3.Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткен тармақтары және ортағасырлық қалаларды
картадан белгілеңіз.
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтардан басталып, Италияның Рим
қаласымен аяқталады.
Жетісу жерінен Шығысқа шығатын Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған.
1. Оңтүстік-батыс Жетісу бағыты: Тараз – Алматы – Шелек – Сүмбе- Жаркент арқылы шығысқа шықты.
2. Солтүстік-шығыс бағыт: Алматы –Қапшағай –Шеңгелді – Алтынемел- Дүнгене – Қойлық қалаларын басып
өтіп, Алакөл жанымен Жоңгар қақпасы арқылы Қытайға шықты.
3. Үшінші бағыт: Тараздан шығып Сарқан жері арқылы – солтүсік-шығыс Қазақстанға бет алады. Бұл жол Құлан
– Хантау – Балатопар- Айнабұлақ бекеттерін басып өтеді.
Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын қақпасы. Жібек жолы Жетісу арқылы тартылған
бағыттармен Таразда түйісіп, Испиджабқа келіп екі тармаққа бөлінеді.
1. Отүстік-батыс бағыт: Испиджаб- Шаш –Самарқан – Бұхара қалалары арқылы Батысқа шығады.
2. Екінші бағыт: Испиджаб–Шымкент –Отырар – Түркістан – Сауран – Сығанақ –Баршынкент. Баршынкенттен
жол екіге бөлінеді, біріншісі –Хорезмге бағытталды, екіншісі – Жанкент –Арал теңізінің солтүстігі- Каспий теңізінің
солтүстік-шығысы арқылы батысқа бет алды.
Отырар – керуен жолдары торабында орналасқан қала. Отырардан шыққан бір жол – Шауғарға, екіншісі – Васидж
қаласына барған. Васидждан шыққан жол –Сырдың бойымен жоғары өрлеп –Сүткент арқылы Шашқа, екнішісі төмен
қарай – Жент қаласына жеткен.
Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалардың дамуына әсері:
Қазақстан аумағындағы қала мәдениеті дамуының екінші кезеңі (ІХ-ХІІІ.ғ.)қала өмірінің ең қарқынды
өркендеуімен сипатталады. Бұл ретте жаңа дін –ислам мен Ұлы Жібек жолының бойымен жүрген сауда-саттық басты
рөл атқарды. Ұлы жібек жолының бойындағы қалалар қазақ халқының құрамына кірген түрік тілдес ру-тайпалардың
отырықшы ел болуына, тұрақты мекен-жай салып, қоныстануына зор пайдасын тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |