Өтілетін сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
Күні
|
Үйге тапсырма
|
Үлестірмелі материалдар және көрнекілігі
|
Қосымша әдебиеттер көзі
|
|
Атомдық физика
|
10
|
|
|
|
|
1
|
Сызықтық спектрлер.
|
1
|
|
7.1
7.2
|
.
|
Тарихи мәліметтер
|
2
|
Зертхана жұмысы «Сәуле шығарудың тұтас және сызықтық спектрлерін бақылау»
|
1
|
|
Жұмыстың сипаттамасы
|
|
|
3
|
Резерфорд тәжірибесі.
|
1
|
|
7.2
|
Атомның планетарлық моделі.
|
|
4
|
Бор постулаттары
|
1
|
|
7.3
|
Бор бойынша сутегі атомының моделі
|
Ғалымдардың өмірі мен творчествосы
|
5
|
Франк-Герц тәжірибесі.
|
1
|
|
7.5
|
|
|
6
|
Де-Бройль толқындары. Анықталмаушылық қатынасы
|
1
|
|
7.6 7.7
|
|
|
7
|
Есеп шығару
|
1
|
|
27.1-27.6
|
|
|
8
|
Лазерлер
|
1
|
|
7.9
|
|
Басов пен Прохоровтың және Таунстың ғылымдағы жетістіктері
|
9
|
Сызықтық емес оптика
|
1
|
|
7.10
|
|
|
10
|
Есеп шығару
|
1
|
|
қайталау
|
|
Есептер жинағы
|
|
Атом ядросының физикасы
|
12
|
|
|
|
|
11
|
Атом ядросы Ядроның нуклондық моделі
|
1
|
|
8.1 8.2
|
Атом ядросының моделі
|
Протонның ашылу тарихы
|
12
|
Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы
|
1
|
|
8.3
|
|
|
13
|
Есептер шығару
|
1
|
|
1210-1221
|
|
|
14
|
Табиғи радиоактивтілік
|
1
|
|
8.4
|
|
Беккерельдің тәжірибесі жайлы мәліметтер
|
15
|
Радиоактивті ыдырау заңы
|
1
|
|
8.5
|
Деңгейлік тапсырма
|
|
16
|
Есептер шығару
|
1
|
|
34.1-34.9
|
|
|
17
|
Ядролық реакциялар.Жасанды радиоактивтік.
|
1
|
|
8.7
|
|
Кюрилер туралы мәлімет
|
18
|
Есептер шығару
|
1
|
|
36.1-36.4
|
|
|
19
|
Ауыр ядроның бөлінуі.Тізбекті ядролық реакциялар.
|
1
|
|
8.8 8.9
|
Ядролық реакцияның сызбасы
|
|
20
|
Ядролық реактор.Ядролық энергетика.
|
1
|
|
8.10
|
АЭС-тің сызбалары
|
Курчатовтың өмір баяны
|
21
|
Термоядролық реакциялар.Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану.
|
1
|
|
8.11
|
|
Жергілікті жердегі радиациялық фон
|
22
|
Тарау бойынша бақылау жұмысы
|
1
|
|
қайталау
|
|
|
|
Элементар бөлшектер
|
4
|
|
|
|
|
23
|
Ғарыштық сәулелер
|
1
|
|
9.1
|
Элементар бөлшектердің түрлері
|
Ғарыштық сәулелердің пайдасы мен зияны
|
24
|
Ядролық күштер
|
1
|
|
9.2
|
|
|
25
|
Атомнан кварктарға дейін.Қазіргі заманғы әлемнің ғылыми бейнесі
|
1
|
|
9.3
|
|
|
26
|
Элементар бөлшектердің проблемасы. Микродүниенің сақталу заңдары
|
1
|
|
9.4
9.5
|
|
Ғылыми деректер
|
2.1. Атом құрылымы. Элементар бөлшектер бөлімінде өтілетін тақырыптардың сабақ жоспары
Тақырып: §55-65. Атомың құрылысы. Атом ядросы. Ядролық Энергия
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Атомның құрылысы, атом ядросы. Ядролық әнергия. Элементар бөлшектер және әлем дамуы туралы мағлұматтарды қайталау сабағы.
Атомның құрылысы, атом ядросы. Ядролық әнергия. Элементар бөлшектер және әлем дамуы туралы мағлұматтарды қайталау сабағы.
Тәрбиелік: алған білімдерін жүйелеп отыруға тәрбиелеу, өзара жолдастық көмек көрсете білуге және жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: зейіні мен зердесін дамыту, белсенділіктері мен қабілеттіліктерін арттыру;
Материалдар: бейнефильм, электрондық оқулық, Д.И. Менделеев жүйесі, Оқулық-9.
Жоспар.
Атом ядросы туралы бейнефильммен сабақ басталады..
Ұйымдастыру кезеңі
Өткен материалды қайталау кезеңі.
Оқушыларды тексеру кезеңі, сұрақтар, есеп шығару арқылы.
Оқушыларды бағалау кезеңі. Оқушыларға кімнің жауабы ұнады.
Үйге тапсырма § 55-65.
Атом ядросы туралы бейнефильммен сабақ басталады.
Радиоактивті ( Бейнефильм)
Радиоактивті – атомдар жоғары өтімділігі сәулелерді шығару құбылысы
Радиоактивті заттардың атомдары үш түрлі сәуле шығарады
Альфа-сәулеленуі - гелий атомдары ядроларының ағыны;
Бета- сәулесі - электрондардың ағыны;
Гамма-сәулесі - рентген сәулер ағыны, электромагниттік толқын
a - бөлшектері – гелий атомның ядросы. a- сәулелердің өтімділігі өте нашар. 0,1 мм қалындығындай қағаз тосқауыл бола алады. Магнит өрісінде нашар ауытқиды.
β – сәуле электрондардың ағыны, қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығына жақын шама. Магнит және электрлік өрістерде көп ауытқиды. β – сәуле заттардан өткенде аз жұтылады. Бірнеше миллимер қалындығы бар алюминий пластина сәулелерді өткізбейді.
g - сәуле электромагниттік толқындар. Қасиеттері бойынша рентген сәулелеріне ұқсас, бірақ өтімділік қасиеті өте жоғары, рентген сәулелеріне қарағанда. Магнит өрісінде ауытқымайды. Өтімділік қасиеті өте жоғары. 1 см қалындығы қалайы, бірнеше метр бетон қабаттарынан сәулелер еркін өте алады. g – сәулелер қалайыдан өткен кезде тек өтәмділігі 2 есе азаяды.
Радиоактивті сәулелердің түрлері – оқушылар атап шығу тиіс.
a – ыдырау реакциясында зарядтық сандардың (төменгі индекстер), массалық сандардың (жоғарғы индекстер) сақталу заңының орындалуы байқалады.
Электрондық ыдырау
Позитрондық бета- ыдырау
g – с әулеленуде заряды өзгермейді; ядроның массасы өте аз өзгереді .
g
Радиоактивтік ыдырау заңы ( Бейнефильм)
N0 – алғашқы ядролардың саны
N– ыдырамаған ядролар саны
t – ыдырау уақыты
Т- жартылай ыдырау периоды
Басқарушы реакциялар ядролық (атомным) реакторларда өтеді.
Электрондық оқулық арқылы басқарушы реакциялар ядролық (атомным) реакторларда өтуін көру.
Энергия связи нуклонов в ядре. Ядерные силы. Масса ақауы-
Байланыс энергия -
Э. Резерфорд в 1902 ж. радиоактивтік ыдырау заңы ашты.
Тізбекті ядролық реакциялар.
ЕСЕП ШЫҒАРУ КЕЗЕҢІ
Слайд 17- 28. 13 есепті шығару көзделіп отыр.
Слайд 17. Радиоактивтік ыдырау нәтижесінде изотоп ураны изотоп ториға. Қандай ядро бөленді?
Слайд18. Мына ядролық реакциялардағы жетіспей тұрған белгілерді жазыңдар
С лайд 18 . Калий атомының ядросының құрамы.
Слайд 19. Ядродағы электрондар саны неге тен?
Слайд 20. b - сәуленің ағыны?
Слайд 21. Алюминийдің заряды 13 тен, массалық саны 27. Бұл ядро неден тұрады.
(Бейнефильм «Атом моделі»)
Слайд 22. Атомндық электр станцияларда отын ретінде қандай заттар қолданылады? А. Уран Б. Көмір В. Кадмий Г. Графит
Слайд 23. Төмеде көрсетілген ядролық реакцияда энергия бөлінеме әлде жұтылама?
Слайд 24. Натрий ядросының изотопының энергиясы қандай? Егер ядроның массасы 22,9898 м.а.б.
Слайд 25. Торий радиға қандай ыдырау нәтижесінде айналады.
Слайд 26. Тезбектік реакция өту үшін , қандай реакция алыну керек?
Слайд 27. Бета-сәуле шығару – бұл?
Слайд 28. Төменде көрсетілген кестедегі ядроның құрамынн дұрыс көрсеткен жолақ.
Оқушыларды бағалау кезеңі.
Үйге тапсырма § 55-65.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Атомдық физика тарау бойынша білімдерін қорытыныдылап, жинақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, түсніктерін ғылыми тұрғыда дамыту.
Тәрбиелік: Тарау бойынша қосымша материалдар табуға, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың міндеттері:
1. Білім: өткен тарауды қайталаймыз, №1 кластермен жұмыс жасаймыз.
2.Түсіну: тараудың негізгі заңдарды қайталау. Есептер шығару. №2 кластермен жұмыс
3. Қолдану: Әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушы білімдерін тексеру.
4. Талдау: сабақта алған білімдерімізді жан-жақтан талдаймыз, ядролық реакциялардың теңдеулерін жазамыз.
5. Жинақтау: өткен сабақтарда алған білімдерді жинақтаймыз. Тест.
6. Бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: инерактивті тақта, тест, электронды оқулық, видеокөрністер.
Қоданылатын әдістер: Блум таксономиясы. Әңгімелеу, есептер шығару.
Сабақтың түрі: Қорытынды
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Білім
1. Атомның құрылысы, өлшемдері қандай? Зерттеген ғалым.
2. Неліктен электрон ядроны айналған кезде ядроны үстіне құламайды?
3. Бор постулаттары тұжырымдау.
4. Корпускулалық толқындық дуализм фотонға ғана қатысты ма?
Дәлелдеуі: E=hV E • mc2
ІІІ. Түсіну (ІІ кластермен жұмыс)
1. Радиоактивтік дегенмізі не?
2. Қандай радиоактивтік табиғи деп аталады?
3. Қандай радиоактивтік жасанды деп аталады?
4. Содди ережелері
5. Радиоактивтік ыдырау заңы
ІҮ. Қолдану
1. Лазер дегеніміз не?
2. Лазердің негізгі қаситеттері?
3. Лазердің құрылысы.
4. Уранның изотопының L-ыдырауы кезінде қандай ядро пайда болды?
5. Актиний изотопы үш рет L-ыдырауға ұшырағаннан кейін қандай элемент пайда болады?
6. қорғасын изотопының радиоактивті ыдырауы кезінде в-бөлшек ұшып шығады. Қорғасын изотопныңы ядросы қандай элементтің ядросына айналады?
7. Жасанды түрлендіріуге ұшыраған бірінші ядро – азоттың ядросын а-бөлшектермен атқылағанда, азоттың оттегі изотопының ядросына түрленеді. Сонда бөлініп шығатын бөлшек.
8. Радиактивті кобальттің жартылай ыдырау периоды 72 тәулік. Массасы 4 г кобальттің 216 тәулікте ыдырайтын бөлігі.
V. Талдау
Ядролық реакция толықтырыңдар.
ҮІ. Жинақтау
Тест.
1. Атомның планетралық моделін ұсынған ғалым.
А. Бор
Б. Эйнштейн
С. Резерфорд
Д. Чедвик
2. Электронның массасы протонның масасынан неше есе кіші?
А. 2 есе
Б. 1800 есе
С. 3 есе
Д. 1860 есе
3. Реттік номерлері бірдей, ал массаслық сандары әртүрлі элементтер қалай аталады?
А. Изотоптар
Б. Изобаралар
С. Изохоралар
Д. Адиабаталар
4. Масалық сандары бірдей, зарядттың сандары әртүрлі нуклиттері қалай аталады?
А. Изотоптар
Б. Изобаралар
С. Изохоралар
Д. Адиабаталар
5. нейтрондар санын анықта?
А. 89
Б. 225
С. 136
Д. 450
6. Альфа бөлшек дегініміз не?
А. Гелий атом ядросы
Б. Электрондар ағыны
С. Протондар ағыны
Д. Нейтрондар ағыны
7. бетта сәулелердің заряды.
А. Гелий атом ядросы
Б. Электрондар ағыны
С. Протондар ағыны
Д. Нейтрондар ағыны
VІІ. Бағалау.
2.2. Атом құрылымы. Элементар бөлшектер бөлімі бойынша есептердің шығарылуы
Физикалық есептердің алгоритмі мына элементтерден құралады:
1. есептің шартын оқу;
2. шартты қысқаша жазу және оны қайталау;
3. суретін, схемасын немесе чертежін салу;
4. есептің физикалық мазмұнын анализдеу және оны шығару жолдарын
(тәсілдерін) айқындау;
5. шешу жоспарын құру және жалпы түрдегі шешуін орындау;
6. шамалау және есептеулер;
7. нәтиже анализі және шешуін тексеру.
Есеп шығару үлгiлерi
1) Толқын ұзындығы 0,48 мкм фотон шығарған кезде, сутегi атомындағы электронның энергиясы қалай өзгередi.
Шешуi: Бiр стационар күйден екiншi стационар күйге шығарылатын фотонның энергиясы:
.
Сәуле шығару толқын ұзындығы:
бұдан, толқын жиiлiгi
.
Онда, фотон шығарған кездегi атомның энергиясының өзгерiсi келесi түрде анықталаы:
.
Жауабы: 4,1·10-19 Дж.
2) 8О17 ядросының массалар ақауын және байланыс энергиясын табыңыз.
Шешуi: Ядроның массалар ақауы:
мұндағы mp – протон, mn – нейтрон, Мя – ядро массасы. Олардың сандық мәндерi төмендегiдей:
.
8О17 элементiндегi массалық сан А=17, реттiк саны Z=8, яғни оттегi ядросының құрамында 8 протон және N-Z=9 нейтрон бар.
Онда
.
Ал, 8О17 ядросының байланыс энергиясы:
.
Жауабы: .
3) Двигателiнiң қуаты 3,2·107 Вт, пайдалы әсер коэффициентi 17% атомдық мұзжарғыш күнiне уран-235 атомының қанша мөлшерiн тұтынады. Уран-235 атомының бiр ядросы бөлiнген кезде 200 МэВ энергия бөлiнiп шығады.
Шешуi: Пайдалы әсер коэффициентi:
,
мұндағы Ап – пайдалы жұмыс (немесе Еп- пайдалы жұмыс), А – толық жұмыс (немесе Е – реакторда бөлiнетiн толық энергия).
Онда
.
Пайдалы энергия
,
мұндағы P – мұзжарғыш қуаты, t – реактордың жұмыс iстеу уақыты.
Толық энергия, яғни массасы m уран ыдырау кезiнде t уақытта бөлiп шығаратын энергиясы:
,
мұндағы
уран мөлшерiндегi атомдар саны. - Авогадро тұрақтысы, - уранның мольдiк массасы.
Онда
.
Бұдан ПӘЕ-i:
.
Сонымен, бiр күнде тұтынылатын уран массасы:
.
Сандық мәндерiн қоятын болсақ:
.
Жауабы: 0,2 кг.
Қорытынды
«Негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі» тақырыбын зерттеу барысындағы зерттеу нысаны «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауы болатын. Алдымызға қойған мақсатымыз осы аталған тараудың мазмұнын анықтау мен тиімді әдістемесін жасау. Курстық жұмысы барысында алдымызға қойылған болжамдарды айқындап, нәтижесін педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдедік. Курстық жұмысымды қорытындылай келе, төмендегі тұжырымдарды алдық:
Ресей Федерациясында және елімізде қолданылып жүрген «Физика және Астрономия» курсының «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының оқытылу жағдайына салыстырмалы талдау жасалды;
Аталған тараудың бағдарлама бойынша тарауға бөлінген сағат саны Ресей Федерациясында қолданылып жүрген оқулықтағы тақырып санынан артық, ал еліміздегі оқулықтағы тақырып санынан аз екені анықталды;
Салыстырмалы талдау барысында зерттеу нысанының мазмұнын жетілдіру қажеттілігі анықталды.
Педагогикалық эксперимент нәтижесінде тарауды оқытудың тиімді әдісі блок-модульдік технология негізінде оқыту екендігін дәлелеп, тараудың мазмұны айқындалды. Тарау «Атом ядросы. Ядролық энергетика» деп аталып, тиімді әдістемесі жасалды. Курстық жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңдағы радиациялық ахуал мен өскелең ұрпақтың осы салада алып жатқан білімдерінің жеткіліксіздігі арасында пайда болған қарама-қайшылықтан туындаған болатын. Зерттеу барысында ұсынылып отырған «Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауында бұл мәселелер толықтай ашылды. Оқушылар:
«Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауында Қазақстан Республикасындағы радиациялық ахуал жайлы;
Радиацияның қандай дозасы қауіпті-қауіпсіздігі;
Қазақстан Республикасындағы АЭС-ң тиімділігі мен тиімсіздігі;
Қазақстан Республикасындағы уран өндірісі жайында;
Радиациядан қалай қорғану керектігі жайында толықтай білім алып шығады.
Курстық жұмыстың қорытындысы бойынша «Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауының мазмұны анықталып, блок-модульдік технология негізінде тиімді әдістемесі жасалды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Кронгарт В.Кем Н.Қойшыбаев Физика 10-сынып, жаратылыстану –математика бағыты, Алматы «Мектеп»2006ж
2.Г.Я. Мякишев, Б.Б. Буховцев, Физика 10 класс, Алматы, «Рауан» 1996
3.Шахмаев Н.А., Каменцкий С.Е. Демонстрационные опыты по электродинамике. М. 1973
4.В.П.Орехов А.В.Усова Физиканы оқыту методикасы,Алматы «Мектеп»1987
5.Б.Е.Акитай Физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері,Алматы 2006
6.М.Құдайқұлов Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі,Алматы «Рауан» 1988
7. Методика преподавание физики в средней школе: Молекулярная физика. Электродинамика, М. «Просвещение», 1985
8. www.testent.ru
9.«Математика және физика»ғылыми-әдістемелік журналы ,№4,2008
10.«Физика» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ,№6,2011
11.Шамаш С.Я. Физический практикум в восмилетней школе. М., «Просвещение», 1964
12.Т.Д.Бердалиева Г.Қ.Қоңырбаева Б.Қ.Бекмұрзаева Физиканы оқыту әдістемесі пәнінен лабораториялық жұмыстар жинағы,Шымкент 2010
13. В.А.Буров Ю.И.Дик Практикум по физике с средней школе,Москва «Просвещение»1982г
14.Н.Ілиясов, Е.Көшеков - Оқушыларды физика есептерін шығаруға үйрету әдістемесі. «Математика және физика» ғылыми-әдістемелік журнал, Алматы, «Әдіскер-мұғалім» редакциясы, №2, 2004
15. Р.Башарұлы, Т. Нұрбатырова «Физикадағы есептер мен оқу
экспериментінің жүйесі». «Математика және физика» ғылыми-әдістемелік журнал, №4,2003.
16.С. Даулетқұлов «Есептер мен демонстрациялық тәжірибенің мәні».«Математика және физика», ғылыми-әдістемелік журнал, №6, 2003
17.WWW.Physe.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |