I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Дене шынықтыруға дәрігерлік бақылау



бет18/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Дене шынықтыруға дәрігерлік бақылау. Мектепте дене шынықтыру жөніндегі жұмысты дұрыс жолға қоюдың негізгі жағдайларының бірі – жақсы ұйымдастырылған дәрігерлік бақылау болып табылады. Мектептегі дәрігерлік бақылаудың негізгі міндеттері – балаладың денсаулығын нығайтуда дене шынықтыру құралдарын және әдістемелік жұмыстарды дұрыс жолға қойып, кең көлемде қолдану. Осы міндеттерді іске асыру үшін мектептің дәрігерлік тексеруі:оқушылардың денсаулығын, дене жаттығуларымен айналысуын, санитарлық-гигиеналық жұмыстарын бақылайды, сондай-ақ, ата-аналар мен мұғалім арасындағы жұмыс жоспарын, балаларды жарақаттан сақтандыруын ескреді.
Мектеп дәрігері мұғалімге балалардың денсаулығы жөнінде кеңес береді және дәрігерлік-гигиеналық талаптардың орындалуын қадағалайды. Дәрігердің мұғалімге берген кеңесі оқушылардың дене тәрбиесіндегі, денсаулығын нығайтудағы орындалатын негізгі міндеті болып табылады.
Мектептегі барлық оқушылардың жылына бір ретдәрігерлік бақылаудан өтуі міндетті тәртіп болып саналады.
Мектеп оқушыларының міндетті дәрігерлік бақылаудан өтуі негізгі топ, дайындық топ және арнайы топ болып бөлінеді.
Оқу тәрбие жұмысында оқушыларды дәрігерлік топтарға бөлуде мұғалім ерекше көңіл бөледі.
Педагогикалық кеңесте дәрігер дәрігерлік бақылау жөніндегі қорытынды жұмыстарды талдайды.
Дәрігерлік бақылау барысында дәрігер баланың денсаулық жағдайына, отбасында қандай аурулармен ауырғанына, созылмалы аурулар түрлеріне, жұқпалы аурулармен ауырғанына, терінің жағдайына, без жолдарына, кеуде ауқымына, омыртқа қызметі жағдайына көңіл бөледі, антропометриялық бақылау (бойы, салмақ,кеуде ауқымы, т.б.) жүргізеді. Сонымен қатар жүйесінің жұмысы, қан айналу, тыныс алу, көру, есту, тірек-қимыл аппараттары жұмысының қызметіне үлкен көңіл бөледі. Қажетті жағдайда рентгенография, зәрін, қанын тексереді және де басқа зертханалық зарттеулер жүргізеді.
Бастауыш мектеп жасындағы балалармен денсаулығына байланысты сұрақтарды анықтау үшін дәрігер мұғаліммен, ата-аналармен тығыз байланыста болады.
Негізгі топқа денсаулығы жақсы немесе аздаған кемшілігі бар, күш-қуаты жеткілікті балалар қабылданып, дене шынықтыру сабағына қатысып, спорттық секцияның біреуіне баруына болады. Олар жарысқа қатысып, жас ерекшелігіне қарай оқу көрсеткіштерін тапсырады.
Даярлық топта сыртқы тұлғасы, күш-қуаты толық жетілмеген, дене шынықтыруға құштар емес, бойында кейбір аурулардың нышаны бар балалар топталады. Оқу бағдарламасы мен жұргізілетін дене шынықтыру сабағы біртіндеп басталып, балаларды қызықтырып өзіне тартуы керек.
Арнайы топ – бойында ауруы бар балалар. Олар уақытша немесе үнемі дәрігерлердің, мұғалімдердің бақылауында болады. Жаттығуларды орындау, өте сақтықпен бақылау арқылы орындалады.
Олар арнайы және оқу бағдарламасымен дайындалады және оқу көрсеткіштерін тапсырудан босатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет