ТӘЖІРИБЕЛІК МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК
НҰСҚАУЛАРДЫ ӨТКІЗУ
Теориялық мәлімет
Бағдарламада теоретикалық мәлімет бөлімі барлық сыныптарда қарастырылған. Бұл бөлімнің міндеті – оқушылырдың дене шынықтыру және спрот саласында қажетті білім алу, дене жаттығуларынан маңызы, гигиеналық ережені білу, оны өз істерінде қолдану болып табылады. Оқушыларға бұл міндет дене шынықтыру сабағын, жұмыс түрлерін, дене шынықтыру құралдарына сапалы қарау сезімін туғызады.
Бастауыш мектеп сыныптарында оқушылар ең қарапайым теориялық білім алады, ал жоғары сыныптарда теориялық білімнің мазмұны кеңейеді және тереңдетіледі.
Теориялық бөлімге арнайы сағаттар бөлінбегендіктен, мұғалім сабақ барысында әңгімелесу жүргізеді. Мұғалім іс жүзінде орындалатын жаттығулардың теоретикалық нұсқауы болатындай әңгімелесуі қажет.
Мысылы: алғашқы дене шынықтыру сабағындағы әңгімелесу, дене шынықтыру және спортқа қажетті киім, аяқ киім, дене шынықтыру сабағының маңызы, пайдасы жөнінде болмақ.
Әр оқу тоқсанының соңында оқушылардың демалысты қалай ұйымдастыруы, демалысты пайдалы ұйымдастырудан денсаулықтың нығаюы жөніндегі әңгімесі сөз болады.
Шаңғы тебуге дайындық сабағында мұғалім әңгңмелесу арқылы шаңғыны пайдалану, шаңғы таяғын ұстау, шыңғыны аяққа бекіту туралы, шаңғыны мектепке алып келу туралы білімдерін тереңдетеді.
Мұғалімнің дене шынықтыру сабағында қолданған теориялық мәліметтері мектептегі оқылатын сабақтар: ана тілі, табиғаттану, валеология сабақтарымен байланыста болуы керек.
Оқу тоқсаны барысында үш-төрт әңгімелесу жүргізуі қажет.тоқсанның басында алдағы болатын сабақтардың маңызы, міндеттері, оқушыларға қойылатын талаптар және жақсы нәтижеге жету үшін нұсқаулар беріледі. Ал, тоқсанның соңында сабақ қорытындылары, балалардың жағымды жақтары ескріліп, ұсыныстар, кеңестер беріледі.
Сонымен қатар оқушыларға тұлғаны дұрыс ұстау, ертеңгілік гимнастика, сергіту минуттары, жыл мезгілдеріне байланысты спорт киімдерімен қамтамасыз етілуі жөнінде әңгімелесу барысында мұғалім біздің еліміздің спортшылары жөніндедене шынықтыру және спорт жөніндегі жетістіктерін бейнетаспа арқылы көрсетуді ұйымдастырады.
Оқушылардың білімдерін тексеру теориялық білім беру барысында бақылау сұрақтарына жауап беру арқылы бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |