Тәжірибелік әдіс
Жаттығу. Оқушылардың қимыл – қозғалыс іскерлектерін қалыптастырудағы, оқытудың басты мақсаты болып табылады. Мақсатқа жету үшін үйретілетін жаттығудытерең мазмұнды түрде үйрету қажет.
Жаттығу оқушылардың дене даярлығын дамытады. Жаттығу орындаудың әдіс – тәсіліне үйретуде алғашқыда күнделікті пайдаланып жүрген қимылдар алынады.
Қайталау арқылы оқушылар қозғалыс техникасын үйрене жаттығуды сапалы орындайды. Қозғалысты үйретуде екі әдіс қолданылады:жалпы және бөлшектелген. Мысалы, ең алдымен жаттығу жалпы түрде көрсетілсе қимыл бөлімдері бөлек көрсетіледі. Одан кейін оның бөлімдері ажыратылып көрсетіледі. Арқанды аяқпен ұстау, қолмен қармау, тартылу, т.б.с.с. Осы бөліктерді орындата отырып мұғалім оқушыларға мұғалім оқушыларға жаттығуды толық, яғни жалпы орындауға үйретеді. Бірте – бірте қағидасы қозғалыстарды үйрету үшін қолданылады. Оқушылардың денесіне түсетін салмақты ескере отырып бірден жаттығуды жалпы, яғни толық орындатуға болмайды. Егер оқушы жаттығулардың бөлімдерін қате орындап жатса мұғалім қатені түзетіп, дұрыс орындауға қалыптастыру керек. Күрделі жаттығулардың бөлімдерін дұрыс меңгере орындау үшін оларды жеңілдетілген түрде орындап үйрену керек. Жаттығудың орындалу шартын тек оқушылар жаттығулардың бөлімдерін жетік меігергеннен кейін ғана күрнелендіру қажет. Іскерліктерін қалыптастыру үшін ойындар ойналады.
Жарыс. Оқушылардың кейбір іскерлік дағдылары қалыптасқаннан кейін әдісі қолданылады. Жарыс әдісін қолданудің маңыздылығы – оқу материалын жақсы меңгерген оқушылар мен топтарды анықтау. Сонымен қатар ол аз уақыттың ішінде – ақ денеге түсетін салмақты нәтижелі түрде арттырады. Топтасып ойнайтын ойындар балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Бастауыш сынып оқушылары мен қарапайым ғана жарыс тәріздес ойындармен шектелу керек. Мысалға, “Кім алысқа лақтырады”, “Өз жалауларымызға”, “Доп ортаншығы”, т.б. ойындар ойнатылады. Бұл кезде мұғалім жеке оқушыларының, топтың жетістіктерін атап өтеді. Жақсы қатысқан оқушыларды басқалардан ерекше мақтау ұсынылмайды.
Қатені түзету
Оқушылар дене шынықтыру жаттығуларын жасағанда, ойын ойнау барысында қателіктер жіберіп, ережені бұзады. Қате көп және жеке деп бөлінеді. Егер сынып не сыныптың көп бөлігі жаттығуды қате орындап жатса, жаттығуды тоқтатып, оқушылардың қандай қате жібергендерін айтып, түсіндіру керек. Мұндайда көрсете отырып түсіндірген жөн. Егер сыныпта жаттығуды жақсы меңгерген оқушылар бар болса, онда сол оқушыға көрсеткен жөн. Кей оқушыларға жіберген қатесін жеке көрсетеді. Мұғалім сыныппен жұмыс жүргізе отырып, қате жіберген оқушыларды байқап, қателіктерін көрсетеді. Жаттығуды орындау барысында оқушылар әр түрлі қателіктер жібереді. Сондықтан оқушылар көрсетілген жаттығуды орындамас бұрын ауызша не істейтінін айтқаны дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |