І жүргізуші: Жас ұлан қандай ғажап едің Әспеттеп көркем тілмен жазар едім Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін Жайнай бер Ұлы Отаным қазақ елім



бет1/3
Дата22.12.2022
өлшемі22.58 Kb.
#467717
  1   2   3
Жас Ұлан, Жас Қыран сценарий


І жүргізуші:
Жас ұлан қандай ғажап едің
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін
Жайнай бер Ұлы Отаным қазақ елім,
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстаным елім менің
ІІ жүргізуші:
Нәсілдерге нәсіл болсын Нұрлы күн
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан ғылып ұлыстардың бірлігін
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім,шұбарланбай жарқыра
Тарихымда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата-баба рухына
І жүргізуші: Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар! Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Бүгінгі жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Гимн
І Жүргізуші: Сіздердің алдарыңызда «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жас көшбасшылары!
Біз «Жас Ұлан» — болашақтың жастары, (бірге)
Біз «Жас Ұлан» — ашық әркез аспаны.
Біз «Жас Ұлан» — еліміздің ұланы,
Біз «Жас Ұлан» — болашақтың бастауы.
ІІ жүргізуші: «Жас ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. 
Гаухар
Қазақстан – байтақ елім,
Кіндік қаным тамған жерім,
Ұланың боп өсіп келем,
Келешегім ол да менің!
Өнегелі ұстаздардан
Білім алып кемелденем,
Жақсылыққа жетелеген
«Жас Ұланым» мерекеңмен!
Баян:
Жасұлан алға!
Келеміз алда!
Ойнаймыз күлеміз,
Адалдақты сүйеміз!
Мына жарқын өмірде
Алға өрлей береміз!
Бізді не біріктіреді?
Ортақ ой мен әсем ән!
Балдырғанбыз, жыр – әнбіз,
Ұлы елде Ұланбыз!
Келешектің кепілі,
Ұлтқа туған Қыранбыз!
«Жас Ұлан» ұйымы бізге не береді?
Жаңа достар, асқақ арман, айқын бағыт,
Біріксек кетпес бос уақыт!
Жасұлан – таланнты!
Жасұлан – қабілетті!
Жасұлан – дарынды!
Жасұлан – мейірімді!
Жасұлан – сенімді!
Жасұлан – көңілді!
Жасұлан – сыпайы!
Жасұлан – әдепті!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет