І шамалар және олардың Өлшем бірліктерін оқыту технологиясы


Бастауыш сыныптарда оқытылатын шамаларды және өлшем бірліктерінің арақатынасын меңгерту жолдары



бет4/10
Дата06.03.2024
өлшемі77.55 Kb.
#494550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-78441

1.2 Бастауыш сыныптарда оқытылатын шамаларды және өлшем бірліктерінің арақатынасын меңгерту жолдары

Cандар мен шамалар бастауыш мектептегі математика курсының негізгі ұғымдарына жатады. Олардың мазмұны нақты мысалдармен ашылады. Мұнда ондық санау жүйесі мен шаманың метрлік жүйесі арасында өзара байланыс жүзеге асырылады. Сондықтан сандар мен шамалармен амалдар ұқсас және бір мезгілде оқытылады. Шама ұғымымен шамаларды өлшеу идеясы айқындалады. Ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық, аудан сияқты шамалармен, олардың өлшеу бірліктерімен және шамаларды өлшеумен таныстыру практика жүзінде орындалады және сан ұғымын, ондық санау системасы мен арифметикалық амалдар ұғымын қалыптастырумен, сондай-ақ геометриялық фигура ұғымын қалыптастырумен тығыз байланыстырылады. Осындай байланыс нәтижесіңде, көрнекі бейнелерге сүйене отырып, оқытуды балалардың практикалық іс-әрекетімен байланыстырып жүргізу мүмкіндігі туады.


Математиканың бастауыш курсында масса, баға, уақыт, жылдамдық, жол сияқты шамалар, сондай-ақ қандай да бір топтың шамалары арасында тәуелділіктер оқып үйретіледі.
Әр түрлі сандық мәндерді қабылдайтын шама ұғымы бізді қоршаған дүниенің өзгеруінің айнасы болып табылады. Алайда, нақты дүниедегі барлық мүмкін болатын өзгерістер бір-бірімен байланысты болады. Осы байланыстарды шамалар арасындағы тәуелділікті зерттеу арқылы оқып – үйрену математиканы тәжірибелік мәселелерді шешуді қолдану тәсілі, білімді математикаландыру тәсілі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығыменбекітілген, жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Математика» оқу бағдарламасындағы әр сынып білім мазмұнын талдайтын болсақ


1-сыныптағы базалық білім мазмұны
1. Дайындық кезеңі (12 сағат):
2) заттарды ұзындығы бойынша салыстыру. Ұзын (ұзындығы бойынша артық). Қысқа (ұзындығы бойынша кем), массасы бойынша салыстыру. Ауыр (массасы бойынша артық). Жеңіл (массасы бойынша кем), сыйымдылығы бойынша салыстыру. Көбірек (азырақ) сыйдырады, бағасы бойынша салыстыру. Қымбат (бағасы бойынша артық). Арзан (бағасы бойынша кем), ауданы бойынша салыстыру. Ауданы бойынша артық (кем);
3) қозғалысты жылдамдық бойынша салыстыру. Жылдам (жылдамдық бойынша артық). Баяу (жылдамдық бойынша кем);
4) уақыт бойынша салыстыру (ерте, кеш). Үлкен (жасы бойынша үлкен). Кіші (жасы бойынша кіші);
5) кесінді. Кесіндінің ұзындығын өлшеу. Ұзындық бірлігі – сантиметр (1 см); Бөліктері бар сызғыш;
6) кесіндіні салу. Үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш;
7) ұзындық бірлігі – дециметр (1 дм). 1 дм = 10 см;
8)кесінділерді салу, олардың ұзындықтарын салыстыру және өлшеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет