І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


Қазақстандағы экологиялық проблемалардың негізгі себептері



Pdf көрінісі
бет49/65
Дата29.04.2024
өлшемі1.04 Mb.
#500125
түріҚұрамы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65
Тарих билет жауаптары

2. Қазақстандағы экологиялық проблемалардың негізгі себептері. 
Табиғи пайдалы қазбалардың аса мол қорлары бар, бірақ табиғат қорғаудың құқықтық базасы жоқ, қндірістің 
төменгі мәдениетінің жағдайында Қазақстан аумағы ғылым мн техника жетістіктері тегеурінінің алдында қорғансыз 
болып шықты. Экономиканың дамуы, жаңа кен орындарын игеру, жаңа елді мекендер салу табиғи ресурстарды көп 
мөлшерде қажет етті. Ұзақ уақыт бойы республикадағы табиғи байлық сарқылмайтындай көрініп, ол экстенсивті 
жолменигерілді. Тек 80-жылдардың екінші жартысында ғана Қазақстанның экологиялық жағдайын сауықтыру мен оның 
табиғи байлықтарын тиімді пайдалануға бетбұрыс жасалды. Алайда Қазақстандағы табиғатты қорғаудың іс-тәжірбиесі 
өте қанағаттанғысыз жағдайда еді. Жауапсыз шаруашылық қызметтің нәтижесінде топырақ эрозиясы республикадағы 5 
млн гектардан аста жыртылатын жерді қамтыды. 
Республикада химикаттар мен тыңайтқыштарды тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде су қоймаларының ластану 
оқиғалары да кең орын алды. Су мен ауаның ластануы адам денсаулығы үшін қте қауіпті, экологиялық тепе-теңдікті 
бұзатын, ең көп тараған проблемаға айналды. Республикада Семей полигонымен қатар аумағы жағынан кем түспейтін 
басқа да сынақ алаңдары салынды. Капустин Яр, Азғыр, Сарышаған полигондарында бірнеше мәрте жер асты ядролық 
жарылыстары жасалынды. Бұл сынақтар аймақтың экологиялық жағдайын одан әрі асқындырды. 
Арал теңізінің тартылуына байланысты Арал апаты қалыптасты. Аралмен бір мезгілде табиғи ресурстарды 
дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде Балқаш проблемасы да қалыптасты. Балқаш алабын тиімсіз пайдаланудан 1970-
1985 жылдары көлге құятын өзендер суыны көлемі азайып кетті. Металлургия кәсіпорындары өндіріс қалдықтарының 
әсерінен көлде ауыр металдар мен күкірт оксидтерінің мөлшері артты. 
2. 
Аттила мен Шыңғысханның тарихта алатын орыны. 
Аттила (Еділ)-әйгілі ғұн ұлысының билеушісі. Оған Днестрден Римге дейінгі, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі 
жерлер бағынды.Ол қай жерге аяқ басса сол жерде үрей туды. Оған бағынбаған Рим ғана қалды. V ғасырдың ортасына 
қарай ғұндардың басшысы Еділ Румыния және Венгрия елдеріндегі ғұндарды өзінің қол астына жинады. Еділ патшаның 
кезінде Ғұн империясы өз дамуының жоғарға сатысына жетті. Еділ билігі тұсында ғұндарда әскери-демократялық 
құрылыс нығайды. Ғұндар халықтардың ұлы қоныс аударуын туындатты. Кейбір ғалымдардың айтуынша құл 
иеленушілік құрылысты құлатып, жаңа дәуірдің –орта ғасыр дәуірінің басталуына жол ашқан. 
Шыңғысхан өзара қырқысқан көшпелі түркі-монғол тайпаларын бағындырып, бір орталыққа біріктіріп Монғол 
империясының негізін қалады.«Жасақ» атты заңы бар. Өзінің ұларымен біріге отырып, көрші жатқан елдерді басып 
алды. Қазақстан жері оның үш баласының қол астына қарады. Орта Азия және Қазақстан жерін басып алуғы ұқыпты 
дайындалады. Аттила мен Шыңғысхан тариха әлемді бағындырушылар ретінде қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет