Ы жарнама технологиясы



бет51/57
Дата16.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492187
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57
bak

Принцип латынның - негіз, бастау деген сөзінен шыққан, өзара байланысты бірнеше мағына мен қоғамдық-саяси қызметтің барлық саласында кеңінен қолданылады. П. - ғылыми, қоғамдық, саяси шығармашылық аумақтағы барлық іс әрекеттің теориялық-методикалық түп негізі. Принцип осылайша журналистиканың да іс-қимылының теориялық негізі болатындықтан істі жүргізуші сол аумақтағы мағлұматтан бастау алады. Принцип - журналистиканың дамуы мен іс қимылы заңдылықтарының жиынтығы. Сонымен қатар танымдық процесс, көзқарасты қалыптастыру мен ұйымдастыру ісінің бірлігін қамтамасыз етудегі журналистикалық қызметтің методикалық негізі болып табылады.
Саясат – алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекетті басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді. Саясат - өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі.
Тиімділік - латынның «эффективность» яғни орындау, нәтиже деген сөзінен шыққан. Саяси сөздік анықтамаларында көзделген мақсаттың орындалу мөлшері іс-қимылдың нәтижесін мақсатпен теңестіру немесе мақсаттың орындалу өлшемі деп анықтаған. Ал, басқару теориясында тиімділік принципі алға қойған мақсатты, еңбек, материал, қарыз жағынан ең аз бөлігін жұмсап, ең қысқа мерзімде нәтижеге жету деп түсіндіреді. Көптеген ғалымдар тиімділікті алға қойған мақсаттың орындалған мөлшері деп тұжырымдаған
Функция - латынның істеу, жасау, атқару, орындау іс-әрекеттің мақсаты деген мағынаны білдіретін сөзі. Екі обьектінің бірі өзгергенде келесісі де бірге өзгеру қатынасын да функция деп атайтыны тағы бар. Олай болса, қарым-қатынас жүйесіндегі белгілі обьектінің бірі өзгергенде келесісінің де бірге өзгеруін де функция деп атайды. Олай болса қарым-қатынас жүйесіндегі белгілі обьектінің қажетті талабын функция деп көріп оны элемент ретінде өз аумағында өзара сабақтастықтарымен тану дұрыс. Функция нендей бір ұғымның теориялық ішкі сипатын көрсетеді. Белгілі жүйенің іс-әрекеттік тәсілі мен оның ішкі құрылымын функция анықтайды деген де тұжырым бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет