І. Кіріспе; ІІ. Негізігі бөлім



бет3/3
Дата18.10.2023
өлшемі74.5 Kb.
#481009
1   2   3
боташка

Бірінші инстанция соты деп қарайтын және сол іс бойынша нақты шешім қабылдайтын сотты айтады. Ондай сот аудандық, облыстық немесе Жоғары сот болуы мүмкін.
Екінші инстанция соты деп бірінші инстанция соты қабылдаған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеретін сотты айтады
Аппеляциялық инстанция деп, бірінші инстанция сотының заңды күшіне енген үкімдеріне, шешімдеріне және қаулыларына аппеляциялық шағымдар және наразылықтар бойынша істер қарайтын екінші инстанция сотын айтады.
Бұлардың басқа қадағалау инстанциясы бар – ол алдыңғы сот инстанцияларының заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағымдар немесе прокуратуралық наразылықтар бойынша қадағалау ретінде іс қарайтын сот.
Сот жүйесінде сот төрелігін атқаруда негізгі салмақ негізгі буынға – аудандық және әскери соттарға түседі. Олар азаматтық және қылмыстық істердің көпшілігін, әкімшілік құқық бұзушыларға материялдарын және басқаларын қарайды.
Мәселен, олар заң бойынша жоғары тұрған соттардың қарауына жатқызылған істерді қоспағанда, бірінші инстанция бойынша қаралатын істердің бәрін қарайды.
Негізгі буынның соттары істерді жеке өзі қарайды.
Ауданда қалада (ауданның бағынысындағы қалаларды қоспағанда) қалалық ауданда аудандық сотты сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің Жоғарғы Сот Төрағасымен келсілген мәмілесі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады және таратады. Президент бірнеше аудандарға және қалаларға бір сот құра алады. Аудандық соттарда сот учаскелер құрылуы мүмкін.
Аудандық сот төрағадан және тұрақты судьялардан тұрады.Егер штат бойынша ауданға бір ғана судья тиісті болса, ол сонымен қатар төрағаның өкілеттігін де қоса атқарады. Судьлардың жалпы санын Президент КР-сы Жоғары Сотының жанындағы әкімшілігі жөніндегі комитеттің ұсынысы бойынша белгілейді.Сот учаскесінде судьялардың жұмысына аға судья басшылық етеді.
Аудандық соттың төрағасы судьяның және сот буыны басшысының міндеттерін қоса атқарады.
Аудандық соттың төрағасы уақытша қызметте болмаған жағдайда, оның міндетін атқару осы сот төрағасының өкіммімен осы сот судьяларының біріне жүктеледі.
Судьялардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасының келсімі бойынша облыс соттарының әкімшілігі белгілейді ( заңның 7 бабының 2 тармағы) Бұлардан басқа облыс соттарының әкімшілігі тағайындайтын сот отырыстарының хатшылары, сот орындаушылары, сот приставтары сот қызметкерлері болып саналады.
Облыстық соттар және оларға теңестірілетін астананың және республикалық маңызы бар қалалардың соттары. Қазақстан Республикасының әскерлерінің Әскери соты орта буын соттары болып есептеледі. Олар бірінші аппеляциялық және қадағалау инстанцияларының соттары ретінде әрекет етеді, сонымен бірге олар заңмен белгіленген жағдайларда жаңадан ашылған жағдайлар бойынша істерді қарайды.
Бірінші инстанция соты ретінде олар: мәселен, аса ауыр жағдайда кісі өлтіру, геноцид, мемлекетке опасыздық жасау, террорлық істер жаппай тәртіпсіздік жасау сондай – ақ өз қалаулары бойынша неғұрлым күрделі және маңызды істерді қарайды.
Мұнымен қоса , орта буындағы соттар заңды тұлғалар арасындағы экономикалық дауларды қарайды.
Орта буын соттары аппеляциялық тәртіппен қылмыстық және азаматтық істер бойынша шағымдар мен наразылықтарға байланысты негізгі буын соттары қараған істерді қарайды.
Бұл соттар қадағалау инстанциясы ретінде заңды күшіне енген сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігін тексереді, жаңа ашылған жағдайлар бойынша істерді қайта қарайды.
Мұнымен қоса, орта буын соттары сот статистикасын жүргізеді және талдайды, сот практикасын зерттейді, қортындылайды, зіне заңмен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Орта буын соттары сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің КР – сы Жоғары Соты Төрағасымен келсілген ұсынысы бойынша Республика, Президенті құрады және таратады. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын КР –ның Президенті бекітеді.
Орта буын соттары тарағанда, сот алқасы төрағаларынан және судьялардан құралады. Қадағалау алқасы қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот алқалары соттың жалпы отырысы.
Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын- алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады. Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы отырыста белгіленеді.
Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отрысында жасарын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьялардан тұрады.
Қадағалау алқасы шағымдар мер наразылықтар, сондай – ақ жаңа ашылған мән – жайлар бойынша қадағалау тәртібімен істер қарайды.
Орта буынның сот төрағасы судья болып есептеледі және соттың жұмысын ұйымдастырады.
Орта буын соттарының аппараттары негізгі буын соттарының аппараттарына ұқсас.
Жоғары сот – сот жүйесігің жоғары буыны болып табылады. Қазақстан Республикасының Жоғары Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізуді нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.
Жоғары сот төрағадан, сот алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады:
Жоғары соттың органдары:

  1. қадағалау алқасы;

  2. азаматтық істер жөніндегі алқа;

  3. қылмыстық істер жөніндегі алқа;

  4. соттың жалпы отырысы;

Жоғары Соттың жалпы отырысында:

  1. алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды:

  2. сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қортындылары бойынша республика соттарының соттөрелігін іске асыруы кезігдегі заңдылықтың сақатлуы мәселелерін қарайды.

  3. Сот практикасында заңдардың қолданылуы мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды.

  4. Облыстық сот төрағасы мен облыстық сот алқасының төрағасы мен мудьясы қызметінің бос орнына кандидаттарды талқылайды және тисінше қортындылар береді:

  5. Жоғары Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыс хатшысын және ғылыми – консультациялық кеңестің құрамын бекітеді:

Жоғары Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын – алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғары Соттың Төрағасы басқарады. Әр алқадағы судьялар саны Жоғары Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді.Қадағалау алқасы Жоғары Соттың отрысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьяларыннан тұрады.Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отрысында талқыланғаннан кейін дербес құрамын Жоғары Сот Төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.
Жоғары Соттың жанынан ғылыми – консультативтік кеңес құрылады. Ол сот практикасының Жоғарғы Сот Пленумы нормативтік қаулылары жобасының және өзге де құжаттардың практикасын зерттеу мен жинақтауға байланысты материалдарды дайындауды қамтамасыз етуге арналған кеңесші орган болып есептеледі.
Жоғары Соттың өз аппараттары бар, ол консультанттарды , инспекторларды , сот алқаларының хатшыларын қамтитын бөлімдерден тұрады.

Пайдалаланған әдебиеттер тізімі :





  1. Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2003 жыл

  2. Бақулов «Құқық негізі» 2004 жыл

  3. Ашитов «Қазақстан Республикасының құқық негізі» 2003 жыл

  4. Табанов «Салыстырмалы құқық негізі»

  5. Дулатбеков «Мемлекет және құқық негізі» 2001 жыл

  6. Жоламанов, Мұхтаров «Мемлекет және құқық теориясы» жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет