І жүргізуші: Жас ұлан қандай ғажап едің Әспеттеп көркем тілмен жазар едім Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін Жайнай бер Ұлы Отаным қазақ елім


Баян: Біз кімдерге қамқоршымыз? Жасұландар



бет2/3
Дата22.12.2022
өлшемі22.58 Kb.
#467717
1   2   3
Жас Ұлан, Жас Қыран сценарий

Баян: Біз кімдерге қамқоршымыз?
Жасұландар: 
Мейірім күткен жандарға,
Көмек күткенжан бар ма!?
Баян: Бізге бәрінен не қымбат?
Жасұландар: 
Бейбітшілік пен достық қымбат!
Ұят пенен ар қымбат!
Біз Жасұлан өнегеміз,
Ұл-қызына әлемнің
Бізден үлгі алады,
Балалары бар елдің.
ІІ жүргізуші:
Ендеше, оқушыларды «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Аружан: Туған елін шексіз сүйеді.
Гаухар: Қазақстан Республикасының туының түсіндей галустук тағу керек және Республикамызыдң мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік гимнді жатқа айту керек.
Ақкенже: Өзін тұрмыста,қоғамдық өмірде сыпайы, қарпайым мінезде ұстайды.
Аяулым: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал
Балғын: Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
Бағынар: Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін бола
Барлығы:
Біз «Жас Ұлан» — болашақтың жастары, (бірге)
Біз «Жас Ұлан» — ашық әркез аспаны.
Біз «Жас Ұлан» — еліміздің ұланы,
Біз «Жас Ұлан» — болашақтың бастауы.
І жүргізуші:
Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
ІІ жүргізуші:
Ендеше 5- сынып оқушысы Мурсалимов Бекзат ант беруге дайын!
Бекзат:
Біз, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отанымыздың – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымныздан талап етуге. Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде қалған мүшелері «Ант етеміз!» (бірге)
І жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының біз түлегі
ІІ жүргізуші:
Құрметті Ұстаздар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет