ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Обылыс көлеміндегі қайырымдылық шараларының жүзеге асуы
Бала – тең құқылы тұлға.Ол өмір сүруге,толық дамуға,кері әсерлерден,қатал қарым – қатынынас және экспуатациядан қорғануға,сондай – ақ толық отбасылық мәдени және қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқылы.
Дамыған капиталистік елдердегі халықты әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету бағдарламасы жүйелі іске асырылуда,ал қайырымдылық та осы жүйенің бір құрамдас бөлігі.
Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленгенде Қазақстан Республикасы – әлеуметтік мемлекет.Яғни, мемлекет өзінің бар мүмкіндігін,қамқорлығын өз қоғамының дамуына,ондаған азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге арнауға міндетті.Бүгінге дейінгі қол жеткізген табыстарымызды таразылайтын болсақ,егеменді тәуелсіздік бізге тек қана ілгеріленуге және өркениетке қарай жол ашты.Енді еңкейген қарттарымыздан бастап еліміздің болашақ жастары осы бағытта тоқтаусыз жұмыс жасауда.
Нарықтық қатынастарға көшу жағдайы және оған сәйкес республикамыздың экономикасының тұралап қалуына байланысты жетім балаларды,тұрмыс жағдайы нашар азаматтарды әлеуметтік құқықтық және материалдық жағынан қамқорлыққа алу мәселе қоғам үшін маңызды сипат алып,оларды үкімет тарапынан табанды түрде талап етілуде.
Сондықтан да мен жұмысымды «Helping Hands International» - «Қол ұшын беру».
Халықаралық қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасында жұмыс жасайды.Бұл қайырымдылық қорының негізін салушы американдық Джоан Талман.Қордың негізіг мақсаты – қайырымдылық.1994 жылы Джоан алғаш рет Қазақстан елімен танысу мақстанында Алматыға келді.Джоанның айтуынша: 1993 жылы Америкада көптеген газер – журналдарда Қазақстан,ондағы қазақ халқы, оның проблемалары,мұң мұқтажы жөнінде жазылған.Осындай кезде ол елге көмек керек деп мен көмектесу үшін келдім дейді,Джоан мырза.Джоан мырза өз кезегінде Алматы қаласында орналасқан балалар емханасына дәрі – дәрмек салынған контейнер,ал ауру әцел азаматшаларға Америкаға барып емделуіне жағдай жасап берді.Осы сынды қайырымдық қорлары өз мемлекетімізде де көптеп ашылып жұмыс жасауда.Соның бірі – Бөбек қайырымдылық қоры осы 10 жыл ішінде ауыз толтырып айтуға тұрарлық жұмыстарды жүзеге асырды.Семей, Қызылорда облыстарындағы әрбір үшінші сәби кемтар болып өмірге келеді.Арал өңірінің 87 пайызы дымкес.Әрине мұндай факторлар баршамызды аландатып отырғаны аян.Бұл таңда «Бөбек»республикалық қайырымдылық балалар қорының ең басты қызметі мынадай:
Балаларды тәрбиелеу,отбасын сақтауға және балалар үйіне көмек көрсету;
Салауатты өмір салты бағдарламасын енгізу медициналық мекемелерге көмектесу;
Экологиялық апатты аймақтардағы балаларға көмек беру;
Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық аймақтарында «Бөбектің»бастамасымен құрылған қорлар жұмыс істеп жатыр.
Қор әсіресе,Семей ,Арал сияқты экологиялық зардап шеккен аймақтардағы жеткіншектердің жағдайын оңалтуғв көп көңіл бөліп жатыр.айта берсем мұндай игілікті істер мол. «Бөбек»қайырымдылық қоры еліміздегі балалар ауруханаларына дәрі-дәрмек пен қажетті дәрігерлік құралдар, «Жедел - жәрдем» машиналары,Арал өңірінде тұратын балалардың денсаулығын түзету мақсатында жылжымалы диогностикалық орталықты сыйға тартқан.Ал американдық таңдаулы дәрігерлер қордың қаржыландыруымен 60 баланың жүрегіне күрделі операция жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |