І. Кіріспе; ІІ. Негізігі бөлім



бет2/3
Дата18.10.2023
өлшемі74.5 Kb.
#481009
1   2   3
боташка

Сот төрелігі тараптардың тартысы және тең құықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Қылмыстық қудалау, қорғау және қылмыстық істі сот арқылы шешу бір – бірінен бөлінген және әр түрлі органдар мен лауазымды адамдар арқылы жүзеге асырылады. Мұның азаматтық процестерге тараптарға да бірдей қатысы бар. Сол құқық мүддесінен басқа біреулердің сойылын соқпайды және қандай да бір мүдделерді қолдамайды. Ол әділдік пен алалықсыз қағиданы сақтай отырып, тараптардың процесуалдық міндеттерін орындауына және өздеріне берілген құқықтарын жүзеге асрылуына жағдай жасайды. Тараптарға өз көзқарастарын қорғайтындай бірдей мүмкіндіктер берілген. Олар дәлелдер тапсыру,қолдаухат беру, наразылық білдіру, дәлелдерді тексеруге қатысу және сотта сөз сөйлеу жөнінде бірдей құқықтарды пайдаланады. Сот олардың бірінші және наразылық шағымы, сот үкімін бұзу инстанциясы бойынша қаралатын істерге қатысу құқығын қамтамасыз етеді.

  • Қылмыстық істер бойынша да, азаматтық істер бойынша да сот төрелігі сот актілерін қайта қарау мүмкіндігіне жол береді. Сот үкімі мен апелляциялық қадағалау тәртібімен немесе жаңадан ашылған айғақтар бойынша шағым берілуі және наразылық келтіруі мүмкін.

  • Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін сот төрелігі актісінің міндетті күші бар. Заңды күшіне енген сот қаулылары Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындалуы тиіс.

  • Сот төрелігі жүзеге асыруда судья мынандай ережелерді басшылыққа алады:

    • сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы:

    • бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан

    қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды.

    • Қылмыстық заңды ұқсастығына қарап қолдана беруіне жол берілмейді.

    1. Сот төрелігінің кінәсіздік презумпиясы принцепін ерекше атап өту керек. Оның мәні кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

    Қазақстан Республикасының соттары


    Өздерінің құзіретіне және алдына қойылған мақсаттарына сәйкес , орналасақан соттар жиынтығы сот жүйесін құрады. Қазақстан Республикасы 75 – бабының 3 және 4 тармақтарына және «Қазақстан Респпубликасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы заңнын 3- бабына сәйкес республикадағы сот жүйесін Жоғары сот және жергілікті соттар құрайды.
    Жергілікті соттарға жататындар:

    1. Облыстық және соған теңестірілген соттар

    2. Аудандық соттар, біріккен күштердің әскери соттар;

    Ешқандай орган, лауазымды немесе өзге адам сот міндетін мойына алуға хақысы жоқ. Қандай да бір атаумен арнаулы төтенше соттарды құруға жол берілмейді.
    Республикада сотардың мамандандырылуы және осы мақсатпен : экономикалық, салықтық, әкімшілік және өзге де мамандандырылған соттардың құрылуы мүмкін.
    Сот жүйесі мынандай тұтастықты сипаттайды:

    билігін жүзеге асыру;

    • соттардың бірыңғай заңдарды қолдануы;

    • соттар құрудың тәртібі;

    • заңды күшіне енген сот шешімдерінің бүкіл Республика аумағында орындалу жүйесі;

    Сот жүйесін шартты түрде үш буынға бөлуге болады:

    • негізгі (аудандық,қалалық,құрамалар,әскери соттар;)

    • орта ( облыстық, республикалық маңызы бар қалалық соттар);

    • жоғары ( Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты);

    Сот буыны ұғымынан айыра қарауды қажет ететін сот инстанциясы ұғымы да бар. Сот жүйесінің буындары ұйымдық құрылым принцептерін сипаттайды, ал сот инстанциялары шешілетін міндеттердің өзіндік ерекшелігін, өкілеттілік аумағы мен сыйпатын, сондай – ақ сот ісін жүргізудің соған тән ерекшеліктерін даралайды.Сот инстанциясы деген ұғымды сот істерін шешумен байланысты қандай да бір сот функциясын атқаратын сот деп түсінген жөн.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет