Көрнекілік әдісі
Жаттығуды көрсету. Оқыту әдісінің ішіндегі ең тиімдісі. Ол көрсету әдісі болып табылады. Көрнекілік әдісінің негізгі тәсілі жаттығуды көрсету. Көрсету өте тиімді болу үшін оқушыларды дұрыс ұйымдастыру, оларды көрінетіндей болуы шарт. Егер жағдай болса, онда мұғалім биік жерде тұрғаны жөн.
Жаттығуды жасағанда алдыңғы қатарда аласа бойлы оқушылардың тұрғаны керек. Егер мұғалім жаттығуды оқушы қозғалыста болған кезде көрсетсе, онда ол оқушыға ыңғайлы көрсетілуі қажет. Егер оқушылар шеңбер бойымен тұрса, онда мұғалім оқушылардың қатарында тұрып та көрсетуге болады. Жаттығуды көрсету барысында мұғалім әр түрлі қалыпта тұруы мүмкін (бетпе – бет, бір қырынан, артқа қарап, т.б), мұғалім жаттығуды әр түрлі (қарама- қарсы, арқамен, жанымен) көрсетуге болады. Мысалы, егер оқушы оң жақпен орындау керек болса, мұғалім сол жақпен орындап көсетеді. Әдетте жаттыңуды мұғалім көрсетеді. Мұғалім жаттығуды көрсету барысында оқушылар мұғалімді қайталамайды тек мұқият қарап, үйреніп алуға тырысады. Бұл кезде оқушылар мұғалімге еліктеп, тура мұғалім сияқты орындауға тырысады. Кей кезде жаттығуды көрсетуге оқушылардың керек. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттырады. Әдетте жаттығуды бір рет қана көрсетіп қана қоймайды, бірінші ретте оқушы қандай жаттығумен танысатынын көреді, ал одан кейін жаттығудің элементтерін үйрену үшін бірнеше рет көрсетіледі. Жаттығуды жасап көрсету түсіндірумен тығыз байланыста болады. Бастауыш мектеп оқушылары үшін жаттығуды көрсеткенде, салыстыру арқылы есте сақтаулары қадағаланады. Мысалға, аттың аяғы, бүркіт қанаты, қоянша секіру, т.б. Мұндай әдіс жаттығуды жылдам меңгеруге, көңілді орындауға көмектеседі. Жаттығуды түсіндіру, көрсету үйлесімділігін түрлендіруге болады.
Алдымен жаттығу көрсетіліп, одан кейін түсіндірілуі мүмкін;
Алдымен жаттығу түсіндіріліп, одан кейін көрсетілуі мүмкін;
Жаттығу түсіндіріле отырып көрсетілуі мүмкін.
Бастауыш сынып оқушыларына көбіне ең алдымен көрсетіп, одан кейін түсіндіру әдісі қолданылады. Жоғары сынып оқушыларымен де осындай әдісті қолданады. Егер жаңа тақырыппен, жаңа жаттығумен танысатын болса, түсіндіріп, одан кейін көрсету көбінесе оқушыларды бақылау үшін қолданылады. Бұл жаттығуды қайталау кезінде болады. Бірнеше қимыл – қозғалыстан тұратын күрделі жаттығулар көбіне түсіндіріліп көрсетіледі. Оқушылар жаттығуды дұрыс қабылдау үшін көрнекіліктер: сурет, үнтаспа, кестелер, бейнелі сурет, фото – сурет пайдаланылуы мүмкін. Оларды сабақ кезінде мұғалімнің басқаруымен көруге болады немесе егер суреттер сыныпта не залда ілулі тұрса сабақтан тыс кезде де көсетуге болады.
Көрнекіліктер эстетикалық талапқа сай, қызықты және тиімді болуы керек. Мұндай көрнекіліктерді арнайы кеңсе дүкеннен алуға болады немесе жаңа технология бойынша компьютермен жасап шығаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |