1.Қарым-қатынас ұстанымы
Қарым-қатынас ұстанымы келесі қағидалардан тұрады:
Оқу үрдісіне қатысушылар айнала қоршаған ортаны танып біліп, өзін-өзі бейімдеу, ойлану қабілеттерін дамытатын жеңіл немесе қиын тапсырмаларды орындайды;
Тілдік қарым-қатынсқа түсушілер өз ойларын айтуға сезімдерін білдіруге, тәжірибелермен бөлісуге мүмкіндік береді.
Р. Атаханованың пайымдауынша, тіл қарым-қатынас құралы болуы қажет және жоба технологиясы тілді жетік меңгеру мақсатында қолдануға үлкен мүмкіндіктер ашады. (19)
Тілдік қатынасқа түсушілер топта, ұжымда бірігіп жұмыс жасайды. Ұжыммен жұмыс жасау тілдік қатынасқа қатысушыларға үлкен рухани күш береді, олар өзара ойларымен бөлісіп, бір-біріне көмектеседі. Жоба технологиясы коммуникативті дағды мен іскерлікті кеңінен қолдану көзі болып табылады. Бұл дегенің қатысушының әр саладан алған білімін тереңдетіп және өз өмірінде маңызды мәселелер туралы өз ойларын білдіруге септігін тигізеді.
Проблемалық ұстаным
Бұл ұстаным жоба жасалуының түрлі деңгейіндегі коммуникативті-танымдық тапсырмаларды шешу ретінде қарастырады. Кез келген жобаның негізінде белгілі танымдық, практикалық және теориялық қажетті бір проблема болады. Шетел тілін оқытуда жоба технологиясы оқушыларға шетел тілін жетік меңгеруде негізгі құрал ретінде тілдік білімнің алатын орнын түсінуге көмектеседі.
Д.Е.Гаипов: «Тіл – мәдениеттің бір элементі және мәдениет шеңберінде құрылады, сондықтан да аталмыш мәдениеттің ерекшеліктерімен және оның ішіндегі тілдің құрылу ерекшеліктерімен таныс болуымыз керек». (23) Осыдан келе, шетел тілі шет елдер мәдениеті мен тарихын білу құралы ғана болмауға тиіс, ол қатысушыларға өз елінің мәдениеті туралы білімді хабарлау, беру құралы болуға тиіс. Яғни, мәдени қарым-қатынас жасауға үлесін тигізеді. Олай болса, жоба технологиясында шетел тілі сонымен қатар неміс тілінде сөйлеушілердің өз ішкі дүниесінің арасындағы байланыс болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |