Қайырымдылық қорлар мақсаты – әлеуметтік жағдайды көтеру
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдау керектігін атап көрсеткен болатын. Бұл жақсылық жасап, жомарт жүрек атанған азаматтарды халық білсін деген ойдан туындаса керек.
Өзге адамдарға қамқорлық танытып, жан жылуымен бөлісу, көмек көрсету – кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Дегенмен қоғамда қайырымдылық танытуды өмір салтына айналдырған адамдар да жоқ емес. Міне, сондай жандардың бірі – Айдос Сайлығараев. Ол – Қызылорда қаласындағы тәтті өнімдер шығаратын кәсіпорын басшысы.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын көресің» деген ұстанымды ұстанатын жас кәсіпкер қалада өтетін қайырымдылық шараларынан қалыс қалған емес. Тұрмысы төмен отбасыларына қамқорлық танытып келеді. Ол 150-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жыл сайын «Мектепке жол» акциясы аясында тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балаларды мектепке қажетті оқу-құралдарымен және формалармен қамтамасыз етуді дәстүрге айналдырған. Сондай-ақ, қаладағы «Браунис» дүкенінің барлық нүктесінде «Ел арай» қоғамдық қорының арнайы жәшіктері орналасқан. Онда түрлі ауруларға шалыққан балалардың ем-домына қажетті қаражат жиналады. Осы қоғамдық қордың өткізген барлық қайырымдылық шараларына атсалысып, демеушілік танытып келеді. Бұдан бөлек, қаладағы №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы мектеп-интернатының оқушыларына қамқорлық жасап, тәттілермен қуантады. Жыл сайын қалалық демалыс паркінде балаларға арналып торт пісіріледі. Биылғы жылы салмағы 80 кг болатын 2 метрлік тортты тарту еткенде, балалардың қуанышында шек болмады. Сондай-ақ, «Фитнес» орталығында өткен қайырымдылық шарасында 20 мүмкіндігі шектеулі балаға азық-түлік пен тәттілер үлестірілді.Сол балалардың қатарында біздің мектепте үйден оқытылатын оқушымыз Темірхан Дана да бар.Үйден оқытылатын балаларға көп көмектесетін демеушіміз балалармен қалай көңілін табу керек екенін біледі.
Қайырымдылық ірі-ұсақ болып бөлінбейді. «Кең болсаң, кем болмайсың» – қайырымды болу міндетің деген ойға жетелейді.
Осы ретте менің зерттеуім бойынша мектепте республикалық және баска да көптеген акциялар өткізілетінін анықтадым.Соның ішіндегі «Мектепке жол» республикалық акциясы.Бұл акцияның негізгі мақсаты - жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.Осы тұрғыда мектебімізде әлеуметтік санаттағы балаларымыз жетерлік.Сол балаларды зерттеу барысында жан – жақтан демеушілер көптеп көмектесетінін қолдау көрсететінін анықтадым.Соның ішінде «Қызылорда»қонақ үйі директоры осындай қайырымдылық акцияларына үнемі ат салысып келеді.Мектеп балаларының сабаққа өз уақыттарымен баруы үшін барлық жағдайды жасап беріп отырған «Тотан Ана» кеңсе заттары дүкені иесі де көптеп көмектесуде.Дина ханым яғни филиал директоры балаларымыздың мектепке ешқандай қиналмай баруы үшін барлық жағдайды жасап берді.
Қайырымдылық акциясы аясында мектептен аз қамтамасыз етілген балалардың барлығы мектеп формасымен жіне де мектепке арналған құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілді.Біздер үшін балалардың жақсы білім алып тек бақытты болғанынынан артық қуаныш жоқ.Сондықтан біз балалар үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: "Бүгінгі таңдағы ауыртпашылықтар – біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ емес, барлық Қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-аухатын жақсарту аса маңызды міндет болып қала береді.
Қайырымдылық жасау әр азаматтың парызы десек, жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу әр ата-ана мен ұстаздардың ғана емес, баршаның міндет
Достарыңызбен бөлісу: |