Сабақтың қортынды бөлімі
Сабақтың негізгі бөлімі дұрыс ұйымдастырылса, балалардың қан айналамының қызметі жылдамдап, дем алулары жиілейді.
Сабақтың негізгі бөлімінің соңына қарай жаттығуларды жеңілдетіп сабақтың аяғына дейін созу қажет.
Балалар (сабақтың) қалыпты жағдайда болу үшін сабақтың соңында жүру терең дем алу, аз қимылды ойындар ойналады.
Сабақтың соңында оқушылар сапқа тұрады. Мұғалім қортынды жасайды.
Үйге тапсырма береді. Оқушылар ұйымдасқан түрде, яғни саппен спорт залдан шығады.
Мұғалімнің сабаққа даярлығы
Мұғалімнің сабаққа жақсы даярлығы- оны жақсы өткізудің кепілі.
Мұғалім сабаққа оқу жылы басталмастан бұрын даярланады.
Ең алдымен ол оқу бағдарламасымен танысады. Мұнда мұғалім мектептің ауа райы, табиғат жағдайын ескереді. Сабаққа даярлану барысында мұғалім әдістемелік әдебиетпен, өзге мұғалімдердің шеберліктерімен таныса отырып, ең жақсы дегенін өз жұмысына енгізеді.
Сабаққа даярлануда сабақ жоспары құрылады. Сабақтың нақты білімділік мақсаты анықталады. Мақсат нақты және түсінікті болу керек. Мысалы, мәлімдеме беру мен таныстыру, тіркеме адамдар жасау, т.б. сол сияқты.
Егер өтілген жаттығулар қайталанатын болса, онда сабақтың жоспарында қайталау сабағы деп жазылады. Және де не себеппен, не үшін қайталап жатқаны ашылып жазылады.
Сабақта қандай жаттығулар өтетінін анықтап алған соң ең алдымен негізгі бөлімге кіретін жаттығулар анықталады. Жаттығуларды таңдау барысында жаттығулардың жасалу ұзақтығын ескерген жөн. Ол қимыл- қозғалыс іскерліктерін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.
Сабақ жоспарында сонымен қатар қай жаттығу неше рет қайталанып жасалатыны және үйге қандай жаттығу берілетіні анықталып жазылады.
Мұғалім сабаққа дайындық кезінде жаттығуларды өткізу әдіс – тәсіліне көп көңіл бөледі. Ол үшін мұғалім әр түрлі әдіс тәсілдерді қарастырады.
Мұғалім сабақ кезінде өзінің қай жерде тұратынын, сабақты қалай бақылайтынын және де оқушылар жаттығу жасап жатқан кезде қай жерде тұратынын алдын – ала шешіп алады. Мұғалім сабаққа даярланғанда жоспардағы жаттығуларды өзі жасап көреді. Бұл бір жағынан өзін – өзі тексеруге мүмкіндік береді.
Белсенділік сабақтың жақсы өтуіне көмек тесетіні бәрімізге белгілі. Сондықтан мұғалім балалардың белсенділіктерін жоғарылатуға тырысуы керек. Егер мұғалім сабақ жоспарына құрал – жабдықтармен орындалатын жаттығуларды енгізсе, онда мұғалім сабақ басталмас оқушыларды өтілетін жаттығулармен және құрал – жабдықтармен таныстырып өтеді. Мұғалім сабақта оқушылардың қауіпсіздік ережесін сақталуын қадағалайды.
Егер дене тәрбиесі сабағында музыкалық сүйемелдеуді дұрыс және орындық қолданса, онда сабақ үлкен жетістіктермен аяқталады. Дене тәрбиесі сабағында музыка оқушылардың көңіл – күйін көтеріп жаттығуларды дұрыс орындауға көмек теседі, оқушылардың сезімдерін тәрбиелейді.
Сабақты әр түрлі музыка аспаптармен сүйемелдеу арқылы өткізуге, үнтаспа қолдануға болады.
Музыкамен орындалатын жаттығулардың түрлері өте көп.
Мысалы, жүру, жүгіру, би, би қадамдары, ырғақты жаттығулар, өрмелеу, секіру, тепе-теңдікті сақтау жаттығулары, ұзын және қысқа секіртпемен секіру. Музыкалық сүйемелдеуді ойын барысында да қолдануға болады. Ол оқушыларды ойынға қызықтырып, оқушылардың көңіл –күйін көтереді.
Музыкалық сәнді немесе үнтаспаны таңдауымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, мұғалім сабаққа даярланғанда сабақтың қай жерде өтетінін шешеді. Яғни, алаңда ма, әлде жабық жерде өтетінін анықтайды. Егер сабақ алаңда өтіпжатқанда ауа райы бұзылып кетсе, сабақты спорт залда жалғастыруға тура келеді. Сондықтан да мұғалім алдын – ала сабақтың өтетін орнын даярлау керек.
Дене сабағы сабақ кестесінде орналасу ретінің маңызы бар. Егер дене сабағы сабақ кестесінің ортасында, ең басында тұрса онда мұғалім сабақты ертерек аяқтауы керек. Оның себебі оқушылар келесі сабаққа киініп, даяр отыру үшін жасалады.
Мұғалім өзінің сыртқы бейнесіне де назар аударуы, сабаққа таза киініп, ұқыптылығымен балаларға үлгі болу керек. Сонда балалар да мұғалім сияқты әр сабаққа дайын болады. Балалар сабаққа спорт киіммен келіп, кез келген мұғалімнің тапсырған жаттығуларын орындауға даяр болу керек. Оқушыларға қажеттімағлұмат беру үшін олармен қысқа әңгіме жүргізеді. Тек сонан кейін сабақ басталады. Сабақта алған мағлұматтарын іс – жүзінде асырады.
Балалармен әңгіме барысында олардың қай жерге киім ауыстыратындарын көрсету керек. Киімдерін қалай қай жерге ілу керек екенін айтады. Осы тәртіп сабақтың аяғында да сақталады.
Әр сабақ жоспарында күн реті, сабақ саны, мақсаты, өтілу орны, құрал – жабдықтары, мазмұны, жаттығу ұзақтығы айқын керсетіліп жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |