Ы жарнама технологиясы



бет39/57
Дата16.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492187
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
bak

Фирма жарнамасы мынадай мақсатты ұстанады:

  • тұтынушыларда фирманың белгілі бір бейнесін қолдану;

  • фирмаға деген жақсы қарым- қатынас туғызу;

  • сұранысты арттыру;

  • тұтынушыны тұрақты сатып алушы етуге ұмтылу;

  • басқа фирмаларға сенімді серіктес бола алатын жағдай туғызу;

Фирма жарнамасынан басқа тауар және қызмет көрсету жарнамалары да бірдей мақсатты алдына қояды:

  • берілген тауар немесе қызметке қажеттілік пен сұраныс туғызу;

  • тауар мен қызметті пайдалануға ұмтылдыру;

  • тауар айналымын жылдамдату;

  • тауар мен қызмет таңдауға тұтынушыларға көмек көрсету;

Жарнамалық топ өз жұмысын жарнаманың бірнеше түрін қолдану арқылы жүргізеді.
Шолу жарнамасы. Бұл түр жарнама обьектісін негізгі құрал етеді. Оның мақсаты – тұтынушыны сендіру, сенімсіздікті жою яғни психологиялық тұрғыдан әсер ету.
Мәртебелі жарнама. Онда мекеме тарихының елеулі жақтарына, жоғары кіріс мөлшеріне, қамқорлық пен демеушілік еткен істеріне тоқталады. Бұл екі жарнама барлық жағдайды қамти отырып, кең аудиторияға орналастырылады. Жарнама теориясында бұл «ПР» саласына енеді.


Жарнама агенттігі және оның рөлі
Жарнама агенттіктері дегеніміз - жарнамалық қызметтерді орындауға маманданған (жарнама зерттеулерін жүргізу, жарнамалық қызмет жоспарын жасау, жарнама компанияларынның жұмысын жүргізу және өткізу, сондай-ақ жарнамалық арналар даярлау, орнату және т.б.) тәуелсіз фирма. Жарнамалық агенттіктер бұл жұмысты өз тұтынушылары атынан және солардың қаржысымен жасайды.
Жеке жарнамалық қызметтері бар ірі жарнама беруші фирмалар жарнама агенттігіне жүгінеді. Ол төмендегідей себептерге байланысты:

  1. Жарнама агенттіктері күн сайын аудитория мүдделерін, өзіндік тәжірибелерін, компитенттілігін түсінуге көмектесетін маркетингтік жағдайларды кең спекторымен ұштастырады. Өз кезегінде бұл жарнаманың сапасын мен тиімділігін анықтайды;

  1. Агенттік тәуелсіз ұйым болып табылады, бұл жарнама берушінің проблемаларына «сырт көзбен қарауға», яғни әлдеқайда обьективті қарауға мүмкіндік береді;

  1. Жарнама агенттіктері бұқаралық ақпарат құралдарымен жақсы қарым-қатынаста болады, жарнаманы беру үшін уақыт пен орынды тұрақты және алдын ала сатып алады. Жарнама берушілердің жарнама агенттіктерімен істес болуы оларға өз мәселелерін жедел шешуге және қаражат пен уақытты үнемдеуге көмектеседі;

  1. Жарнама агенттіктеріне (әсіресе, жарнама қызметінің толық кешенімен толық қамтамасыз ететіндер) жарнамада жүйелік әдісті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, жарнаманың тиімділігін әлдеқайда жоғарылатады.

Жарнама агенттіктерін таңдау кезінде жарнама беруші оның қызметінің келесі аспектілеріне назар аударғаны жөн:
- агенттіктің құрылған уақыты, жұмыс тәжірибесі;
- ұсынылатын жарнамалық қызметтер тізімі;
- қажетті мамандар болуы;
- кәсіби мамандардың (орындалатын қызметтер, жарнамаланатын тауарлар, мақсатты аудитория типтері, т.б. бойынша) болуы;
- қызметтер төлемінің реті мен құны.
Агенттік ұсынатын қызметтер саны ұйымдағы жарнамалық қызметке қарағанда әлдеқайда жоғары және олардың түрлері әлдеқайда кең. Кең спекторлы қызметі бар жарнамалық агенттік әдетте жұмысқа жоғары шығармашылық қабілеті бар қызметкерлерді тартады. Халықаралық деңгейде жұмыс істейтіндерінің шетелдерде коммерциялық агенттіктері болады. Агенттіктер болашақ клиенттерге әр түрлі мамандар қызметін, соның ішінде мәтіншілер, суретшілер, продюсерлер, жарнама құрылымдары бойынша мамандар, әлеуметтанушылар, психологтар, ПР қызметкерлер т.б. ұсынады.
Жарнама агенттіктері жарнама берушілер тапсырмасы бойынша қызметтердің кең спекторын атқарады.
1. Жарнаманы жасауға байланысты (жарнама материалдарын, фирмалық стиль, брендтер жасау) шығармашылық және орындаушылық қызметтер атқарады.
2. Өндірістік базалармен (типография, студиялар), басқа жарнамалық және баспалық фирмалармен (соның ішінде шетелдік фирмалар) қарым-қатынас жасайды.
3. Жарнама таратушы құралдармен, оның ішінде БАҚ-пен қарым-қатынас орнатады.
4. Тапсырыс орындалуының барысы мен сапасына бақылау жасайды.
5. Қаржылық есептеулер жүргізеді.
6. Тауарлар, нарық, тұтынушыларды жарналық компанияны негіздеу және жарнамалық идеяларды жасауға қажетті көлемде зерттейді.
7. Жарнамалық түпнұсқаларды даярлап, оны БАҚ-та жариялайды.
8. Көрмелер, жәрмеңкелер сияқты жарнамалық іс-шаралар ұйымдастырады.
9. Жарнамалық-техникалық семинарлар және баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, оларды өткізеді.
10. Сыртқы жарнама құралдарының техникалық жұмыстарын жасап, оларды іске асырады.
11. Телерадиоға бейнежазбалар, бейнеклиптер түсіреді.
12. Сауда залдары және витриналар интерьерлерін жасайды.
Жарнамалық агенттіктер жарнама берушінің өкілі ретінде қызмет істейді және бұқаралық ақпараттар құралдарымен олардың атынан және олардың тапсырысы бойынша қарым-қатынас жасайды. Жарнамалық агенттік мекеме немесе фирмаға коммуникацияның әлдеқайда қолайлы құралын ұсына алады, жарнамалық хабарламаның баспа басылымдарында орнын, ол қанша рет шығуы керек екендігін көрсете алады және жарнама роликтерінің эфирге шығу жағдайы туралы келісім жасауға мүмкіндігі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет