І. Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары, түрлері ІІ. Балаларды оқуға тартудың жаңа заман әдістері. ІІІ. Балалармен жұмыс істейтін кітапханаларды негізі қызметтерін ақпараттық, білім-беру, тәрбиелік, бос уақытты тиімді пайдалану



бет2/4
Дата04.05.2024
өлшемі51.23 Kb.
#500559
1   2   3   4
)

Зерттеудің көкейтестілігі: Баланы кітап оқуға деген ықыласын арттыру жолдары, олардың оқу барысында логикалық ойлануын қалыптастыру, сол оқыған кітабын қиялдау, сол кітап жайлы баланың мәдени сөйлеуін дамыту.
Балалар кітапханаларының негізгі функциялары жас ерекшелік категорияларын сақтап қызмет көрсету. Балалар уақытын тиімді өткізуіне тәрбиелеу барысында адамгершілік қасиеті мен педагогикалық және ақпараттық мәдениетін кітапханашы мен жас оқырманның қарым-қатынасы арқылы жетілдіру.
Зерттеудің мақсаты: Оқушы мен ата-ананы көркем әдебиет оқуға тарту, оқушымен, ата-анамен бірлескен сыныптан тыс оқулар ұйымдастыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсету ;
2. Балалар кітапханасында бұқаралық жұмыстардың түрлері;
3. Баланың оқырман болып қалыптасуына творчестволық оқу арқылы кітапхананың атқаратын ролі;
4. Балалар кітапханасы және оқу мәдениетін дамыту;
5. Кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара қарым-қатынас
Күтілетін нәтиже: белгілі бағдар бейімі анық оқушы, оқушының өзіне сенімін қалыптастыру, баспасөз беттерінде оқушы шығармашылығын жариялау. Кітапхананың тұрақты отбасылық оқырмандары, ата-ананың жауапкершілік сезімін көтеруге ықпал ету , отбасылық оқу күні .
Жетекші идея: Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің баланың оқырман болып қалыптасуының мүмкіндіктерін арттырып, шығармашылық оқу арқылы кітапхананың атқаратын қызметін қалыптастыру және дамытуды жаңа сапалық мазмұнға көтереді.
Қай кезде де кітап адамзаттың жан азығы, рухани байлығы болған. Кітапты оқу арқылы ғана біз болашақты болжап, келешегімізге кемел жол сала аламыз. Осы қағидаларға сүйене отырып, кітапханада кітап оқуға оқырман тәрбиелеудің жаңа әдістемелік бағыттары құрылады.
Кітапханадан балалар тіршілікке қажетті рухани қазынаның бәрін табу қажет. Адамгершілік қарым - қатынас, ортақ мүлікті мәдениетті түрде пайдалана білу, басқалар алдындағы жауапкершілікті сезіну, көрген, естіген, оқыған нәрселерді түсініп, талдап үйрену және өз пікіріңді дәлелдей, қорғай білу - осының бәрін балалар кітапханадан үйрену керек.
Оқырмандармен жүргізілетін жеке жұмыстардың мақсаты мен міндеттерін мынадай үш топқа бөліп қарауға болады.
1. Оқырманның жеке басына байланысты зерттеу жұмыстары, оқырман туралы мәліметтер алу, оқу мақсаты оқу ынтасының мазмұны, оқу жүйесі, кітапханалық - библиографиялық білімді игеру деңгейі т.б.
2. Оқу мәдениетінің құрамдас бөлімі оқырмандардың оқуға деген қажеттіліктері мен құштарлықтарын қалыптастыру, оқырман бойында күнделікті оқуға деген қажеттілікті қалыптастырып, оқуға деген құмарлықтарын тереңдетіп, жан - жақты дамыту, көркемдік талғамын ұстау т.б.
3. Оқу мәдениетінің құрамдас бөлігі кітапханалық библиографиялық құралдарды, каталогтар мен карточкалары кітап көрмелерін т.б. оқырманның өз бетінше еркін пайдалануға мүмкіндіктер беретін және тиімді оқу жолдарын көрсететін тәсілдерді үйрету.
Осы көрсетілген міндеттердің барлығын кітапханашы жеке оқырмандармен жұмыс жүргізу арқылы іске асырады. Осы күрделі де жауапты істі жүзеге асыру кезінде кітапхананың кітаптар қорының байлығына және библиографиялық құрамдарға сүйенеді. Сондай - ақ оқу мәдениеті жоғары оқырмандар үшін жақсы ұйымдастырылған кітапхананың ашық қорының, анықтама — библиографиялық аппараттарының, кітап көрмелерінің алатын орны ерекше, балаларды оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында балалар кітапханасында кітапханалық — библиографиялық сабақтар жүргізілуі керек.
Осы орайда мектебімізде “Республикалық тілдер мерекесі”, “Кен қопарып, мыс балқытқан өлке”, “Ұстаз-ұлағатты есім”, “Ғылыми ойлар әлемінде”,“Теңге-тәуелсіздік тұмары”, «Мемлекеттік рәміздер –ұлттық мақтанышым» атты библиографиялық сабақтар өткізіліп «Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы», «Біздің Елбасы» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған картотека жасалып, атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 2013 жылы «Бір ел-бір кітап акциясы» Ф.Оңғарсынованың «Дауа» аталатын жыр жинақтарын, 2014 жылы «Бір ел-бір кітап акциясы» Д.Исабековтың «Жусан исі» жинақтарын республикалық шарасы аясында елімізде жаппай оқуға ұсынылып көрмелер ұйымдастырылды. «Мәңгі қалар есімізде, қанға оралған сол жылдар» , Ер Жәнібек Бердәулетұлы 300 жыл, «Сұлу жырдың сырбаз сарбазы» атты көрмелер, пікір-таластар ұйымдастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет