МАЗМҰНЫ
Кіріспе..........................................................................................................
І Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
берудің теориялық негіздері
1.1. Сыныптан тыс жұмыстарда окушыларға экологиялық - тәрбие
берудің мәні және оның құрылымы.........................................................
1.2. Сыныптан тыс жұмыстарда окушыларға экологиялық тәрбие беру
мәселесі........................................................................................................
ІІ – Тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық
тәрбие беру әдістемесі
2.1. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
берудің педагогикалық шарттары.
2.2. Сыныптан тыс жұмыстарда окушыларға экологиялық
тәрбие беруде қазақ ауыз әдебиетін пайдаланудың әдіс - тәсілдері
Қорытынды.......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................
Қосымша..........................................................................................................
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері, елдің сана-сезімінде түбегейлі өзгерістер болды. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, еліміздің ішкі рыногын да әлемдік деңгейге көтерді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болды. Экологиялық проблемалар және оларды болдырмаудың алдын - алудың жолдарын іздестірудің өзектілігіне Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы (1996), Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (1992), Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы (1997) және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен. «Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасы» (2002), «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі» (2006) сияқты ресми құжаттар дәлел бола алады.
Бүгінгі таңда экологиялық білім мәселесіне қазақстандық ғалымдар да зор көңіл бөліп отыр. Экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негіздері Н.С. Сарыбеков, А.С. Бейсенова, М.Н. Сарыбеков, М.А. Лигай, Г.К. Ділімбетова, Ұ. Есназарова, Ж.Ж. Жатқанбаев, Ж.Б. Чилдибаев, А.Г. Сармурзина, А.К. Сатынская және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Зерттеушілердің ғылыми еңбектерінде экологиялық мәдениет, тәрбие проблемалары сан қырынан көрініс тапқан.
Тұтастай алғанда, жоғарыда қарастырылған зерттеулердің бағыттарына және білім беру жүйесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша жинақталған практикалық тәжірибеге қарамастан, сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру мәселесінің әлі де болса шешімі табылмағандығына көз жеткіземіз. Қоршаған ортаны қорғауда балалардың әкологиялық мәдениетін жастайынан қалыптастырудың әлеуметтік мәні зор. Сондықтан бүкіл халық, қоғамның барлық әлеуметтік салалары, соның ішінде мектептен тыс ұйымдар, сыныптан тыс жұмыстар экологиялық саясатты жүзеге асырудан сырт қалмауы тиіс.
Экологиялық білім мен тәрбие беруді сыныптан тыс тәрбие процесінде, мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асыруға арналған еңбектер (Е.В. Экзерцева, Е.Г. Шаронова, Н.Л. Панченко, К.Ж. Бұзаубақова, Ш.Ж. Арзымбетова, Ж.Р.Жексембаева және т.б.) біз үшін қызығушылық тудырды. Біздің зерттеу тақырыбымызға жақын келетін оқушылардың экологиялық тәрбиесін дамытуда: көркем шығармаларды (Е.А. Серегина), музыка өнерін (В.Г. Кезин), халық білімдерін (Н.Ш. Блягоз), халық дәстүрлерін (Ю.Ф. Виноградов, Т.Д. Замбалова), халық педагогикасын (Н.С. Иванова, З.А. Хусаинов, С.Н. Черябкина, Ш.И. Джанзакова, Н.Т. Есеналина, Б.Х. Қойбағарова, А.Б. Айтжанова және т.б.) пайдалану мәселелері қарастырылған еңбектер де жоқ емес. Сонымен, оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру бағытында орындалған ғылыми зерттеулерге жасалған талдау сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру мәселесі зерттеушілердің назарынан тыс қалғандығын дәлелдейді. Бүгінгі таңда оқушылардың экологиялық тәрбиесін сыныптан тыс жұмыстарда дамытудың қажеттігі мен мектепте, мектептен тыс» ұйымдардың экологиялық тәлім-тәрбие берудегі қызметінің жан-жақты жүзеге асырылмауы және мектепте сыныптан тыс жұмыстарда мұғалімдерге арналған ғылыми негізделген әдістеменің тапшылығы арасындағы қарама-қайшылық нақты көрініс алып отырғандығы байқалады.
Бұл қайшылықтардың шешімін іздеу зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Оқушыларға сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары» деп таңдауға мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |