III ТАРАУ
МЕКТЕПТЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ҚҰЖАТ – ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мектепте дене шынықтыру жөніндегі оқу жұмысын өткізу әр сынып бойынша бекітілген оқу бағдарламасы арқылы жұргізіледі. Бағдарлама мемлекеттік құжат болып табылады. Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер тарапынан бағдарламаны өз еркімен өзгертуге рұқсат етілмейді. Барлық оқу бағдарламалары оқушыларды еңбекке, Отанды қорғау кешені негізінде даярланған.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламалары балалардың мектеп жасына дейінгі тәжірибедегі бағдарламаның жалғасы, сондай-ақ оқушыларды жоғары сыныптарға даярлаудағы қажетті кезеңдердің бірі болып табылады.
Бастауыш мектеп дене шынықтыру бағдарламасына әр түрлі қимылдардың түрлері: сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру жаттығуларының қарапайым түрлері, жалпы дамыту жаттығулары, жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, тепе-теңдік, секіру, қағып алу қимылды ойындар, шаңғымен алға жылжу, шанамен, конькимен сырғанау, шомылу, судағы ойындар қарастырылған. Бастауыш сыныптарда дене шынықтыруға оқу барысында оқушыларды қажетті білім, іскерлік және дағдылар қалыптасуы қажет.
Қалыптасқан білім, іскерлік, дағды, жоғары сыныптардағы дамудың негізін құрайды.
Дене шынықтыру жөніндегі бағдарлама ғылыми және іс-жүзіндегі тәжірибе жұмыстары негізінде құрылған.
Бағдарлама түсініктеме және оқу жұмысы материалы болып екіге бөлінеді. Түсініктеме мектептегі дене шынықтырудың негізгі міндеттері туралы, бағдарламаның қысқаша мазмұны жайлы, дене шынықтыру сабағында қолданатын әдістемелік нұсқаулар, оқушыларға дәрігерлік бақылау жасау жөнінде қысқаша мәлімет берген.
Оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып қарапайым жаттығулардан бірте-бірте күрделі жаттығуларға ауысу қағидасын ескерген. Бастауыш мектеп оқу жоспарында аптасына екі сағат, ал барлық оқу жылында 68 сағат оқыту қарастырылған.
Бағдарлама мазмұны әр түрлі дене жаттығуларының үйлесімділігін, сауықтыру, тәрбиелеу, білім беру міндеттерін шешуді қарастырады. Әр сабақта жеке жаттығулар арқылы сауықтыру, тәрбиелеу міндеттері жалпылыма түрде орындалып отырады.
Білім беру міндеті нақты түрде орындалады. Дене шынықтыру бағдарламасы оқушыларда төмендегідей бейімділіктер қалыптастырады:
- табиғи қимылдар – жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, тепе-теңдік сақтауға үйрету;
- дененің сапалық қасиеттерін дамыту;
- қимылдарды ауыстыруға, статикалық жағдайларда дұрыс тұлға дағдыларын қалыптастыру, қимылды дұрыс тыныс алу үйлесімділігінмен ұштастыруды үйрету.
- дене шынықтыру жөнінен тиімді білімдерді хабарлау, гигиеналық дағды (денесін күту, спорт киімдерінің ұқыптылығы) қалыптастыру.
Бағдарлама қарастырып отырған нақты оқу материалы әр сынып оқушыларына міндетті болып табылады.
Бағдарлама қарастырған оқу материалы әр сынып оқушыларының іскерлік дағдыларын қалыптастыру жөнінде анықтама береді.
Бағдарлама негізгі жаттығуларымен және тағы басқа жаттығулар жиынтығын анықтайды.
Бағдарламаның маңыздылығы оқу материалының жылдан-жылға күрделенуімен анықталады. Осындай үйлесімділік: оқу материалын жақсы қабылдауға, дене жаттығулары техникасын дұрыс меңгеруге, іскерлік, дағдыларды іс-жүзіне асыруға көмектеседі. Бастауыш сынып оқушылары үшін оқу материалдары жынысына қарай ұлдар мен қыздарға бірдей болып келеді. Оқушылардың еңбегін бағалау оқу жұмыстарын, дене қимылдары көрсеткіштерін сапалы орындаумен, жаттығуларды дұрыс орындау техникасымен анықталады.
Дене шынықтыру жөніндегі бағдарламада оқу материалы сыныптарға тарау бойынша бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: |