І. Р. Халитова педагогика ғылымдарының


Кесте 2 - Педагогикалық бағыттылықтың қалыптасу деңгейлері



бет2/3
Дата19.06.2016
өлшемі485.44 Kb.
#148282
түріДиссертация
1   2   3

14

Кесте 2 - Педагогикалық бағыттылықтың қалыптасу деңгейлері



Өлшемдер

Деңгейлер

Көрсеткіштер


Ізгілікті мотивтер

Көтеріңкі

Сезімін басқаруы; қай кезде қандай әдіс, тәсілдер арқылы ықпал етуге болатынын сезінуі; кез келген мәселені оқушының бас пайдасына шешуі; өзінің психикалық ахуалы, көңіл күйіне берілмеуі; оқушылармен сыйластық қарым-қатынас орната білуі;

Аралық

Сезімін басқаруы; қай кезде қандай әдіс, тәсілдер арқылы ықпал етуге болатынын сезінуі; кез келген мәселені оқушының бас пайдасына шешуі; өзінің психикалық ахуалы, көңіл күйіне берілмеуі; оқушылармен сыйластық қарым-қатынас орната біледі бірақ сезімін басқаруы, жеткіліксіз.

Базалық

Оқушыларға қай кезде қандай әдіс, тәсілдер арқылы ықпал етуге болатынын сезінуі; кез келген мәселені оқушының бас пайдасына шешуі; сыйластық қарым-қатынас орната біледі бірақ сезімін басқаруы және өзінің психикалық ахуалы мен көңіл күйінің басқара алмайды,беріліп кетеді.

Тұлғалық мотивтер

Көтеріңкі

Өмірлік тәжірибесінің дұрыс, бұрысын ажырата білуі; жақсысын қуаттап, нашарынан бас тартуы; оның орнына жаңа, пайдалы сыйпаттағы түрлерін қалыптастыруы; оқушының бойына сіңіп қалған нашар әдет, дағды тәжірибелерін ажырата білуі; жалпы өмір тәжірибесі мен өмірлік тәжірибе жайлы ұғымының қалыптасқаны; кезкелген педагогикалық ахуалда табан астында жол табуы;

Аралық

Өмірлік тәжірибесінің дұрыс, бұрысын ажырата білуі; оқушының бойына сіңіп қалған нашар әдет, дағды тәжрибелерін ажырата білуі; жалпы өмір тәжірибесі мен өмірлік тәжірибе жайлы ұғымының қалыптасқаны; кез келген педагогикалық ахуалда табан астында жол табу мүмкіндігі бар, бірақ жақсысын қуаттап, нашарынан бас тартуы; оның орнына жаңа, пайдалы сыйпаттағы түрлерін қалыптастыруы жеткіліксіз.

Базалық

Өмірлік тәжірибесінің дұрыс, бұрысын ажырата білуі; жақсысын қуаттап, нашарынан бас тартуы; оның орнына жаңа, пайдалы сыйпаттағы түрлерін қалыптастыруы; оқушының бойына сіңіп қалған нашар әдет, дағды тәжрибелерін ажырата біледі бірақ жалпы өмір тәжірибесі мен өмірлік тәжірибе жайлы ұғымы қалыптаспаған, кез келген педагогикалық ахуалда табан астында жол табуы жеткіліксіз.

Іскерлік мотивтері

Көтеріңкі

Ділмарлығы- оқушыларға сөзін тыңдата білуі,сөздерді орынды қолдана білуі; сөзінің мағыналығы мен мәнділігі; сөзінің қысқа да, нұсқа болуы; Педагогикалық үрдіске тікелей араласу арқылы

оқушылармен диалогтік қарым-қатынас орната білуі; оқушыларды кез келген іске жұмылдыра білуі;



Аралық

Сөздерді орынды қолдана білуі; сөзінің мағыналығы мен мәнділігі; сөзінің қысқа да, нұсқа болуы; Педагогикалық үрдіске тікелей араласу арқылы оқушылармен диалогтік қарым-қатынас орната біледі, бірақ оқушыларды кез келген іске жұмылдыра алмайды, демек ділмарлығы- оқушыларға сөзін тыңдата білуі жеткіліксіз.

Базалық

Педагогикалық үрдіске тікелей араласу арқылы оқушылармен диалогтік қарым-қатынас орната білуі; оқушыларды кез келген іске жұмылдыра біледі бірақ, ділмарлығы- оқушыларға сөзін тыңдата білуі жеткіліксіз; сөздерді орынды қолдана білуі жеткіліксіз; сөзінің мағыналығы мен мәнділігі; сөзінің қысқа да, нұсқа болуы жеткіліксіз.


үшінші кезеңде оны тексерудің нәтижелерін қорытындылау болып табылады.

Эксперимент жұмысының міндеттері:

- арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырғанға дейінгі колледж оқушыларының педагогикалық бағыттылығының қалыптасқандығын - олардың ізгілікті бағыты, тұлғалық қасиет, қабілеттерінің және іскерлігінің дамығандығын анықтау;

- арнайы ұйымдастырылған тәрбие жұмыстары мен мамандық туралы білім, білігін, іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы колледж оқушыларының педагогикалық бағыттылығының қалыптасуына ықпал ету;

- колледж оқушыларының педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру нәтижелерін қорытындылап ұсыныстар беру.

Эксперимент жұмыстары Жетісай қаласының Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжі, Алматы қалалық № 1 Алматы қазақ педагогикалық колледжі, Тараз қаласындағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледждердің музыка бөлімі оқушыларымен жүргізілді. Арнайы осы бөлімді таңдап алудағы басты себеп, автордың осы саладағы ұзақ жылдық тәжірибесімен және аталмыш бөлім оқушыларының арасындағы педагог мамандығына болған кейбір жаңсақ көзқарас пен пікірлердің қалыптасқаны себеп болды. Эксперименттің алғашқы кезеңінде орта педагогикалық оқу орынындағы тәрбиелік жұмыстардың тұлғаның педагогикалық бағыттылығын қалыптастыруға тигізетін ықпалын анықтау көзделді. Онда әртүрлі тәсілдер қолдандық: сауалнама, жазба жұмыстар, ауызекі сұрақтар, сұхбат, пікір алмасу т.б. Зерттеу жұмысын ұйымдастыруда алдымен эксперимент жұмысының бірінші кезеңінде, 1-курс оқушыларының педагогикалық бағыттылығын олардың мотивтері арқылы анықтау көзделді.Өйткені бұдан соң арнайы тәрбие жұмыстары осы 1, 2, 3 курстарда ретімен, жоспарлы, бірізді, әр түрлі мазмұнда, танымдық практикалық іс-әрекетпен ұштаса ұйымдастырылмақ. Колледж оқушыларынан алынған жауаптар, олармен өткізілген әңгімелер мен сұхбат, практикалық іс-әрекетін бақылау және талдау т.б. жұмыстар мынадай бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді:

1) тәрбие жұмысына бағыттылығы барлығынан төмен. 2) колледж оқушыларының педагог мамандығын ата-анасы, ұстазы, пән мұғаліміне еліктеп, саналы таңдап алған оқушылар да жоқтың қасы. 3) колледж оқушыларының көпшілігі мектеп мұғалімі болғысы келмейді. 4) білімін педагог мамандығы емес басқа мамандық бойынша жалғастыруды ойлайтыны т.б. анықталды. Осы және басқа да көптеген себептерді ескере келіп, болашақ музыка мұғалімінің мотивтеріне педагогикалық бағыттылық беру үшін сабақтан тыс жұмыстармен қатар әртүрлі музыка пәндерін оқытуда педагогикалық бағыттылықты ескеру керек деген ұйғарымға келдік. Осыған орай диссертацияда тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың үлгісін келтірдік. Эксперимент жұмыстарын жүзеге асыру үшін колледж оқушылары эксперимент тобы және бақылау тобына бөлінді.

«Педагогикалық бағыттылық қалыптастырудағы тәрбие жұмыстарының маңызы» арнайы курсы және тәрбиелік іс-шаралардың жоспары түзіліп практикада жүзеге асырылды.Сондықтан педагогикалық бағыттылыты қалқыптастыру үшін олардың теориялық білімдері болуы қажет.Осыған орай №3 - кестеде арнайы курсты оқыту жоспары келтірілді.


Кесте – 3 «Педагогикалық бағыттылық қалыптастырудағы тәрбие жұмыстарының маңызы» арнайы курсының бағдарламасы.


Тақырыптар

Дәріс

Семи

нар


Практикалық

жұмыстар


Өзіндік жұмыс

1.Музыка мұғалімінің педагогикалық білімі

және мектептегі тәлім-тәрбиелік

мәселелерді шешудегі

педагогикалық сауаттылық


2

2

2

2

2.Музыка-педагогикасы және сабақтан

тыс жұмыстардағы педагогикалық тапқырлық



2

2

2

2

3.Музыка мұғалімінің сезімі (интуиция)

мен эмоцияның педагогикалық қызметі

2

2

2

2

4. Колледж оқушыларына ықпал етудегі музыка мұғалімінің шешендігімен

айтқанын істетуі(көндіруі)

2

2

2

2

5. Колледж оқушыларын сабақтан тыс

жұмыстарға тартудағы педагогикалық



сөйлеуі, еліктетіп соңынан ертуі;

2

2

2

2

Барлығы

10

10

10

10

Т
17


әрбие үрдісінде педагогикалық бағыт беру- мамандық бойынша білім алудың құрамды бөлігі ретінде, оның бір элементі қатарында кәсіптік педагогикалық мәселелерді шешуге- мамандардың педагогикалық іс-әрекетке дайын болуының сапасын көтеруге арналады. Диссертацияда колледж оқушыларымен сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың үлгісі берілді. Онда тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері мен технологиясы, колледж оқушыларының теориялық білімі мен тәрбие жұмыстарына тікелей араластыру арқылы біліктерін сол негізде іскерлік бағыттылығын қалыптастыру-қабілет, қасиет, сапаларын қалыптастыру көрсетілді. Сонымен қатар диссертацияда тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жүйесі келтіріліп онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, мазмұны, әдістері, формалары, тәсілдері арқылы ізгілікті, іскерлік, тұлғалық мотивтер қалыптастыру арқылы колледж оқушыларының тапқырлығы, ділмарлығы, сезімталдығы, өмір тәжірибелеріне педагогикалық бағыт беру, басқаларды еліктетіп соңынан ерту секілді қабілеттер мен қасиеттерінің қалыптасуы, олардың педагогикалық бағыттылық қалыптастыру өлшемдері мен көрсеткіштері көрсетілді. Диссертацияда колледж оқушыларының педагогикалық бағыттылыққа өзін-өзі тәрбиелеуі бойынша жұмыс жоспары келтірілді.Сонымен колледж оқушыларының жауаптарын жинақтайтын болсақ, жалпы оны 4-кесте арқылы нақты сипаттап көрсетуге болады (19- бетте).

Бұл жерде арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстардан соң колледж оқушыларының педагог мамандығын меңгеруге қозғау салатын мотивтерінің қалыптасқандығын эксперимент және бақылау тобын салыстырмалап көрсеттік. Диаграммадан эксперимент және бақылау тобы оқушыларының педагогикалық бағыттылығының қалыптасу көрінісін анық байқауға болады

(1-сурет).



Сурет 1 - Колледж оқушыларының педагогикалық бағыттылығының қалыптасуы

Сол негізде эксперимент тобы оқушыларының болашақ мамандығына болған бағыттылығын қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстардан соң алынған нәтижелерінің толық көрінісі диссертацияның соңындағы кестелер мен суреттерде, диаграммаларда берілді.

Эксперимент нәтижелерін қорыта келе, біз оны 1- тараудың 1.3 - пәресінде

келтірген өлшемдермен көрсеткіштерге сәйкес келтіріп талдадық. Мұнда колледж оқушыларының педагогикалық практика кезіндегі мектеп оқушыларымен жүргізген іс-шараларының нәтижелерін талдау; олардың колледж қабырғасында арнайы ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуы,


Кесте 4 - Колледж оқушыларының педагогикалық бағыттылығының қалыптасу көрсеткіштері

Құрамы


Көрсеткіштері



Экс

топ


Бақ

топ


Деңгейлер, пайызбен

Көтеріңкі

Аралық

Базалық

Э.т.

Б.т.

Э.т.

Б.т.

Э.т.

Б.т.

Ізгілікті мотивтер

- сезімін басқаруы;

- өзінің психикалық ахуалы, көңіл күйіне берілмеуі;

- оқушының ішкі жан-дүниесін тани алуы
- оқушылармен сыйластық қарым-қатынас орната білуі;


67

67

26(38,8%)

11(16,4%)

32(47,7%)

15(22,3%)

9(13,4%)

41(61,2%)







21(31,3%)

16(23,8%)

40(59,7%)

26(38,8%)

6(8,9%)

25(37,3%)







39(58,2%)

14(61,2%)

19(28,3%)

28(41,8%)

9(13,4%)

25(37,3%)







47(70,1%)

27(40,2%)

20(29,8%

29(43,2%)

-

11(16,4%)

Тұлғалық мотивтер

- оқушының бойына сіңіп қалған нашар әдет, дағды тәжірибелерін ажырата білуі;

- жалпы өмір тәжірибесі мен өмірлік тәжірибе жайлы ұғымының қалыптасқаны;

- кез келген педагогикалық ахуалда табан астында жол табуы;








28(41,8%)

12(17,9%)

31(46,2%)

33(49,2%)

8(11,9%)

22(32,8%)







15(22,3%)

-

36(53,7%)

12(17,9%)

16(23,8%)

55(82%)







28(41,8%)

-

31(46,2%)

-

8(11,9%)

67(100%)

Іскерлік мотивтер

- сөзінің мағыналығы мен мәнділігі;

- сөзінің қысқа да, нұсқа болуы;

- педагогикалық үрдіске тікелей араласуы;

- оқушылармен диалогтік қарым-қатынас орната білуі;









20(29,8%)

9(13,4%)

42(62,6%)

32(47,7%)

5(7,4%)

26(38,8%)







20(29,8%)

16(23,8)

38(56,7%)

16(23,8%)

9(13,4%)

35(52,2%)







67(100%)

-

-

21(31,3%)

-

46(68,6%)







67(100%)

27(40,2%)

-

32(47,7%)

-

8(11,9%)


19

соның нәтижесін қорытындылауға арналған сауалнама, сұхбат сұрақтарына алынған жауаптар, әңгімелесу нәтижесінде жасалған қорытындылар, іскерлік тапсырмаларды орындауының нәтижелері, арнайы курсты меңгеруі, арнайы жүргізілген тәрбие жұмыстарының нәтижелері берілді.

Осыған орай өткізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері біз ұсынып отырған сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы колледж оқушыларының педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін дәлелдеді.



Қорытынды
Зерттеу жұмысының нәтижелерін талдау және алынған мәліметтерді өңдеу, бізге мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

1. Қазіргі кең ауқымды ақпарат заманында оқу үрдісі колледж оқушыларының өмірлерінің барлық тұстарын толық қамти алмайды, болашақ мамандығы жайлы толық мәліметпен қамтамасыз ете алмайды, әсіресе практикалық дайындықты қажетті деңгейде жүзеге асыру мүмкін емес. Демек, мұндай жағдайда тәрбие жұмысының мүмкіндіктерін кең пайдалану керек екеніне көз жеткіздік.

2. Колледж оқушыларының жас және жеке ерекшеліктері мен білім алу кезеңінде олардың педагогикалық санасы мен іс-әрекеті, сенімі, нанымы, әдет-дағдылары стихиялы түрде, бір ғана өз тәжірибесі негізінде қалыптасуы мүмкін емес. Сол себепті арнайы педагогикалық бағыттылығын қалыптастырып дамытатын тәрбие жұмыстары болуы керек.

3. Колледж оқушыларының педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру үшін белгілі бір кәсіп не мамандыққа қызығуымен қатар осы мамандыққа байланысты іс-әрекет түрлеріне бейімділіктің де маңызы бар. Бұл мәселені кәсіптік тұрғыда қарастырсақ зерттеушілердің кейбіреулері мұны қызығу және бейімділікпен, ал кейбіреулері қызығу және қажеттенумен байланыстырады. Кәсіптік бағыттылықты қалыптастыру - тұлғаның сапасы әлеуметтік алғышарттарымен байланысты болумен бірге мамандыққа даярлауға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінде басты орынға ие.

4. Қазіргі кезде жаңа оқу технологиясына өтуге байланысты, оқу үрдісін қайта құру мәселелерін шешуде жастарға тәрбие беру мәселесіне тиісті дәрежеде мән берілмей келеді. Біздің пайымдауымыз бойынша орта кәсіптік білім мекемелеріндегі тәрбие жұмысы - колледж оқушыларының тұлға ретінде қалыптасуына, өз басындағы кейбір мәселелерді шешу мүмкіндігі дамыған, ішкі күш қуатын жұмылдырып болашақ мамандығының қыр-сырын меңгеруге бағыттауына, шығармашылық әлеуетін арттыруына көмектесетіндей педагогикалық ахуалдар туындатуына шарт түзуі керек.

5. Педагогикалық бағыттылық қалыптастыруға байланысты ғылыми - педагогикалық әдебиеттерді зерделей келе, “педагог мамандығына бағыттылық” пен “кәсіптік бағыттылық” деген екі ұғымының ара жігі осы уақытқа дейін нақтыланбағаны белгілі болды. Диссертацияда осыған орай алғаш рет өз пікірімізді білдірдік.

6. Көрсетілген және басқа да ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдай келе, тұлғаның педагогикалық бағыттылығын дамытуға түрткі беретін басты желісі - ниеті болып, оған қалауы мен еліктеуінің жетекші болатынын анықтадық. Мұнда тұлға алдымен іс - әрекет мақсатын айқындап алады да, одан соң арнайы ұйымдастырылған мотивациялық ауқымда өз мінез - құлқының нашар жақтарын, қаншалықты күшті болса да, басып тастау арқылы реттей алады - деген ғылыми тұжырымға негіздей отырып және де педагог, психолог ғалымдардың тұлға мотивтерін қалыптастырудың маңызы жайлы еңбектеріне негіздей келе, біз тәрбие жұмыстары арқылы болашақ мамандығына бағытталған мотивтер қалыптастыру керек деп ұйғардық.

7. Педагогикалық мотивтерді: ізгілікті мотивтер – бала кезінен қалыптасатын қасиеттерімен байланысты және оны ары қарай дамыту мүмкіндігі бар; тұлғалық мотивтер оқу-тәрбие үрдісінде қалыптасып өзінше жеке сипаттар мен қоса өз қабілеттерін іс жүзінде тексеру, пайдалану, өзін жетілдіру, дамыту, және басқалардың мүддесіне мән беру секілді басқа да көптеген бағыттылықтармен сипатталады; іскерлік мотивтер - тұлғаның іс-әрекетінде көрініс береді; Солардың ішінде аса маңыздысы тұлғаның мамандыққа бағытталуы екені анықталды.

Бүгінгі кәсіби колледждер жағдайында оқушылардың педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру мақсатында төмендегідей ұсыныстар жасай аламыз:

- тұлғаның арнайы белгілі бір мамандыққа болған бағыттылығының қалыптасуына кәсіптік білімінің ықпал ету мүмкіндігінің мол екені белгілі. Орта білім мекемелерінде, мысалы колледждерде іргелі білім (жалпы білім беретін пәндер) және мамандық бойынша білім арасындағы қарама-қайшылықты жойып оған педагогикалық бағыт беру оқу үрдісімен қоса тәрбиелік жұмыстарда да арнайы бағыт алуы тиіс.

- педагогикалық колледждерде оқитын жалпы білім беретін пәндер-тікелей педагогикалық мамандыққа арналмайды. Олар арнайы курстар мен пән бойынша сабақтан тыс жұмыстарда, факультативтерде көрініс табады. Өйткені мұнда педагогикалық маңызды мәселелерге байланысты тақырыптар төңірегінде ізденістер жүргізіліп, колледж оқушыларының іс-әрекеті ұйымдастырылады.

Бұл ретте осы жалпы білім беретін пәндерді оқытатын ұстаздар өз пәндерінің педагог мамандығына септігі тиетін тұстарын бөліп алып тереңдете түсуі, оны тәрбие жұмыстарымен ұштастырып колледж оқушыларының болашақ мамандығымен байланыстыруы аса маңызды.


21
- тәрбие жұмыстары арқылы колледж оқушыларының педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру үшін арнайы түзілген жоспар арқылы оның мазмұнын жүзеге асыру әдістері мен тәсілдерін (технологиясын) анықтап алу қажет. Одан диссертацияда мотивтерін қалыптастыру үшін белгіленген мазмұн арқылы, көрсетілген шарттарды ескере отырып жүзеге асыру керек. Зерттеу жұмысының алынған нәтижелеріне сүйене отырып, оларды басқа да оқу орындарының практикасында кеңінен қолдануға болады.

Әрине бір диссертациялық зерттеу арқылы колледж оқушыларында педагог мамандығына бағыттылық қалыптастыру мәселесі толығымен шешіле қоймайтыны белгілі. Сол себепті болашақта мынадай бағыттарда зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға болады:



  • оқу орындарындағы тәрбие жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру арқылы колледж оқушыларының өмір тәжірибелеріне педагогикалық бағыт берудің алғышарттары;

  • тәрбие жұмыстарында жаңа технологияны қолдану арқылы колледж оқушыларының педагог мамандығына қызығуын арттыру;

  • оқу мен тәрбие жұмыстарының сабақтастығы арқылы колледж оқушыларының педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет