3.Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының баскиімі мен Қарғалы шатқалынан табылған тәтіде
бейнеленген ортақ белгілерді және айырмашылықтарды анықтаңыз.
Екеуіне де ортақ белгілер:
Екеуі де Жетісу жерінен табылған.
Сақтар мен үйсіндердің түсінігінше, өлген адам қайта тіріледі деп сенген. Сондықтан да адамды жерлегенде оған
о дүниеде керек болады-ау деп, тірі кезінде пайдаланған заттарының бәрін қоса көмген.
Екеуінде де «Аң стилі» мәдениетіне жатады. Яғни сақтар мен үйсіндердің бас киімдерінде жануарлардың
бейнелері салынған. Атап айтқанда екеуінде де қанатты жолбарыстар, қанатты тұлпарлар, құстар бейнеленген. Онда
қанатты тұлпарлар күннің белгісі ретінде салынған.
Екеуінің де басты тақырыбы- әлем бейнесі, әлем туралы түсінігі, діни наным-сенімдері мен өмірге деген
көзқарасы бейнеленген.
Екеуінде де ою-өрнектер үш бөліктен тұрады.
Айырмашылықтары:
Есік обасынан табылған алтын киімді адам б.з.б. V – ІV ғасырларда, ал Қарғалы шатқалынан табылған үйсін
адамы б.з.б. ІІ – І ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін
мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.
5-билет
1.
Қаңлы мемлекеті (әкімшілік шекарасы, қоғамдық құрылысы, сыртқы саясаты, мәдениеті.)
2.
1916 жылғы көтерілісті 1929-1931 жылдардағы көтеріліспен салыстырып, ұқсастықтарын анықтаңыз.
3.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткен тармақтары және ортағасырлық қалаларды картадан
белгілеңіз.
Жауабы:
1. Қаңлы мемлекеті (әкімшілік шекарасы, қоғамдық құрылысы, сыртқы саясаты, мәдениеті.)
Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар.
Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхара-
тада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жаз-ба деректерінде корсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-
тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемле-кеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және
Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпалары-ның жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді.
Қытай жазба деректері негізінде қаңлы тайпаларының тарихын алғашқы зерттеушілер Қытай тілін жетік
білген ғалымдар Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Бұлардан кейін жазба деректерді саралай отырып академик В. В.
Бартольд қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрді деген қорытынды жасайды.Қытай
деректеріндегі Чжан Цяннің хабары бойынша қаңлы тайпалары халқының жалпы саны - 600 мың, жау-ынгер
жасақтарының саны - 120 мың адам. Орталығы Сыр-дария өзенінің бойында орналасқан Битән қаласы. Қытай
деректеріне қарағанда, қаңлы тайпаларының иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Югень деп аталатын бес аймақ
болған. Бұл жерлерді кәзіргі кезеңдегі аудандармен салыстырып қарайтын болсақ: Югень-Хорезм; Ги- Сырдарияның
саға-сы; Фуму-Жаңақорғанның солтүстік батысынан Қазалыға дейін; Сусе-Сырдарияның орта ағысы, Арыс өзенінің
аңғары, Қаратау беткейі; Юени-Ташкент аймағы.
Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне жүргізген зерттеу
жүмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалда-ры шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді. 1.
Достарыңызбен бөлісу: |