ІІІ. Мазмұны:
Альвеококкоз - созылмалы немесе жіті түрде өтетін, өте қауіпті немесе өліммен аяқталатын антропозоонозды, табиғи ошақты гельминтоз ауру.
Қоздырғышы: Alveococcus multilocularis larva
Alveococcus multilocularis
Имагосы өте ұсақ таспа құрт, ұзындығы 3 - 4 мм-ге дейін, сколексі бар, денесі 3-4 бунақтардан құрылған. Балаң-көпіршігі көпіршіктерден тұрады, сұйығы аздау, өте қауіпті.
Орналасатын жері: балаң көпіршігі адам мен кеміргіштердің ішкі мүшелері, ал имагосы етқоректілердің ащы ішегі
Жұмыртқасы майда, сопақтау, сыртқы қабатының көлденең сызықтары бар.
Даму айналымы: имаго → жұмыртқа → балаң -көпіршік
Биогельминт. Оның екі иесі бар.
Ақтық ие – көгілдір түлкі, түлкі, қасқыр, ит, мысық.
Аралық иелері – адам және кеміргіштер: құндыз, құмтышқан, суыр, сұр тышқан, алақоржын.
Имаго 1,5-2 айда ет қоректілердің асқорыту жүйесінде пісіп-жетіледі, 3-3,5 ай өмір сүреді. Көпіршіктер аралық иесінің денесінде 41-45 күнде дамиды.
Індеттік деректері. Қазақстанда бұл ауру Алакөл мен Балқаш көлдерінің маңында көп тараған. Ауруды қоздырушы - таратушылар негізінен аңдар. Кеміргіштердің арасынан ауру барлық маусымда да байқалады. Адамның бұл дертке шалдығуы аңшылық, құсбегіліктің салдарынан және орман-далада өсетін жеміс-жидектерді жумай жеудің әсерінен.
Балау. Тірі кезде балау қою өте қиын. Адамдарда аллергиялық реакцияны қолданады. Бірақта, көбінесе балау операцияда немесе өлексені зерттегенде анықталады.
Емі. Адамдарды хирургиялық жолмен ғана емдейді. Жануарларда емі жоқ.
Алдын-алу шаралары:
Аңдар терілерін сыпырғанда сақтандыру шаралары мықтап жүргізілу керек. Тері сыпырғанда, терімен айналысып жұмыс істегенде темекі шегуге, тамақ жеуге тыйым салынады.
Иттермен, терісі бағалы аңдарға құндызды және т.б. кеміргіштерді шикідей жегізуге болмайды.
Қолды, жеміс-жидектерді міндетті түрде жуу керек, өйткені олардың үстінде аңдардың нәжісімен түскен альвеококктардың жұмыртқалары болуы мүмкін.
IV. Тапсырма:
1. Альвеококкоз қоздырғышының даму айналымының суретін салу;
2. Альвеококкоз қоздырғыштарымен танысу;
3. Альвеококкоздың даму айналымымен танысу;
4. Альвеококкоздың аралық және ақтық иелерін білу;
5. Альвеококкоздың індеттік деректерімен танысу;
6. Ауданда, шаруашылықта альвеококкоздың алдын алу жоспарын құру;
7. Альвеококкозды балау үшін өлесені сойып зерттеуді үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |