І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігін қалай түсінесіз айтып беріңіз



бет14/70
Дата13.12.2022
өлшемі221.53 Kb.
#467192
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70
Санитар сессия ответы толык еместт

15. Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігін қалай түсінесіз айтып беріңіз.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі - бұл құнды және ажырамас игілік болып табылады. Біздің әрқайсымыз күн сайын азық-түлік өнімдерін пайдаланамыз және ол өнімдердің денсаулыққа қауіп төндірмейтініне сенімді болуымыз тиіс. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің жоғары деңгейі тәуекелдерді барынша азайтудың жетілдірілген жүйесін құру нәтижесінде қамтамасыз етілуі мүмкін. Өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, осы жүйенің жауапты тараптары ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі, сауда кәсіпорындары, бақылау органдары, ғылым және саясат болып табылады. Сонымен қатар, тіршіліктің басқада салаларындағы сияқты, азық-түліктің қауіпсіздік кепілдігін жүз пайыз қамтамасыз ету іс жүзінде мүмкін емес, өйткені тамақ өнімдерін өндіру күн сайын дамып келеді.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі проблемасы – күрделі кешенді проблема болғандықтан оны шешу үшін биохимик ғалымдар, микробиологтар, токсикологтар тарапынан да, өндірушілер, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, мемлекеттік органдар мен тұтынушылар тарапынан көп күш - жігерді талап етеді. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі проблемаларының өзектілігі жыл сайын артып келеді, өйткені азық - түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдардың денсаулығын және гендік қорды сақтауды айқындайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі деп оларды пайдалану кезінде адам денсаулығы үшін қауіптілігі тұрғысынан қатты жағымсыз әсер етуі (тағамдық улану және тағамдық инфекциялар), алыстағы зардаптардың (канцерогендік, мутагендік және тератогендік әсер) тұрғысынан да қауіптіліктің болмауы деп түсіну керек. Басқаша айтқанда, қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды, қолайсыз әсер етпейтін тамақ өнімдерін қауіпсіз деп санауға болады.


16. Тағамдық және санитарлық микробиология қашан қалыптаса бастады жазыңыз.
Тағам гигиенасы – тағамдық өнімдердің санитарлық та-залығын сақтау жəне өндірістік шикізаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды өндеу, қоғамдық тамақтану орындары-на тарқату жағдайлары жəне халықтың сауықты тамақтануы жайындағы ғылым.
Тамақ гигиенасы жалпы гигиенаның бір саласы болып табылады.
Тағам гигиенасының міндеттері:
* Физиологиялық қажеттіліктеріне байланысты халықтың əртүрлі топтарына тағамдық өнімдердің гигиеналық нормативтерін өңдейді.
* Тағамдық өнімдерге қоршаған орта факторларының əсерін зерттейді.
* Тағамдық өнімдердің адам организіміне кері əсерінің себеп-салдарын зерттейді.
* Өндіріс орындарына азық-түлік өнімдерін сақтауға, тасымалдауға, сатуға санитарлық талаптар орнатады.
Тамақ санитариясы – тағам объектілерде тағамдық улану-лар мен аурулардың профилактикасын қамтамасыз ету жəне тағамдық өнімдерді сапалы жəне қауіпсіз өндіру мақсатында жүргізілетін шаралардың жиынтығы.
Тағамдық өнімдердің санитарлы-гигиеналық зерттеудің негізгі мақсаты:
тамақтанудың гигиеналық сипаттау жəне оныңғылыми негізделген нормаларға сəйкестігін анықтау. Санитарлы-гигиеналық бақылау – қоршаған ортаның табиғи жəне жасанды объектілерін бағалаудағы ең маңызды түрінің бірі болып табылады. Санитарлы – гигиеналық бақылаудың негізінде гигиена, санитария жəне гигиеналық нормалау немесе сани-тарлы-гигиеналық норма жатыр




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет