Құқық негіздерінен 0-дік кескінді тест жұмысының сараптамасы Пән мұғалімі: Айкашова К. С



Дата06.02.2024
өлшемі18.8 Kb.
#490960
0-срез анықтамасы. Сейтказиева АЖ


Құқық негіздерінен 0-дік кескінді тест жұмысының сараптамасы
Пән мұғалімі: Айкашова К.С.
08.09.23 күні Құқық негіздері пәнінен 10 а,ә,б,в,г сыныптарында 9 сыныпта өткен тақырыптар бойынша 0-дік бақылау жұмысы алынды.
Мақсаты: құқық негіздері пәні бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтау, оқу жетістіктерінің деңгейін білу, 9 сыныпта өткен тақырыптар бойынша олқылықтардың орнын толтыру бойынша одан әрі жұмысты жоспарлау.
Тапсырмалар әр түрлі деңгейде құрастырылды. Тест түрінде, сәйкестендіру және жалған, ақиқат түрінде берілді. Барлық бөлімдері бойынша оқу бағдарламасының оқу мақсаттарына сай тапсырмалар құрастырылды.
Мемлекет және құқық
9.1.2.1 құқықтық мемлекеттің ерекшелігі мен маңызын анықтау;
9.1.2.2 азаматтық қоғам институттарының ролі мен маңызын анықтау;
Конституциялық құқық
9.2.1.1 ҚР Конституциясын талдау арқылы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін анықтау;
9.3.2.1 меншік түрлерін анықтау;
Еңбек құқығы
9.4.1.1. еңбек құқығы ұғымын түсіндіру;
9.4.2.2 құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
Отбасы құқығы
9.5.2.1 некені қию және тоқтатылу шарттарын анықтау;
9.5.3.1 отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау;
9.5.3.2 құқықтық актілерге сүйеніп қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдау;
Әкімшілік құқық
9.6.2.1 әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері мен белгілерін анықтау;
Қылмыстық құқық
9.7.2.1 қылмыстың белгілері мен түрлерін ажырату;
9.7.4.1 қылмыстық құқықтағ гуманизм қағидасына баға беру;


Бақылау жұмысының нәтижелерін талдау келесі білім деңгейін көрсетті:
10 А сынып барлығы 21 оқушы. Қатысқаны 21 оқушы. Оның ішінде «9-10 бал» -8 оқушы, «7-8 бал»-10 оқушы , «4-6 бал» -3 білім сапасы – 53,8%;
10 Ә сыныбында 23 оқушы. Қатысқаны 23 оқушы. Оның ішінде «9-10 бал» -9 оқушы, «7-8 бал»-9 оқушы , «4-6 бал» -5 білім сапасы – 55,6%;
10 Б сыныпта барлығы 21 оқушы. Қатысқаны 21 оқушы. Оның ішінде «9-10 бал» -8 оқушы, «7-8 бал»-10 оқушы , «4-6 бал» -3 білім сапасы – 54,8 %;
10 В сыныбында 19 оқушы. Қатысқаны 19 оқушы. Оның ішінде «9-10 бал» -8 оқушы, «7-8 бал»-8 оқушы , «4-6 бал» -3 білім сапасы – 50,6%;
10 Г сыныпта барлығы 21 оқушы. Қатысқаны 21 оқушы. Оның ішінде «9-10 бал» -9 оқушы, «7-8 бал»-8 оқушы , «4-6 бал» -4 білім сапасы – 54,8 %;


Бақылау жұмысының қорытындысы бойынша білім сапасы: 53,3%
Тапсырмаларды орындау кезінде білім алушыларда туындаған қиындықтар тізбесі:
Оқушылар тапсырманы орындау барысында, жазғы демалыстан кейін кейбір оқушылардың тақырыптарды ұмытынқырағандары байқалды. Кейбір оқушылар қылмыстық құқық түрлері мен әкімшілік құқық түрлерін шатастырған. азаматтық қоғам институттарының ролі мен маңызын анықтауда тест жұмысынан қателіктер жіберген. қылмыстық құқықтағ гуманизм қағидасына баға беруде Ақиқат пен Жалған тапсырмаларында оқиғаларды шатастырған.


Жоспарланған түзету жұмыстары:  Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жоспар құрылады. Жіберілген қателерді түзету бойынша қайталау жұмыстары жүргізіледі.

Құқық негіздерінен 0-дік кескінді тест жұмысының сараптамасы
Пән мұғалімі: Айкашова К.С.
08.09.23 күні Құқық негіздері пәнінен 11 в сыныптарында 10 сыныпта өткен тақырыптар бойынша 0-дік бақылау жұмысы алынды.
Мақсаты: құқық негіздері пәні бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтау, оқу жетістіктерінің деңгейін білу, 10 сыныпта өткен тақырыптар бойынша олқылықтардың орнын толтыру бойынша одан әрі жұмысты жоспарлау.
Тапсырмалар әр түрлі деңгейде құрастырылды. Тест түрінде, сәйкестендіру және жалған, ақиқат түрінде берілді. Барлық бөлімдері бойынша оқу бағдарламасының оқу мақсаттарына сай тапсырмалар құрастырылды.
2-тарау. Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам.
10.1.2.1 құқықтық мемлекеттің принциптерін анықтау;
4-тарау. Сот төрелігінің қағидаттары. ҚР-дағы құқық қорғау органдары.
10.1.4.2. ҚР-ның құқық қорғау органдарының функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау;
7-тарау. Экологиялық құқық негіздері.
10.2.3.2 экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын ұсыну;
8-тарау.Қылмыстық құқық жүйесі.
10.2.4.1 қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау;


Бақылау жұмысының нәтижелерін талдау келесі білім деңгейін көрсетті:
11 В сынып барлығы 23 оқушы. Қатысқаны 23 оқушы. Оның ішінде «9-10 бал» -11 оқушы, «7-8 бал»- 5 оқушы , «4-6 бал» -7 білім сапасы – 53,8%;


Бақылау жұмысының қорытындысы бойынша білім сапасы: 53,3%
Тапсырмаларды орындау кезінде білім алушыларда туындаған қиындықтар тізбесі:
Оқушылар тапсырманы орындау барысында, жазғы демалыстан кейін кейбір оқушылардың тақырыптарды ұмытынқырағандары байқалды. Кейбір оқушылар ҚР-ның құқық қорғау органдарының функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтауда тест жұмысынан қателіктер жіберген. экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын ұсынуда Ақиқат пен Жалған тапсырмаларында оқиғаларды шатастырған.


Жоспарланған түзету жұмыстары:  Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жоспар құрылады. Жіберілген қателерді түзету бойынша қайталау жұмыстары жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет