І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие


Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие



бет3/18
Дата05.05.2024
өлшемі0.62 Mb.
#500596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Дип.-сынып-оқушыларына-экологиялық-тәрбие-беру

1.2. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
беру мәселесі
Алғаш рет ғылыми әдебиетте табиғат қорғау мәселесін педагогикалық тұрғыдан профессор В.Н. Скалон қарастырды. Ол: «Гүлденген, мор табиғат-арман емес, бұл шындық, ал оның мүлтіксіз сақталуы бізге байланысты... Кішкентай кезінен балаға жануар болсын, өсімдік болсын, барлық тірі дүниеге аяушылық сезіммен қарауды үйрету керек, сонда барып адамгершіліктің негізі қаланады»,-дейді.Әрбір адамның табиғатқа қарым-қатынасы, өзіндік жеке сыртқы ортамен байланыстың қалыптасуы тәрізді, дара тұлғалық іс-әрекеті болып табылады. Профессор А.П.Сиделковскийдің пікірі бойынша: «Адам баласының тіршілігінде болатын басқа да қарым-қатынас түрлері тәрізді сыртқы ортамен байланыс күрделі де тұтас әлеуметтік жүйелер құрылымын түзеді. Өз кезегінде ол жеке адамның практикалық іс-әрекетінде және психикасында көрінеді»,-делінген.
Көптеген ғалымдар адам баласының сыртқы ортамен қарым-қатынасын қайта құруды оның технологиясынан емес, адамдардың психологиясынан бастауды жөн деп есептейді.
Белгілі академик В.Соколов, экологиялық тәрбиені имандылыққа тәрбиелеудің бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, психология-педагогика ғылымы адам мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынасты толықтай реттеп алады деп атап көрсетеді: «Адам мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынас өзара түсінушілікпен, сыйластықпен жүруі керек, белгілі бір сәйкестік тауып отыруы қажет. Мұндағы басты бағыт - адам баласын тәрбиелеудің жоспарлы да үздіксіз жүруі».
Қоғам мен табиғаттың арасында болатын қарым-қатынас туралы білім беру әр адамның практикалық іс-әрекеттерінде басшылыққа алатын дағдыларын қалыптастырады. Экологиялық білім және тәрбие жалпы тәрбие берудің бір бөлігі ретінде шәкіртті жан-жақты дамытуға, оның азамат ретінде қалыптасуына бағытталған. Экологиялық тәрбие деп адамның қоршаған табиғи ортаға саналы, табиғатқа ұқыпты түрде қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттігін түсінетін, табиғатты қорғауға белсене қатысатын көзқарасты қалыптастыруды айтамыз.
Экологиялық тәрбие беру мәселесі барынша күрделі, сан қырлы және өте маңызды болғандықтан, соңғы кездері философтардың, педагогтардың және психологтардың назарын аударып отыр.
Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған қарама-қайшылықты жою қажеттігі қазіргі кезде бүкіл адамзатты байыпты ойлануға мәжбүр етуде. Бүкіл әлемдік экологиялық мәселені шешуге үлес қосу ғылым мен техниканың мәндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогика мен мектептің де басты және игілікті борышына айналуда. Ғасырлар бойы өзін табиғаттың қожасы деп сезініп келген келген адам бойындағы оған деген тұтынушылық пайдакүнемдік қатынасын психологиялық тұрғыдан қайта кұру қажеттілігі туып отыр.
Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің басты міндеттері мен өрісін белгілеуде академик И.Д.Зверев еңбектерінің орны ерекше. Ол: «экологиялық тәрбиенің мақсаты, ғылыми білім жүйелерін, көзқарас пен сенімдерді, адамгерішілік нормаларына сәйкес қоршаған ортаның хал-жағдайына азаматтық белсенді қатынастарды қамтамасыз ету болып табылады»,-дей отырып, оның педагогика теориясы мен практикасындағы жаңа сала екендігіне баса назар аударды.
Ғалымдардың негізгі бөлігі экологиялық тәрбие берудің, нәтижесін жеке адамның іс-әрекетінде байқалатын, қоршаған ортаның жай-күйіне деген моральдық жауапкершіліктің белгілі деңгейінің қалыптасуы, экологиялық сенімі мен мәдениетінің болуы, табиғатқа қарым-қатынасындағы мұраты мен этикасының қалануы деп атайды.
Атақты педагог Б.М.Кудрявцева экологиялық тәрбиенің психологиялық табиғатын қарастырып, оны жүйелілік жолмен іске асырудың қажеттігіне ерекше мән берді.
Ол табиғатты қорғауға жұмылдырудағы адам бойындағы сенімнің негізгі мына бөліктеріне баса назар аударды.
Оларды төмендегіше жіктеді.
1. Интеллектілік компоненті: сенім негізіндегі экологиялық білімді дүниетанымдық сипаттағы интеллектілік іскерлікті ойлау тәсілдері арқылы меңгеруі.
2. Жеке - даралық компоненті: қатынас пен бағалаудың себебі - табиғат қорғау әрекетіне мақсат қою және олардың себептік дәлелі, моральдық бағыттылығы, табиғатты қорғау қажеттілігіне және адамзаттың бұл қажеттілікті ұғыну сенімі.
3. Ішкі дайындығы: ықылас, ниет - субъектінің өзіндегі бар біліміне сәйкес әрекеттенуге талаптылығы ұстанған жолын нақты іске, әрекетке айналдырудағы дайындығы.
Профессор А.Н.Захлебный жалпы білім беретін орта мектепте экологиялық тәрбие жұмысында екі әлеуметтік мақсатқа жетуді ұсынды:
- оқушылардың жеке мінез-құлқында және әртүрлі іс-әрекетінде табиғи ортаға жауапкершілік қатынас нормаларын сақтау қажеттігін тәрбиелеу.
- Қоршаған ортаны жақсарту мен қорғауда оны оқушылардың ұқыптылықпен пайдалану дағдысын, сонымен бірге табиғатқа ысырапшылдық сипаттағы барлық көрініске төзе алмайтындай қарым-қатынаста тәрбиелеу.
А.Н.Захлебныйдың болжаған мақсаттарына жету әр мектептің тәрбие жұмыстарының нәтижесі болуына септігін тигізеді.
Оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беруді мемлекетаралық деңгейде қарастыру бүгінгі күні қарқынды дамуда.
Бастауыш мектеп жас кезеңі қоршаған әлемді эмоционалды-сезімдік меңгеруде басым роль атқаратындықтан экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыруда ең қолайлы кезең болып табылады. Бұл жаста балалардың санасында табиғи, әлеуметтік ортаға және өзіне деген қарым-қатынастарын анықтайтын көрнекілік-образды әлем бейнесі және адамгершілікті экологиялық позициясы қалыптаса бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығы, талпыныстары, әсерленгіштігі, қоршаған әлемді эмоционалды-образды қабылдауға ықыластылығы олардың экологиялық санасын тәрбиелеуде мол мүмкіндіктерге ие. Яғни, бастауыш сынып оқушыларының табиғатқа деген қарым-қатынасы табиғат байлығын қорғауда қалыптасқан мінез-құлқы олардың экологиялық санасының дәрежесін көрсетеді.
Б.Т. Лихачев экологиялық сананы табиғи және қоғамдық ортада өмір сүретін тірі ағзалардың қоршаған ортамен және бір-бірімен өзара тәуелділігі, тұрақты тепе-теңдігі туралы адамның меңгерген білімі ретінде бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет