Чжан Цянь бастаған елшіліктің мақсаты:
Чжан Цянь бастаған елшілікке ғұндарға қарсы Жетісудағы үйсіндермен одақ жасау міндеті жүктелді. Ол елшілік
барысында жергілікті халықтың шаруашылығына, әскери күштеріне, қару түрлеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне дейін
назар аударып, жазып алып отырды. Оның жазбаларын б.з.б. 145-86 жж. өмір сүрген тарихшы Сыма Цян жүйеге
келтіріп, өзінің «Тарихи жазбалар» атты еңбегіне енгізді.
Ерекшелігі:Чжан Цян бастаған елшілік Үйсін мемлекетімен ресми түрде
дипломатиялық, құдандалық қатынас
орнатты.
Б.з.б.138 жылы Чжан Цянь «Батыс өңірге» алғаш келді. Ол: «Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты. Мол
сыйлық-
тартулар ұсыну арқылы үйсіндерді шығыстағы атамекеніне көшіріп әкелуге,
оларға ханшамызды ұзатып, күнбимен
құдандалық байланыс орнатып, ғұндарға қарсы қолдануға болады», - деп жазды. Қытай императоры б.з.б.119 жылы
Чжан Цяньды тағы да үйсіндерге атандырды.
Нәтижесінде, елшіліктер алмасып, туысқандық
некелік қарым-қатынас
орнатылады. Б.з.б.107 (106-105жж.) жылы Қытай ханшасы асқан салтанатпен үйсін күнбиіне ұзатылды. Өз тарапынан
үйсіндер қалыңмал ретінде 1 мың жылқы берген.
1858-1859 жылдары Шоқан Уәлиханов атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде
бірде-бір зерттеушінің барып қайтуының сәті түспеген еді. Тек, орта ғасырда М.Поло, ХVІІғ. иезуит Гоес, ал Шоқанның
алдында неміс ғалымы Р. Шлагинтвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық
өлкеге сапары қайғылы аяқталып, өлім
жазасына кесілген болатын.
Достарыңызбен бөлісу: