І. Кіріспе; ІІ. Негізігі бөлім



бет1/3
Дата18.10.2023
өлшемі74.5 Kb.
#481009
  1   2   3
боташка


Жоспар

І .Кіріспе;


ІІ. Негізігі бөлім;
А) Қазақстан Республикасының соттары;
Ә) Сот жүйесінің негізгі және орта буыны;
ІІІ. Қорытынды;
ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі;

Кіріспе


Қазақстанның 1995 жылғы 30 тамыздағы Конститутциясының 30- бабы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлінуін , сондай – ақ тежемелік әрі тепе – теңдік жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара іс – қимыл жасауын бекітіп берді. Сол сәттен бастап сот билігін нығайту процессі шынайы көрініс таба бастады. Бұл тәуелсіз судьялар корпусының тәуелсіз болуына жағдай жасаудан, судьялар мен соттардың материялдық қамтамасыз етілуін арттырудан, сотты сыйламағаны үшін жауапкершілік белгілеуден, сот өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуден айқын байқалды. Әсіресе азаматтардың конститутциялық құқығы мен бостандығы шектеу қаупі бар жағдайларда, қылмыстарды іздестірумен және ашумен шұғылдануға жұмылдырылған құқық қорғау органдары әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін бақылауға соттар біртіндеп өкілеттік алуда. Мәселен, тұтқынға алу және күзетпен ұстау сотқа шағымдану мүмкін.
Сот билігі деп соттар жүзеге асратын адамдардың мінез – құлқына және әлеуметтік процестерге ықпал ету мүмкіндігі мен қабілетін айтамыз.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат – міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конститутциясының заңдарының өзге де нормативтік –құқықтық актілерінің халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету. Ол осылардың негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қатысты болады.
Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. ( Конститутцияның 76 бабы).
Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады ( Конститутцияның 76-бабы,заңның 1- бабы) Сот билігінің Қазақстандағы иелері құқық қорғау органдары пирамидасының жоғарғы сатысын айғақтайтын соттар болып саналады.
Құқық қорғау қызметінің жүйесінде сот төрелігі орталық орын алады. Оны соттар мемлекеттік мәжбүрлеу шаралар қолдана отырып және заңда белгіленген тәртіп пен рәсімді сақтай отрып, қылмыстық, азаматтық және өзге де істерді қарау мен шешу жөніндегі құқық қорғау қызметі деп түсіну керек.
Сот төрелігі конститутциялық принцептерге – сот қызметін ұйымдастырудың және реттеудің мәні мен мазмұнын анықтайтын жалпы басшылық идеялары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Оған құқық қорғау қызметінің барлық жалпы принцептері жатады.
Бұған қоса , оның тек қана өзіне тән сапалары бар, мәселен:

  1. Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады .

( Қазақстан Республикасының Конститутциясы 75-бабының 1 тармағы) Ол мыналардан көрініс табады:
соттардың айрықша юрисдикциясына жатқызылған істерді ешқандай басқа органда қарай алмайды;
соттардың айрықша юрисдикциясының аясын, сот ісін жүргізуді жүзеге асырудың тәртібін заң белгілейді және оны ешкім өз бетінше өзгерте алмайды:
қандай да бір атаумен төтенше немесе арнаулы соттарды құруға жол берілмейді;
адамды қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп табуға тек соттын ғана құқығы бар;
қылмыстық жаза тағайындауға тек соттың ғана құқығы бар;
сот қаулыларын тек жоғары тұрған сот қана белгіленген тәртіп бойынша бұзуы мүмкін.

  1. Судья сот төрелігін жүзеге асру кезінде тәуелсіз және Конститутция мен заңға ғана бағынады. ( Қазақстан Республикасы 77 – бабының, 1 және 2 тармақтары). Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Бұл принцептің мәні сотқа бөгде біреулердің араласуынсыз, қандай да бір қысымсыз немесе өзге де сырттан жасалатын ықпалсыз өз бетінше жауапты шешімдер қабылдауға шынайы мүмкіндік беретіндей жағдай туғызуға ұмтылу болып табылады.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет