3. Дербестік ұстанымы
Жоба технологиясы нақты өмірден алынған бір проблеманың шешімін шешіп, нақты нәтижені жасап шығаруда оқушыларды өз бетінше ұйымдастыру мен оқыту жолдарын пайдалана отырып, мұғалімнен тәуелсіз етеді.
Жоба технологиясы оқушының жеке тұлғасына бағытталған келесі іскерліктерді қамтиды: оқушылар өз беттерінше шетел тілінде сөйлеу іс-әрекетінің мақсатын анықтауды, түрлі ақпарат көздерін қолдана отырып, қажетті материалдар жинайды.
а) Интеллектуалды – бұл ақпаратпен, мәтінмен жұмыс жасай білу (негізгі мазмұнын шығару, шетел тіліндегі мәтіндерден ақпарат іздеу) ақпаратты талдау, болжау, қорытындылау, түрлі анықтама материалдарын қолдана алу іскерлігі;
ә) Шығармашылық – бұл түрлі саладағы білімді талап ететін идеяларды ортақтау іскерлігі, проблеманың бір немесе бірнеше шешімін табу іскерлігі, шешімнің нәтижесін болжау іскерлігі;
б) Коммуникативті – бұл пікірталас жүргізу іскерлігі, өз қарсыласын тыңдай және ести білу іскерлігі, өз ойын еркін жайып салу іскерлігі. (15)
Автономды оқыту контекстінде жобалап оқыту қажеттілігін түсінуге, өз жұмысының нәтижесін бағалау іскерлігін қалыптастырады.
Жобаны жүзеге асыру – 3 кезеңнен тұрады: дайындық, негізгі және қорытынды. Әр кезеңде әр түлі тапсырмалар шешіледі, қатысушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті белгіленеді.
Мына кестеде Е.С. Полат ұсынған жоба технологиясының жүйелі кезеңдерң көрсетілген. (15)
Жоба технологиясының кезеңдері:
Кесте 2
Кезеңдер
|
Жұмыстың мазмұны
|
Қатысушының іс-әрекеті
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
1. Дайындық кезеңі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |