Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы



Дата23.02.2016
өлшемі271.11 Kb.



«Астана Медицина университеті» АҚ

С № 07.1.19-2012



Шығарылған күні:



Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы

Тексерілген күні:

Тексеріс:

бет -




ОР 1109 «Құқық негіздері» пәні бойынша


CИЛЛАБУС

051301 - Стоматология мамандығына арналған


Дәріс - 24 сағат
Тәжірибелік сабақ - 36 сағат
СӨЖ – 30 сағат
Емтихан – 1, 2 семестр
Барлық сағат саны - 90
Курс - 1
Семестр – 1,2

Астана, 2012 ж.



1.6. Оқытушылар туралы мәлімет:

1. Дюсенова Алтыншаш Қаирқызы - аға оқытушы, 1994 жылы Целиноград қаласының Мемлекеттік Педагогикалық Институтын бітірген. Мамандығы: Тарих және құқық. Жалпы еңбек өтілі: 17 жыл, тіл меңгерімі: қазақ тілі, орыс тілі, неміс тілі, ағылшын тілін сөздікпен. Компьютерлік білімі –Word. Excel.

2. Құсайын Айгүл Ахатқызы - аға оқытушы, 1995 жылы Ақмола қаласының көлік жол техникумын бітірген. Мамандығы: есепші. 2001 жылы Астана қаласының Л.Гумилев атындағы Евразия Университеті. Мамандығы: Құқық зерттеуші. Жалпы еңбек өтілі: 10 жыл, оның ішінде 5 жылы педагогиалық. Тіл меңгерімі: Қазақ тілі – сөйлесу деңгейінде, орыс тілі еркін, неміс тілі және ағылшын тілі сөздікпен. Компьютерлік білімі - Word, Excel.

3. Какимжанова Нургуль Төкенқызы - оқытушы, 2000 жылы Қостанай қаласында А.Байтұрсынов атындағы Мемлекеттік Университетін бітірген. Мамандығы: Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті. 2006 жылы Орталық Азия Университетін бітірген. Мамандығы: Құқықтанушы. Жалпы еңбек өтілі: 11 жыл. Тіл меңгерімі: Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдері еркін. Компьютерлік білімі - Word, Excel.

4. Мұқанова Айжан Болатқызы – оқытушы, 2010 жылы Көкшетау қаласында Ш.Уәлиханов атындағы Университетті бітірген. Мамандығы: заңгер. Жалпы еңбек өтілі: 2 жыл. Тіл меңгерімі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі сөздікпен. Компьютерлік білімі –Word. Excel.

1.7. Байланыс ақпараты: Сары-арқа көшесі, 33

7 қабат, ауд. 711, 713, 715

Телефон:23-06-20

Электрондық мекен-жайы: astana – sudmed @ mail.ru.

Сайт: жоқ

1.8. Пәннің саясаты:

1. Пән бойынша барлық сабақтарға міндетті түрде қатысу қажет. Сабаққа қатысу, сондай-ақ белсенділік таныту қойылатын бағаға әсерін тигізеді. Кенеттен тыс жағдайлар, мысалы: ауырып қалу, отбасылық жағдайлар барысында сабақтан қалуға болады, бірақ міндетті түрде деканаттан босату рұқсат қағазы немесе дәрігердің анықтамасы қажет.

2. Қалдырылған сабақ нақты бір уақытта өтелінеді. Себепті жағдайлармен келмей қалған сабақтардың өтеліміне қорытынды ұпай қойылады, ал себепсіз жағдайлармен келмей қалған сабақтарға да өтелім жасалынады, бірақ оған ұпай қойылмайды.

3. Студент үй тапсырмасын оқытушыға «кейін» не болмаса «ертеңге» қалдырмай сабақтың басында тапсырады. Үй тапсырмасы орындалмаған жағдайда сабақтың қорытынды бағасынан 10 ұпай төмендетіледі.

3.1. Бекітілген мерзімінен кеш тапсырылған тапсырма жұмысына төмен ұпай қойылады және де курс бойынша жиналған жалпы ұпайға әсерін тигізеді.

4. Сабақ барысында тәртіп сақтау керек, яғни сөйлесуге болмайды және ұялы телефонды өшіріп қою қажет.

5. Оқу барысына белсенді қатысу.

6. Үй тапсырмасын бұлжытпай орындау.

7. Сабаққа келгенде міндетті түрде силлабустың, тәжірибелік сабақтың, ОСӨЖ, СӨЖ қағазға басылып шығарылған нұсқасын әкелу қажет (электрондық нұсқаларын да әкелуге болады).

8. Студент шыдамды және оқытушысымен курстастарына мейірімді де ашық болуы қажет.

Курстың бақылау әдістері: ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, Бұл бақылау жұмыстары жеке және топтық жұмыс түрінде тәжірибелік сабақтарда, коллоквиумдарда, жағдайлық есептерді шешу және қорытынды емтихандарда жүзеге асырылады. Курстағы оқыту барысы: -15 сағат дәріс, 15 сағат тәжірибелік сабақ, 30 сағат ОСӨЖ, 30 сағат СӨЖ .
Студенттерге оқу жылы барысында құқық негіздері пәні бойынша мынадай талаптар қойылады:


  • Дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға, ОСӨЖ уақытында келу;

  • Сабақтарға медициналық халатпен екінші аяқ киіммен қатысу;

  • Уақытында ОСӨЖ тапсырмаларын орындау;

  • Тәжірибелік сабақта Астана МУ АҚ анықтамалық жолдамасын және Құқық негіздері пәнінің силлабусын қолдану;

  • Студенттер дәрістер мен тәжірибелік сабақтардан қалған күндерін өз уақытында өтеу қажет.

  • Егер, студент тәжірибелік сабаққа келмеген күндерін өтемеген жағдайда коллоквиумға (аралық бақылауға) кірмейді.

- СӨЖ тапсырмаларын уақытында тапсыру (СӨЖ қабылдау қорытынды рейтингті санауға бір апта қалғанда тоқтатылады).

  • ОСӨЖ міндетті түрде тапсыру саны - 10 нан кем болмау керек, егерде студенттің өз қалауы бойынша 10-нан аса ОСӨЖ тапсыруға рұқсат беріледі.

  • Тәжірибелік сабақтарда міндетті түрде ҚР Конституциясын қолдану қажет;

  • Дәрістердің конспектілерін дұрыс жазу;

  • Кафедрада тазалық ережелерін сақтау;

  • Оқу әдістемелік жабдықтауларын (тесттерді, әдістемелік нұсқауларды) ұқыпты қолдану;

  • Студенттер өз рейтингтерін есептеуді білу.

  • Студент ай сайын өз рейтингін есептеу қажет.

  • Студенттерге ескерту. Барлық есептелген рейтингтер офис

регистратордың базасында болады, есептелінген рейтинг өзгертілмейді.

  • Егерде студент 50 % ға дейін төменгі пайызда ұпай алған уақытта, ол студент емтиханға жіберілмейді.

Аталған шарттарды орындамаған студенттерге берілетін айып шаралары мынадай:

1. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға себепсіз жағдайлармен келмегені үшін -10 ұпай төмендетіледі.

2. Тәжірибелік сабаққа және аралық бақылауға кешігіп келген жағдайда 10 ұпай төмендетіледі. 3. Сабақ барысында өзін дұрыс ұстай алмайтын студентке 10 ұпай төмендетіледі. 4. Студенттер берілген тесттерді және әдістемелік нұсқауларды ұқыпты қолданбағаны үшін, олар бүлінген заттарды орнына келтіру қажет. Мысалы: ксерокөшірмеден түсіру немесе компьтермен басып шығарып әкелу.

2. Бағдарлама

2.1. Кіріспе.

Құқық негіздері – бұл мемлекет пен құқықтың, саяси және құқықтық сананың, саяси және құқықтық қатынастардың заңдылықтары мен құбылыстары жөнінддегі білімінің бір саласы. Құқықтық білімдер жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады, себебі құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні.


2.2. Пәннің мақсаты:

«Құқық негіздері» пәнін оқытудың мақсаты студенттерге заң аумағындағы негізгі теориялық ережелерді үйрету, заңмен жұмыс істеуге дағдыландыру, іс жүзінде туындаған жағдайлар барысында жөн тауып алған білімдерін іске асыруды үйрету.

Барлық мамандықтағы дәрігерлердің жұмысы құқық негіздерінің білімін талап етеді. Әрбір дәрігер құқық мәселелеріне дайын болуы қажет. Жұмыс барысында медициналық құжаттарды заң жүзінде өзі рәсімдеу әрекеттері жиі кездесіп тұрады.
2.3.Оқыту мақсаттары:

- студенттердің құқықтық мәдениеттерін дамыту;

- құқыққа, заңға және құқықтық мемлекеттің әлеуметтік құндылығына қатысты мәдени-құндылықты қалыптастыру;

- құқықтық жағдайларда теориялық талдау жасай білу қабілеттілігіне бейімдеу;

- қағидалардың анықтамаларын білу және зерделеу;

- категориялармен түсініктерді меңгерту;

- әр құқық саласының нормаларын қолданып, талқылау дағдыларын қалыптастыру;

- студенттерге құқықтық мәдениеттің құрылымы бойынша бағдар беру;

- ҚР Конституциясында қарастырылған құқықтары мен міндеттерін үйретіп, аса көңіл аударту;

- ҚР азаматтары мен болашақ мамандардың құқықтық тәрбиесімен құқықтық санасының ролі мен маңызын оқу барысында анықтау;

Студент білуі қажет:

- кәсіби мамандық жүйесіндегі тәртіптің орны мен рөлін;

- мамандық бойынша негізгі кәсіби бағдарламаны меңгеру барысында осы пәннен алған білімінің маңыздылығы туралы.
2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

Стоматология - факультетінің студенттері Құқық негіздері пәні курсын аяқтау нәтижесінде мыналарды білулері қажет:

- адамның қорғалуына бағытталған заңдарды



  • қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін

  • медицина қызметкерлердің құқықтар мен міндеттер және мамандық құқық бұзушылық үшін олардың жауапкершілігі туралы заңдардың ережелерін.

  • денсаулық сақтаудың түрлі құқық салаларымен байланыстары

  • жалпы құқық жүйесіндегі салалардың реттеу пәнін.

  • ҚР Конституция бойынша азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерді.

Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынаны істеуге тиіс:

- заң жауапкершіліктің түрлеріне сипаттамасын жасау.



  • ҚР Конституциясының және денсаулық сақтау туралы заңдардың ережелерін қолдану.

  • түрлі құқық салалардың қолдану ортаны айыра білу.


2.5. Реквизитке дейінгі:

Мемлекет пен құқықтың негіздері - құқықтық мемлекеттің тарихы, оның тәсілдері, мақсаттары.

Бұл пәнді тиімді меңгеру үшін тарих, философия, саясаттану және т.б. курстардың білімі қажет.

Осы пән мемлекет және құқық негіздерін қарастырады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік билікпен басқару органдары, сот жүйесінің құрылымын, бюджеттік жүйенің құрылымын, сондай-ақ азаматтық, отбасылық, еңбек, сақтандыру және жер құқығының құқықтық институттарының маңыздылығын қарастырады.



2.6. Реквизиттен кейінгі:

Сот медицина – медицина қызметкерлердің мамандық және лауазымды міндеттері.

Экология – экологиялық заңдардың және денсаулық сақтаудың байланыстарын, экологиялық қауіпсіздікті бұзған үшін жеке және заң тұлғалардың жауапкершілігі.

Қоғамдық медицина, денсаулық сақтаудың ұйымдастырылуы, денсаулық сақтау туралы заңдардың негіздері, медициналық статистика – денсаулық сақтау туралы заңдардын қарастыру.


2.6. Пәннің қысқаша мазмұны:

Құқық негіздерінің пәніне мүліктік және процессуалдық құқығының негізгі салалары, түрлі құқықтық қатынастардың мазмұны, құқықтық тәртіптің және заңдылықтың тәсілдері жатады. Бұл пән мемлекет пен адамның құқықтық байланыстарын, заң жауапкершіліктің түрлерін, олардың қолдану тәртібін қарастырады. Конституция бойынша құқықтары мен міндеттердің оқытуына, оның құқықтық қоғамдағы роліне ерекше көзқарас беріледі.



2.7. Тақырыптық жоспары. (оқытушының басшылығымен баяндамалар,тәжірибелік, семинарлық, зертханалық, өздік жұмыстар).

Дәрістердің тақырыптық жоспары.





Өткізілу уақыты

Тақырыптың атауы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1

07.09.2012


Құқық негіздері оқу курсының жүйесі. Мемлекет пен құқық, мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.

Шолу

1 сағат

2

21.09.2012

ҚР конституциялық құқығының негіздері.

ҚР адам және азаматтарының Конституциялық ережелері негіздері.



Тақырыптық

1 сағат

3

05.10.2012


ҚР Конституциялық құрылым негіздері.

ҚР құқық қорғау органдары.



Тақырыптық

1 сағат

4

19.10.2012

ҚР Сот әділдігі және сот.

ҚР әкімшілік құқығының негіздері.




Тақырыптық

1 сағат

5

02.11.2012

Қазақстандағы мемлекеттік басқару.

Саяси –әкімшілік аясындағы басқару.



Тақырыптық

1 сағат

6

09.11.2012

ҚР азаматтық құқығының негіздері.

ҚР кәсіпкерлік құқығының негіздері.



Тақырыптық

1 сағат

7

16.11.2012

Міндеттемелік құқық негіздері.

Отбасы құқығының негізгі ережелері.



Тақырыптық

1 сағат

8

23.11.2012

ҚР еңбек құқығы.

ҚР әлеуметтік қамтамасыз ету

құқығы.


Тақырыптық

1 сағат

9

30.11.2012

ҚР қаржы құқығының негіздері.

ҚР бюджет құқығы.



Тақырыптық

1 сағат

10

07.12.2012

ҚР салық құқығының жалпы ережелері.

Жер құқығының негіздері.



Тақырыптық

1 сағат

11

14.12.2012

Экологиялық құқығының жалпы ережелері.

ҚР қылмыстық құқығының негіздері.



Тақырыптық

1 сағат

12

21.12.2012

ҚР іс жүргізу құқығы.

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.



Тақырыптық

1 сағат

Барлығы 24 сағат

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары.





Өткізілу уақыты

Тақырыптың атауы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1

03.09.12-07.09.12

Құқық негіздері оқу курсының жүйесі.

Прензентация

1 сағат

2

10.09.12-14.09.12


Мемлекет пен құқық, мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.

Жұптасып жұмыс жасау

1 сағат

3

17.09.12-21.09.12

ҚР конституциялық құқығының негіздері.

ҚР адам және азаматтарының Конституциялық ережелері негіздері.



Жағдайлық есептер

Презентация



1 сағат

4

24.09.12-28.09.12

ҚР Конституциялық құрылым негіздері.

ҚР құқық қорғау органдары.



Шағын топтар

Жұптасып жұмыс жасау



1 сағат

5

01.10.12-05.10.12

ҚР Сот әділдігі және сот.

ҚР әкімшілік құқығының негіздері.




Жұптасып жұмыс жасау

Жағдайлық есептер



1 сағат

6

08.10.12-12.10.21

Қазақстандағы мемлекеттік басқару.

Презентация

1 сағат

7

15.10.12-19.10.12

Саяси –әкімшілік аясындағы басқару.



Шағын топтар

1 сағат

8

22.10.12-26.10.12

ҚР азаматтық құқығының негіздері.

Интеллектуалдық меншік құқығы.

1-ші аралық бақылау.


Жағдайлық есептер

Презентация



1 сағат

9

29.10.12-02.11.12

ҚР кәсіпкерлік құқығының негіздері. Міндеттемелік құқық негіздері.


Іскерлік ойын

1 сағат

10

05.11.12-09.11.12

ҚР отбасы құқығының негізгі ережелері.


Жағдайлық есептер


1 сағат

11

12.11.12-16.11.12

ҚР еңбек құқығы.


Шағын топтар

1 сағат

12

19.11.12-23.11.12

ҚР әлеуметтік қамтамасыз ету

құқығы.


Шағын топтар

1 сағат

13


26.11.12-30.11.12


ҚР қаржы құқығының негіздері.



Кейс-стади

1 сағат

14

03.12.12-07.12.12

ҚР салық құқығының жалпы ережелері.


Кейс-стади

1 сағат

15

10.12.12-14.12.12

Жер құқығының негіздері.


Жағдайлық есептер


1 сағат

16

17.12.12-

21.12.12


Экологиялық құқығының жалпы ережелері.


Презентация




17

24.12.12-

28.12.12


ҚР қылмыстық құқығының негіздері.

2-ші аралық бақылау



Жұптасып жұмыс жасау




18

31.12.12-

04.01.13


ҚР іс жүргізу құқығы.

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.




Шағын топтар

Шағын топтар






Барлығы 36 сағат
Аралық бақылаудағы консультациялардың уақыты.




Оқытушылардың Аты, Жөні

Консультация уақыты

1.

Дюсенова А.К.

Бейсенбі 15.00-16.00

2.

Кусайын А.А.

Дүйсенбі 14.00-15.00

3.

Какимжанова Н.Т.

Сәрсенбі 16.00-17.00

4.

Муканова А.Б.

Сейсенбі 17.00-18.00


Қортынды бақылаудың консультациялары емтиханға 2 күнге дейінгі уақытында белгіленген.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының тапсырмалары.



Тақырыптың атауы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1

Құқықтық қатынастардың түсінігі, түрлері және мазмұны.

Презентация

2 сағат

2

Қазақстан территориясындағы мемлекет пен құқықтың дамуы.


Іскерлік ойын

2 сағат

3

Құқықтық тәртіппен заңдылықтың түсінігі және қағидаттары.

Презентация

2 сағат

4

ҚР президенттік күзет қызметі: қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары, функциялары.


Реферат

2 сағат

5

Мемлекеттік басқарудың дамуы жолындағы жергілікті басқару органдарының ролі.


Жағдайлық есептер

2 сағат

6

Мұрагерлік түсінігі және оның түрлері.

Реферат

2 сағат

7

Шағын, орта, ірі кәсіпкерлік қызметтегі құқық бұзушылықтың түрлері және олардың алдын алу.


Глоссарий

2 сағат

8

Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары.

Жағдайлық есептер

2 сағат

9

Еңбекке орналастыру және жұмыспен қамту мәселесін мемлекеттік құқықтық реттеу.

Реферат

2 сағат

10

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негізі.

Глоссарий

2 сағат

11

ҚР бюджет жүйесі.


Жағдайлық есептер

2 сағат

12

Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттері

Рольдік ойын

2 сағат

13

Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық құқықтық механизмі.

Іскерлік ойын

2 сағат

14

Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар.

Глоссарий

2 сағат

15

Депутаттық қол сұқпаушылықтың түсінігі және жалпы сипаты.

Презентация

2 сағат

Барлығы 30 сағат


СӨЖ семестр барысында тапсырылуы қажет.

СӨЖ орындау үшін әдістемелік нұсқау:

Студенттің өзіндік жұмысы дегеніміз, яғни өзіндік жазба жұмыстары, электрондық түрде жасаған презентациялары. Жұмысты орындау барысында берілген тақырып бойынша нақты сипаттама беру қажет. Студент теориялық ережені анықтау үшін мысал келтірген жағдайда, тақырыпты кеңінен ашып, келтірген мысалы өте қысқа да нұсқа болуы керек. к Жұмыс аумағы 5-7 парақтан аспауы қажет.

2.9 Әдебиет: негізгі және қосымша

1. Баккулов С.Д. Құқық негіздері , Алматы, 2004 жыл

2. Оспанов К.И. Құқық негіздері. 2007 жыл, Жеті Жарғы

3. Баянов Е.Е Мемлекет және құқық теорясы

4. Ашитов З.О., Ашитов Б.З Қазақстан Республикасының құқық негіздері,

Алматы, Жеті Жарғы, 2003

5.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы.

Алматы, 2004

6. Қазақстан Республиканың Конституциясы.

7. Қ.Р. Конституциясының түсіндірмелі сөздігі.


Нормативтік актілер:

1.Конституция Республики Казахстан. 30 августа 1995.г. Астана: Елорда, 2008. -56с.

2.Конституционный Закон Республики Казахстана «О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан» 7.10.1998. и от 21 мая 2007г

3.Конституционный Закон РК «О государственной независимости Республики Казахстан» 16.12.1991

4.Конституционный Закон РК «О выборах в республике Казахстан». В ред. 14. 042004 г.

5.Конституционный Закон РК «О республиканском референдуме» 02.11.1995г.

6.Конституционный Закон РК «О Президенте Республики Казахстан». В ред. 1999 г.

7.Конституционный Закон Республики Казахстан «О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов».

8.Конституционный закон РК «О Правительстве Республики Казахстан».

9.Указ Президента РК, имеющий силу закона «О Конституционном Совете Республики Казахстан».29.12.1996 г.

10.Закон Республики Казахстан «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан». 08.12.1993 г.

11.Закон РК «О местном государственном управлении в Республике Казахстан»21.01 01.

12.Декларация «О государственном суверенитете Казахской ССР» от 25 октября 1990г. //Казахстан: этапы государственности. Алматы,1997г.

13.Закон Республики Казахстан «О политических партиях» от 26 июня 2002г.

14.Закон Республики Казахстан «О нормативных правовых актах РК» от 24.03.1998г.

15.Закон Республики Казахстан «О гражданстве в РК» от 20.12.1991 г., с изм. на 2004 г.

16.Закон Республики Казахстан «О правовом положении иностранных граждан в Республике Казахстан» от 19.06.1995 г.

17.Трудовой Кодекс РК от 15.05.2007г.

18. Гражданский кодекс РК (Общая часть, особенная часть)

19. Уголовный кодекс РК (Общая часть, особенная часть)

20. Закон Республики Казахстан «О браке и семье» от 17.06.1997 г.

21.Земельный кодекс РК


2.10 Оқыту әдістері:

Дәрістер; кіріспе, шолулық, тақырыптық

Тәжірибелік сабақтар:

Шағын топтар,пікірталас,жұптасып жұмыс істеу,презентациялар.



Оқыту барысындағы бақылау және қортынды бағалар:

Аудиториялық сабақ барысында ағымдағы бақылау жұмысын жүргізу жоспарланып ОСӨЖ және СӨЖ сапалы орындалуын бақылау қарастырылды. 8 – ші және 15- ші аптада коллоквиум және жазбаша тестік тапсырмаларды шешу түрінде екі аралық бақылау жұмысы жоспарлануды. Қорытынды бақылау емтихан түрінде өткізіледі. Тәжірибелік сабақ барысындағы ағымдық бақылау -50%. СӨЖ бақылауы - 30 %. Аралық бақылау (коллоквиум) - 20 %. (Барлығы-100 %). Пән бойынша студенттің қорытынды бағасы жіберу рейтінгінің бағасынан - 60% және қорытынды бағасынан 40%.- есептелінеді.


2.11 Студенттердің білімдердің бағалау белгілері және ережелері:

Р/с

Әріп

Сандық көрсеткіш

Рейтинг(пайыздық көрсеткіш)

Баға

1

А

4,0

95 -100

Өте жақсы

2

А-

3,67

90 -94




3

В+

3,33

85 -89

Жақсы

4

В

3,0

80 -84




5

В-

2,67

75 -79




6

С+

2,33

70 -74




7

С

2,0

65 -69




8

С-

1,67

60 -64

Қанағаттанарлық

9

Д+

1,33

55 -59




10

Д

1,0

50 -49




11

F

0

0 -49

Қанағатсыз

Бақылаудың түрлері мынадай белгілерді қарастырады:



ағымдық бақылауда:

- тест бақылауындағы қателердің саны;

- ауызша бақылаудағы қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар беру;

- Конституция ережелеріне сипаттама беру;



аралық бақылауда:

- коллоквиум және бақылау жұмыстарын уақытында тапсыру;



қортынды бақылауында:

- бағдарлама бойынша материалдарды толық меңгеру;

- оқиғалық есептерді дұрыс шешу.


Құқық негіздері пәні бойынша ұпайлық-рейтингтік жүйе

ҚБ = Rx0.6 + Емт (Диф Сынақ)х0,4, м:

ҚБ - қортынды баға

R - студенттің рейтінгілік бағасы;

Е (ДС) - қорытынды бақылыудың бығасы (пән бойынша емтихан, дифференциалды сынақ).

ҚБ=ЖРБx0,6+ҚББx0,4

мұндағы:

ҚБ-қорытынды баға

ҚББ-қорытынды бақылаудың бағасы(пән бойынша емтихан,дифференциалды сынақ)

ЖРБ-жіберу рейтінгінің бағасы;
Рейтинг бағасы аудиториялық сабақтағы ағымдық бақылау бағаларынан, СӨЖ ағымдық бақылау бағаларынан және аралық бақылау бағаларынан тұрады. Төмендегі формула бойынша есептеледі:
ЖРБ=Рпр*x+Рбөж*Y+Рмеж*Z

X+Y+Z=1,0

Мұндағы: Рпр-аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау және ОСӨЖ бағаларының орташа арифметикалық сомасы;

Рбөж:БӨЖ ағымдық бақылау бағаларының орташа арифметикалық сомасы;

Рмеж-межелік бақылау бағасының орташа арифметикалық сомасы;

X,Y,Z-берілген бағаның салмақтық үлесін көрсетуші коэффициенттер


Құқық негіздері пәні бойынша студенттердің білімдерін бағалау белгілері және ережелері.
Тәжірибелік сабақ барысындағы тестік бақылау кезінде

90 - 100 % - 2 қатеге дейін бағаланады- 5-ке бағаланады.

75 - 89 % - 3 қатеден 6 қатеге дейін 4 -ке бағаланады

50 - 74 % - 7 қатеден 10 қатеге дейін 3-ке бағаланады

50 %-төмен - 10 қатеден көп болса 2 - ге бағаланады

Тәжірибелік сабақта ауызша жауап беру кезінде

90-100 ұпай егер студент сауатты түрде нақты тақырыптың мазмұның ашатын құқықтық терминдерді пайдалана отырып,толық жауапты ұсынған жағдайда қойылады. Бұл жауапты себепті- тергеу барысы, кіріспе және қортынды міндетті түрде болуы қажет.

75-89 ұпай егер студент сауатты, бірақ толық емес, маңызды емес қате жіберіп, құқықтық терминдерді пайдалану арқылы жауап берсе қойылады. Бұл жауапты себепті-тергеу барысы, кіріспе және қортынды міндетті түрде болуы қажет.

50-74 ұпай егер студнет толық емес жауап беріп, құқықтық терминдерді пайдалануда қате жіберсе, сондай-ақ себепті-тергеу барысын құрай алмаса, қортындысы болмаған жағдайда қойылады.

50- ден төмен ұпай егер студент өзіндік сұрақтарды дайындалмаған жағдайда және жауап бергенде қате жіберсе қойылады
ОСӨЖ



пайыздық

құрылым


бағалау критериі

1.

90-100 %

А 4,0


А-3,97

Егер студент тақырыпқа сай материал дайындаса, тапсырманы дайындауда шығармашылық ынтасымен байқалса, тапсырма-ларды шешуде өзіндік шешу жолын көрсете білсе (мысалға презентация, іскерлік ойын) қойылады. Егер жұмыс презентацияның негізгі талаптарына сай келсе және титул беті сауатты толтырылса, кім орындағандығы,кім тексеретіндігі, жұмыс жоспары, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген жағдайда қойылады.

2.

85-89%

B+3,33


Егер студент тапсырманы дайындауда белсенділік көрсеткен,қосымша материалдарды пайдалана білген,белгілі бір жұмысты аудитория алдында қорғауда ерекше қабілетімен көріне білген,бірақ материалдарды мазмұндауда,титул бетін толтыруда маңызды емес қате жіберсе қойылады.


3.

80-84%

В 3,0


Егет студент жұптасып жұмыс жасау,шағын топтармен жұмыс жасау сияқты әр түрлі тапсырмаларды орындаса,керекті қосымша материал пайдаланса,оқытушылық лекцияларға жүгінсе, жіберген қателерін өзі түзеткен жағдайда, бөлек тақырыптық жұмыстарда жоспар мен пайдаланған әдебиеттер тізімі болмаса қойылады.


4.

75-79%

В-2,67


Егер студент әр түрлі формадағы тапсырмаларды (мысалға:шағын топтар,жағдайлық есептер,т.б.)орындаса, қажетті жіне қосымша материалдарды пайдалануда қабілеттілігін көрсете алса,бірақ тақырыпты қарастырмаса жіне көптеген қателіктер жіберген жағдайда қойылады.Тақырыптық жұмыстарды толтыруда кіріспе,жоспар,пайдаланылған әдебиеттер тізімі жоқ болған жағдайда.

5.



70-74%

С+2,33


Егер студент толық емес материал дайындап,презентация,іскерлік ойын сияқты жұмыстарды дайындауда қателер жіберсе,сонымен қоса аудитория алдында қорғауда өз қабілеттілігін көрсете алмаса жіне жеткіліксіз оқу әдебиеттерін пайдаланған жағдайда қойылады.Жұмысты толтыруда жоспар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі нақты болмаса

6.


65-69%

С 2,0


Егер студент жұптасып жұмыс жасау,шағын топтар сияқты әр түрлі тапсырмаларды дайындауда толық емес және қате жіберілген материалды ұсынса,жеткіліксіз әдебиеттерді қолданып,оқытушы нұсқауларын пайдаланбаса,сондай-ақ жеке тақырыптық жұмыстарды ұқыпсыз толтырса,өз уақытында тапсырмаған жағдайда қойылады.

7.



60-64%

С-


Егер студент шағын топтар,жағдайлық есептер сияқты тапсырмаларды орындауға пассивті түрде қараса,материалдарды мазмұндауда қате жіберсе,сондай-ақ тапсырмаларды толық емес күйінде,уақытында тапсырмаса және ұқыпсыз толтырмаған жағдайда қойылады.

8.

50-59%

Д+1,33


Д 1,0

Егер студент оқытушының қолдауымен әр түрлі формадағы тапсырмаларды талаптарға сай емес дайындаса,жеткіліксіз материал пайдаланған жағдайда қойылады.

9.

50-ден

төмен


Егер студент материалды тақырыпқа сай дайындамаса,мазмұндауда қателер жіберсе жіне жұмыстың титул бетін,қорытынды,сондай-ақ жоспар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі негізгі талаптарға сай болмаса қойылады.


СӨЖ




пайыздық құрылым

бағалау критериі

1.

90-100%

А 4,0


А-3,97

Егер студент материалды толығымен қамтып,ешбір қате жібермесе,СӨЖ тапсырмаларын өз уақытында тапсырса және қосымша әдебиеттер пайдаланса қойылады.

2.

85-89%

В+ 3,33


Егер студент материалды 85%-дан кем емес қамтыса, ешбір қате жібермесе, СӨЖ тапсырмаларын дұрыс орындап, өз уақытында тапсырса қойылады.

3.

80-84%

А-3,0


Егер студент материалды 80%- дан кем емес қамтыса тапсырманы дайындауда қосымша материал аз пайдаланса қойылады.

4.

75-79%

А-2,67


Егер студент материлды 75% - кем емес камтып, СӨЖ тапрсырмаларын дұрыс орындап, өз уақытында тапсырса, жұмысты орындау барысында қателер жіберсе және барлық тапсырмаларды толық тапсырмаса қойылады.

5.

70-74%

С+2,33


Егер студент материлды 70% - кем емес қамтыса, жұмысты орындау барысында қателер жіберсе, СӨЗ бойынша тапсырмаларды орындап, уақытында тапсырмаса қойылады.

6.

65-69

С-2,0


Егер студент материлды 65% - кем емес қамтыса, СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындап, уақытында тапсырмаса қойылады.

7.

60-64%

С-1,67


Егер студент материлды 60% - кем емес қамтыса, қателер жіберіп СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындап, уақытында тапсырмаса қойылады

8.

50-59%

Егер студент материлды 50% - кем емес қамтыса, біраз қателер жіберіп, СӨЖ бойынша тапсырмаларды уақытылы, орындамаса жіне толық болмаса қойылады

9.

50% төмен немесе 0-49%

Егер студент СӨЖ тақырыбына сай емес белгілі бір материал дайындаса,сондай ақ материалды мазмұндауда қателер жіберсе жіне СӨЖ ді толтырудың негізгі талаптарына сай болмаған жағдайда қойылады

Каталог: student -> umkd training methodical package of disciplines -> 2013 -> sud-med-umkd -> stom-1
stom-1 -> Жұмыс бағдарламасы 051301 Стоматология мамандығына арналған
stom-1 -> Оқу жылындағы құқық негіздері пәні бойынша 1-ші курс студенттері үшін 051301 Стоматология мамандығына арналған тест бақылаудың сұрақтары
sud-med-umkd -> Құқық негіздерімен сот медицина кафедрасы
sud-med-umkd -> Оқу жылындағы құқық негіздері пәні бойынша 1-ші курс студенттері үшін 051301 Жалпы медицина мамандығына арналған тест бақылаудың сұрақтары
sud-med-umkd -> 1 ші–тақырып. Құқық негіздері оқу курсының жүйесі. Мемлекет пен құқық туралы, мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар. Мақсаты
sud-med-umkd -> Құқық негіздерімен сот медицина кафедрасы
sud-med-umkd -> Презентация келесі талаптарға сәйкес болуы керек


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет