Ы жарнама технологиясы



бет50/57
Дата16.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492187
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
bak

Глоссарий
Ақпарат – информация /лат. Informatio-түсіндіру, баяндау, хабардар ету/. 1) істің жағдайы, қандайда болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру.
Ақпарат құралдары – мемлекет тәуелсіздігінің саяси-экономикалық және ғылыми-техникалық дербестігімен пара-пар басты белгілерінің бірі.
Ақпарат саясаты – мемлекеттік органдардың қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған реттеушілік қызметі. Бұл тек телекоммуникацияларды ақпараттық жүйелерді немесе БАҚ-ын ғана емес, барлық түрдегі – іскерлік, ғылыми-танымдық, хабарламалық т.б сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды.
Журналистикақоғамдық институт, қоғам айнасы. Қазіргі заман тақырыптары мен проблемаларын қамти отырып, оқырман қауымның әртүрлі өкілдерінің қажеттілігін күнделікті қоғамдық ақпаратпен негізінен публицистика формаларын пайдалана отырып қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қоғамдық өзекті проблемаларды қозғаған ғылыми, көркемдік әртүрлі туындыларды жариялайды.
Публицистика – публицистика мерзімді басылымдарды мазмұны жағынан байыпты, қоғамдық-саяси материалдық ой идеяларды жазбаша әшкерелеп, замана талабын бейнелейді. Зерттеушілер публицистика журналистиканың пайда болуына алғы шарт болған деп пайымдайды. Публицистика – қоғамдық өмірдің ең өзекті проблемаларын көтеріп, саяси іс қызметке белсенді араласады және ғылым мен өнерге де тікелей сабақтастығы бар.
Публикацияның тиімділігі - бастапқы кезеңде таңдап алынған фактінің қоғамдық мәнін, саяси маңызы, әлеуметтік бағытын қаншалықты бейнелей алды дегенмен тығыз сабақтасады. Сондай-ақ, тиімділік – публикация тақырыбының мезгілін тапқандығы, практикалық өзекті проблемаға берген жауабы, қоғамдық өмірге байланысты белсенділігінің деңгейі т.б. Жалпы публикация тиімділігі редакция жұмысының алыс және таяу мерзімде жасалатын жоспарлардың біртұтас сапасы, ғылыми негізділігі, кәсіби шеберлігі, өзара үйлесімі және мақсаттың орындалуына сай туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет