І-тарау атом және атом ядросы



бет2/18
Дата02.02.2022
өлшемі0.69 Mb.
#455068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
00022293-1b140978

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................31
КІРІСПЕ
Орта мектепте физика пәнін оқыту оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Мектеп реформасын жүзеге асыру барысында, физикалық білім беруді қоғамның соңғы он жылдықтағы уақыт талаптары мен ғылыми жетістіктеріне лайықты, барлық мүмкіндіктерді қолдануды қажет етеді.

Адам және қоғам жөнінде барынша мол білім берумен қатар, білім мазмұнын тұлғаға бағыттау, тұлға мүддесіне бейімдеу маңызды. Егер, оқушылардың білімі мен шеберлігін, дағдысын жеке өмірлік жоспарларын іске асыруға, өз денсаулықтары мен өмірін қорғауға мүмкіндік берсе, олардың пәнге қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.

Қазіргі таңда әрбір азамат радиоактивтілік құбылысын ядролық энергетика, медицинадағы қолданысы бойынша тиімділік, ал қоршаған ортаға туғызатын экологиялық залалы тиімсіздігі тұрғысынан түсінеді.

Радиоактивтілік құбылысы атом ядросындағы процестерге тәуелді болғандықтан, орта мектептің физика курсының «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар» тарауында оқытылады.

«Атом және ядролық физика» тарауы 2000 жылға дейін 11-сыныпта оқытылды [1].

Қазақстан Республикасында 2000 жылдардан бастап «Физика» пәнінен алғашқы төл оқулықтарымыз қолданыла бастады. Негізгі мектепте «Физика және Астрономия» пәні ретінде қалыптасты, «Ядролық физика» тарауы негізгі мектептің 9-сыныбында бүгінгі күнге дейін оқытылуда. Алайда, мына төмендегі жағдайларды ескеру қажеттілігін атаймыз.

Қазақстан Республикасында радиациялық ахуалдың жағдайы әрбір азаматты ойландырары сөзсіз.


  1. Семей, Атырауда (Азғыр), Батыс Қазақстанда (Капустин Яр, Глиц), Шығыс Қазақстанда, Қызылордада (Байқоңыр), Ақтөбеде (Ембі) ядролық сынақтар жасалды. Алматы, Талдықорған қалалары Қытайдың ЛобНор сынақ айлағындағы жарылыстардан да зардап шегетіні анық.

  2. АЭС-ң қатты радиоактивті қалдықтарды жоспарлы бөлуін ескерген дұрыс деп ойлаймыз. Кеңестер Одағы кезінде алғашқы АЭС-ң бірі Қазақстанда (Маңғыстау облысында) жасалғандығын, АЭС-ң жұмыс істеу мерзімінің шектеулілігін ескерген жөн.

  3. Қазақстан Республикасы уран өндірісі жөнінде алдыңғы қатарға шығып отырғандығы, кейбір аймақтарда (Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары) радиациялық деңгейдің жоғарылығы байқалады.

  4. Әлем тәжірибесін ескерсек, Чернобыль АЭС-ғы, бүгінгі озық технологиялы Жапон еліндегі Фукусима АЭС-ғы реактордың істен шығуы әрбір азаматтың радиоактивтілік құбылысымен, оның тиімділігі мен залалы жөнінде жүйелі білімге ие болуды қажет етеді.

Аталған жағдайларды ескерсек, өскелең ұрпақтың радиоактивтілік құбылысы мен ядролық физика курсы бойынша берілген білім сапасы мен қоғамдық қажеттілік арасындағы қарама-қайшылықты көрсетеді. Бұл қарама-қайшылық, Қазақстан Республикасындағы 2009 жылы жүргізілген 15 жастағы оқушылар білімін анықтаудың PISA-2009 Халықаралық зерттеулерінен де байқалады. PISA-2009 Халықаралық зерттеулері 65 елді қамтыса, жаратылыстану білімі (оның ішінде физика пәні де бар) бойынша біздің еліміз 58-орында [2].

Курстық жұмыстың нысаны: негізгі мектепте «Физика және Астрономия» курсының «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауы

Курстық жұмыстың мақсаты: негізгі мектеп «Физика және Астрономия» пәні «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының мазмұнын анықтау мен тиімді әдістемесін жасау болып табылады.

Курстық жұмыстың болжамы: Егер,



  • негізгі мектеп физика курсы «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының мазмұнын әлемдік тәжірибелерді қолдана отырып, оқушылардың жас ерекшелігіне бейімдесе,

  • зерттеу нысанының мазмұнын жетілдіріп, физикалық экспериментпен толықтырса,

  • жоғарыда аталған тарауды оқытуда блок-модульдік технологияны қолдану жүйесі жасалып, ол іс-тәжірибеге енгізілсе,

онда, негізгі мектеп физика курсында «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын оқыту барысында оқушылардың білімі, шеберлігі мен дағдысының жүйелі әрі өз өмірін қорғау мен сақтауға қажетті білім алуға мүмкіндік жасайды.

Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет деп есептейміз:



  • «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының орта мектепте оқытылу жағдайын зерттеу;

  • зерттеу нысанын оқытуды жетілдіру мақсатында Ресей Федерациясында қолданылатын оқулықтарға ғылыми-әдістемелік талдау жасау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет