Сабақтың түрлері
Мектеп жұмысының тәжірибесі келесі сабақтың түрлерін анықтайды:
а) Кіріспе сабақтар;
б) Жаңа материалмен танысу сабақтары;
в) Өтілген материалды жетілдіру сабақтары;
г) Аралас сабақтар;
д) Есеп беру сабақтары;
Кез келген сабақ түрі сабақтың құрылысымен сәйкес жүргізіледі, әр сабақтың өзіне тән ерекшеліктері болады.
Кіріспе сабақтар жылдың, тоқсанның және де бағдарламада жаңа бөлімдер басталғанда өткізіледі.
Кіріспе сабақтың басында әңгімелесу жүргізіледі, мұғалім өтілетін сабақтың мазмұнымен таныстырады. Сабақта мұғалім оқушыларға алға қойылған міндеттерді, талаптарды ұқыпты орындау үшін сыныпта ұйымшыл болуға тәрбиелейді, зейінін сабақтың мазмұнына аударып, белсенді
Кіріспе барысында балаларға сабақтың өтілуі тәртібі, сабаққа дайындалу барысы айтылады. Дене шынықтыру залына немесе алаңға бару, кезекшенің міндеті, сабақтың ұйымдасқан түрде басталып, аяқталуы ескепіледі. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, балаларға келесі сабақтарға дайындалуына байланысты мұғалім сабақ уақытының бір бөлігінде оқушылармен таныс ойындар өткізеді. Ойынды балалардың өздері таңдағаны жөн. Ойын келесі болатын сабақтарға көңіл – күйлерін көтеріп баруға ықпалын тигізеді.
Сынып оқушыларына сабақта сергіту жұмыстарын жүргізуге болады. Бұл сабақта балалар бірнеше рет дене шынықтыру залымен танысады. Ауа райының ашық күндері балаларды дене шынықтыру алаңына апарып өздері білетін ойындарын ойнатуға болады. Алғашқы өткізілген дене шынықтыру сабағы балалар өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан сабақ тиянақты ойластырылып, жақсы өткізілуі тиіс.
Жаңа материалмен танысу сабақтары кіріспе сабақтан кейін жүргізіледі. Себебі сабақтың әр бөлімнің мазмұнында жаңа жаттығулар үйретіледі.
Бұл сабақтың ерекшелігі – оқушыларға жаңа жаттығуларды үйрету. Ол үшін мұғалім сабақты қызықты әрі түсінікті өткізуі керек.
Өтілген материалды жетілдіру сабақтарының негізгі мақсаты – өткен сабақтардағы үйретілген жаттығуларды жетілдіре түсу.
Бұл сабақтарда жаттығулардың орындалу техникасына, іскерлік дағдыларының қалыптасуына, ойындардың күрделенуіне, қимыл барысында орындай білу іскерліктеріне көп көңіл бөлінеді. Сабақта жаңа материалмен танысумен қатар, бұрын өтілген материалды қайталау бірге жүреді. Сабақтың негізгі бөлігі жаңа материалды игеруге, қалған уақыт өткен жаттығуларды қайталауға жұмсалады. Егер жаңа материал балалардан үлкен ынтамен тыңдауды талап ететін болса, онда ол сабақтың алғашқы уақытында түсіндіріледі. Тек содан кейін өтілген материал қайталанылады. Көптеген жағдайда бірінші өтілген материал қайталанып одан кейін жаңа материал беріледі. Жаңа материалдың күрделілігіне қарай ол сабақтың ортасында да берілуі мүмкін.
Есеп беру сабақтарда қорытынды жұмыстар жасалады, оқушылардың білімдері тексеріліп бағаланады. Мұндай сабақтар тоқсанның аяғында өткізіледі. Есеп беру сабақтары алдын ала жоспарланылады. Оқушылар есеп беру жөнінде алдын ала дайындалып жүруі қажет. Құрылысы бойынша бұл сабақ түрлерінің айырмашылығы жоқ.
Бұл жерде есеп беру жаттығулары басты орын алады. Есеп жаттығуларын кейін оқушылардың көңіл – күйлерін көтеру үшін ойындар өткізілгені жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |