндеттенеді:

  1. Кәсіподақтық қызметі мен Кәсіподаққа мүшелігіне байланысты кез келген қызметкердің заң кепілдік берген әлеуметтік, еңбектік және басқада құқықтары мен бостандығын шектеуге, мәжбүрлеуге, қызметінен босатуға немесе басқа әрекеттерге жол бермеу бойынша шара қолдануға.

  2. салада Кәсіподақ пен оның құрылымдық бөлімдері қызметінің кепілдері мен заңмен белгіленген құқықтарының сақталуы бойынша шара қолдануға.

  3. сала ұйымдарында Кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету үшін отырыстар өткізуге орын-жай, жиһаз, оргтехника мен байланыс құралдарымен жабдықтауға, сондай-ақ қызметкерлер үшін қол жетімді жерде ақпарат орналастыруға мүмкіндік беруге.

  4. жарғылық міндеттері мен заңмен берілген құқықтарын жүзеге асыру үшін сайланбалы кәсіподақ органдарының өкілдеріне Кәсіподақ мүшелері қызмет атқаратын ұйымға кіруге.

  5. кәсіподақ органдарының сұранымы бойынша ақпарат, қызметкерлердің еңбек жағдайы, жалақы, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, күн көріс жағдайы және басқа да әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бойынша мәліметтер мен түсініктемелер беруге.

6) жұмыс берушілер өкілдерінің кәсіподақ ұйымдары мен органдарының қызметіне араласуына жол бермеуге, сондай-ақ олардың қызметіне кедергі жасамауға.

7) өздері мүше кәсіподақ ұйымының дәлелді пікірінсіз жұмыс берушінің бастамасымен негізгі қызметінен босатылмаған сайланбалы кәсіподақ ұйымының мүшесін қызметінен босатуға, сондай-ақ тәртіптік жаза қолдануға.

8) өздері мүше кәсіподақ ұйымының дәлелді пікірінсіз жұмыс берушінің бастамасымен негізгі қызметінен босатылмаған кәсіподақ ұйымының басшысыларын (төрағаларын) қызметінен босатуға, сондай-ақ тәртіптік жаза қолдануға, заңды тұлғаның немесе жұмыс берушінің қызметі тоқтаған жағдайдан басқа уақытта.

9) Кәсіподақ мүшелеріне Кәсіподақ Жарғысы белгілеген мерзімде жұмыс уақытында жиналыс өткізуге құқық беруге.

10) Негізгі қызметінен босатылмаған кәсіподақ қызметкерлеріне, оның ішінде еңбек қорғау қоғамдық инспекторларына ұжым мүддесіне қоғамдық міндеттерін атқаруға орташа айлық жалақысын сақтай отырып уақыт бөлуге. Уақыттың дәл мөлшері ұжымдық шартпен белгіленеді.

2. Кәсіподақ органдарының мүшелерін өз мүшелерінің мүддесінде қоғамдық қызмет атқару үшін, кәсіподақтық оқу уақытында, делегат ретінде кәсіподақ шақырған съезд (конференция) уақытында негізгі қызметін атқарудан босатуға және оның орташа айлық жалақысын сақтауға.

3. Жұмыс беруші кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкердің жазбаша өтініші болған жағдайда айына бір рет, келесі айдың бірінші декадасынан кешіктірмей, тиісті филиалдың есеп шотына барлық табыс көздерінен толық көлемде кәсіподақ жарнасын аударады.


  1. ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ДАМУЫ

1. Тараптар міндеттенеді:

1) әлеуметтік әріптестік ұстанымдарын әрі қарай дамытуға және өркендетуге, жасалатын келісімдер мен ұжымдық шарттардың тиімділігін арттыруға, қабылданған міндеттірдің орындалуына қадағалау орнатуды.

2) аталған келісімнің шарттарының орындалу нәтижелерін Тараптардың ресми сайттарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ салалық және кәсіподақтық баспа беттерінде жариялауды.

3) қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік экономикалық, кәсіптік мүдделерін қозғайтын, қызмет бағыттары мен болашақ шаралары жөнінде толық ақпаратпен дер кезінде алмасуды.

4) денсаулық сақтау ұйымдарына облыстық келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасуға ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетуді.

5) тараптар қабылдаған міндеттемелердің орындалуын қадағалау. Салалық комиссияда салалық Келісімнің орындалу барысын ұдайы қарастырып отыруды.

6) әлеуметтік әріптестік аясында әлеуметтік-еңбек тартыстары мен көтерілістерді болдырмау және алдын алу бойынша іс шаралар әзірлеу.

7) келесі сұрақтарды қарастыру:

келісім, ұжымдық шарттар әзірлеу мен қабылдауға қатысу үшін бақылаушылар топтарының қалыптасу тәртібі мен қызметі туралы;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша Кеңестің қалыптасу тәртібі мен қызметі туралы;

кадрлық потенциал мен біліктілікті дамыту бойынша үйлестіру орталығы туралы.



  1. Аталған келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша келіссөздерді жүргізуді әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия атқарады.

Салалық комиссияның құрамын Тараптар өз бетінше Тараптар өкілдерінің тепе-тең негізінде анықтайды.

Комиссия туралы Ереже, оның жұмыс тәртібі, міндеті мен өкілеттігі салалық комиссияның отырысында бекітіледі.



  1. Келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу кезінде осы толықтырулар мен өзгерістерді енгізуге бастама көтеріп отырған тарап басқа тараптарға Келісім жасасу тәртібіне сай келіссөздер жүргізуді бастау туралы жазбаша хабарлайды.



  1. КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӘНЕ

ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ
Тараптар келесі мәмілеге келді:

1. Келісімге қол қойылғаннан кейін он күн мерзімде Тараптар Келісім мәтінін денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары басшыларының, Кәсіподақтың құрылымдық бөлімдерінің, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы назарына жеткізеді және қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды 1 ай мерзімде әзірлейді. Келісімге қол қойған әрбір тарап өз өкілеттіктері шегінде өзінің жауапкершілігін мойындайды және туындайтын проблемаларды шешуде ынтымақтастық жасауға міндеттенеді.

2. Бірде бір Тараптың бір жақты тәртіппен Келісімнің қолданылуын тоқтата тұруға немесе алып тастауға құқығы жоқ, оған өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша енгізіледі.

3. Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу, әлеуметтік әріптестік Тараптары мүдделерін келістіру, Келісім әзірлеу және жасасу, оның орындалуына мониторинг және бақылау жүргізу үшін тұрақты қызмет атқаратын салалық комиссия құрылады.

4. Келісімнің орындалуын бақылау Келісім тараптарымен және олардың өкілдерімен, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша салалық комиссиясымен жүзеге асырылады.

Бақылау жүргізу үшін Келісім тараптары жыл сайын Келісімнің орындалу барысы туралы расталған ақпаратпен алмасады.

Келісім орындалмаған жағдайда мүдделі тұлғалар салалық екіжақты комиисияны немесе Келісімге қол қойған басшыларды тікелей жазбаша түрде хабардар етеді. Тараптар табыс етілген ақпаратты талқылауды жүргізеді және тиісті шешімдер қабылдайды.

5. Осы Келісім оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және жаңа келісім қабылданғанға дейін, бірақ 2018 жылдың ақпан айынан кешікпей қолданылады.

2015 жылдың __________________ Астана қаласында мемлекеттік және орыс тілдерінде, 8 данада жасалды. Қол қойған қатысушылардың әр қайсысында Келісімнің бір данасы бар.

Осы салалық Келісімге мыналар қол қойды:


Қазақстан   Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі


__________________

Т. Дүйсенова

Ұлттық денсаулық

сақтау палатасы

Басқармасының төрағасы

______________

К. Омаров

Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрайымы
_______________

М. Бутина















2015 жылдың «__ » ___________

Қазақстан Республикасы

денсаулық сақтау және әлеуметтік



даму Министрлігінде тіркелген








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет