Құқық негіздерімен сот медицина кафедрасы



бет5/5
Дата13.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#131931
1   2   3   4   5

6. Әдебиет:

Негізгі
1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық,2-ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. I бөлім. 4-26 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2-бас.,толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007.- 304 бет. 5 бөлім. 147-167 беттер.

3. ҚР Конституциясы. I бөлім Жалпы ережелер. Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.


Қосымша
1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж


7. Бақылау:
- «ҚР салық құқығының жалпы ережелері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары.

-«ҚР салық құқығының жалпы ережелері» тақырыбы бойынша жазбаша бақылау жұмысы.

-жағдайлық есептер

Жағдайлық есепті шешіп, осы мысал бойынша есеп құрыңыз

Төменде аталған азаматтардың қайсысы мүлік салығын төлеуден босатылады

1. Борисов-жалғыз басты зейнеткер

2. Будрайтис-Астана қ. әкімдігінде мәдениет жұмыстары бойынша кеңесші

3. Осипов – 1-ші топ мүгедегі

4. Колесников- Латвиядан келген кәсіпкер.

5. Қожахметова- 4 баланың анасы.



1. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздері»
2. Мақсаты:

Тақырып бойынша жер құқығының түсінігін, жерді

қорғау мақсаттары мен жер құқықтық қатынастарын

қарастыру, мүліктік және мүліктік емес қатынастардың

жүйесін қарастыру, жер дауларын шешу тәртібін және ҚР

Конституциясының 6 бабына толық сипаттамасын

қарастыру.

3. Оқыту мақсаты:

- Жағдайлық есептерді құрастыру және орындау дағдыларын үйрену.

- Жағдайлық есептерді орындау жеке студенттің білім деңгейін тексеруге, түзетуге, ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

- Жер учаскелерін сатып-алу сату туралы шарттары туралы, жер құқықтық қатынастар туралы студенттердің білімдерін қалыптастыру.

- Тақырып бойынша толық және ашық жауап беріп үйрену.

- Жер заңнамасына түсінік беріп үйрену.

- Бұл саланың пәнін зерделеп үйрену.

- Жер құқықтық қатынасы қатысушыларының қызметінің құқықтылығын бағалай білу.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Жалпы құқық жүйесіндегі жер құқығының түсінігі және пәні.

2. Жер құқығының қайнар көздері.

3. Жер құқықтық қатынастарының түсінігі, олардың объектілері мен субъектілері.

4. Жер құқықтық қатынастардың мазмұны.

5. Жерді пайдаланушылардың құқықтар мен міндеттері.

6. Жерге меншіктік құқықтың пайда болуы және тоқталылу негіздері.

7. «Жер туралы» заңның негізгі мақсаттары.

8. Жерді қорғау.


5.Білім берудің және оқытудың әдістері. жағдайлық есептер.

№1 есеп.


Е есімді азамат С есімді азаматтан жер сатып алады. Бірақ С есімді азамат жерді жалған құжаттармен сатылған. 2 жыл өткен соң, мемлекет оның жерін заңсыз деп тауып жерді мемлекетке қайтаруды талап етеді.

Сұрақ: Мемлекеттің ісі дұрыс па?


№2 есеп

Б есімді азамат өзінің Қ есімді ұлына мұра ретінде жерін қалдырады. Бұл жерді Б есімді азамат қайтыс болғаннан кейін жерді туыстары алып қояды.

Сұрақ: Бұл жер Қ есімді азаматқа беріле ме?
№3 есеп.

А есімді азамат С есімді азаматтан жерді несиеге алады. А есімді азамат өзінің несиеге алған жеріне жеміс дақылдар егеді. Бірақ ол жерге жеміс дақылдар шықпайды.

Сұрақ: А есімді азаматтың не істеуі керек?
№4 есеп.

М есімді азамат мемлекет тарапынан жеңілдікпен жер алды. Алған жері табиғи апат орын алатын өңірде орналасқан. Мемлекеттік органдарға өтініш жазады, өтінішке мемлекет тарапынан жауап келмеді.

Сұрақ: М есімді азаматтың не істеуі керек.
№5 есеп.

Асхат 5 гектар жердің иесі, ол 3 жыл бойы қатарынан жер салығын төлемеген.

Сұрақ: Асхатқа жер салығын төлемегені үшін мемлекет жері тартып алады ма?
№6 есеп.

Самат пен Қайрат есімді азаматтар бірігіп кәсіп ашуларына жер сатып алады. Өз ара кикілжің болғаннан кейін Самат жерді өз атына алғысы келді.

Сұрақ: Бұл жағдайда не істеулері керек?
6. Әдебиет:

Негізгі
1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері».Оқулық, 2- ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. XI- бөлімі. 175- бет..

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері"2 - бас., толықтырылған.- Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет. X- бөлімі 298-300 беттер.

3. ҚР Конституциясы. II бөлім Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. Жер туралы заң 2001 ж.

6. Экологиялық сараптама туралы заңы 1997 ж.



Қосымша
1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.


7. Бақылау:
- «ҚР жер құқығының негіздері» тақырыбы бойынша тестік сұрақтар.

1. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының жалпы ережелері»
2. Мақсаты:
Экологиялық құқықты оқу экологиялық құқықтың негіздерін, реттеу пәнін, экологиялық құқықтың мақсаты мен міндеттерін, экологиялық құқық бұзушылық түсінігін, экологиялық-құқықтық жауаптылықтың қолдану шарттарын үйренуге мүмкіндік береді.

3. Оқыту мақсаты:
- Студенттерге экологиялық құқығының ұғымы мен қайнар көздерін оқыту.

- Экологиялық құқық бұзушылықтардың түрлерін және олар үшін берілетін жауаптылық мөлшерін талдап үйрену.

- Тақырып бойынша толық және ашық жауап беріп үйрену.

- Презентацияларды құру кезінде жұмысқа дағдылану.

- Студенттерге презентацияны құру кезінде жоспарға және қолданылатын әдебиетке сәйкес, слайдтарды қолданып тақырыптың мазмұнын ашып, презентацияны қорғатып үйрету.

- Презентацияны құру студенттің жеке шығармашылық қабілетін дамыту үшін қажет.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Экология құқығының түсінігі мен пәні.

2. Экология құқығының қайнар көздері және жүйесі.

3. Табиғатты қорғау заңнамасының негізі мақсаты.

4. Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.

5. Экологиялық құқықтық қатынастардың мазмұны, олардың объектілері және субъектілері.

6. Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері.

7. Экологиялық-құқықтық жауаптылықты қолдану шарттары және негіздері.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Презентация.
Презентация сұрақтары:

1. Экологиялық құқықтық қатынаста азаматтардың құқықтарымен міндеттері.

2. Денсаулық сақтаудың және табиғат қорғаудың қарым-қатынасы.

3. Экологиялық құқық қатынастарын реттеудегі мемлекеттік органдардың рөлі.

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар түсінігі.

5. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" туралы ҚР заңнамасының қағидалары.


6. Әдебиет:

Негізгі
1.Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық, 2 - ші басылым. Алматы, 2004.-

248 бет. XI бөлімі 174-176 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2 - бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет. X бөлімі 280-297 беттер.

3. ҚР Конституциясы. II бөлім Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. «Экология сараптама туралы» заңы 1997ж.

6. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы 1997ж.

7. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңы 1997ж.

Қосымша
1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003ж.


7. Бақылау:
- «ҚР экологиялық құқығының жалпы ережелері» тақырыбы бойынша тестік сұрақтар.

- Жағдайлық есептер:


№1 есеп.

9 мөлтек ауданының 20-шы үйдің 60 пәтерінің тұрғыны Алия күнделікті тұрмыстық қалдықтарды арнайы кантейнерге төкпейді.

Сұрақ: Бұл жерде Алия табиғатқа зиян келтірді ме?
№2 есеп.

А есімді азамат қала ішінен шина заводын ашады. Бірақ бұл адамдардың денсаулығына зиян келтіреді.

Сұрақ: Бұл жерде құқық бұзушылық туды ма?
№3 есеп.

Б есімді азамат аң аулауға шығып, қызыл кітапқа енген Ақбөкен жануарын атып өлтірді.

Сұрақ: Ол табиғатқа зиян келтірді ме?
№4 есеп.

Завод маңындағы судың химикаттардан ластануы А есімді азаматтың денсаулығына зиян келтіреді.

Сұрақ: Бұл істі қалай шешуге болады?
№5 есеп.

Ақтас ауылының тұрғындарынан сотқа арыз түседі. Арызда ауыл маңындағы мұнай өңдеу кәсіпшілігімен айналасатын зауыттың қалдықтарының ауыл маңындағы өзенге ағылып жатқаны туралы айтылған.

Сұрақ: Бұл заң бұзушылық қалай реттеледі?

1. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының негіздері»
2. Мақсаты:
Осы тақырыпты оқып бұл саланың ерекшеліктері мен мақсаттарын түсінуге мүмкіндік береді, қылмыстың ұғымын түсінуге, оның құрамын, объектісі мен субъектісін, объективтік жағы мен субъективтік жағын, қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен шарттарын, жаза түрлерін қарастырады.

3. Оқыту мақсаты:
- Бұл саланың ерекшеліктерін зерделеу.

- Қылмыс әрекетін бағалап үйрену, қылмыстық жауаптылықты қолдану шарттарын айыру, қылмыстық жазалардың түрлерін қолдану.

- ҚР қылмыстық заңнамасына толық талдау жасау.

- Жұптасқан жұмыс кезінде бір – бірін тыңдап үйрену.

-Жұптасқан жұмыс коммуникативтік дағдыларды, тақырыптық тапсырмаларды бірлесіп орындауды өркендетеді.

- сабақ барысындағы жауап беру кезінде себеп салдар байланыстарына назар аудару қажет.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қылмыстық құқығының түсінігі мен қайнар көзі.

2. Қылмыстық құқығының пәні және мақсаты.

3. Қылмыстық құқығының жүйесі.

4. Қылмыстың түсінігі мен белгілері.

5. Қылмысты саралау.

6.Қылмыстық жауаптылықты қолдану түсінігі, негіздері, айырмашылықтары.

7. Қылмыстың объектісі және объективтік жағы.

8. Қылмыстың субъектісі және субъективтік жағы.

9. Қылмыстық жауаптылықты қолдану шарттары.

10. Қылмыстық жазалардың түсінігі, белгілері, түрлері.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері: Жұптасып жұмыс істеу.
Жұптасқан жұмыс үшін ауызша талдауға берілген сұрақтар:

1 Жұп.


- ҚР Конституциясы бойынша қылмыстық құқықтың нормалары (15-16 бап).

- Құқықтық мемлекеттің қылмысқа қарсы шараларды жүзеге асыруда үкіметтік емес ұйымдармен байланысы.
2 Жұп.

- Қылмыспен күресу бойынша мемлекет саясатының негізгі бағыты.

- Қылмыспен күресу бойынша мәселелерде халықаралық тәжірибені қолдану.
3 Жұп.

- Қылмысты алдын-алуда мемлекеттік құқықтық реттеу.

- Қылмыстық құқықтың негізгі функциясы ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
4 Жұп.

- Қазақстандағы құқық бұзушылықтың осы замандағы тұрақтылық тенденциялары.

- Совет одағы құрамының елдеріндегі құқық бұзушылықтың осы замандағы тұрақтылық тенденциялары.
5 Жұп.

- Қылмыстық құқықтық қатынастарының субъектілері үшін заңды көмек ұсыну тәртібі.

- Қазақстан және совет одағы құрамында болған елдердегі қылмыстық жазалардың ізгілік қағидасы.
6. Әдебиет:

Негізгі
1. Баққұлов С. Д.«Құқық негіздері».Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004. -

248 бет. X- бөлімі 156-167 беттер..

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері"2 - бас., толықтырылған. - Алматы:Жеті

жарғы. 2007.-304 бет. VI бөлім 170-189 беттер.

3. ҚР Конституциясы.II бөлім. Адам және Азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. ҚР Қылмыстық кодексі жалпы бөлімі 1997 ж.

6. ҚР Қылмыстық кодексі ерекше бөлімі 1997 ж.



Қосымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.
7. Бақылау:

- «ҚР қылмыстық құқығының негіздері» тақырыбы бойынша тестік сұрақтар.

- жағдайлық есептер.
№1 Есеп.

14 жасар Петров көшеден атылмаған оқ тауып алды. Оқтын шын екеніне көз жеткізгісі келген ол оқты ауладағы ашық отқа тастады. Оттың атылу нәтижесінде 5 жасар қыз ауыр жарақатын алды.

Сұрақ: Петровтың іс әрекетінде қылмыстық белгілері бар ма?
№2 Есеп.

Шаткулов жеміс бағын күзетуші еді. Ол түнде белгісіз екі адамның баққа ұрланып кіріп, қаптарына алма толтыра бастағанын көріп қалып, қаруын оқтап, соларға қарап атып жібереді. Ол екеуінің Қ және Е есімді азаматтар екенін кейін анықталды. Нәтижесінде Е есімді азамат жараланды.

Сұрақ: Шаткуловты жауапқа тартуға болады ма?
№3 Есеп.

Б есімді азамт өзінің танысы Кадиярованың үйінде қонақта отырып, спирт араластырылған қолдан жасалған арақты ішіп, ауырып, емханаға әкелінеді, Емханада ол қайтыс болады.

Сұрақ: Аталған жағдайда қылмыс құрамы бар ма?

Бар болса қылмыстың объективтік жағына түсінік беріңіз?


№4 Есеп.

Дәрігер терапевт Ашимова ауылында тұратын мамасына демалысқа қыдырып келеді. Түн ішінде көршілері терезе қағып, соқыр шек қысып ауыра бастаған баласына көмек көрсетуін өтінеді. Ашимова ауруды қарап шығып мен еш көмек көрсете алмаймын, тез арада аудандық емханаға хабарлау керек деп, үйіне кетіп қалады. Аудан орталығымен байланыс болмағандықтан дәрігерлік көмек дер кезінде көрсетілмей, бала қайтыс болды.

Сұрақ: Ашимованың әрекеті қылмыстық әрекет болып санала ма?
№5 Есеп.

Жаманбаев, Дарханбаев, Асылбеков ақшалай көмек мақсатымен автокөлікті иемдену мақсатында автокөлік жүргізушісіне шабуыл жасады. Содан сол азаматтар автокөлік жүргізушісін қорқытып, өздері қылмыс болған жерден қашып кетеді. Сонымен қоса Жаманбаев қылмыстың ізін жою үшін, автокөлік жүргізушісінің төлқұжатын алып кетеді.

Cұрақ:Қылмыстың объект және объекттік жақтарын, сонымен қоса қылмысқа жауапты кім?
№6 Есеп.

Шыңғыс пен Сәрсенбек аңшылықтан қайтып келе жатып, жол жөнекей

автокөлікті тоқтатады. Жолда қатты сілкіністің себебінен, Шыңғыс қаруын

автокөлік ішіне түсіріп алады. Құлаған қарудан оқ атылып, Сәрсенбек қайтыс болады.

Сұрақ: Қылмыстың субъект және субъекттік жақтарын анықтаңыз?

Қылмыскер қай бапқа сәйкес жазаланады?

№7 Есеп.

ПТУ-дың 17 жасар қатысушысы П.С. есімді азамат аңшы қаруымен учаскі инспекторын өлтіргені үшін сотталады. Себебі инспектор оның әкесін өзінің танысының үйін өртеп жібергені үшін соттайды. П.С. есімді азамат сот үкімі шыққан кезде 18 жаста болатын.

Cұрақ: Қылмыстың негізгі жауаптысын анықтаңыз?

Қабылдаған шешім белгілі бір жаза болуы мүмкін бе?


№8 Есеп.

Жұмыссыз С.К. есімді азамат зейнетақы тасып жүрген пошташыға шабуыл жасап, оны өлтіреді және 20000 теңгесін алып, қылмыс болған жерден қашып кетеді. Қылмыстық істі сол күні қозғап, С.К. есімді азамат бірнеше уақыттан кейін, конституциялық бапқа сәйкес сотталған. Бұл қылмыс өте жауыз мақсатпен орындалған деп, С.К. есімді азамат өмірінің соңғы деміне дейін бас бостандығынан айырылады.

Сұрақ:Осы қылмыстың субъект және субъект жақтарын атаңыз.

Бұл қылмысты адамның өміріне және денсаулығына шабуыл деп қарастыруға бола ма?

№9 Есеп.

Мемлекеттік құрылыс ведомствадан тысқары қорғау орталығының күзетшісі С.Е. есімді азамат сол орталық қоймасының Н.К. есімді жұмысымен келісіп, қоймаға жасырын кіреді. Қоймадан 80000 теңге тұратын бірнеше жәшік керамика плиткаларын алып шығып, қойманың қорғалатын территориясында қалдырады. Полиция қызметкерлері екі сыбайлас жемқорды сол қылмыс үстінде ұстайды.

Сұрақ: Осы қылмыстың жауапты негізін суреттеңіз (объект және объекттік жақтарын, субъект және субъекттік жақтарын) қарастыру?
№10 Есеп.

Мемлекеттік кәсіпорынның авто тұрағының күзетшісі К. есімді азамат, осы кәсіпорынға тиісті жүк автокөлігімен үйіне қашып кетеді. Бірақ, көшеде жол полиция қызметшісіне ұсталған, нәтижесінде қылмыстық іс қозғалып, авто көлікті ұрланғаны үшін бас бостандығынан айырады.

Сұрақ: Осы істі жекеменшікке қарсы қылмысқа жатқызуға бола ма?

Осы қылмыстың негізгі міндетін, объект және объекттік жақтарын, субъект және субъекттік жақтарын қарастыру?


№11 Есеп.

Бірнеше рет сотталған В.П. есімді азамат ломбардқа топтық шабуылды жоспарлап дайындаған. Қылмыстың негізгі мақсаты – ломбардтағы ақша мен аманат байлықтарын игеру және бұл қылмысқа кәмелет жасқа толмаған жастарды қызықтырған. В.П. есімді азамат қылмыстың уақытын, қосымша ақпараттарды хабарлайды. Ломбардта полиция қызметкерлерімен тосқауыл ұйымдастырылып, үш шабуыл жасаушыны қылмыс үстінде ұстады.

Сұрақ: Қылмыстық жауапкершіліктің негізгі және жеңілдеу жақтарын

суреттеңіз?


№12 Есеп.

Кәмелет жасқа толмаған А.В. және Т.Н. есімді азаматтар И.П. есімді азаматшаның өміріне және денсаулығына қауіп төндіріп, ұрлық жасайды. И.П. есімді азаматша өзін сақтау мақсатында қорғануға тырысты, нәтижесінде ұрыс пайда болып, И.П. есімді азаматша өзін қорғау мақсатында шабуылшының біреуін ұрады. Сол ауыр соққының нәтижесінде шабуылдаушы қайтыс болады.

Сұрақ: Қылмыстың субъекттік және объекттік жақтарын атаңыз және

қылмысты жеңілдету тұстарын көрсетіңіз?



1.Тақырыбы. «Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы».
2.Мақсаты:
Іс жүргізу құқығы сот төрелігін жүзеге асыру жүйесін, сот органдарының жүйесін, ҚР территориясында сотта іс жүргізудің жүзеге асырудың негізгі қағидаларын оқып үйренуге мүмкіндік береді.

3. Оқыту мақсаты:
- Шағын топтардың жұмысын зерделеп дағдылану..

- Шағын топтарды орындау жеке студенттің білім деңгейін тексеруге, түзетуге, ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

- Шағын топтарда бірігіп жауап берген сұрақтар мен талқыланып жатқан түсініктерге сипаттама беруге дағдылып үйрену.

- Басқа студенттердің жауаптарын тыңдай білу және оларды толықтыру.

- Конституция баптарына түсінік бере отырып, құқықтық терминдерді сауатты қолдану.

- Шағын топтар коммуникативтік дағдыларды, тақырыптық тапсырмаларды бірлесіп орындауды өркендетеді.

- Сабақ барысындағы жауап беру кезінде себеп салдар байланыстарына назар аудару қажет.

- Студенттердің жауап бері барысында дидактикалық материалдарды сауатты қолдана білуі қажет (кестелер, слайдтар т.б.)

- ҚР іс жүргізу құқығы туралы жалпы түсініктерді оқып зерделеу.

- Азаматтық іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқығының сатыларын оқу.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. ҚР іс жүргізу құқығының түсінігі мен қайнар көздері.

2. Азаматтық іс жүргізудің түсінігі мен қағидалары.

3. Қылмыстық іс жүргізудің түсінігі мен қағидалары.

4. Азаматтық және қылмыстық процестің түсінігі.

5.Азаматтық іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарының қатысушылары.

6. Азаматтық және қылмыстық іс жүргізудің сатылары.

7. Іс жүргізу құжаттарының түрлері.

8. Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар.

9. Іске қатысушы тұлғалар.

10. Сот төрелігін жүзеге асыруға көмектесетін тұлғалар.

құқығының түрлері.

ының ұғымы.

сипаттама беру және толық нақты білу қажет.ұмыс жасауды білу, құқықтық терминде



5. Білім берудің және оқытдың әдістері: Шағын топтар.
Шағын топтарға тапсырма: сценарий құрастырып рөлдік ойын өткізу.

1 топ.


- Іс жүргізу құқығының түсінігі.

- Сот төрелігінің түсінігі

- Азаматтық процестің қатысушылары.
2 топ.

- Азаматтық сотта іс жүргізудің қағидалары.

- Іске қатысушы тұлғалар.

- Қылмыстың түсінігі.


3 топ.

- Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру.

- Азаматтық сотта іс жүргізуде қандай істер қарастырылады.

- Сот төрелігін жүзеге асыруға көмектесетін тұлғалар.


4 топ.

- Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар.

- Азаматтық процеске прокурордың қатысуы.

- Қылмыстық сотта іс жүргізудің түсінігі.


5 топ.

- Қылмыстық сотта іс жүргізудің қағидалары.

- Қылмыстық процестің қатысушылары.

- Азаматтық іс жүргізудің құқық қабілеттілігінің түсінігі.


6.Әдебиет:

Негізгі
1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» I бөлім. Алматы 2004 ж.

2. ҚР Конституциясы. Алматы 2008 ж.

3. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

4. Құқық негіздері Қ.И. Оспанов. Алматы, Жеті жарғы - 2007


Қосымша

1. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

2. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

4. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

6. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

7.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.


7. Бақылау:
- «Іс жүргізу құқығының негіздері» тақырыбы бойынша тест бақылау сұрақтары.

1. Тақырыбы: «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес».
2. Мақсаты:
Осы тақырыпты оқу сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі әдістерімен танысуға мүмкіндік береді, сыбайлас жемқорлықтың түсінігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін қарастыру, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтары мен құқықтық жауапкершіліктің түрлеріне толық сипаттама көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі мақсатын қарастыру және нақты білу.

3. Оқыту мақсаты:
- Шағын топтардың жұмысын зерделеп дағдылану..

- Шағын топтарды орындау жеке студенттің білім деңгейін тексеруге, түзетуге, ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

- Шағын топтарда бірігіп жауап берген сұрақтар мен талқыланып жатқан түсініктерге сипаттама беруге дағдылып үйрену.

- Басқа студенттердің жауаптарын тыңдай білу және оларды толықтыру.

- Конституция баптарына түсінік бере отырып, құқықтық терминдерді сауатты қолдану.

- Шағын топтар коммуникативтік дағдыларды, тақырыптық тапсырмаларды бірлесіп орындауды өркендетеді.

- Сабақ барысындағы жауап беру кезінде себеп салдар байланыстарына назар аудару қажет.

- Студенттер жауап беруі барысында дидактикалық материалдарды сауатты қолдана білулері қажет (кестелер, слайдтар т.б.)

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі түрлерін зерделеу.

- Сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылығының негізгі түрлерін зерделеу.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының түсінігі мен пәні.

2. Сыбайлас жемқорлық түсінігі.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің принциптері.

4. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар түсінігі.

5. Құқық қатынастарының түрлі қатысушыларын сатып алу түсінігі

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің шаралары.

7.Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар жасаған медициналық қызметкерлердің жауапкершілігі.

8. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін тағайындалатын әкімшілік жауапкершілік.

9. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін тағайындалатын қылмыстық жауапкершілік.

10. Сыбайлас жемқорлық жағдайларын туғызатын құқық бұзушылық қылмыстарының түрлері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Шағын топтар.
Шағын топтарға тапсырма: сценарий құрастырып рөлдік ойын өткізу.
1 топ.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының түсінігі мен принциптері.

- Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтың субъектілері.

2 топ.


- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар

- Мемлекеттік міндеттерді атқарумен сыйыспайтын қызмет.

3 топ.


- Сыбайлас жемқорлыққа жағдай тудыратын құқық бұзушылық.

- Сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылығын алдын-алу.

4топ.


- Жақын туыстардың бірге қызмет істеуіне жол бермеу.

- Қаржы бақылау шаралары.

5топ.


- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адамдардың құқықтық қорғалуы.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамдық бірлестіктердің қатысуы.

6. Әдебиет:

Негізгі
1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық, 2 - ші басылым. Алматы, 2004.

- 248 бет. X- бөлім 171-172 және XII бөлімі 177-180 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2- бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет. VI бөлімі 190-191 және VII бөлім 192-238 беттер.

3. ҚР Конституциясы Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы 1998 ж.

Қосымша
1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.


7. Бақылау:
- « ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыптары бойынша тестік сұрақтары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет